СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Психологиялық тренинг "Оқушылар арасында жағымды көңіл-күй тудыру"

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Оқушылар арасында жағымды көңіл-күй тудыру

Мақсаты: оқушылар арасында жағымды көңіл-күй тудыру, өздеріне құрметпен қарауға баулу, сыныпта сыйластық қарым-қатынас орнату.

Тренинг барысы:

  1. «Көңілді сәлемдесу» жаттығуы
  2. «Мақтану» жаттығуы
  3. «Денелік өзара әрекеттесу» жаттығуы.
  4. Қорытынды.

Просмотр содержимого документа
«Психологиялық тренинг "Оқушылар арасында жағымды көңіл-күй тудыру"»

Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебі

















Психологиялық тренинг

Тақырыбы: Оқушылар арасында жағымды көңіл-күй тудыру

















Мектеп психологы: Дюсембаева К.Б.







2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: Оқушылар арасында жағымды көңіл-күй тудыру

Мақсаты: оқушылар арасында жағымды көңіл-күй тудыру, өздеріне құрметпен қарауға баулу, сыныпта сыйластық қарым-қатынас орнату.

Тренинг барысы:

  1. Кіріспе бөлім

Топтағы қатысушыларға төмендегі тренингтік ережені оқып, түсіндіру:



1. Топтың толық қатысуы;

2. Қатысушылардың жақсы, тату қарым-қатынастары;

3. Қарым-қатынастың ашық, әділ болуы;

4. Белсенді қатысу;

5. Осы жерде айтылғандар, топтың сыртына шығарылмайды.

  1. Негізгі бөлім



  1. «Көңілді сәлемдесу» жаттығуы

Шарты: қатысушы өзінің сәлемдесу түрін көрсетеді. Келесі қатысушы бірінші қатысушының сәлемдесу түрін қайталап көрсетеді және өзінің жаңадан бір сәлемдесу формасын көрсетеді. Осылайша рет-ретімен сәлемдесу жалғаса береді.

  1. «Мақтану» жаттығуы

Мақсаты:

  1. өзін-өзі ашу дағдыларын қалыптастыру;

  2. топ алдында сөйлеу, өзін көрсету дағдыларын жетілдіру.

Қатысушылар шеңбер құрып отырады және оларға тапсырма беріледі (дайындалуға 2-3 минут). «Әркім топ алдында өзінің қандай да бір сапасымен, біліктілігімен, қабілетімен мақтануы, өз бойында бағалайтын күшті жақтары жайлы айтуы тиіс».

Топ қатысушыларының барлығы сөйлеп болған соң, жаттығуды орындау барысында пайда болған сезімдерді талқылау жүреді.

  1. «Денелік өзара әрекеттесу» жаттығуы.

Мақсаты: топ белсенділігін арттыру. Жағымды көңіл-күй орнату.

Барысы: топ шеңбер құрып отырады. Жүргізушіге орындық жетіспеген сияқты шеңбердің ортасында тұрады. Ол жүргізушінің рөлін атқарады. Жүргізуші қалай кіммен орын ауыстыратынын айтады. Мысалы: «Кімде қара аяқ киім болса солар орын ауыстыруы керек. Орын ауыстыру кезінде жүргізуші бос орынға үлгеріп отыруы керек. Содан кейін қалған адам жүргізуші рөлін атқарады.

Талдау: 1. Жаттығу сендерге ұнады ма?

2. Жаттығу орындауда қандай қиындықтар болды?

3. Жаттығу қандай қасиеттерді талап етеді?



  1. Қорытынды.

Тренингтен алған әсерлерімен бөлісу





Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебі

«Оқушылар арасында жағымды көңіл-күй тудыру» тренингінің нәтижесі

Мерзімі: 27.10.2015ж.

Мақсаты: оқушылар арасында жағымды көңіл-күй тудыру, өздеріне құрметпен қарауға баулу, сыныпта сыйластық қарым-қатынас орнату.

Қатысқаны: Омаров Шахнияз

Мәдиев Әділ

Сыныбы: 9 «А»

Нәтижесі: «Оқушылар арасында жағымды көңіл-күй тудыру» тренингіне 9 «а сыныбынан барлығы 19 оқушы қатысты. Оқушылар берілген тапсырмаларды белсенділікпен, қызығушылықпен орындады. Омаров Шахнияз бен Мәдиев Әділ әр бір жаттығуды орындауда белсенділік танытып, өз ойларын ашық жеткізе білді. «Көңілді сәлемдесу» жаттығуында әр оқушы өз ойларынан белгілі бір қимыл-қозғалыс арқылы күнделікті өмірде қолданылмайтын «сәлемдесу» түрлерін көрсетті. «Мақтану» жаттығуында Омаров Шахнияз өзін – ақылды, салмақты, дін жолында, үлкенді сыйлайтынын атты. Мәдиев Әділ – қолынын барлығы келетін, техникамен жұмыс жасағанды ұнататынын, ақылды, сабырлы екенін айтып мақтанды. «Денелік өзара әрекеттесу» жаттығуын орындауда екі оқушы да белсенділік тантып, сыныптастарымен жақсы қарым-қатынас орната білді. Қорытынды бөлімде оқушылар сыныптастарын тағы да бір қырынан тани түскендіктерін, өз-өздерін мақтай білу қиын екендігін айтты.

Ұсыныс: оқушылардың өз-өзіне сенімділігін арттыру және бағалауын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізу.





Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебі

«Оқушылар арасында жағымды көңіл-күй тудыру» тренингінің нәтижесі

Мерзімі: 27.10.2015ж.

Мақсаты: оқушылар арасында жағымды көңіл-күй тудыру, өздеріне құрметпен қарауға баулу, сыныпта сыйластық қарым-қатынас орнату.

Қатысқаны: Омежанов Диас

Сыныбы: 9 «Б»

Нәтижесі: «Оқушылар арасында жағымды көңіл-күй тудыру» тренингіне 9 «Б сыныбынан барлығы 20 оқушы қатысты. Оқушылар берілген тапсырмаларды белсенділікпен, қызығушылықпен орындады. «Көңілді сәлемдесу» жаттығуында әр оқушы өз ойларынан белгілі бір қимыл-қозғалыс арқылы күнделікті өмірде қолданылмайтын «сәлемдесу» түрлерін көрсетті. «Мақтану» жаттығуында Омержанов Диас өзін –салмақты ұстайтындығын, бауырларына қамқор екендігін айтып мақтанды. «Денелік өзара әрекеттесу» жаттығуын орындауда белсенділік тантып, сыныптастарымен жақсы қарым-қатынас орната білді. Қорытынды бөлімде Диас тренингн ұнағанын, достарын тани түскендігін айтты.

Ұсыныс: оқушылардың өз-өзіне сенімділігін арттыру және бағалауын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізу.





Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебі

«Оқушылар арасында жағымды көңіл-күй тудыру» тренингінің нәтижесі

Мерзімі: 27.10.2015ж.

Мақсаты: оқушылар арасында жағымды көңіл-күй тудыру, өздеріне құрметпен қарауға баулу, сыныпта сыйластық қарым-қатынас орнату.

Қатысқаны: Мақсұтов Қуаныш

Тұрғұлдинов Ерик

Сыныбы: 7 «Б»

Нәтижесі: «Оқушылар арасында жағымды көңіл-күй тудыру» тренингіне 9 «а сыныбынан барлығы 13 оқушы қатысты. Оқушылар берілген тапсырмаларды белсенділікпен, қызығушылықпен орындады. Мақсұтов Қуаныш, Тұрғұлдинов Ерик әр бір жаттығуды орындауда белсенділік танытты. «Көңілді сәлемдесу» жаттығуында әр оқушы өз ойларынан белгілі бір қимыл-қозғалыс арқылы күнделікті өмірде қолданылмайтын «сәлемдесу» түрлерін көрсетті. «Мақтану» жаттығуында Мақсұтов Қуаныш өзін – ақылды, салмақты, үлкенді сыйлайтынын айтты. Тұрғұлдинов Ерик ағасын және әкесін жақсы көретіндігімен, тез қозғалатындығымен мақтанды. «Денелік өзара әрекеттесу» жаттығуын орындауда екі оқушы да белсенділік тантып, сыныптастарымен жақсы қарым-қатынас орната білді. Қорытынды бөлімде оқушылар сыныптастарын тағы да бір қырынан тани түскендіктерін, өз-өздерін мақтай білу қиын екендігін айтты.

Ұсыныс: оқушылардың өз-өзіне сенімділігін арттыру және бағалауын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізу.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!