СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өзін - өзі тану сабақтарында «Ойын», «Жаттығу», «Сергіту сәті» тәсілдерін жүргізу

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Адамгершілік және жақсы – жаман мінез туралы.

Осы мақал – мәтелдерді тапқан оқушыларға тапқыр, алғыр, білгір, жылдам, жүйрік оқушы деген атақтар беріледі. Сонымен балалар біз аукцион арқылы халық даналықтарының бір түрі – мақал – мәтелдерді қаншалықты білетінімізді көрсеттік. Осылай халық даналықтарын құрметтеп, сақтау үшін өз үлесімізді қосып жүрейік.

Просмотр содержимого документа
«Өзін - өзі тану сабақтарында «Ойын», «Жаттығу», «Сергіту сәті» тәсілдерін жүргізу»


«Өзiн-өзi тану» пәнінің технологиялық картасы


Тақырып: Өзін - өзі тану сабақтарында «Ойын», «Жаттығу», «Сергіту сәті» тәсілдерін жүргізу

Құндылық: дұрыс әрекет ету

Қасиеттер: жауапкершілік, қарым-қатынаста белсенділік таныту, сыйластық

Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға өзін-өзі тану сабақтарында ойынды, жаттығуды, сергіту сәттерін жүргізу жолдары туралы білімдерін қалыптастыра отырып, оның жүргізілу жолын көрсету.  

Міндеттері:

Білімділік: Білім алушылардың өзін - өзі тану пәнінде қолданылатын әдіс - тәсілдері туралы білімдерін кеңейту, теориялық білімді практика барысында қолдануға бағыттау.

Дамытушылық: Білім алушылардың өзін-өзі пәнінде сабақ өткізу әдіс-тәсілдерін, дағдыларын меңгерту, ойлау, қиялдау, өз еркімен білім алу қабілетін және оқыту үрдісінде өз еркімен шығармашылық жұмыспен айналысуын ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Білім алушылардың болашақ мамандығына қызығушылықтарын арттырып, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға, шығармашылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Жабдықталуы

Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың түрі: әдістерді түсіндіру, көрсету сабағы


Сабақтың әдіс-тәсілдері: Тыныштық сәті, дәйексөзді талдау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, пікірталас, шығармашылық жұмыс, жағдаяттан шығу.


Сабақтың жабдықталуы: слайд, бейнебаян, үн таспа,  дәйексөздер, түрлі-түсті қағаз бен бояулар, жұмыс дәптері, үлкен көлемді қағаздар.


Пайдалынатын әдебиеттер

1. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты.

2. Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие беру тұжырымдамасы.

3. Г.Ю. Ксензова. «Сынып жетекшісі мен мұғалімнің тәрбие беру іс-әрекеттерінің психологиялық-педагогикалық негіздері», Мәскеу, 2004


Сабақтың құрылымдық жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Тыныштық сәті

3. Үй тапсырмасын тексеру

4. Дәйексөз талдау

5. Жаңа ақпарат беру

6. Жаттығулар


7. Бейнематериалдар көрсету

8. Талдау

9. Үй тапсырмасы

10. Рефлексия

11. Қорытындылау

12. Соңғы тыныштық сәті


Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлемдесу.

  • Кабинет тазалығын бақылау.

  • Білім алушылардың жеке бас гигиенасы талаптарын сақтауын қадағалау, бақылау.

  • Білім алушыларды түгендеу, оқу журналымен, рапортичкамен жұмыс.

Сабаққа деген қызығушылы ғын ояту. Зейіндерін сабаққа аудару.

  • Тыныштық сәті.

Тыныштық сәті - релаксация «Теңізге саяхат»

- Студенттер ыңғайланып отырып, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалып, денеңізді бос ұстаңыз. Өзіңізді Каспий теңізінің жағалауында тұрмын деп елестетіңіз және алысқа көз жіберіңіз. Қасымызда жанымызға жақын, өзіміз жақсы көретін адал, сенімді досыңыз бар. Екеуіңіз мәз мейрам, еш уайым –қайғысыз күліп - ойнап, теңіз жағалауында жүрсіз.

Теңіз толқындарының шуылдаған дыбысы, теңізді өз мекеніне айналдырған шағаланың дыбысы құлаққа жағымды естіледі. Теңіздің салқын желі бетіңізге еседі. Сіз досыңызбен бірге теңіздің әсемдігіне, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің ауасын жұтып тұрсыз.

Жаныңыздағы досыңызға ішкі сырларыңызды, көңіл - күйлеріңізді, жабырқаған сәттеріңізді айтып, сыр тарқатып отырсыздар. Ішіңіз бір жеңілдеп, жақсы сезімге бөлендіңіз. Жаныңызда сенімді, адал досыңыздың болғанына қатты қуаныштысыз. Сіз өзіңіздің сенімді досыңызға қарап, іштей өз алғысыңызды білдірдіңіз.

Ал енді, сіздің оралатын уақытыңыз болды. Көздеріңізді асықпай ашыңыз! Қандай сезімге бөлендіңіз? Не сезінгендеріңізді бөліссеңдер де болады.

Баяу әуен

(Теңіз толқындары шағаланың дыбыстары шығатын үнтаспа)

сезімдермен бөлісу

Үй тапсырмасын сұрау

«Арт терапия түрлері» Презентация даярлау, қорғау


Өткен материалды меңгеруін бақылау

Дәйексөз

Шығармашыл мұғалім ғана шығармашыл оқушыларды тәрбиелеп шығарады,

жеке тұлғалы ұстаз ғана жеке тұлғаны қалыптастырады.

Мәселе нені оқытуда емес, қалай оқытуда...
(Шығыс даналығынан)

Дәйексөздің мағынасын ашу, түсіндіру

Жаңа ақпарат беру

«Ойын»,«Жаттығу» - балалардың танымдық қызығушылық-тарын арттыру мен жаңа игерілген түсініктері мен іскерлік-терін бекітуге арналған оқыту әдісі. Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады. Балалар ойындар мен жаттығулар нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік дағдыларды меңгереді.

«Жаттығу-ойлану» - балалардың өмірдің тәлімдік-танымдық жағдайларының мәнін ұғына білу мен нақты өмірлік жағдаят-тарды бағалай білу дағдыларын дамытуға, өзінің ойы мен ісіне, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік тәсіл. Жаттығу-ойлану тапсырма-лары болып нақты өмірлік жағдаяттар, мақал-мәтелдер, тәлімдік-танымдық мәні бар өлең жолдары табылады. Балалардың мақал-мәтелдерді өлең жолдарының тәлімдік, өмірлік мәнін талдауы және жағдаяттарды талқылауы арқылы олардың ойлана білуге, өзін және өзгелерді бағалай алуға икемділігі артып, адамдармен, айналасымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады.

Жаттығу-ойлану жұмыстарын орындау барысында ойлануға берілетін уақытты тапсырмалардың күрделілігіне қарай мұғалімнің өзі белгілейді.

«Сергіту сәті» - сабақ үстінде балалардың жалығуы мен шаршағандығын ұмыттыратын, бойларын сергітуге қажетті өзін-өзі тану сабағының құрамдас бір бөлігі. Сергіту жаттығулары бір іс-әрекет түрінен екіншісіне ауысатын сәтте қысқа ойындар, қимыл-қозғалыстар түрінде қолданылады. Осы тәсіл топтың көңіл күйін көтереді, оқуға, білуге ынтасын дамытады, жылдам назар аударуын күшейтеді, ұжымның ұйымшыл болуына ықпал етеді.

Тақырып бойынша ақпарат бере отырып, теориялық білімдерін қалыптастыру

Жаттығу

Сабақтың тақырыбы: Мақсат-жетістік желкені

Мақсаты: оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап,мақсат қоя білуге үйрету.

Бұл мақсат мен үшін маңызды,себебі...

Бұл мақсатқа жетуге болады және ол айқын...

Мен мақсатқа жетуге дайынмын,себебі...

Мен бұл мақсатқа ... марзімде қол жеткіземін.

Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін менде ... бар.

Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін менде... жоқ. Ойын-жаттығу:

Аукцион.

Балалар қазір мен сендермен аукцион ұйымдастырамын. Аукцион бір нәрсені сату арқылы ұйымдастырылады.

Тақырып бойынша ақпарат бере отырып, теориялық білімдерін қалыптастыру

Біздің аукционымызда зат ретінде халық даналықтары сатылады. Ол халық даналықтарын сол туралы кім көбірек білсе, сол сатып алады. Бізде қазір сатылатын заттар ретінде мақал – мәтелдер алынады. Әр тақырыпқа байланысты мақал – мәтелдер. Сол мақал – мәтелдерді кім көбірек айтса, ол соған және бір атаққа ие болады.

  • Туған жер, отан туралы.

  • Оқу – білім,өнер туралы.

  • Еңбек туралы.

  • Достық туралы.

  • Адамгершілік және жақсы – жаман мінез туралы.

Осы мақал – мәтелдерді тапқан оқушыларға тапқыр, алғыр, білгір, жылдам, жүйрік оқушы деген атақтар беріледі. Сонымен балалар біз аукцион арқылы халық даналықтарының бір түрі – мақал – мәтелдерді қаншалықты білетінімізді көрсеттік. Осылай халық даналықтарын құрметтеп, сақтау үшін өз үлесімізді қосып жүрейік.

Тақырып бойынша ақпарат бере отырып, теориялық білімдерін қалыптастыру

Зейінді дамыту

  • Төмендегі сөздерден жалпылама сөз жаса:

  • Дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сенбі.

  • Қаңтар, наурыз, маусым, қыркүйек.

  • Қыс, көктем, жаз, күз.

  • Ана, аға, әпке, әже.

  • Қызыл, көк, жасыл, қоңыр.

  • Ірімшік, қаймақ, сүт, құрт.

  • Артық сөздерді ата:

  • Тұру, жүру, ойнау, жүгіру.

  • Айдос, Асыл, Әлімжанов, Дидар.

  • Қарандаш, қағаз, қаламсап, фломастер.

  • Құрғақ - .....

  • Қатты - .....

  • Ақылды - .....

  • Семіз - .....

Қорытынды: оқушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында қолданылады.

  • Күрек, балта, балға, сызғыш.

Төмендегі сөздерге қарама-қайшы мәндес сөздерді тап:

  • Үлкен - .....

Көңілді - ......

  • Жуан - .....

Биік - .....

  • Жақсы - .....

  • Көп - ......

  • Ақ - .....

Тақырып бойынша ақпарат бере отырып, теориялық білімдерін қалыптастыру

Жаттығу

Тақтада берілген сөздердің ішінен өзіңізге ұнаған сөзді айтыңыз. Таңдаған сөзіңіз бойынша «мен қандаймын?» деген сұраққа жауап ала аласыз.

Жақсы – бір қалыпты адам;

Өте жақсы – барлық істі жақсылыққа жоритын адам;

Білім – ізденімпаз адам;

Тамаша – әсерлі адам;

Керемет – жан дүниесі бай;

Орташа – қанағатшыл;

Көңілді – көпшіл;

Әсем – талғампаз:

Шебер – идея, фантазиясы жоғары;

Жұлдыз – жаңалыққа жаны құмар адам;

Тәтті – балажан, бауырмал;

Қамқор – қамқорлыққа дайын;

Өнер – сегіз қырлы , бір сырлы.

Тақырып бойынша ақпарат бере отырып, теориялық білімдерін қалыптастыру

Тақырыбы:    Эмоция.Көңіл күй.

Мақсаты:    Адамда болып тұратын психикалық процесс эмоция туралы түсінік беру. Оқушыларға адам ағзасына эмоциялық әсердің заңдылығы туралы білімді қалыптастыру. Оқушыларды өз көңіл күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Сабақтың міндеті:  Оқушылардың эмоция, көңіл-күй туралы білімдерін  өмірде, практикада қолдана білуін қалыптастыру.

Жаттығу   «Көңіл күй түсі».

Түрлі түсті қағаз  қиындыларын бір-біреуден таңдап алып, осы сәттегі көңіл күйлеріне байланыстыра отырып қорапқа тастайды. Психолог түстерді қарап балалардың көңіл-күйін біледі.

Жаттығу   «Мен күн сәулесі астындамын».

Бір парақ қағазға шеңбер сызып ортасына «Мен»  деп жазасыңдар. Сол шеңберден сызықтар тарап әр сызыққа сенде бүгінгі күні қандай эмоция түрлері басынан кештін соны жазасыңдар. Оң эмоцияны қызылмен, теріс эмоцияны көкпен бояу керек.

(талдау түстерге байланысты жүреді)

-Балалар әр түрлі эмоцияларды басқара білу керек.Сол үшін қазір «Сен-арыстансың» атты жаттығун орындайық.

Көзімізді жабамыз, елестетіңдер, сен арыстансың, күштісің, қуаттысың, құдіреттісің, өз-өзіне сенімдісің, әдемісің, ұстамдысың, абыройлысың, еркінсің. Бұл арыстанның аты- сенің атың  сияқты, сенің көзің, сенің қолың, сенің аяғын барлығы саған ұқсас. Бұл арыстан-ол сен! Ал көзімізді ашамыз. Не сездіңдер?...

Эмоциялық күйлер өтіп жатқан психикалық әрекет сипатына


ғана тәуелді болып қана қоймай, оған өзі де орасан зор әсер етеді. Мысалы, көңіл күйі жақсы болса адамның танымдық және еріктік әрекетінің белсенділігі артады. Көңіл күй бұл адамның барлық толғаныс, тербелістері мен әрекетіне өң беретін біршама ұзақ эмоциялық күй. Көңіл күйдің  өзгеруінің әрқашанда себебі болады.Ол себеп не деп ойлайсыңдар?

(табиғат, түрлі оқиғалар, адамның қарым-қатынасы, денсаулық жағдайы, орындалатын әрекет)

     Адамның көңіл күйі жақсы, сергек кезінде елеулі қиындықтардың өзі оңай, орындалып жатқан жұмыс қызық, ал адамдар қайырымды және ұнамды болып көрінеді. Адам өз көңіл күйінің қожасы. Ендеше балалар, психологиялық күйдің бірі-күлкі болып табылады.

А.Н.Толстойдың айтуынша «Күлкі-әсемдікті білдіреді» екен және ол кісі күлкінің 97 түрін атап шыққан .

Жаттығу   «Күллі әлемнің күлкілері».

Балалар күлкінің қанда түрлерін білесіңдер? (Күлкі түрлерін тақтаға ілу)

   Сауалнама   «Сіз қалай күлесіз?».

  -Балалар сендер күлкі туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер білесіңдер ме?...

-Ал енді балалар ұлы ақынымыз А.Құнанбаевтың  төртінші қара сөзінде күлкі туралы былай делінген:

  «Үнемі уайым-қайғыға жан шыдай ала ма екен? Үнемі күлмей жүре аламыз ба, үнемі күлмей жүруге жөн шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Шығар есігін таба алмай, уайым –қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де – бір антұрғандық және әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл ызалы күлкі өзі де-қайғы. Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау Құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен келмейді, қолдан жасап, сырты менен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі»(жасанды).

Күлкі жаттығулары:

1. Таңертең үйде, көшеде таныстарыңызды кездестіргенде демді ішке тартып,  демді шығарарда и-и-и дыбысын шығарыңыз (2-3 рет)

2. Көзді сықситып, ерін бұрыштарын көтеру (10-15 сек).

3. Терең дем алу, демді шығарарда «ха-ха-ха» деп 7 рет қайталау, бұл өкпедегі ауаны сыртқа шығарады.

4. Одағай сөздер арқылы жымию а, о, ух.

Сурет бойынша эмоция түрлерін жасату.

Тақырып бойынша ақпарат бере отырып, теориялық білімдерін қалыптастыру

  • Бейнематериал көрсету

  • Сергіту сәттері

Тақырыпты пысықтау

Үй тапсырмасын беру:

«Өзін өзі тану сабақтарында ойын техникасын пайдалану» мәліметтер жинақтау

Ұ.М. Әбдіғаппарова, С.С. Нұркеева Өзін-өзі тану, /Алматы. «Бөбек» ҰҒПББСО, 2010. – 296б

Дайындық Тақырыпты тереңдету,

Рефлексия

Жүрекшеге тілек айтып бір-біріне жылы сөз сыйлау

Кері байлаынс ортасын құру

Қорытынды.

Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т.б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылық-тың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. 

Сабақты бекіту

Соңғы тыныштық сәті

- Балалар ыңғайланып отырып, терең тыныс алыңдар, көздеріңді жұмыңдар. Енді көз алдарына айтқандарымды елестетіңдер.

- Ашық аспан, қалықтаған құс, жайқалған қызыл- сары гүлдер, жайнаған бақ, жарқырап бар жылуын шашқан күн, биіктігі көк тіреген ғимараттар, күн шуағына бөленген бақытты балалар, балалардың « бестігін» мақтан тұтқан ұстаздар, немерелерінің ақылдылығына риза болған әжелер. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа, қуанышқа толған жандарды көре отырып, осындай сезіммен көзімізді ашамыз.

Баяу әуен




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!