СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Палеозой заманындағы тіршіліктің дамуы. Сабақ жоспары

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күні: 31.01.2017 жыл            Пәні: Жалпы биология             Сынып: 11 «Н»

Сабақтың тақырыбы:  §36. Палеозой заманындағы тіршіліктің дамуы.

Сабақтың мақсаты:

  • Барлық оқушыларға  палеозойдың әрбір кезеңдеріне сай ерекшеліктерін және сол кезеңдердегі тірі организмдерінің алуан түрлілігін жалпылама біліп, аталмыш заман туралы белгілі бір көзқарас қалыптастыру.
  • Кембрий, ордовик және силур кезеңдерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттауға үйрету.
  • Кембрий, ордовик және силур кезеңдерінің ауа райы, тірі организмдері, табиғаты және ұзақтығы жайлы толық ақпаратты игерту.

Білімділігі: Оқушыларға Палеозой заманының жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесі туралы толыққанды білім беру.

Дамытушылығы:  Палеозой заманы туралы оқушылардың білімділігін арттыру, өткен тақырыптардағы архей, протерозой замандарымен салыстырмалы түрде түсінік қалыптастыра отырып дамыту.

Тәрбиелілігі:  Балаларды ұжымдық көзқарастарын қалыптастыруға және олардың жүйелі сөйлеуіне, ғылымға деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын жаңа технология түрлері: видео жазба, палеозой заманы туралы презентация, интербелсенді тақта.

Сабақтың түрі: аралас сабағы

Сабақтың әдісі: ауызша, жазбаша, сұрақ – жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: интерактивті тақта, тірек - сызба, үлестірмелі  қағаздар, суреттер, слайдтар

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, отырғызу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа қажетті құрал - жабдықтарды түгелдеу, сынып бөлмесінің және оқушылардың санитарлық-гигиеналық жағдайларына назар аудару.

Үй тапсырмасын сұрау:

Жұлдызды сәт кезеңі

Оқушылар бұл кезеңде кез-келген жұлдыз парақшаларды таңдап, сұрақтарға жауап береді. Әрбір сұрақ Жердің даму тарихынан өтілген тақырыптар бойынша құрастырылған. Бұл жұлдыздарда 17 сұрақ болады:

1.Протерозой қандай заман?

2.Архей заманындағы Жер атмосферасы туралы баяндаңыз.

3.Архей заманында алғашқы фотосинтездеуші организмдер анаэробты және аэробты тыныс алу тәсілін пайдаланды? Сипаттама беріңіз.

4.Архей заманындағы фотосинтез процессін суреттеңіз.

5.Аэробты тотығу немесе аэробты тыныс алу туралы не білесіз?

6.Архей заманындағы тірі организмдерге сипаттама беріңіз.

7.Архей заманындағы тірі организмдердің іске асырған процесстерін сипаттаңыз.

8.Архей заманында эукариотты организмдер қалай пайда болған?

9.Көпжасушалы эукариотты организмдерден біржасушалы эукариотты организмдерден айырмашылығы қандай болды?

10.Тірі организмдер алғаш қай заманда пайда болған?

11.Архей заманы қай уақыттарды қамтиды?

12.Протерозой заманындағы тіршілікке сипаттама беріңіз.

13.Протерозой заманында тіршілік еткен организмдердің қазба қалдықтары қайдан табылды және оларды атаңыз.

14.Протерозой заманында байқалған күрделі эволюциялық өзгерістерді атаңыз.

15.Протерозой заманындағы прокариотты және эукариотты организмдер жайлы ақпарат беріңіз.

16.Протерозой заманының алғашқы кезеңі жайлы ақпарат беріңіз.

17.Протерозой заманындағы эволюциялық өзгеріс қандай болды?

 

Жаңа сабақты түсіндіру: Жоспары:

  1. Палеозой заманы қандай кезеңдерден тұрады?
  2. Кембрий кезеңінің ерекшеліктері қандай?
  3. Кембрий кезеңіндегі өзгерістер қалай болды?
  4. Ордовик кезеңіндегі биологиялық алуантүрліліктер
  5. Силур кезеңіндегі биологиялық алуантүрліліктер

Палеозой заманы 6 кезеңнен тұрады: кембрий, ордовик, силур, девон, таскөмір (карбон), пермь.

Кембрий кезеңінде ауа райы қоңыржай, топырақ болмағандықтан тіршілік сулы ортада дамыды. Құрлықта тек бактериялар мен көк жасыл балдырлар тіршілік еткен. Өсімдіктерден жасыл, диатом, алтын түсті балдырлар теңіздерде еркін жүзіп, қызыл, қоңыр балдырлар теңіз түбіне бекініп тіршілік еткен.

Кембрий кезеңі 70-80 млн жыл уақытқа созылған. Оның алғашқы кезеңінде бұрынғы протерозой заманындағы жаппай мұз басу кезеңі аяқталып, оның орнына жұмсақ әрі жылы ауа райы қалыптасты. Бұл кезеңде экватор бойында орналасқан өте ауқымды Гондвана материгінің құрамында қазіргі Африка, Оңтүстік Еуропа, Таяу Шығыс, Үндістан, Аустралия және Антарктида болды. Бұл кезеңде Гондвана материгінен басқа қазіргі Еуропа, Сібір, Қытай және Солтүстік Америка бар еді. Ол кезде Солтүстік Америка құрлығы Лаврентия деген атпен белгілі болды.

Ордовик кезеңінде теңізде қоңыр, қызыл балдырлар, трилобиттер тіршіліктерін жалғастырып дами берді. Қазіргі сегізаяқ, кальмарлардың туысы – алғашқы басаяқты былқылдақденелілер пайда болды. Сонымен бірге иықаяқты, бауыраяқты былқылдақденелілер тарала бастады.

Силур кезеңінде тау түзілу процесі қарқынды болғандықтан құрлықтың аумағы артты, ең алғашқы омыртқалылар пайда болды. Буынаяқтылардың ұзындығы 2 м-ге жететін 6 жұп аяғы бар алып ракоскорпиондар дамыды. Оның ауыз айналасына орналасқан аяқтарының ең алдыңғы жұбы қорегін ұстап бөлшектеу үшін қысқышқа айналған болды.

Бекіту кезеңдері:

Сандар сөйлейді кезеңі

Тақтадағы сандардың мағынасын ашады.

6 – Палеозой 6 кезеңнен тұрады.

40-50- Трилобиттердің денесі 40-50 бунаққа бөлінген.

100 – Кембрий кезеңінде қатты қаңқасы бар теңіз жануарларының 100-ге жуық түрі болған.

70-80 млн – Кембрий кезеңі 70-80 млн жылға созылған.

70 см – Кембрийдегі трилобиттердің денесінің ұзындығы.

70% - Кембрийдегі жойылып кеткен организмдердің саны.

2 м – Силурдағы буынаяқтылардың ұзындығы.

60 % – Ордовикте жойылып кеткен туыстың саны.

35 – Ордовикте жойылып кеткен тұқымдастың саны.

30-35 млн – Силур кезеңінің ұзақтығы.

Ғажайып алаң кезеңі

   Тақтада тұрған сөздерге анықтама береді.

 

Сабақты қорытындылау:

 

         Сонымен, балалар біз бүгін палеозой заманындағы тіршіліктің дамуын өттік. Палеозойдың 3 кезеңіндегі тіршіліктің қалай өрбігендігімен таныстық. Осы алған білімдеріңді өмірде пайдалана білейік - деп біз бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Оқушыларды бағалау: үй тапсырмасы бойынша және сабақ барысында біліміне қарай оқушыларды жариялы түрде бағалау.

Үй тапсырмасы: §36 оқу.  177-180 беттегі тақырып соңындағы сұрақтар бойынша дайындалып келу. Рефлексия кезеңі: Оқушылар өз түсінгендерін немесе түсініксіз болған тұстарын арнайы қағазға жазады.

Оқушының аты-жөні:

Мен нені білдім

Білгім келеді

 

 

 

Просмотр содержимого документа
«Палеозой заманындағы тіршіліктің дамуы. Сабақ жоспары»


О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты









Сабақтың тақырыбы:

§36. Палеозой заманындағы тіршіліктің дамуы









Сынып: 11 «Н»

Практикант: Молдабай Д.Қ.






Алматы 2017 жыл

Күні: 31.01.2017 жыл Пәні: Жалпы биология Сынып: 11 «Н»

Сабақтың тақырыбы: §36. Палеозой заманындағы тіршіліктің дамуы.

Сабақтың мақсаты:

  • Барлық оқушыларға палеозойдың әрбір кезеңдеріне сай ерекшеліктерін және сол кезеңдердегі тірі организмдерінің алуан түрлілігін жалпылама біліп, аталмыш заман туралы белгілі бір көзқарас қалыптастыру.

  • Кембрий, ордовик және силур кезеңдерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттауға үйрету.

  • Кембрий, ордовик және силур кезеңдерінің ауа райы, тірі организмдері, табиғаты және ұзақтығы жайлы толық ақпаратты игерту.

Білімділігі: Оқушыларға Палеозой заманының жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесі туралы толыққанды білім беру.

Дамытушылығы: Палеозой заманы туралы оқушылардың білімділігін арттыру, өткен тақырыптардағы архей, протерозой замандарымен салыстырмалы түрде түсінік қалыптастыра отырып дамыту.

Тәрбиелілігі: Балаларды ұжымдық көзқарастарын қалыптастыруға және олардың жүйелі сөйлеуіне, ғылымға деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын жаңа технология түрлері: видео жазба, палеозой заманы туралы презентация, интербелсенді тақта.

Сабақтың түрі: аралас сабағы

Сабақтың әдісі: ауызша, жазбаша, сұрақ – жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: интерактивті тақта, тірек - сызба, үлестірмелі қағаздар, суреттер, слайдтар

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, отырғызу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа қажетті құрал - жабдықтарды түгелдеу, сынып бөлмесінің және оқушылардың санитарлық-гигиеналық жағдайларына назар аудару.

Үй тапсырмасын сұрау:

Жұлдызды сәт кезеңі

Оқушылар бұл кезеңде кез-келген жұлдыз парақшаларды таңдап, сұрақтарға жауап береді. Әрбір сұрақ Жердің даму тарихынан өтілген тақырыптар бойынша құрастырылған. Бұл жұлдыздарда 17 сұрақ болады:

1.Протерозой қандай заман?

2.Архей заманындағы Жер атмосферасы туралы баяндаңыз.

3.Архей заманында алғашқы фотосинтездеуші организмдер анаэробты және аэробты тыныс алу тәсілін пайдаланды? Сипаттама беріңіз.

4.Архей заманындағы фотосинтез процессін суреттеңіз.

5.Аэробты тотығу немесе аэробты тыныс алу туралы не білесіз?

6.Архей заманындағы тірі организмдерге сипаттама беріңіз.

7.Архей заманындағы тірі организмдердің іске асырған процесстерін сипаттаңыз.

8.Архей заманында эукариотты организмдер қалай пайда болған?

9.Көпжасушалы эукариотты организмдерден біржасушалы эукариотты организмдерден айырмашылығы қандай болды?

10.Тірі организмдер алғаш қай заманда пайда болған?

11.Архей заманы қай уақыттарды қамтиды?

12.Протерозой заманындағы тіршілікке сипаттама беріңіз.

13.Протерозой заманында тіршілік еткен организмдердің қазба қалдықтары қайдан табылды және оларды атаңыз.

14.Протерозой заманында байқалған күрделі эволюциялық өзгерістерді атаңыз.

15.Протерозой заманындағы прокариотты және эукариотты организмдер жайлы ақпарат беріңіз.

16.Протерозой заманының алғашқы кезеңі жайлы ақпарат беріңіз.

17.Протерозой заманындағы эволюциялық өзгеріс қандай болды?


Жаңа сабақты түсіндіру:
Жоспары:

  1. Палеозой заманы қандай кезеңдерден тұрады?

  2. Кембрий кезеңінің ерекшеліктері қандай?

  3. Кембрий кезеңіндегі өзгерістер қалай болды?

  4. Ордовик кезеңіндегі биологиялық алуантүрліліктер

  5. Силур кезеңіндегі биологиялық алуантүрліліктер

Палеозой заманы 6 кезеңнен тұрады: кембрий, ордовик, силур, девон, таскөмір (карбон), пермь.

Кембрий кезеңінде ауа райы қоңыржай, топырақ болмағандықтан тіршілік сулы ортада дамыды. Құрлықта тек бактериялар мен көк жасыл балдырлар тіршілік еткен. Өсімдіктерден жасыл, диатом, алтын түсті балдырлар теңіздерде еркін жүзіп, қызыл, қоңыр балдырлар теңіз түбіне бекініп тіршілік еткен.

Кембрий кезеңі 70-80 млн жыл уақытқа созылған. Оның алғашқы кезеңінде бұрынғы протерозой заманындағы жаппай мұз басу кезеңі аяқталып, оның орнына жұмсақ әрі жылы ауа райы қалыптасты. Бұл кезеңде экватор бойында орналасқан өте ауқымды Гондвана материгінің құрамында қазіргі Африка, Оңтүстік Еуропа, Таяу Шығыс, Үндістан, Аустралия және Антарктида болды. Бұл кезеңде Гондвана материгінен басқа қазіргі Еуропа, Сібір, Қытай және Солтүстік Америка бар еді. Ол кезде Солтүстік Америка құрлығы Лаврентия деген атпен белгілі болды.

Ордовик кезеңінде теңізде қоңыр, қызыл балдырлар, трилобиттер тіршіліктерін жалғастырып дами берді. Қазіргі сегізаяқ, кальмарлардың туысы – алғашқы басаяқты былқылдақденелілер пайда болды. Сонымен бірге иықаяқты, бауыраяқты былқылдақденелілер тарала бастады.

Силур кезеңінде тау түзілу процесі қарқынды болғандықтан құрлықтың аумағы артты, ең алғашқы омыртқалылар пайда болды. Буынаяқтылардың ұзындығы 2 м-ге жететін 6 жұп аяғы бар алып ракоскорпиондар дамыды. Оның ауыз айналасына орналасқан аяқтарының ең алдыңғы жұбы қорегін ұстап бөлшектеу үшін қысқышқа айналған болды.

Бекіту кезеңдері:

Сандар сөйлейді кезеңі

Тақтадағы сандардың мағынасын ашады.

6 – Палеозой 6 кезеңнен тұрады.

40-50- Трилобиттердің денесі 40-50 бунаққа бөлінген.

100 – Кембрий кезеңінде қатты қаңқасы бар теңіз жануарларының 100-ге жуық түрі болған.

70-80 млн – Кембрий кезеңі 70-80 млн жылға созылған.

70 см – Кембрийдегі трилобиттердің денесінің ұзындығы.

70% - Кембрийдегі жойылып кеткен организмдердің саны.

2 м – Силурдағы буынаяқтылардың ұзындығы.

60 % – Ордовикте жойылып кеткен туыстың саны.

35 – Ордовикте жойылып кеткен тұқымдастың саны.

30-35 млн – Силур кезеңінің ұзақтығы.

Ғажайып алаң кезеңі

Тақтада тұрған сөздерге анықтама береді.


Сабақты қорытындылау:

Сонымен, балалар біз бүгін палеозой заманындағы тіршіліктің дамуын өттік. Палеозойдың 3 кезеңіндегі тіршіліктің қалай өрбігендігімен таныстық. Осы алған білімдеріңді өмірде пайдалана білейік - деп біз бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Оқушыларды бағалау: үй тапсырмасы бойынша және сабақ барысында біліміне қарай оқушыларды жариялы түрде бағалау.

Үй тапсырмасы: §36 оқу. 177-180 беттегі тақырып соңындағы сұрақтар бойынша дайындалып келу.
Рефлексия кезеңі: Оқушылар өз түсінгендерін немесе түсініксіз болған тұстарын арнайы қағазға жазады.

Оқушының аты-жөні:

Мен нені білдім

Білгім келеді







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!