СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Положение конкурса

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Положение конкурса»

Бекітемін

Қарағанды облысында

білім беруді дамытудың

оқу-әдістемелік орталығының

директорын м.а.

__________ Е.Аринов

11 қаңтар 2023 жыл



Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру

ұйымдарының педагогтері арасында облыстық

«Физика пәнінің үздік оқытушысы» конкурсын өткізу

ЕРЕЖЕСІ


І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1.1 Осы Ереже техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру(бұдан әрі – ТжКОББ) ұйымдарының педагогтері арасында облыстық «Физика пәнінің үздік оқытушысы» конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) мақсаты мен міндеттерін, өткізу, қорытындылау және жеңімпаздарын марапаттау тәртібін айқындайды.

1.2 Конкурсты өткізуді және әдістемелік,ақпараттық және техникалық қамтамасыз етуді «Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК жүзеге асырады.


ІІ.МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1 Мақсаты:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының инновациялық оқыту тәжірибесін анықтау және бағалау, үздік педагогикалық идеяларын тарату,таланты оқытушыларды қолдау.


2.2 Міндеттері:

  • оқыту мен оқу тәжірибесі жоғары нәтиже көрсеткен физика пәні оқытушыларының озық іс-тәжірибелерін тарату;

  • білім беру үдерісіндегі педагогикалық технологиялардың мазмұнын жаңарту мақсатында педагогикалық идеяларды іздеу;

  • білім алушылардың қабілеттерін дамытуда жоғары нәтиже көрсеткен белсенді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытушыларға қолдау көрсету.


ІІІ. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР


3.1КонкурсқаТжКОББ ұйымдарыныңштаттық түрде қызмет жасайтын физика пәні оқытушылары қатыса алады.

3.2Конкурсқақатысушылардың еңбек өтілі, санаты, жас ерекшелігіне шек қойылмайды.


ІV. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУКЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ТАЛАПТАРЫ


4.1Бірінші кезең – Конкурсқа қатысушылар 11-15.01.2023ж. аралығында колледжішілік іріктеу кезеңінен өтеді. (сырттай). Қатысушы педагог төмендегі құжаттарды 16.01.23 ж. дейін[email protected] электрондық мекенжайына «Физика пәнінің үздік оқытушысы» конкурсына деген міндетті белгімен жолдайды.

  1. Өтінім (1қосымша);

  2. Бейнесабақ (мин)(2қосымша).

Бейнесабақты бағалауға қойылатын талаптар:

  • мақсаттың тақырыпқа сәйкестілігі;

  • тақырыптың терең ашылуы, материалдардың сабақтастығы;

  • сабақтың құрылымы, жүйелілігі;

  • белсенді оқыту мен оқу әдіс-тәсілдерінің тиімділігі;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияны тиімді пайдалана білуі;

  • оқытушының сөйлеу мәдениеті мен шеберлігі;

  • сабақтың нәтижелілігі, өз мақсатына жетуі;

  • көркемделуі (дизайн) және түсіру сапасы.

Ең жоғарғы ұпай: 10 ұпай

Екінші кезең бойынша қазылар алқасы қаңтардың 16 мен 18 аралығында байқау материалдарын бағалап, қорытынды кезеңнің қатысушыларын анықтайды. Ұйымдастырушы комитет үшінші кезең қатысушыларын хабардар етеді.

    1. Екінші кезең – офлайн (колледж базасында).

Өтілетін күні: 27 қаңтар, 2023ж. сағ.10.00. «»

Тіркелу: 09.00

4.4 Екінші кезең тапсырмалары:

І модуль: «Мен – ұлағатты ұстаз!» таныстырылымы (презентация, видео, сұхбат, т.б.). Регламент 7 минут.

Бағалау критерийі:

  • Тұжырымдама – педагогикалық идея; шығармашылық көзқарас; ақпаратты ұсынудың өзіндік ерекшелігі;

  • Мазмұны – тақырыппен үйлесімі; ақпараттың құндылығы; интерактивтілігі;

  • Көркемделуі – эстетикалық талап; әртүрлі эффектілерді қолданудың орындылығы; түстік бояуы; мәтіндердің оқылуы.

  • Оқытушының өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәнері

Ең жоғарғы ұпай: 10 ұпай

ІІ модуль: «Үздік әдістемелік қоржын». Регламент 3-5 минут.

Бағалау критерийі: (оқыту үрдісінде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер мен технологиялар, авторлық бағдарламалар мен әзірлемелер, т.б.).

Ең жоғарғы ұпай: 10 ұпай

ІІІ модуль: «Педогогикалық ситуация» Регламент 3 минут.

Бағалау критерийі:

  1. Педагогикалық риторика – шығармашылық жұмысты ұсынуға дайындық дәрежесі; өз қызметінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін адекватты түрде талдай білу; ауызша сөйлеу өнері (ашықтық, мәнерлілік, бейнелілік, сауаттылық).

  2. Шеберлік – конкурсқа қатысушының жұмыс тақырыбы бойынша жеке ұстанымы, оның аргументі; аудиторияны ұйымдастыру әдісі; өз деңгейін анықтау мүмкіндігі.

  3. Креативтілік – импровизациялық қабілеті; аудиторияға әсер ету дәрежесі;

  4. Жалпы мәдениет – эрудиция; стандартты емес ойлау; коммуникативті мәдениет.

Ең жоғарғы ұпай: 10 ұпай


V. КОНКУРСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ


5.1 Конкурсты өткізу үшін осы Ережеге сәйкес әрекет ететін Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының өкілдерінен және ... тұратын Ұйымдастыру комитеті құрылады.

5.2 Техникалық комитет пен қазылар алқасының құрамын Ұйымдастыру комитеті айқындайды.

5.3 Ұйымдастыру Комитетінің қызметі:

  • Конкурсқа қатысушылардың тізімін,жұмыс тәртібін,нысанын,орны мен уақытын қалыптастыру;

  • Техникалық комитет пен қазылар алқасының жұмыс тәртібін қалыптастыру.

  • Конкурстың өткізілуін және қорытындысын жариялауды қамтамасыз ету.

5.4 Техникалық Комитеттің қызметі:

  • Конкурс тапсырмаларын әзірлеу;

  • Конкурс тапсырмаларының бағалау критерийлерін әзірлеу және бекіту;

5.5 Конкурстың қазылар алқасының қызметі:

  • Конкурстың 2 кезеңіндегі тапсырмалар бойынша бағалау парақтарын толтырады,оларды Ұйымдастыру комитетіне береді.

  • Нәтижелерді есептеу және Байқау кезеңдерінің қорытынды хаттамасын әзірлейді.


VІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ


7.1 Конкурстың қорытындысы тәуелсіз қазылар алқасының шешіміне сәйкес, хаттама негізінде айқындалып,жарияланады.

7.2 Екінші (шешуші) кезеңнің қорытындысы негізінде:

Бас жүлде, 1-орын, 2-орын, 3-орын және 5 номинация («Жаңашыл оқытушы», «Әдіскер оқытушы», «Зерделі оқытушы», «Креативті оқытушы», «Оратор оқытушы») иегерлері анықталады.

7.3 Конкурстың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.

7.4 Конкурстың қорытындысы http://umckrg.gov.kz/, http://kgk.kz. сайттарында және жергілікті БАҚ-да, әлеуметтік желілерде жарияланады.



Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы:

Барлық сұрақтар бойынша ұйымдастыру комитетіне хабарласуға болады.

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Назарбаев даңғылы, 22-үй

Анықтама телефондары:

Ұялы телефон:

(ұйымдастырукомитеті)

E-mail:






ҚО ББД ОӘО ТжККБ бөлімінің әдіскері Толымбекова Г.С.
















1 қосымша


«Физика пәнінің үздік оқытушысы» облыстық конкурсына қатысуға

ӨТІНІМ


Конкурсқа қатысушының аты-жөні

( толық)



Білім беру мекемесінің толық атауы



Лауазымы


Білім «қай жылы және қай орнын бітірген,мамандығы және диплом бойынша біліктілігі)


Педагогикалық өтілі


Біліктілік санаты



Байланыс ақпараты (ұялы телефон, электронды пошта




Колледж директоры____________________________________(аты-жөні)

қолы























2қосымша


  1. Бейнесабақты ресімдеуге қойылатын талаптар

Техникалық шарттар:

  • Байқауға оқу бағдарламасына сай келетін бейнесабақ ұсынылады;

  • Бейненің форматы: mp4және avıнемесе YouTubeжелісіне жүктеп ссылкасын жіберуге болады. Бейнесабақтың ұзақтығы – 13-15 минут;

  • Оқытушының есімі жазылған ақпараттық бейнемен ресімдеу;

  • Бейнесабақты түсіру және монтаждау кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды пайдалану – оқытушының қалауы бойынша;

  • Бейнероликті түсіру және монтаждау кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдар, фотосуреттер, бейнефрагменттер, арнайы эффект, фондық музыка қолданылуы мүмкін.

2. Бейнесабақ мазмұны ұсынылған тақырып бойынша қатысушының инновациялық оқыту тәжірибесін, көзқарасы мен ойын көрсетеді.


1 Қазылар алқасының екінші кезеңінің бейнесабақты бағалау парағы (сырттай)


Оқытушы

ның аты-жөні

Бейнесабақ атауы (пәні т.б.)

Сілтеме

Мекеме атауы

Бейнесабақты бағалау критерийі (бағалау балл бойынша)

Қоры

тынды

Мақсаттың тақырыпқа сәйкестілігі










сабақ мақсатының тақырыпқа сәйкестігі

Тақырыптың терең ашылуы









Құрылымы, жүйелілігі








Әдіс-тәсілдер тиімділігі






оқыту мен оқу әдіс-тәсілдерінің тиімділігі


АКТ-ны пайдалануы

Сөйлеу мәдениеті мен шеберлігі

Нәтижелілігі, өз мақсатына жетуі

Көркемделуі, түсіру сапасы


1

2

3

4

5

6

7

8


1













2



























2 Қазылар алқасының үшінші кезең тапсырмаларын бағалау парағы (оффлайн)


Модуль

Бақыланатын аспект

Бағалау критерийі

Балл

Жалпы

І модуль

«Мен – ұлағатты ұстаз!» таныстырылымы (презентация, видео, сұхбат, т.б.)

Тұжырымдама – педагогикалық идея; шығармашылық көзқарас; ақпаратты ұсынудың өзіндік ерекшелігі

4

10

Мазмұны – тақырыппен үйлесімі; ақпараттың құндылығы; интерактивтілігі

4

Көркемделуі – эстетикалық талап; әртүрлі эффектілерді қолданудың орындылығы; түстік бояуы; мәтіндердің оқылуы.

1

Оқытушының өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәнері

1

ІІ модуль

«Үздік әдістемелік қоржын»

Оқыту үрдісінде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер мен технологиялар, авторлық бағдарламалар мен әзірлемелер, т.б.

10

10

ІІІ модуль








«Таратуға лайықты идеялар» «TED» (Технология. Қызықтыру. Дизайн)




Педагогикалық риторика – шығармашылық жұмысты ұсынуға дайындық дәрежесі; өз қызметінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін адекватты түрде талдай білу; ауызша сөйлеу өнері (ашықтық, мәнерлілік, бейнелілік, сауаттылық)

3

10








Шеберлік – конкурсқа қатысушының жұмыс тақырыбы бойынша жеке ұстанымы, оның аргументі; аудиторияны ұйымдастыру әдісі; өз деңгейін анықтау мүмкіндігі.

2

Креативтілік – импровизациялық қабілеті; аудиторияға әсер ету дәрежесі;

3

Жалпы мәдениет – эрудиция; стандартты емес ойлау; коммуникативті мәдениет.

2




Барлығы – 30 балл




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!