СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Психикалық саулық - деннің саулығы" тренинг сабақ

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-аналарға психикалық денсаулық, оған кері әсерін тигізетін жағдайлар туралы баяндай отырып, отбасылық құндылық бағытында ой-пікірін анықтау, отбасылық байланыстарын нығайту мақсатында психологтың ата-аналармен жұмысында қолдану болатын тренинг сабақ. Тренинг сабақта "Психикалық денсаулық", оны сақтау іс-шаралары туралы толық баяндалып, ата-аналарға арналған жаттығулар ұсынылды.

Просмотр содержимого документа
«"Психикалық саулық - деннің саулығы" тренинг сабақ»

Орал «Мақсат» медициналық колледжі













Ата-аналарға арналған семинар-тренинг тақырыбы:



«Психикалық саулық – деннің саулығы»







Өткізген: педагог-психолог,

пед.ғыл.маг. Талпакова С.А.



















Орал, 2019 жыл

Мақсаты: Ата-аналарға психикалық денсаулық, оған кері әсерін тигізетін жағдайлар туралы баяндай отырып, отбасылық құндылық бағытында ой-пікірін анықтау, отбасылық байланыстарын нығайту

Семинар-тренинг бағдарламасы:

І.Ұйымдастыру бөлімі. «Танысу» тренингі

ІІ. Сабақ ережесімен таныстыру

ІІІ. Ой қозғау. «Аяқталмаған сөйлемдер» жаттығуы

ІҮ. «Өмір құндылықтары» тәжірибе

Ү. Психикалық денсаулық туралы шағын ақпарат. Бейнебаян көрсету

ҮІ.Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес

ҮІІ.Қорытынды. Рефлексия.

Семинар тренинг ережесі:

  • Өз ойын ашық айту

  • Сөйлеушіге құрмет

  • Белсенділік

  • Регламентті сақтау

  • Мобильді сыпайылық (дауысы бәсеңдетілген телефондар)

«Аяқталмаған сөйлемдер» жаттығуы

  • 1.Мен үшін отбасы....

  • 2.Мен үшін өмірлік құндылықтар, мыналар...

«Өмір құндылықтары» тәжірибесі

«Әрбір баланың мінез–құлқы ата-ананың жағымды іс –әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп И.Павлов айтпақшы, баланың мінез-құлқы өскен ортасында, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана – бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін

Психикалық саулық дегеніміз – адамның өзінің жеке бас потенциалдарын жүзеге асыра алуы, қарапайым өмірлік стрестерін жеңе білуі, пайдалы іс жасап, қоғамға жақсы әсер етуі.

  • Эмоционалдық бұзылыстардың (стресс, үрей, депрессия) сипаттары:

• тамаққа тәбетінің тартпауы немесе шектен тыс ашқарақтық, ұйқысыздық немесе шектен тыс көп ұйықтай беру
• соматикалық ауруларды көп айта беру (жиі бас ауруы, ұйықтай беру, тез шаршау, т.б.);
• өзіне, өзінің сыртқы келбетіне көңілі толмау;
• үнемі өзін-өзі кінәлау, мұңлы күйде жүру, өзін төмендету;

• қоршаған ортада бұрын қызықтыратын нәрселеріне қызықпау, зерігу;
• ортамен, отбасымен байланысқа түспеу, өзімен-өзі болуа ұмтылу;
• жасап отырған жұмысынан зейінін жоғалтып алу, алаңдаушылық;
• үнемі бір терең ойда жүру;
• болашаққа жоспарының жоқтығы;
• ұсақ-түйекке бола қатты ашу шақыру;
• өзінің өткен өміріне пессимисттік бағалау, үнемі жағымсыз оқиғаларды айту;

  • Көңіл-күйінің түсіңкі болуы;

  • Сұрақ қойғанда қысқа жауап қайтару;

  • Қозғалыс жұмыстарын орындамау, қозғалғысы келмеу;

  • Үнемі жылауға бейімділік

  • Қан қысымының көтерілуі, ауызы құрғап, тыныс ала алмау;

  • Дене салмағының күрт төмендеуі немесе салмақ қосуы;

  • Салауатты өмір салтынан бас тартып, шылым шегуі, ішімдіктер ішуі, желімдер иіскеуі, нашалар қолдануы, т.б.

Қазіргі таңда зерттеулерге сүйенсек, суицидтік мінез-құлыққа баратын адамдардың 90%-да кемінде екі жыл психикалық бұзылулар болады екен.

  • Зерттеулер көрсеткендей, шектен тыс сабырсыздық, стресс адамның жүрек ауруына шалдығуына, иммундық жүйесінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.

СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ маңызды элементі жасөспірімдер ДЕПРЕССИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ болып табылады, бұл жерде де ата-ана маңызды рөл атқаруы тиіс.


  • Біріншіден, баламен әңгімелесу, оның денсаулығы мен көңіл-күйі туралы, оны не мазалайтыны туралы сұрақтар қою, болашақ туралы сұхбат құру, жоспарлар құру қажет. Әңгімелесу позитивті болуы қажет: Жасөспірімді басқа одан жақсы оқитын, жігерлі, пысық балалармен салыстырмау қажет. Бұндай салыстырулар жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін және оның онсыз да төмен өзін бағалауын төмендетіп жібереді. Бүгінгі жасөспірімді бүгінгі күнгі бейнесі мен өткен күнгісін ғана салыстыруға болады, сөйтіп оның ертеңгі позитивті бейнесіне ұмтылуға жағдай жасау керек.

  • Екіншіден, жасөспірімнің әдеттегі өміріне әртүрлілік енгізу қажет; жаңа істермен айналысу немесе оған қандай да бір жаңа іс іздеген дұрыс. Мысалы, оны тренажер залына жазу. Баламен көбірек уақыт өткізудің маңызы зор: жаңа серуен маршруттарын белгілеп жаяу серуендеу; демалыс күндері қызықты экскурсияға, кинога, концертке, көрмеге бару; үйдегі міндеттерді орындаудың жаңа тәсілдерін ойлап табу; үйде толық тазалау жұмысын жүргізу. Баламен келісім бойынша ол жақсы көретін үй жануарын — ит, мысық, алақоржын, тотықұс немесе балықтар асырауға болады. Үй жануарына қамқор болу баланың ойын жинақтайды, жағымды эмоциялар береді, белсенділігін оятады.

  • Үшіншіден, ата-анаға өз құдыреттілігіне сенім артпай, басқа да көмектің ықтимал көздеріне көңіл бөлген пайдалы: жасөспірімнің достарына, психологтарға, психотерапевтерге. Егер жасөспірімді мамандарға (психологқа, дәрігерге) жүгінуге көндіру қолдан келмесе, ата-аналар балаға көмек көрсету стратегиясын бірге жасау үшін, оларға өздері жүгінуіне болады.

Өзіне, басқаларға қатысты пессимизмді, сыншылдықты, күдікшілдікті жеңудің пәрменді құралы «Жақсы жаңалықтар диетасы» деп аты дәл айтылған әдістеме болып табылады.

  • Әрбір отбасы мүшесі күні бойы өзін мақтауға тұрарлық кем дегенде үш ойын, эмоциясын, іс-әрекетін есте сақтауға міндеттенеді. Кешке, кешкі ас үстінде отбасы арасында әрқайсысы жақындарымен өздерін осылай бақылаудан алған әсерлерімен бөліседі.

  • Бұл «диетаны» жүзеге асыруға бүкіл отбасын тарту отбасыішілік қарым-қатынасқа жемісті даму векторын береді, бір-бірінің бойынан жақсы қасиеттер көруге үйретеді.

КОМПЬЮТЕРГЕ ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ.















ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НЫҒАЙТУ.
Тату отбасы, бақытты балалар – Мемлекет гүлденуінің сенімді іргетасы.


Отбасының беделін арттыру және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі.

Берік жұбайлар одағы, ата-ананы құрметтеу, ана болу, әке болу, өзара құрмет пен сенім, адалдық пен махаббат – бұл отбасылық өмір салтының және үздік отбасылық дәстүрлердің негізі, бұл БАСТЫ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР.

Кішкене күнінен бастап жағымды адамгершілік қасиеттерді – еңбексүйгіштікті, шыдамдылықты, жұмсақтықты, ұқыптылықты, қарапайымдылықты, адалдықты дарыту арқылы болашақ отағасын өсіру.

Бала отбасын құрметтеуі және бағалауы үшін, ата-ана өзінен бастауы керек. Егер отбасында береке болмаса, күйеуі мен әйелі үнемі ұрысатын болса, баласы үшін уақыт таппаса, балаға дәл осындай отбасы қалыпты, дұрыс болып көрінеді. Есейген соң, өз отбасын құрғанда ол да ұрыс-керіс пен жанжалды жағдайда өмір сүретін болады. Және ата-анасымен араласуға, оларға қамқорлық танытуға уақыт таппайды.

Отбасылық құндылықтарды нығайтудың тамаша құралы отбасы тақырыбына арналған көркем әдебиетті бірлесіп оқу және талқылау болып табылады. Бұл бала бойына мейірімділік сезімін дарытуға, жағымды әсерлер алуға және отбасына, ата-анасына, аға-іні, әпке-қарындас, ата-әжесіне қамқорлықпен қарауға жағымды мотивация береді.

Қорытынды. Рефлексия.

Ата-аналарға кері байланыс парақтарын үлестіру.

«Мен үш қасиетімді мақтан тұтам»,- депті Ақан сері.

Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым hәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.

Бүгінгі семинар-тренингке қатысқаныңызға көп рахмет!!!




























Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!