СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспарлары. 3 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспарлары 3 сыныпқа арналған. Өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне пайдалануға болады.

Просмотр содержимого документа
«15 3 сынып»

« » 201 ж.

Пән аты: Өзін – өзі тану

Тақырып: Дос болайық, бәріміз

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Мейірімділік,адамгершілік, әділ болу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Дос», «достық» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашып, қиянат жасамауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

Оқушыларға достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру.

Оқушыларға адамдарға деген тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: ( белсенді тақта, кітап, дәптер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы,баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену.

1.Үй тапсырмасын тексеру.

«Қыздар сұлу көрінер...»

«Ер жігітке жарасар...» шағына әңгіме, мақал жазып келу.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.


2.Дәйексөз

Әрқашан тілектес,

Досыңа көмектес.

Е.Өтетілеуов

Жаңа тақырыпқа дайындық.

«Сазды хикая» атты ертегіні оқып, талдау.

Көртышқан достарымен қалай татуласты?

Көртышқанның жалғыз қалу себебі неде деп ойлайсыңдар?

«Екі достан айырылсаң, жаңасын таппайсың» дегенді қалай түсінесіңдер?


3.Әңгімелеу

Екі дос...

Екі дос бір егістікте жүмыс істейтін.Бірінің отбасы, балалары бар,ал екіншісі жалғыз басты еді.Күн батқанға дейін жұмыс істеп,достар тапқан өнімді тепе – тең етіп екіге бөліп алатын. Бір күні жалғыз басты адам ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе – тең бөлгеніміз дұрыс болмады, мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ» деп ойлайды.Осындай оймен, түн сайын бір қап өнімді досының үйінің алдындағы сарайға жасырын апарып тұрды.

Досы да ішінен:« Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, менің отбасым бар,қартайған шағымда олар маған қарайды.Ал досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды» деп ойлайды. Осылайша бұл да түн жамылып үйден шығып,досының қорасына өнімді апарып тұрады.Алайда қорадағы қаптардың саны неге азаймайтынына екі дос та түсінбей жүреді.Бір түні бір – бірінің қорасына жасырын қап тасып жүргенде, олар кездесіп қалады.Сонда ғана олар болған жайдың мәнін түсінеді.Қаптарды жерге қоя салып, достар құшақтаса кетеді.


4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жағдаяттарды шешу.

Санжар, Қайнар, Айдос үшеуі орманнан серуендеп келе жатты. Бір кезде өзенге жетті. Өзендегі көпір тар екен. Үшеуі қатар өте алмайтын болды. Бір – бірден өтпек болды.....


1.Санжар мен Қайсардың орнында не істер едіңдер?


5.Топпен ән айту

Дос болайық, бәріміз

с. Х.Талғаров

ә. И.Нүсіпбаев

1.Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

2.Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста,

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.



6.Үй тапсырмасы

«Жақсы» немесе «жаман дос туралы» өзің мақал құрастырып көр.



7.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет.



Просмотр содержимого документа
«16 3 сынып»

« » 201 ж.

Пән аты: Өзін – өзі тану

Тақырып: «Дос болайық, бәріміз!»

Құндылық: ішкі тыныштық

Қасиеттер: әдептілік, шыдамдылық, тәртіп.

Сабақ мақсаты: достарға деген қарым – қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір - біріне көмек көрсету және шыдамды, тәртіпті және тыныштықты сақтай білуге үйрету.

Міндеттері: - достық, әдептілік туралы түсінік беру;

-үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, шыдамдылығын дамыту;

-әдептілікке,кішіпейілділікке, тәртіптілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Балаларды топқа бөлу

Тыныштық сәт (баяу әуен) «Су асты патшалығына саяхат»

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  • «Жақсы» немес «жаман туралы» мақал жазып келу

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйек сөз.

Достық малға емес, басқа жарасады,

Нағыз дос бір - біріне шынайы қарасады.

Амандық шешен

  • Нағыз достық дегенімізді қалай түсінесіздер?

  • Осы құндылықтар өз бойымыздан табыла ма?

  • Қандай іс-әрекеттер арқылы бойымыздағы қасиеттерімізді дамыта аламыз.


  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

«Достың арманы»

(үлгі әңгіме)

Сұлтан 18-ге толғанда ағасы оған жаңа көлік сыйлады. Ол алған сыйлығын көрсету үшін достарына барды.

-Көлігім қалай?-деді ол мақтанышпен.

-Керемет!-деді досы.

-Өте тамаша!

Сұлтан бұл көлікті оған өзіне ағасы сыйлағанын айтты. Бұны естіген досы таңқалды.

-Ағаң сыйлады ма? Шіркін, мен де...-деген кезде досының не айтқысы келіп тұрғанын Сұлтан білемін деп ойлады. «Менің де сондай ағам болса ғой» деп айтқысы келіп тұр деп ойлады.

-Сендер қалай ойлайсыңдар? Досының не айтқысы келді?

Досы: «мен де сондай аға бола алсам ғой» деді. Сұлтанды досының бұл сөзі қатты толғандырды. Ол көлігіне отырып, қыдырып келуді ұсынды. Досы көлікке қызығып, көңілді келе жатты.

Ол өзінің үйіне соғуды ұсынды. Сұлтан досы өзінің қандай көлікпен жүргенін көршілеріне көрсетіп, мақтанғысы келіп тұр деп ойлады.

-Сендер қалай ойлайсыңдар? Досы неге үйіне алып келді?

Олар досының үйіне келді.Ол үйге жүгіріп кетіп, біраздан соң кемтар балаға арналған арбаға отырғызған кішкентай бауырын алып шықты. Ол бауырына көлікті көрсетіп «Кейін мен де

саған дәл осындай көлік әперемін» деді. Досының сөзін естігенде Сұлтанның көңілі босап кетті. Ол досының бауырын да көлігіне отырғызып, үшеуі бірге қыдырды. Досы мен бауырының қуанышты көңіл-күйіне қарап, Сұлтан өзінің оларға аз да болса қуаныш сыйлай алғанына қуанды.

-Сұлтан қандай бала екен?

-Сұлтанның орнында болсаң сен не істер едің?

-Досқа байланысты қандай мақал білесіңдер?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1.Адал дос барлық жерде керек екен,

Өмірде достың орны бөлек екен.

Жақсы дос жадыратса, жан дүниеңді,

Жаман достан жамандық келеді екен.

2.Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген — адамның көрігі екен,

Достық деген адалдың серігі екен.

3.Достық деген өмірде ең керегі,

Достық болып дүние дөңгеледі.

Өзендегі толқындар дос боп ақты,

Қанатымыздай жүгіріп кеудедегі.

4. Нағыз достар бір-біріне ұнаған.

Қиындықта бірін-бірі сынаған.

Мүмкін емес доссыз емес өмір сүруде,

Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.

5. Досы үшін дос көнеді бейнетке,

Дос деген сөз ең қадірлі жер-көкте,

Жақсылардың айрылмас досы көп.

Қолын берген қиыншылық кездессе.


  1. Топпен ән айту.

«Достарым»

Әні: Көшеровтікі Сөзі: Х.Закарияныкы

Толтыра біліп көңілдің олқы, бос жағын,

Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс-қостадың.

Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,

Жүрдіңдер, сендер,қолтықтан демеп, достарым.

Қайырмасы:

Жабыққан сәтте қас қағым,

Жанымды ұғар басқа кім?

Жаңа бір әуен бастадым,

Сендерге арнап, достарым.

Сағыныш толы кеудені кернеп жыр-көшкін,

Достықтың келді сазына әнмен үн қосқым.

Өтермін мына өлшеулі ғана тірлікте,

Биіктен сайлап орнын адал, шын достың.

Десек те қанша баянсыз достан түңілді,

Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер.

Асылдар аз ба, жанын да қияр дос үшін,

Соларға тағдыр,өкінбей өтер ғұмыр бе


  1. Үй тапсырмасы.

17 Е.Шайқыұлы «Жақсы ата» мәтінін оқу


  1. Сабақтың қорытынды сәтi.

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды айналамыздағы адамдарға жеткізу үшін оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы іс істейік. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет!Көздеріңізді ашуларыңызға болады.

















«Достарым»


Әні: Көшеровтікі

Сөзі: Х.Закарияныкы


Толтыра біліп көңілдің олқы, бос жағын,

Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс-қостадың.

Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,

Жүрдіңдер, сендер,қолтықтан демеп, достарым.


Қайырмасы:

Жабыққан сәтте қас қағым,

Жанымды ұғар басқа кім?

Жаңа бір әуен бастадым,

Сендерге арнап, достарым.


Сағыныш толы кеудені кернеп жыр-көшкін,

Достықтың келді сазына әнмен үн қосқым.

Өтермін мына өлшеулі ғана тірлікте,

Биіктен сайлап орнын адал, шын достың.


Десек те қанша баянсыз достан түңілді,

Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер.

Асылдар аз ба, жанын да қияр дос үшін,

Соларға тағдыр,өкінбей өтер ғұмыр бер













Просмотр содержимого документа
«17 3 сынып»

« » 201 ж.

Пән аты: Өзін – өзі тану

Тақырыбы: Жылы жүрек-  жақсы тілек

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: «мейірімділік», «қайырымдылық», «ізгілік» т.б.

Сабақ мақсаты:Оқушылардың қиянат жасаудың  бұрыс әрекет екені жайлы және «мейрімділік», «қайрымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

1.Білімділік. Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік пен ренжіту,зиян келтіру жайлы түсініктерін        қалыптастыру;

2.Дамыту. қайырым ды қарым қатынас жасау  іскерліктерін дамыту;

3. Тәрбиелеу.мейрімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.     Тыныштық сәтi. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН 

2.     Үй тапсырмасын тексеру.

Әңгіме «Жақсы ата»

-Әңгіме не туралы?

-Ерасылға жасалған қайырымсыздықты қай жерден көруге болады?

-Жылы сөз бен жақсы тілек айтылған жерлерді мәтіннен тауып оқып бер.

Әр адамның арманы, болашақ өмірі оның жылы жүрегінен шыққын жақсы сөзге байланысты.Сондықтан жылы сөз, жақсы тілек айту әр қайсысымыздың парызымыз.

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.

Жақсы сөз- жан семіртер

Халық мақалы

 -Балалар, сендер осы дәйек сөзді қалай түсінесіңдер?

Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді,мұңайтады, оны уайымға салады.


3.     Әңгiмелеу. 

Енді осы тақырыпты жақсылап ұғып алу үшін мына әңгімені тыңдайық.

Қандай тілек жақсы?

Сол күні Амантайдың апасының қас қабағы келісіңкіремей отырды.

-Балам, бүгін мазам кетіпғ шаршап тұрмын. Шайды өзәі қамдап қоямысың?Күнде қапырық болды ғой. Мен аздап жантайып тұрайын.

Амантай зыр жүгіріп, шай әзірлеп, апасының бетіне де жалтақ қарап қояды. Бүгін олар күндегіден ертерек жатты. Амантай апасының әр қозғалысына, тыныстағанына құлағын түріп, елеңдей берді. Кейде жүрегі жиі- жиі соға жөнеледі. Өстіп жатып ұйықтап кетті. Жарқ- жұрқ найзағай жарқылдап,күннің күркірегенінен оянып кетті. Апасы әлі ұйықтамапты,күбір күбір сөйлеп жатыр, Амантай тағы тың тыңдай қойды.

«-Жасағани ием,құлындарым ер жеткенше қуат бере гөр. Жарым жан көңілдерінің жұбанышын көпсін бе, жасаған. Қос құлынымды кім мүсіркеп, кім маңдайларынан сипар екен дегізіп, көздерің жіутеңдете көрме!»-деп апасы терең күрсініп, аунап жатты. Амантайдың бетін ағыл тегіл жас жуып, үнсіз егілді. Өткендегі жаман ойы көңіліне оралып, бүкіл денесі дір ете түсті. Жүрегі қайта дүрс- дүрс соғып, зәресі ұшты. Әне бір жолы Ерболат Жанұзақ ағайды әкелеп жүргенінде мұның іші әлем жәлем қызғанышқа толып, көңіліне көпіршілік келген. Сол есіне түсіп, мазасызданып кетті.

-Апа ,біреуге жаман тілек ойлаған жақсы емес, ә?

-Әрине балам. Досың түгілі қасына да жаман тілек тілеуге болмайды -деді анасы.

-Апа енді сол қызғанып барып, ойлаған жаман тілекті қалай қайтарып алуға болады?

-Балам тн ұйқыңды төрт бөліп, ағаттығыңа өкініп жатқанының өзі сол адамға ақ ниет тілегенің.Қызғаншақтық жақсы қасиет емес, ол адамды жаман іске жетелеп, жаныңды жаралап, тас жүрек етеді. Осыны ұмытпа , балам!

-Амантайдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?

-Неліктен жаман тілек тілеуге болмайды?

-Сендер Амантайдың орнында болсаңдар қандай тілек тілер едіңдер?

Қорытынды

Балалар бүгінгі «Жылы жүрек-  жақсы тілек» атты сабағымыз не жайлы екен?

Бір бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып,қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді айтып жүрейік.


4.     Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ситуациялық жағдаяттардың шешімін тап.

Сол тақырыпқа сәйкес сөйлем құрастыр.

Дәпермен жұмыс

 -«Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер» күнделігін арнап , күн сайын өзінің өзгеге, айналаңа жасаған жақсы істерің  мен олардың саған көрсеткен жақсылықтары мен айтқан жылы сөздерін, тілектерін жазып көріңдер.


  1. Топпен ән айту.

Жақсы көрем                                               

Ақыл ойдың мекені ,

Ата – әжем бар менде.

Айтып түрлі ертегі,

Аялайды әнмен де

Қ-сы

Жақсы көрем атамды

Жақсы көрем әжемді

Асыл сөздің мақалды

Екеуі де әдемі .

Тыңдап әже – атамды,

Берем менде қол ұшын.

Жасы үлкен адамды,

Сыйлай білу борышым.

Қ-сы

Күн нұрындай шуақты.

Атам, әжем ардақты.

Күнде екеуін қуантам ,

Беске оқып сабақты.

Қ-сы

Бәріміз орнымыздан тұрып, барша адамзатқа, айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып, көрсетейік.


Үй тапырмасы: Жүрек істеп келіп артына жылы өздер жазып келіндер.

   Соңғы тыныштық сәтi.

Қымбатты, балалар, қазір барлықтарымыз Тыныштық сақтайық. Дыбыссыз босаңсып отырыңдар. Бүгіннен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отыра тұрайық!

 Ықыластарыңа рахмет.

Адамзатық  жақсы қасиеттер өзгелерге қайырымдылық жасаудан,  жақсы тілек айта білуінен көрінеді.

Қайырымдылық жасауды үйрен!

 Шамаң келсе көмектес!

 Жақсы болу өз қолыңда!


 

 


Просмотр содержимого документа
«18 3 сынып»


« » 201 ж.

Пән аты: Өзін – өзі тану

Тақырып: Ұқыпты бала –әдепті бала

Құндылық: «Ақиқат»
Қасиеттері: Мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік, таза ниет, адал еңбек

Сабақ мақсаты:

Балаларға әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсінік беру.
Міндеттері:
ұқыптылық, жинақылық, әдептілік туралы түсінік беру.
сыпайылылық қарым - қатынастарын дамыту
ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдемілікке тәрбиелеу

Ресурстар: үнтаспа, сызбалар, ассоциация


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

- Ыңғайлы қалыпта жайғасып отырыңыздар. Терең тыныс аламыз 1,2,3. Жаймен көзіңізді жұмып, мені тыңдаңыздар.

Қазір сіздерге барлығымыз жаз мезгілінің шуақты бір күніне ойша саяхат жасаймыз. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіз. Сіз де танық та ерекше көлдің жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңыз бен судың сылдыры ғана естіледі. Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағаны мен шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір. Сіз барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз. Сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бір қалыпты және қозғалыссыз тұрсыз. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз. Барлық дене мүшелеріңіз тыныштықта және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы демалудасыз. Енді барлығымыз қайтадан сыныпқа оралып, көзімізді жайлап ашамыз. Біз тынығып, көңіл-күйіміз жақсарады, сергекпіз, жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге болады.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Ұқыптылық, әдептілік» туралы мақал-мәтелдер жаттап келу



Тыныштықта отыру











сұрақ- жауап

  1. Дәйексөз

«Ұқыптының уақытты мол»

деген сөзін жазып қояды.
Ұқыпты бала әрқашан да өз жұмыстарын уақытылы орындайды. Ал мұндай қасиетке ие бала жұмысқа да, оқуға да, ойнауға да, серуендеуге де, қонаққа баруға да, дос, жақын, туыс адамдардың көңілін көтеруге де үлгереді.
Ұқыпсыздықтан арылу үшін барлық жұмысты дер кезінде орындап отырған жөн. Оқу құралын, киімді таза ұстап, әдеппен сөйлеп, әдеппен тамақтануға тырысу керек. Өзіміздің де өзгелердің де уақытын қадірлейік.
Дәйек сөздің мағынасын түсіндіру.
Бәріне хормен айтқызу


  1. Әңгiмелеу

* Ұқыпты болу дегенді қалай түсінесіңдер?
* Ұқыптылық не үшін керек?
* Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?
Мәтінмен жұмыс. «Ұқыптылық»
* Асыланның ұқыптылығын неден байқауға болады?
* Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды?
* «Ұқыптының уақыты мол» дегенді қалай түсінесіңдер?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Оқулықтағы берілген көп нүктенің орнына ұқыпты, ұқыпсыз сөздерін қойып мақалдар мен жаңылтпашты оқиды. Оларды түсініп оқып есте сақтап, өмірде қолдана білуге үйрету.
Мақалдар.
1...... ның тоны тозбас,
...... дың ісі оңбас.
2..... – тылық – істің көркі.

Жаңылтпаш.
...... бала –
Кітапты түптеп тастады.
..... бала.
Кітапты бүктеп тастады.
Жұмысын басқаға жүктеп тастады.
Жаттығу – ойлану.
Балалар үш топқа бөлінеді. Әр топ ұқыпсыздықтан арылудың жолдары туралы ойланып, ойларын қағаз бетіне түсіру.


  1. Топпен ән айту

Өтебай Тұрманжанов «Ана өсиеті»
Ана айтты бір өсиет баласына
Бір жолдың шығарын сан саласына
Ей балам шамаң келсе жақсылық ек
Ақ пейіл адамзаттың арасына
Егерде жол үстінде тіккен жатса
Кірер деп аяғына біреу басса
Ерінбей – ақ иіліп қолыңменен
Сол тікенді көтеріп алып таста
Бұл еңбегің қалмасты босқа, бекер
Соны көрген соңы жас солай етер
Жақсы үлгіні жалпы дәстүр жасап,
Жол тазарып, жолаушы жолдан өтер


  1. Үй тапсырмасы:

Ұқыпты ұқыпсыз бала туралы өз ойларын кестеге жазу. Дәптермен жұмыс


  1. Соңғы тыныштық сәтi

Қымбатты, балалар, қазір барлықтарымыз Тыныштық сақтайық. Дыбыссыз босаңсып отырыңдар. Бүгіннен бастап ұқыпты және әдепті, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отыра тұрайық!



















Просмотр содержимого документа
«19 3 сынып»


« » 201 ж.

Пән аты: Өзін – өзі тану

Тақырып: Ұқыпты бала –әдепті бала

Құндылық: «дұрыс қарым - қатынас»

Қасиеттер: ұқыптылық, әдептілік

Сабақ мақсаты:

«Ұқыптылық», «әдептілік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-Балаларға әдептілік, ұқыптылық, сыпайылық адами қажеттер туралы түсіндіру;

-Оқушылардың көпшілік орында, ұжымда өздерінің ұқыптылық, әдептілік қасиеттерін сақтай білуге үйрету.

-Балалардың өзін-өзі тану арқылы өзін бақылауын, үнемі ұқыптылық, әдептілік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

Ресурстар: үнтаспа, сызбалар, ассоциация


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

- Ыңғайлы қалыпта жайғасып отырыңыздар. Терең тыныс аламыз 1,2,3. Жаймен көзіңізді жұмып, мені тыңдаңыздар.

Қазір сіздерге барлығымыз жаз мезгілінің шуақты бір күніне ойша саяхат жасаймыз. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіз. Сіз де танық та ерекше көлдің жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңыз бен судың сылдыры ғана естіледі. Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағаны мен шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір. Сіз барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз. Сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бір қалыпты және қозғалыссыз тұрсыз. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз. Барлық дене мүшелеріңіз тыныштықта және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы демалудасыз. Енді барлығымыз қайтадан сыныпқа оралып, көзімізді жайлап ашамыз. Біз тынығып, көңіл-күйіміз жақсарады, сергекпіз, жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге болады.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Жүрек жылуынан шыққан тілектерді оқу.



Тыныштықта отыру











сұрақ- жауап

  1. Дәйексөз

«Ұқыптының уақыты мол»

М.Әлімбаев

Ұқыпты   бала  әрқашан   да  өз   жұмыстарын   уақытылы   орындайды.  Ал  мұндай   қасиетке  ие  бала   жұмысқа  да,  оқуға  да,  ойнауға  да,  серуендеуге  де,  қонаққа  баруға  да, дос,  жақын,  туыс  адамдардың  көңілін  көтеруге  де  үлгереді.


  1. Әңгiмелеу

-Қазір сендер М.Гумеровтің «Дәме» әңгімесін тыңдайсыңдар.

  • Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Мүмкін бе? Неліктен?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Әр  топ  ұқыпсыздықтан  арылудың  жолдары  туралы  ойланып, ойларын  қағаз  бетіне  түсіреді. 1- 2 минут  уақыт  беріледі. Ойларын  ортаға  салып,  бір – бірімен  пікір  алысады.  


  1. Топпен ән айту

Әні: Ә.Еспаевтікі, сөзі: Ж.Тұрабековтікі

«Бақытты балалық шақ»


  1. Үй тапсырмасы:

«Ұқыптылық, әдептілік» туралы мақал-мәтелдер жаттап келу


  1. Соңғы тыныштық сәтi

Қымбатты, балалар, қазір барлықтарымыз Тыныштық сақтайық. Дыбыссыз босаңсып отырыңдар. Бүгіннен бастап ұқыпты және әдепті, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отыра тұрайық!







Просмотр содержимого документа
«20-21 3 сынып»

Тақырыбы: Өнерлі бала сүйкімді

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттері: еңбексүйгіштік,өнерпаздылық

Сабақ мақсаты: Оқушылардың «еңбексүйгіштік» «ізденімпаздылық» арқылы дұрыс әрекет етуге баулу

Міндеттері:- еңбексүйгіштікке,ізденімпаздылыққа жетелеу

  • еңбексүйгіштік,мейірімділік қасиеттерін дамыту

  • еңбекқорлыққа,өнерпаздылыққа баулу

Ресурстар:

оқулық, дәптер


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2.Тыныштық сәт

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).




Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма : Ұқыпты бала-әдепті бала

  • Ақылбектің ұқыпсыздығы неден көрінді?

  • Ақылбек ұқыптылыққа өзін қалай тәрбиеледі?

  • Ақылбекке қандай ақыл айтар едің?



Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз

«Адамның сәні –өнер,білім,ақылы.»

Халық мақалы



Барлығына айтқызамын.

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызамын.


  1. Әңгiмелеу

Құмға салған сурет

  • Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінді?

  • Ә.Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті?

  • Өз өнерлеріңді қалай шындап жүрсіңдер?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сурет салу,мақал-мәтел,жаңылтпаш айттыру



  1. Топпен ән айту.

«Әнші балапан»

.



  1. Үй тапсырмасы.

20-сабақ. «Құмға салған сурет» мәтінің оқып келу.



  1. Соңғы тыныштық сәтi.

(Тыныштық,тыныштық бар жерде, тыныштық, тыныштық бүкiл әлемде)

-Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

-Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!
























Сабақтың тақырыбы:  2- сынып «Еңбек – бәрін жеңбек»

                                           3- сынып «Өнерлі бала сүйкімді»

Сабақтың мақсаты:

«Еңбек», «өнер» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. 
Сабақтың міндеттері: 
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру

- еңбек етуге, өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру; 
- еңбексүйгіштікке, өнерпаздыққа, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу; 
Көрнекі құралдар: Сара Назарбаева туралы бейнефильм, фотосуреттері, үнтаспа, Сюжетті суреттер,  жеміс ағаштары, «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған құралдар, презентациялар, түрлі-түсті суретер, жүрекшелер. 
Амандасу 
Біз әдепті баламыз, 
Айтқан тілді аламыз, 
Қонақтарды көргенде, 
Сәлеметсіздер ме! – деп 
Сәлемдесіп аламыз. 
Мұғалім сөзі: Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның алғашқы күнінде яғни, дүйсенбі күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын. 

 

Шаттық шеңбері

 

Оқушыларм бірге шеңбер құрып mұpaды сәлем­деседі, ән айтады:

Болайықшы осындай

Сөзі мен әнін жазған А. Меңжанова

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

қиындықты жеңіп кіл,

құшағы гүлге толады.

қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы, досым-ай.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған,

Уқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

Тыныштық сәті

Үнтаспа тыңдау
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Бір кезде Айнала қап- қараңғы боп кетти. Ештеңе көрінбейді. Жо-жоқ бір нәрсе көрінетін сияқты. Бұл не екен? «Бұл еңбек» және «өнер» Көздеріңе елестетіп көріңдер. Олай болса енді көздерімізді ашып  айтайық не көрдіңдер.

Әңгімелесу

Сабақтың тақырыбын таныстыру мақсатында әңгімелесу жvргізіледі.

• Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

• Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

• Өздерің еңбектің қай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?

• Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?

 

 

Адам өмірді не үшін үйренеді?

Өнерлі өрге жүзер? Дегенді қалай түсінесіңдер?

 

Балалардың жауаптары.

- Дұрыс айтасындар! Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау. 
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адам­ға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқа да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін қажетті заттармен толтыру, ден­саулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді. Өзін - өзі тану пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге ұсыныс жасап, осы жолда аянбай еңбек еткен еңбекқор жан Сара Алпысқызы Назарбаева жайлы фотосуреттер және бейнефильм көрсетіледі. 

 

Жаңа ақпарат Қоршаған әлемді шығармашылықпен
көркемдеп бейнелеу көрінісі өнер деп аталады . Өнер әр адамға керек.
Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді.

 

Тапсырма

Мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап, еңбектің түр­лерін анықтау vшін балаларға тапсырма береді

Мәтінмен жұмыс

 

М ұғалім еңбектің маңызын түсіндіру үшін оқулықта берілген

Б. Әділовтің «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» деген мысал әңгімесін оқып береді. Балалар Сұрақ бойынша өз ойларын айтады Еңбексіз өмір – сүреңсіз

Б.Әділов

Мысал әңгіме

Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппа­ды. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қам­далса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі «шал­қайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын.

Бір күні қара пышақ ауыр еңбектен қүтылудың оңай жолын тап­ты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Бол­ды, - деді ол қуанып. – Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін! ...

Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Онын қайда жатқанын ешкім білмейтін еді.

Бір күні:

- Әй туысқан, - деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жары­ғынан жылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ-жұрқ етеді. Сұлу ланып кетіпті.

- Төмен секір, - деді қара пышақ. – Бірге жатаиық. БІЗДІ ешкім білмейді.

- Ол жерде не бар?

- Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рақат!

- Ал жұмысты кім істейді?

- Жұмыс бізсіз де істеледі. .

- Рақмет! – деді Сары пышақ. – Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір – сүреңсіз. Өзің-ақ жата бер, рақа­тыңа бата бер.

Қара пышақ орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойын тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінді.

• Мысал әңгімедегі қара пышақ қандай адамға ұқсайды?

• Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

• «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

 

Оқушылар өз бетінше «Құмға салған сурет» К. Сегізбаев мәтінін оқып отырады Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінеді?
Әбілхан Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті?
Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?
Әбілхан Қастеев туралы мағұлмат
Әбілхан Қастеев – қазақ халқының ұлы суретшісі . Ол Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ ССР Мемлекетінің сылығының лауреаты.
Суреші 1904 жылы Талдықорған болысы, Панфилов ауданындағы Шежін ауылында көшпелі кедей семьясында дүниеге келген . Ол өзінің қас шеберлігінің арқасында көптеген жетістіктерге жетті. Әбілхан Қастеев Қазақ ССР халық суретшісі деген жоғары атаққа республика қыл қалам шеберлерінің арасында бірінші ие болды,ол суретшілік жаратылысы мен талғамы эстетикалық дәстүр мен өмірді терең танауы негіздегі қалыптасқан тума талант еді.

 

 

Дәйексөз

Оқушылардың жауаптары оқулықта берілген анықтама мен дәйексөздің мағынасын түсіндірумен түйінделеді.

Тақтада Абайдың «Еңбек – қуаныш, жалқаулық ­айырылмас азап» деген нақыл сөзі

 

 

 

Адамдықтың басты қасиеті- өнер, білімге ұмтылу

Абай

-Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш-қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық» epіншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек ет­сең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді ба­қытты санайсың. Жалықпай еңбек еткен адам ғана өнерге қол жеткізеді. Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді.

Сахналау

Еңбектің адам өміріндегі мәнін рөлдік орындаулар арқылы түсіндіру үшін сахналау тәсілі қолданылады.

Үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ ) рөлдерде өлеңді мәнер­леп оқиды.

Қайдан келдің, бауырсақ?

Ө. Тұрманжанов

Дастарқанда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып, қарап тұрып көзін сап:

- қайдан келдің, бауырсақ? ­Деп сұрады қуыршақ.

- Дүкеннен келдім

Нан сатқан, -

Деді оған бауырсақ.

- Дүкенге келдің қай жақтан?

- Наубайдан келдім нан жапқан.

- Наубайға келдің қай жақтан?

Диірменнен келдім ұн тартқан.

- Диірменге келдің қай жақтан?

- Даладан келдім кең жатқан.

Жер-анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

Оқулықтагы суреттер бойынша (жаюлы дастарқан үстінде ша­шылып жатқан бауырсақтың, нан дүкені сөрелеріндегі неше түрлі нандардың, нан жауып тұрған наубайшының, диірменнің, егіс да­ласының) оқушылар еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы «Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?, - деген Сұрақ аясында шығып сөйлейді.

 

Өмір таны, өнер қу.
Д. Әлімжанов
Өмір таны,өнер қу,
Өнер табу –ол да оқу.
Талаптансаң тартынба,
Өз күшіңде жол табу!
Өнер сүйсең жиренбе,
Дамыта бер, үйрен де!
“Өнер алды кең”,-деп біл,
Қалсын үлгі кейінге!

 

Ребусты шешу

 

 

Дәптермен жұмыс

М ұғалім оқушыларға дәптермен Жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді.

«Еңбек – бақыт бастауы» тақырыбыңда әңгіме жазыңдар.

 

 

Өз өнерлерің туралы«Еңбек –өнер бастауы» тақырыбында әңгіме жазыңдар

Қорытындылау 
Балалар, осымен сабағымызды қорытындылайтын кезде келді. Ендеше, біз «Еңбекқорлар еліне» барып, саяхат жасап қайтайық. Ол үшін «Біз не үйрендік? Не білдік?» деген сұрақтарға жауап береміз. Әрбір дұрыс жауап берген оқушы әртүрлі суреттермен еңбекқорлар елін безендіреді. 

Жүректен жүрекке

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, бір- біріне Жүрекжар­ды тілектерін айтады.

Гүл өсірсең терлеп

Мұның аты еңбек.

Кесте терсең зерлеп

Мұның аты еңбек

Домбыра мен биге,

Ән мен күйге

Жүрсең күнде қатысып

Мұның аты еңбек

«Айгөлек» - өлеңі



Просмотр содержимого документа
«20-21»

« » 201 ж.

Пән аты: Өзін – өзі тану

Тақырып: Өнерлі бала сүйкімді

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: еңбекқорлық,адамгершілік

Сабақтың мақсаты: «Өнер» ұғымының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

-өнердің адам өміріндегі маңызындылығын түсіндіру.

-өнерге қызығушылықтарын,сүйіспеншіліктерін артттыру.

-өнерпаздыққа,өнерді,сұлулықты сүюге тәрбиелеу.

Ресурстар: үнтаспа, сызбалар, ассоциация


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

- Ыңғайлы қалыпта жайғасып отырыңыздар. Терең тыныс аламыз 1,2,3. Жаймен көзіңізді жұмып, мені тыңдаңыздар.

Қазір сіздерге барлығымыз жаз мезгілінің шуақты бір күніне ойша саяхат жасаймыз. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіз. Сіз де танық та ерекше көлдің жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңыз бен судың сылдыры ғана естіледі. Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағаны мен шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір. Сіз барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз. Сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бір қалыпты және қозғалыссыз тұрсыз. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз. Барлық дене мүшелеріңіз тыныштықта және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы демалудасыз. Енді барлығымыз қайтадан сыныпқа оралып, көзімізді жайлап ашамыз. Біз тынығып, көңіл-күйіміз жақсарады, сергекпіз, жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге болады.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Ұқыпты ұқыпсыз бала туралы өз ойларыңызды жазып келіндер.



Тыныштықта отыру











сұрақ- жауап

  1. Дәйексөз

Дәйексөз

Адамның сәні-өнер,білім,ақылы.

Халық мақалы

Дәйек сөздің мағынасын түсіндіру.
Бәріне хормен айтқызу


  1. Әңгiмелеу

Оқулықтағы

«Құмға салынған сурет» мәтінімен жұмыс

-Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінеді ?

-Әбілхан Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті ?

-Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер ?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

«Кім тапқыр »ойынын ойнату.

Парақшаларда мамандық иелернінің аттары жазылған балалар сол мамандық иесінің қимылын жасайды.

1.Ақындар тобына сурет салу

2.Бишілер тобына түрлі-түсті қағаздан ұлттық киімдер жасау

3.Әншілер тобына


  1. Топпен ән айту



  1. Үй тапсырмасы:

Қазақстанның өнер адамдары туралы мәлімет жинап келу.


  1. Соңғы тыныштық сәтi

Қымба

тты, балалар, қазір барлықтарымыз Тыныштық сақтайық. Дыбыссыз босаңсып отырыңдар. Бүгіннен бастап ұқыпты және әдепті, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отыра тұрайық!

































« » 201 ж.

Пән аты: Өзін – өзі тану

Тақырып: Өнерлі бала сүйкімді

Құндылық:дұрыс әрекет

Қасиеттер: еңбекқорлық,адамгершілік

Сабақтың мақсаты: «Өнер» ұғымының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

-өнердің адам өміріндегі маңызындылығын түсіндіру.

-өнерге қызығушылықтарын,сүйіспеншіліктерін артттыру.

-өнерпаздыққа,өнерді,сұлулықты сүюге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Ресурстар,

мәліметтер




1

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Тыныштық сәті «Әдемі ән»


2

Үй тапсырмасын тексеру

Ұқыпты, ұқыпсыз бала. Дәптермен жұмыс



3

Жаңа сабақ

«­Өмір таны, өнер қу»

өлеңін оқу


«Өнерлі өрге жүзер» дегенді қалай түсінесіңдер ?

Адам өнерді не үшін үйренеді ?


3

Дәйексөз

Адамның сәні-өнер,білім,ақылы.

Халық мақалы



4

Әңгімелеу

-Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінеді ?

-Әбілхан Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті ?

-Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер ?



Оқулықтағы

«Құмға салынған сурет» мәтінімен жұмыс.


Сергіту сәті

«Кім тапқыр »ойынын ойнату.

Парақшаларда мамандық иелернінің аттары жазылған балалар сол мамандық иесінің қимылын жасайды.


5

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1.Ақындар тобына сурет салу

2.Бишілер тобына түрлі-түсті қағаздан ұлттық киімдер жасау

3.Әншілер тобына




6

Үй тапсырмасы:

Қазақстанның өнер адамдары туралы мәлімет жинап келу.


7

Топпен ән айту


8

Соңғы тыныштық сәті

















Просмотр содержимого документа
«22 3 сынып»

«16» 02 2016ж.

Сынып: 3

Пән: Өзін – өзі тану

Сабақтың тақырыбы: «Ақыл-жастан, асыл-тастан»

Құндылық: Дұрыс іс- әрекет.

Қасиеттер: ақылды болу, бабалар дәстүрін құрметтеу


Мақсаты: Балалардың «даналық» құндұлық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

. Ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

. Ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;

. Балалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті

Нұрға бөлену.

 

ІІ. Үйге тапсырманы тексеру;

 

 

Үнтаспа

Баяу әуен

 

 

Шетелдік әріптерді сызып тастасаңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

UАJQҚVЫJЛLЖАUCSTZАVHN-

АQCЫWЛZRTUАZVCNQTZFАWH

сонымен бүгінгі тақырыбымыз «Ақыл жаста – асыл тастан» Бүгінгі ақыл, ақылдық, сондай-ақ бала кезде ақылды болу керектігі туралы әңгімелесеміз.


3.  Әңгімелесу.

Ақылды болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Сендердің ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдаған кездерің болды ма?

 -өткен сабақта өнер туралы айтқанымызда ақылды өнермен жеткізудің өзі өнер деп айтқан болатынбыз. Ал, бүгін ақыл, ақылдылық, сондай-ақ бала кезден ақылды болу керектігі туралы әңгімелесеміз.

 

4. Дәйексөз

«Адам бойындағы ең тамаша нәрсе- білім мен ақыл» Жүсіп Баласағұни

-балалар, сендер білім мен ақылдың адам өміріндегі қажеттілігін, маңыздылығын білесіңдер. Адам баласы қаншалықты білімді болғанымен, ақылға жүгінбесе, өмірден дұрыс жол табу қиынға соғады. Сондықтан адамның біліміне ақылы сай болуы тиіс.

 

 


5.Мәтінмен жұмыс

«Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» аңыз әңгіме  оқыту, талдау;

- Қарашаштың ақылдылығы қай әрекетінен байқалады?

- Басқа балалардың іс-әрекеттеріне көзқарастарың қандай?

-Қыздың бойынан таы қандай асыл қасиетті байқадыңыздар?

Оқушылардың жауаптарын түйіндеу:

-Дұрыс айтасыңдар. Ақылды адам барлық уақытта ойлап сөйлейді, жан- жағын байыптап барып әрекет етеді. Ондай адамдар өзінің байсалдылығын, қарапайымдылығын, кішіпейілділігін, ізеттілігін ұмытпайды. Қарашаш өзін ғана ойлаған жоқ, әкесінің де қамын ойлады. Қыздың бойынан әкесіне деген мейірімділігі аңғарылды.


6.Тапсырма

Гүлдер салынған себепке араларды қондырайық. Тапсырма аралада берілген.

А) Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып айту;

1.Ақылды адам ерінбейді.

2.Ашу-дұшпан, ақыл-дос,

   Ақылыңа ақыл қос.

3.Ақылдан жақын дос бар ма?

4.Ақыл азбайды,  білім тозбайды.

5.Адамның жүзі, ақылдың айнасы

6. Ақыл-тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.

 

Б) дәптерде берілген тапсырмаларды орындау;  

 

Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде Адам болу, жақсы тұлға болуға ұмтылдыратын нәрселер туралы айтылған. Екі топ сол айтылған асыл қасиеттер мен жағымсыз қасиеттерді топтастырайық.

 Бес асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым

Қашық болу: мақтаншақ, өсек, өтірік, еріншек, мал шашпақ  талдау;

 


7.Сахналау

«Байлық, бақыт, ақыл» ертегісін сахналау
Бақыт,байлық,ақылдың артықшылығы неде екен?

Данышпан қандай ой түйіндеді?

Данышпанның орнында болсаңдар, қандай төрелік айтар едіңдер?

8. Ойын жаттығу

«Мен ақылды баламын, өйткені ойланып сөйлеймін»,

«мен ақылды баламын, өйткені ашуланбаймын»,

«Мен ақылды баламын, өйткеніболмашыға ренжімеймін»,

«Мен ақылды баламын, өйткені дер кезінде шешім қабылдай аламын»,

«Мен ақылды баламын, өйткені үлкеннің тілін аламын»,

«Мен ақылды баламын, өйткені үнемі ізденемін»,

«Мен ақылды баламын, өйткені көп оқимын»,

«Мен ақылды баламын, өйткеніалға қойған мақсатыма жетуге тырысамын»,

«Мен ақылды баламын, өйткені үй тапсырмасын өз бетімше орындаймын»,

«Мен ақылды баламын, өйткені кішілерге қамқорлық жасаймын», «Мен ақылды баламын, өйткені, мұғалімнің берген тапсырмасын тиянақты орындаймын».

 

Балалар, қараңдаршы бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толы жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күннің шуақтары бізге жылылық сыйлайды. Біз де осы күн сияқты айналамыздағы адамдарға жылылық сыйлап, ақылдылығымызбен жақсы жақтарымызбен көрініп жүрейік.

                                                       

  1. 9. Топпен ән айту.

«Болайықшы осындай»

Сөзі мен әнін жазған:

А. Меңжанова

10. Үй тапсырмасы: Аташымның батасы. Ә. Табылдиев

 

11.Соңғы тыныштық сәті

Балалар денемізді тік ұстап, еркін отырамыз. Қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Көзімізді жұмамыз. Балалар бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Біз бүгін не білдік, не үйрендік сол туралы ойланайық. Жақсы ойларымызды жүрегімізде сақтайық. Әрқашан жақсылықта, амандықта болайық

Сабақтан алған әсерлерінді көбелекке жазып себетке жабыстыру. 

 

 











1.Ақылды адам ерінбейді.


2.Ашу-дұшпан, ақыл-дос,

   Ақылыңа ақыл қос.


3.Ақылдан жақын дос бар ма?


4.Ақыл азбайды,  білім тозбайды.


5.Адамның жүзі, ақылдың айнасы


6. Ақыл-тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.


Просмотр содержимого документа
«23 сабақ 3 сынып»

« » 201 ж.

Сынып: 3

Тақырып Еңбектің наны тәтті

Құндылық «Дұрыс әрекет» 

Қасиеттер: еңбекқорлық,


Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Сабақтың міндеттері: а) Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру,.

Ә) еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту

Б) еңбексүйгіштікке, табандылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»

Үй тапсырмасын тексеру. 

компьютер

Дәйексөз. «Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар». Дәйексөзді қалай түсінетінін сұрап, нақтылай түсу. Әр адам өз еңбегінің нәтижесін көргенде асқан қуанышты сезімде болады, оны басқалардың таптауына жол бермейді. Әркімге өзінің еңбегімен келген нәрсе ыстық және ең қымбат.


Әңгімелеу (сұхбат). «Маңдай тер» және «Еңбекпен тапқан тиын» мәтінін оқыта отырып, екі мәтінде де негізгі ой не, сәйкестігін анықтату. Қорытынды ой шығару. Мәтіннен адам бойында болуға қажетті еңбекқорлық, шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін ұғынады, байқаған жолдарды тауып оқиды.

Сұрақтар бойынша мәтінінің негізгі ойын анықтау.

-Атасы Хамитке «маңдай тер» дегенді қалай түсіндіреді?

-Өз еңбектеріңнің жемісін көрген кездерің болды ма?

Үлестірмелі деңгейлік тапсырмалар жазылған парақшалар.

Шығармашылық жұмыс. Топтық тапсырма. Ойын жаттығу.

1-топ. «Өз еңбегіңнің жемісі неліктен тәтті?» деген сұраққа жауап беріп шығады. Мысалы, өйткені өз қолыңмен жасайсың, өз күшіңді жұмсайсың, қиналып, шыдап көресің, т.с.с. .

2-топ. Ойын «Аралар» Бір топ ара қол ұстасып қимыл жасайды, балалар қайталау керек, қайталай алмаған жалқауларды ортаға алып шығады.


Топпен ән айту. «Бақытты балалық шақ»


Үй тапсырмасы. 1. Оқушылардың өзіндік қызығушылықтарын арттырып, іскерліктерін бекіту мақсатында «Даналық кітабына» өз тілектерін , аталарының батасын жазып келу .

2. Келесі сабақ. «Алтын мүйіз» мәтінін оқып келу.


Баяу музыканы тыңдай отырып, сабақта игерген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Соңғы тыныштық сәті.

Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, бар жерде,

Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет бар бүкіл әлемде.








Просмотр содержимого документа
«24 сабақ 3 сынып»

« » 201 ж.

Сынып: 3

Тақырыбы: мақтану – мақтаншақтық емес

Құндылық: ақиқат

Қасиет: шындық айту, кішіпейілділік, тек жақсы және қажет заттарды айту


Сабақтың мақсаты:

балалардың «ақиқат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

  1. Адами қасиетін және жалған сөйлемеуге үйрету

  2. Бойындағы жақсы қасиеттерін алға тартып, мақтанудан, тәкаппарлықтан алыс болуға тәрбиелеу

  3. Шындықты айту, кішіпейілділікке дағдыландыру

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі өзін-өзі тану сабағына құралдарымыз түгел ме?

  1. Тыныштық сәті.

  • Орнымызға отырайық қозғалмай. Екі қолымыз тізеге қояйық. Көзімізді жұмайық.

Релаксациялық әуен ойнайды

«Нұрға бөлену»


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Балалар, өткен сабақтағы әңгімені еске түсірейік.

  • Онда астарлап не туралы айтылған?

  • Қандай дәйексөзбен таныстыңдар?

  • Ол қандай мағына береді?


  1. Дәйексөз.

Тақтада дәйексөз жазылып тұрады. А. Құнанбаевтың сөзі: «бес нәрседен қашық бол»

  • Балалар, бұл кімнің сөзі?

  • Өлеңнің осы жерін кім айтып береді?

  • Қандай мағына береді деп ойлайсыңдар?

Дәйексөздің мәнін ашып, жаттатқызу. Дәптерге жаздыру.


  1. Әңгімелеу.

Баяғыда ағалы-інілі екі аяз болыпты. Қыс бойы олар жер-жерді шарлап, қыдырғаннан басқаны білмейді екен. Бірде інісі ағасына: 
– Көк мұрын аға-аяз, бұл жұртты суыққа үсіртсек қайтеді? – дейді ерігіп.
– Несі бар? Қызыл мұрын інім, халықты тоңдырып, бір рақаттанайық, – деп құптайды оны екінші аяз.
 – Ал, кеттік, жолда біреу-міреу кездесіпте қалар.
Ермек іздеп аттанған екеуі бір кезде ат тұяғының дүбірін естиді. Бұл шанасын атына жегіп, қалаға қарай бағыт алған бір бай саудагер мен орманға отын әкелуге бара жатқан кедей еді. Қызыл мұрын аяз:
 
– Өзінің киімі жұпыны екен, қолғабы да жыртық. Мен оны тез-ақ аязға үсірермін. Ал саудагерге сен бар, менің оған шамам келе қоймас, – деп кедейді таңдайды. 
 
– Айтқаның болсын! – дейді де көк мұрын аяз саудагердің соңына

ілеседі.
Кешкісін ағайындар тағы да кездеседі. Көк мұрын аяз көңілді. Қызыл мұрын одан:
– Не, саудагерді үсіре алдың ба? – деп сұрайды.
– Иә, – дейді көк мұрын аяз.
– Қалай үсірдің? – деп таң қалады інісі.
Ағасы мақтанып:
– Алдымен тонын, сонан соң малақайын, тіпті етігіне дейін шешіп алдым, – дейді .

  • Бұл әңгіме не жайында айтылған?

  • Сендер осылай айтасыңдар ма?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақта оқушылардың алған білім-біліктерін дамыту мақсатыңда тапсырма беріледі. Оқушыларға «Алтын қарбыз» мультфилімін көрсету.

Ойын

Балалар алдарындағы кез келген бір затқа жарнама жасайды.

Дәптермен жұмыс жасалады.


Топпен ән айту.

Оқушыларға әннің сөздері жазылған парақ таратып, «Қуанышым қазнам.» әнін бірге, хормен шырқаймыз.

Қуанышым қазынам

Мені армансыз деп пе едің,

Жердей емес көктеймін.

Көзімді ашып көргенім,

Аузымды ашып өткенім.

Қ-сы

Қуанышым қазынам

Қабағыңнан наз ұғам.

Таратайын халқыма,

Өзің жайлы жазып ән.


Қиял құстай самғайды,

Білесің ғой мән-жайды.

Көрсем көзім талмайды,

Сүйсем құмар қанбайды.

Қ-сы




  1. Үй тапсырмасы.

  • Балалар, бүгінгі тақтада жазылған дәйексөзді келесі сабаққа жаттап, мазмұнын айтып бересіңдер.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу ән қосылады.

  • Көзімізді жұмып, бүгінгі сабақта өткендерімізді еске түсірейік. Ешқашан өтірік айтпауға, алдамауға, тәкаппар болудан аулақ болыңдар.

  • Енді көзімізді ашайық.

  • Осымен, балалар, бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар.







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!