СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Презентация "Үтір төбе"

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мырзашөл өңіріндегі ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласы

Просмотр содержимого документа
«Презентация "Үтір төбе"»

Тақырыбы: Мырзашөл өңіріндегі ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласы

Тақырыбы:

Мырзашөл өңіріндегі ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласы

Жобаның мақсаты мен міндеті: Үтіртөбе қаласының өткен тарихын зерттеу, туған өлке тарихын зерттеуге атсалысу.  Болашақта туған елімнің тағдырын ойлайтын, қолдайтын ұлтжанды азаматша болып өсу.  Туған жерім Мырзашөлдегі, өлкемдегі орта ғасырда гүлденген Ұтырлы қаласы туралы түсінік беру.

Жобаның мақсаты мен міндеті:

  • Үтіртөбе қаласының өткен тарихын зерттеу, туған өлке тарихын зерттеуге атсалысу.

  • Болашақта туған елімнің тағдырын ойлайтын, қолдайтын ұлтжанды азаматша болып өсу.

  • Туған жерім Мырзашөлдегі, өлкемдегі орта ғасырда гүлденген Ұтырлы қаласы туралы түсінік беру.
Жұмыстың өзектілігі: Кез келген ел, мемлекет өзiнiң мәдениетiн, ғылымын дамытпай өркениетке жете алмайтындығы белгiлi. Өркениеттi, зайырлы, демократиялық мемлекет құруға бет алған бiздiң елiмiзде де білім мен мәдениетке үлкен көңiл бөлiнiп отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен (№ 1277 жарлық, 2004 ж. 13 қаңтар) 2004-2006 ж.ж. арналған

Жұмыстың өзектілігі:

Кез келген ел, мемлекет өзiнiң мәдениетiн, ғылымын дамытпай өркениетке жете алмайтындығы белгiлi. Өркениеттi, зайырлы, демократиялық мемлекет құруға бет алған бiздiң елiмiзде де білім мен мәдениетке үлкен көңiл бөлiнiп отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен (№ 1277 жарлық, 2004 ж. 13 қаңтар) 2004-2006 ж.ж. арналған "Мәдени мұра" бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама елiмiздiң болашағы үшiн маңызы өте зор екенiн әрбiр саналы адам жақсы түсiнсе керек. "Бағдарламаны iске асыру, - делiнген онда, - ұлттың рухани білім беру және заттық - мәдени деңгейiнiң көтерiлуiне, өскелең ұрпақты әлемге ортақ құндылықтар, қазақстандық отаншылдық рухында тәрбиелеуге, қоғамды одан әрi топтастыруға ықпал етедi". Бағдарламаға байланысты елiмiзде мәдениеттiң барлық дерлік салаларында кешендi зерттеу жұмыстары жүргiзiлiп көптеген мәдени-рухани байлықтарымыз ашылып жатыр. 

  Қаланың ежелгі аты белгісіз. Жазба деректерде кездеспейді. Жергілікті халық Ұтырлы қаласының атауын Үтірлі немесе Үтірлітөбе, Үтіртөбе деп те атайды.Үтірлі атануы

  Қаланың ежелгі аты белгісіз. Жазба деректерде кездеспейді. Жергілікті халық Ұтырлы қаласының атауын Үтірлі немесе Үтірлітөбе, Үтіртөбе деп те атайды.Үтірлі атануы "Ұтырлы" деген сөзден шығуы мүмкін. "Ұтырлы" - қазақ тілінде ұтымды, ұтқыр, қолайлы деген мағынаны білдіреді. Бұл қаланың тіршілікке жайлы, тоғыз жолдың торабында, қолайлы жерге орналасуынан шығуы мүмкін. Ал, Үтірлітөбе, Үтіртөбе атануына келсек, қазіргі кезде қаланың пішіні "үтір белгісіне" ұқсас болғандықтан жергілікті халық осылай атаған дейді.

  Шынында да қаланың географиялық орналасуы қолайлы, жол торабында орналасқан. Қаладан солтүстік-шығысқа қарай жол Сырдан өтіп, Чиначкентке (Шыназ), одан әрі Орта Азияның ірі орталығы - Шашқа (Ташкент) барған. Ал, Сырдың сол жағалауымен жоғары қарай өрлеген жол Хожентке жеткен. Сырмен төмен қарай жүрген тағы бір негізгі бағыт Сүткент қаласы арқылы өтіп, Оқсызға (Весидж) барған. Одан әрі жол жан-жаққа (Яссы - Сауран - Сығанақ, Испиджаб және Орталық Қазақстан бағыттары) тармақталады. Ал,қаладан оңтүстік, оңтүстік-батысқа қарай шыққан тағы бір бағыт Мырзаның шөлін басып өтіп Жызаққа, одан әрі Самарқан, Бұхараға жол тартқан.

  Шынында да қаланың географиялық орналасуы қолайлы, жол торабында орналасқан. Қаладан солтүстік-шығысқа қарай жол Сырдан өтіп, Чиначкентке (Шыназ), одан әрі Орта Азияның ірі орталығы - Шашқа (Ташкент) барған. Ал, Сырдың сол жағалауымен жоғары қарай өрлеген жол Хожентке жеткен. Сырмен төмен қарай жүрген тағы бір негізгі бағыт Сүткент қаласы арқылы өтіп, Оқсызға (Весидж) барған. Одан әрі жол жан-жаққа (Яссы - Сауран - Сығанақ, Испиджаб және Орталық Қазақстан бағыттары) тармақталады. Ал,қаладан оңтүстік, оңтүстік-батысқа қарай шыққан тағы бір бағыт Мырзаның шөлін басып өтіп Жызаққа, одан әрі Самарқан, Бұхараға жол тартқан.

Ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласына 2004 жылы жүргізілген археологиялық зерттеулер Сырдария археологиялық экспедициясы ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласының солтүстік жағындағы биіктігі 3 метр болатын жарқабақты бойлай 1-ші қазба салды.

Ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласына 2004 жылы жүргізілген археологиялық зерттеулер

Сырдария археологиялық экспедициясы ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласының солтүстік жағындағы биіктігі 3 метр болатын жарқабақты бойлай 1-ші қазба салды.

Қазба-1.  Жоғарғы хронологиялық кезеңге жататын мәдени қабатын кең көлемде зерттеу мақсатымен көлемі. 5х5 метр қазба салынды, ол 1,5 метр тереңдікке дейін қазылды. Жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде үш бөлме ашылды. Жоғарыда аталған бөлмелерді қазу кезінде көптеген қыш бұйымдар: дастархан, көзе, күбі, құмыра, шырақ табақ, кесе, қазан, тағара, қыш ыдыстардың сынықтары т.б. табылды.

Қазба-1.  Жоғарғы хронологиялық кезеңге жататын мәдени қабатын кең көлемде зерттеу мақсатымен көлемі. 5х5 метр қазба салынды, ол 1,5 метр тереңдікке дейін қазылды. Жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде үш бөлме ашылды.

Жоғарыда аталған бөлмелерді қазу кезінде көптеген қыш бұйымдар: дастархан, көзе, күбі, құмыра, шырақ табақ, кесе, қазан, тағара, қыш ыдыстардың сынықтары т.б. табылды.

Қазба-2.  Қаланың оңтүстік бөлігіне салынды. Қазба көлемі 10х10 метр. Ол 1 метр тереңдікке дейін қазылды. Жүргізілген қазба нәтижесінде екі бөлме ашылды.   Бірінші бөлме қазбаның солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Ол дәліз көлемі 0,90х3,4 метр. Қабырға биіктігі 1 метр, қалыңдығы 40 см. Оңтүстік-батыс жағында келесі бөлмеге өтетін есік бар. Ені 70см. баспалдаққа көлемі 30х15х4 см. болатын бір қатар кірпіш төселген. Биіктігіне екі қатар кірпіш қаланған табалдырық үстіне көлемі 51х51х5см. қыш тақта қойылған. Ортасында диаметрі 1см. болатын тесігі бар. Оның қасынан бір аяғы сақталған қыш дастархан табылды. Бөлме іші, едені тегіс сыланған. Күл мен қоқыспен, құландымен толған.

Қазба-2.  Қаланың оңтүстік бөлігіне салынды. Қазба көлемі 10х10 метр. Ол 1 метр тереңдікке дейін қазылды. Жүргізілген қазба нәтижесінде екі бөлме ашылды.  Бірінші бөлме қазбаның солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Ол дәліз көлемі 0,90х3,4 метр. Қабырға биіктігі 1 метр, қалыңдығы 40 см. Оңтүстік-батыс жағында келесі бөлмеге өтетін есік бар. Ені 70см. баспалдаққа көлемі 30х15х4 см. болатын бір қатар кірпіш төселген. Биіктігіне екі қатар кірпіш қаланған табалдырық үстіне көлемі 51х51х5см. қыш тақта қойылған. Ортасында диаметрі 1см. болатын тесігі бар. Оның қасынан бір аяғы сақталған қыш дастархан табылды. Бөлме іші, едені тегіс сыланған. Күл мен қоқыспен, құландымен толған.

Қазба-3.  Төбенің өмір сүрген уақытын, мәдени қабатын анықтау үшін, оның су бұзып кеткен солтүстік жағындағы жарқабаққа кесінді салынды. Ол материкке дейін тазартылды: ұзындығы-14 метр, ені-1 метр, тереңдігі 4 метр. Қазба-4.  Қазба қабірдің шығыс жағына салынды. Көлемі 5х3 метр. 1 метр тереңдікке дейін құланды қабырғалар, кірпіш сынықтары, күл-қоқыс қалдықтары кездеседі. 1 метр тереңдіктен, қазбаның оңтүстік-батыс бұрышына жерленген адам қаңқасы табылды. Жерлеу ғұрпы мұсылманша. Қаңқа шалқасынан жатқызылып, бағыты солтүстік-батысқа, беті батысқа қаратылған. Ұзындығы 1,60 метр. Сүйегі жақсы сақталған. Қолдары созылып шынтағынан бүгіліп ішіне қойылған. Аяқ сүйектері сақталмаған. Жасы 30-35 шамасында, жынысы әйел. Қазба-5. Қаланың оңтүстік-батыс жағында, орталығынан 250 метр қашықтықтағы, биіктігі 0,5 метр, диаметрі 20 метр төбешікке салынды. Төбешік үсті қыш кірпіш сынықтарына толы. Төбешікке көлемі 3х3 метр қазба салынды. 20 см. тереңдіктен қыш кірпіштен қаланған қабырға шықты. Сақталған қабырға көлемі 25х18х2см. қыш кірпішпен қаланған. Қалау әдісі жалпалығынан үш кірпіш, тік қырынан үш кірпіш қойылып, ортасына лай сылақ салынған. Биіктігі 30 см., сақталған ұзындығы 2,6 метр. Қыш кірпіш өте сапалы жасалған.

Сонымен Мырзашөл өңіріне, оның ішінде апатты жағдайдағы Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласына

Сонымен Мырзашөл өңіріне, оның ішінде апатты жағдайдағы Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласына "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында көңіл бөліп, кешенді түрде археологиялық зерттеулер жүргізуді одан әрі жалғастыру кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Біздің ойымызша, бұл игі іске "Сырдария" университетінің "тарих" мамандығының студенттерін де қатыстырып, жылда археологиялық практика жүргізіп отыруды жалғастыру қажет. Бұл біздің өзіміздің туған жерге, Отанымызға деген перзенттік парызымыз деп білеміз.

  Сонымен, қорыта келгенде, ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласына жүргізілген археологиялық зерттеудің алғашқы нәтижелері біздің кең-байтақ Отанымыздың бір пұшпағы болып табылатын – Мырзашөлдің тарихы кешегі мақта шаруашылығына қатысты оман-арықтардан ғана басталмайтынын, оның тарихы тым ертеден бастау алатынын және қалалық мәдениет гүлденіп дамыған өңір болғанын көрсетеді.

 Зерттеу нәтижесі: - Өлкенің тарихы мен ескерткіштері туралы ғылыми зерттеу еңбектерімен таныстыра отырып, тарих ғылымына тың жаңалықтар енгізуге талпындыру;   - Өлке тарихын зерттеу барысында танымдық қабілетін дамыту;   - Өлке тарихын зерттей отырып, оқушы бойында ғылымға қызығушылығын ояту;   - Оқушының шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, өзіндік жұмыстар орындау барысында өз білімін көтеруін ұйымдастыру;   - Туған өлке тарихын зерттеп, оның материалдарын күнделікті сабақта қолдана білу;

Зерттеу нәтижесі:

- Өлкенің тарихы мен ескерткіштері туралы ғылыми зерттеу еңбектерімен таныстыра отырып, тарих ғылымына тың жаңалықтар енгізуге талпындыру; - Өлке тарихын зерттеу барысында танымдық қабілетін дамыту; - Өлке тарихын зерттей отырып, оқушы бойында ғылымға қызығушылығын ояту; - Оқушының шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, өзіндік жұмыстар орындау барысында өз білімін көтеруін ұйымдастыру; - Туған өлке тарихын зерттеп, оның материалдарын күнделікті сабақта қолдана білу;


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!