СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

PAINT графикалық редакторы не үшін қажет

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұғалім берген тапсырманы орындау Слайдта жазылған барлық қайталау сұрақтары мен тапсырмалар интерактиті тақтамен беріліп, әр топ өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді.

Просмотр содержимого документа
«PAINT графикалық редакторы не үшін қажет»

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 минут)

Сыныпты топқа бөлу (әртүрлі геометриялық фигуралар арқылы) (2 минут)

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға әртүрлі геометриялық фигураларды таңдауға беру  

Оқушылардың мұндағы мақсаты әртүрлі геометриялық фигуралар арқылы өз жұптарын тауып, оқушылар топқа бөлінеді.

 

Бағалау  критерийлерімен таныстыру (топбасшысының қадағалауымен смайликтер тарату) (1 минут)

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау критерийлерімен таныстыру

 

Бағалау критерийімен танысады.

 

I. Үй тапсырмасын сұрау «Миға шабуыл» әдісі арқылы  (5 минут)  

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр топты  диалогқа түсіру, Өткен тақырып арналған  үй тасырмасын қайталауға сұрақтар жасалып, интерактивті тақтада көрсетіледі.

1-топ
PAINT графикалық редакторы не үшін қажет?
(Сурет салу үшін)

2-топ

Редакторды іске қосу командалары...

(Іскеқосу→ Барлық программалар→ Стандартты→  Paint /Пуск→ Всепрограммы→ Стандартные→ Paint/)

3-топ

Тышқанның оң батырмасымен сурет салуға болама? (Болады, бұл кезде сурет фондық түспен салынады)

Мұғалім берген тапсырманы орындау Слайдта жазылған барлық қайталау сұрақтары мен тапсырмалар интерактиті тақтамен беріліп, әр топ өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді.

 

II. Ой қозғау «Сөзімді аяқта» ойыны (5 минут)

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы өткен тақырыпты еске түсіруге байланысты бірненше тапсырмалар беру слайд арқылы, ол тапсырма аяқталмаған.

1-топ

Раint - ағылшынша .... мағна береді

2-топ

Раint –    ...    жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

3-топ

Графикалық редактор -  деп ...

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау,  білімдерін тексеру.

Топпен жұмыс жасау

Раint - ағылшынша сурет, сурет салу.

Раint – бұл растрлық (нүктелерде тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

Графикалық редактор -  графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа

 

 

ІІI.  Мағынаны ашу. Жаңа сабақ (Компьютерде практикалық жұмыс) (10-минут)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қауіпсіздік техникасын естен шығармайық!

Өзің орында!

1 тапсырма

1. Берілген фигуралардан жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал.

Бір көзіңмен «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді.

Бір көзім «абайла» дейді

«Қарап ал маңайға» дейді  (Бағдаршам)

2 тапсырма:

Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста.        (Шырша)

3 тапсырма:

Күндіз кірер «інге»,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Боламдейдікүндей.            (Ай)

4 тапсырма: геометриялық фигураларды пайдаланып сурет сал.

5 тапсырма: Барлық құралдарды пайдаланып, төмендегі суретті салыңыз.

Оқушылар  компьютерде Paint программасын Іскеқосу→ Барлықпрограммалар→ Стандартты→  Paint (Пуск→ Всепрограммы→ Стандартные→ Paint) қосып, құралдарын пайдалана отырып, сурет салады, Файл = Сохранить командасын орындап сақтайды.

 

 

 

IV. Сергіту сәті: «Көзге арналған жаттығулар» (3 минут)

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

    Сергіту сәтін ұйымдастыру қадағалау.
    Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай қозғалту;
    Көз қарашығын көкке одан төменге қарату;
    Сағат тілі бойымен көзді айналдыру;
    Тез арада көзді ашып – жұму;
    Көздерді солжақ астыңғы бұрыштан, оңжақ үстіңгі бұрышқа қарату. Дәл солай бірақ енді керісінше жасау.
     Әрбір жаттығуды кемінен 6 рет қайталау қажет.

Оқушылар интербелсенді тақтаға қарап, жаттығуды орындайды.

 

V. Топпен жұмыс.  Редактордың құралдарын сәйкестендіріңіз. (5 минут) 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Топтарға өткен сабақты толық меңгерту мақсатында тапсырмалар беріледі

Құралдардың атауын табады, сәйкестендіреді

 

VІ. Қорытындылау: «Техникалық диктант» (5 минут)

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Техникалық диктант

Paint  бұл _________редактор. Paint графикалық редакторында  _____түспен сурет салынады. Олар ____________түстер. Paint графикалық редакторында құралдар  ______бөлікке бөлініп орналасқан. Paint графикалық редакторының тақырып жолында  ______________ батырмалары орналасқан.

 

Оқушылардың мақсаты берілген Техникалық диктанты үлестірмелі қағазға жазады.

Техникалық диктант

Paint  бұл __графикалық _  редактор. Paint графикалық редакторында  _екі_ түспен сурет салынады. Олар _негізгі және фондық_  түстер. Paint графикалық редакторында құралдар  _жеті бөлікке бөлініп орналасқан. Paint графикалық редакторының тақырып жолында  терезенің тақырыбы  жабу, жасыру, үлкейтіп-кішірейту батырмалары орналасқан.

 

 

VII. Рефлексия:

Егер саған сабақ ұнаса,барлық тапсырмаларды сәтті орыдасаң желкенін жасыл түспен боя. Егер қиындықтар болып,оларды жеңе білсең желкенді сары түспен боя. Егерқатты қиналсаң, менің көмегім қажет болса желкенді қызыл түспен боя. Қаласаң суретті толығымен боя 

VIІІ. Бағалау:

Өзін-өзі бағалау. (2 мин) Әр тапсырма соңында топ басшысы топ мүшелерін  бағалап отырады. Сабақ соңында мұғалім жиынтық баға шығарады.

ІX. Үй тапсырмасы:

Тақырып бойынша Эссе жазу. (2 мин)

Сабақ аяқталды!

- Сау болыңыздар!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!