Сабақтың тақырыбы: Проценті қайталаймызІ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Проценттерді есептеу біліктіліктері мен дағдыларын пысықтау.
Дамытушылығы: Оқушылардың ақпаратты сыни көзқараспен ой елегінен өткізе алу, түсіндіре алу, бағалай алу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: темекінің зияны туралы кең мағлұмат ала отырып, өмірдегі жаман әдеттерден бойын аулақ салуға, салауатты өмір салтын саналы түрде таңдай алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың типі: Интеграциаланған сабақ.
Сабақтың әдісі: Ақпарттық және проблемалық, дамыта оқыту технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта тапсырмалар жазылған слайдтар, баспасөз материалдары, тест материалдары, бағалау жетондары.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру:
ІІ. Сабақтың тақырыбын ашу.
ІІІ. Қорытындылау.
ІҮ. Бағалау.
Біздің бүгінгі сабағымыз «Мемлекеттік аралық бақылауға дайындықтың жолдары» атты мектебімізде өтіп жатқан математика пәні мұғалімдерінің аудандық семинары аясында өткелі отыр.
Алдымызда үлкен сыналар шақ келіп тұр. Осы сынға сапалы дайындалу, жалпы өмірдің әр түрлі кезеңіне сақадай сай болу үшін алдымен бізге денсаулық керек екен! Өмірдің өз формуласы бар, ол-денсаулық...
Адам өміріне қатерлі аурулар: Өкпе рагі, өкпенің қабынуы, жүрек қан тамырларының ауруы, тыныс жолдарының ауруы темекінің кесірінен болады екен. Темекінің зияны туралы не білеміз? Темекі тарту керек пе, әлде өмір сүру керек пе? Осы сұраққа жауаптарды «процентті қайталаймыз» тақырыбындағы сабағымыздан іздеп көрелік. (проценттің анықтамасы, санның процентін табу, проценті бойынша санды табу ережелері қайталанады.)
Процент
Проценті бойынша санды табу
Шамалардың қатынасын процентпен өрнектеу
Санның процентін табу
Оқушы: Темекі түтінің құрамында адам организіміне зиянды улы заттар өте көп: Олардың ең бастылары никотин, синиль қышқылы, азот, эфир майлары және өкпе рагіне душар ететін радиоактивті элементтер. Ең улысы – никотин.
1 - тапсырма:
1 тал темекіде 2 процент никотин, синиль қышқылы никотиннің 1% тең болса, шылым шайыры никотиннен 7,5 есе көп болса, көміртегі тотығы шылым шайырының 3/5 –іне тең болса, осы зиянды заттардың темекі құрамындағы процентін табыңдар.
Дәрігер:
Жүрек – қан тамырлар жүйесі
Тыныс алу жолдары
Темекінің улы түтіні
Жүйкеге әсер етуі
Ас қортыу жүйесі
Мұғалім: Осы зиянды заттардың әсерінен темекі шегушілер әр түрлі аурулармен ауырады. Соған қарамастан неліктен темекі тартады екен деген сұрақ туындайды.Әсіресе жасөспірім кезден темекі тартуды бастайды. Статистикалық мәлімет бойынша жасөспірімдердің арасында темекі тартатын ұлдар 60 %, қыздар 40%.
2-тапсырма:
Егер мектепте 120 ұл, 160 қыз болса, темекі шегетіндердің санын анықтаңдар.
Мұғалім: Осы темекі шеген оқушылар қандай зардап шегеді деп ойлайсындар?
Оқушылар: Сыртқы түрлері бұзылады, көру,есту қабілеттері кемиді, ішкі ағзалары бұзылады, ашуланшақ, сабырсыз болады, сабақ үлгерімдері төмендейді.
3-тапсырма:
20 адамнан тұратын темекі тартқандарына 3-4 жыл болған топты тексерген де олардың 70% eki түрлі аурумен, қалғандары аурудың бір түрімен ауратыны белгілі болған. Қаншасы аурудың екі түрімен, қаншасы бір түрімен ауратынын анықтаңдар.
4-тапсырма:
Темекі тартатын жасөспірімдер өз өмірін 15% кемітетінін біле ме екен? Қазақстандағы өмір сүрудің орташа ұзақтығы 66 жас болса, темекі тартатын балалардың өмір сүру ұзақтығын анықтаңдар.
Оқушы: Көп жағдайда темекі шегетін адамдар тек өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да кесірін тигізеді екен. Темекі тартатындардың жанұясында дүниеге келген юалалар аурушаң, ашуланшақ болды екен.
5-тапсырма:
Дүниеге келген сәбидің орташа салмағы 3 кг 500 гр болу керек. Егер әкесі темекі тартса, оның салмағы 125 гр кеміп, ал анасы тартса 300 гр кеміп туылады екен. Дүниеге келген сәбидің неше процентке салмағын жоғалтатынын есептеңдер:
А) әкесі тартса.
Б) анасы тартса.
Мұғалім: Бүкіл дүниежүзі темекімен күресуде көптеген елдерде қызмет орындарында балалар мекемелерінде темекі тартуға рұқсат етілмейді. Жұмыс беруші темекі тартатын адамды жұмысқа қабылдамауы немесе жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін.
6- тапсырма:
Егер темекі тартатын хатшы 1 бетте 800 таңбаны басқанда 4% қате жіберетін болса, барлығы қанша қате жіберетінін табыңдар.
Мұғалім: Сонымен жұмыстан неге шығарып жіберетіні түсінікті болған, болар.
Үй тапсырмасын тексеру: (зерттеу бетшесі арқылы темекі тартатын адамның жанұя бюджетіне келтіретін шығынын есептеу)
Мұғалім: Сонымен процентті есептеу арқылы темекінің қаналықты зиян екеніне көзімізді жеткіздік.
Мұғалім: Енді осы білімімізді тест тапсырмаларында қалай қолданып жүрміз?
Оқушылар алдарындағы тест тапсырмалары бойынша процентке берілген есептердің шығару жолдарын ауызша талдайды.
Мұғалім: Өткен аптада өткен № 30 орталықтың тест тапсырмаларын кейбір есептерді тақтаға шығарайық.
№1 есеп, № 723 нұсқа. А)25% B)15% C) 4% D) 20 % E) 10%
№2 есеп, №740 нұсқа. А) 30 В) 80 С) 20 Д) 40 Е) 60
№3 есеп, № 734 нұсқа. А)325тг В)400тг С)300тг Д)350тг Е)450тг
№4 есеп, №725 нұсқа. А) 45кг; 5,4 В)46кг; 4,5кг С) 46,2кг; 4,7кг Д) 46,41кг; 4,25кг Е) 45,41 кг; 5,9 кг
Есепті шығарып жауабын тексергенде дұрыс жауаптың артынан «Темекі шегу – азап шегу» деген сойлем шығады. Осы жерде «Бұған кім кіналі?» деген сұрақ қойылып оқушылар өз ойларын айтады.
Оқушылар сабақты түрлі-түсті жетондар арқылы бағалайды.
Қызыл түс – Мен сабаққа қанағаттандым, сабақ мен үшін пайдалы болды, сабақта айтылғандар мен орындалған тапсырмалардың барлығына түсіндім, мен сабақта жақсы жұмыс жасадым.
Жасыл түс – Сабақ мен үшін қызықты болды, мен белсенділікпен қатыстым, белгілі бір дәрежеде мен үшін пайдалы болды, орнымнан жауап беріп кейбір тапсырма -ларды орындай алдым, сабақта мен өзімді жақсы сезіндім
Сары түс – Мен сабақта айтылғандардың не туралы екенін онша түсіне қоймадым, бұл мен үшін қажет емес, жауап беруге дайын болмадым.
Үйге тапсырма: тест тапсырмаларымен жұмыс.