СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Радиактивтілік. 9 сынып

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Атом энергиясының физикалық негіздері мен ядролардың бөлінуі туралы материалды толық түсінуге жағдай жасау. Оқушыларға радиоактивті ыдырау заңы жайлы теориялық білім беріп, білімдерін есеп шығару барысында жетілдіру.

Просмотр содержимого документа
«Радиактивтілік. 9 сынып»

Тақырып: Радиактивтілік.

1.Білімділік

Атом энергиясының физикалық негіздері мен ядролардың бөлінуі туралы материалды толық түсінуге жағдай жасау. Оқушыларға радиоактивті ыдырау заңы жайлы теориялық білім беріп, білімдерін есеп шығару барысында жетілдіру.

2. Дамытушылық

а) Жеке тұлғаны дамыту (өз бетімен ойлау қабілеттерін арттыру, оқу материалының ең бастысын бөліп алу, талдау дағдысын қалыптастыру)

б) танымдық қызығушылықты дамыту (ғылым мен техникалының жетістіктерін пайдалана білуге баулу)

в) өз білімін тексеріп, бағалауға дағдыландыру

3. Тәрбиелік

Оқушыларды ізденімпаздық, жүйелі түрде ойлауға, өз бетінше еңбектенуге, ойын нақты жеткізе білуге, топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Мақсаты: Өз бетінше білімдерін нығайтуға жетелеу, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «ОҮӘЖ» технологиясы, шығармашылықпен зерттеу, топтық, жұптық, жеке әрекет

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Химия, математика, тарих

Көрнектілігі: интерактивті тақта, тірек-сызбалар, физик ғалымдардың суреттері, электрондық оқулық, кесте

Сабақ жоспары:.

Ұйымдастыру кезеңі

Проблеманы айқындау (7-8 мин)

1. Радиоактивтік тақырыбына оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдау

Өлең

2.Электронды оқулықпен жұмыс

3.Тарих мәліметтері

«Сен білесің бе? Бұл кім?» ойыны. интерактивті тақтамен жұмыс

Анри Беккерель - француз ғалымы, ол 1896 жылы қара қағазбен жабылған фотопластинканы ағартқан уран түзының сәулеленуін анықтады.

Радиоактивтілікті кездейсоқ ашты.

Радиоактивтілік дегеніміз не?




Пьер Кюри (1859 - 1906) ж. Парижде дәрiгерлер жан ұясында туылды. Он алты жасында Сорбоннаның бакалавр дәрежесiн , ал екi жыл өткеннен кейiн физика ғылымының лиценциат дәрежесiн алады. 1880 ж. Кюри(ағасы Жакпен бiрге) пьезоэлектрлiк эффекттi ашты. 1883 – 1895 жылдар аралығында Пьер Кюри кристалл физикасының саласында үлкен сериялы еңбектерi жарық көрдi, негiзiнде, сонымен қатар, кристалл қырларының беттiк энергиясы терминiн енгiздi, кристаллдардың өсуiнiң жалпы принципiн тұжырымдады, қандайда бiр әсердiң ықпалында тұрған кристаллдың симметриясын анықтайтын принциптi ұсынды (Кюри принципi).

1890 жылдан 1895 жылға дейiн Кюри әр түрлi температура кезiндегi заттардың магниттiк қасиеттерiн зерттеген, бұл зерттеулерiнiң арқасында Кюри заңы ашылған, сонымен қатар темiрдiң температурасы белгiлi бiр мәнiнен асқаннан кейiн темiрдiң ферромагниттiк қасиетi жоғалатындығын және меншiктi электр өткiзгiштiк және жылу өткiзгiштiк қасиеттер секiрмелi түрде өзгередi. (Кюри нүктесi)

Пьер Кюри және Мария Кюри 1988 ж. полоний және радий деп өздерi атаған жаңа радиоактивтi құбылысты, 1901 – радиоактивтi сәулеленудiң биологиялық әсерiн ашты да, радий препараттары iсiк ауруларын емдеуге пайдасы болуы мүмкiн деп тұжырымдайды, 1903 ж. радиоактивтiлiктiң деңгейiнiң төмендеуiнiң мөлшерлiк заңын және радиоактивтi элементтердiң жартылай ыдырау периодының түсiнiгiн енгiздi, радиоактивтi ыдырау теориясын ұсынды.

1903 ж. Швед Корольдiгiнiң ғылым академиясы Кюри жұбайларына Нобель сыйлығын бердi.

1904 ж. қазан айында Пьер Кюри Сорбоннада физика профессоры болып тағайындалды.

Ядролық реакция дегеніміз не?

Ядролық реакция-атом ядроларының элементар бөлшектермен немесе бір-бірімен әсерлесуі кезінде болатын өзгерістер Бөлшектердiң атом ядросымен әсерлесуiнiң нәтижесiнде оны басқа ядро мен бөлшекке өзгертуi ядролық реакция деп аталады.

Мария Склодовская 1867 ж. 7 қарашада Варшавада дүниеге келедi. Мария ғылыммен айналысу құрметтелетiн жанұясында тәрбиеленедi. Ол мектептi үздiк бiтiредi.

1891 ж. Польшадан кетiп, Мария Париж университетiне (Сорбонна) жаратылыс ғылымының факультетiне түседi.

1893 ж. Мария Сорбоннаның физика саласында лиценциат дәрежесiн алады (магистр дәрежесiне эквивалент). Сол 1894 ж. Мария Пьер Кюридi кездестiредi. Физикаға деген қызығушылықтарының нәтижесiнде жақындасып, бiр жылдан кейiн үйленедi.

1897 ж. М. Кюри өзiнiң магнитизмге байланысты зерттеулерiн бiтiредi.

1896 ж. Анри Беккерель уран қоспалары терең енетiн сәулелену шығаратындығын тапты. М. Кюри урандық қоспада тағыда бiр ашылмаған радиоактивтi элемент бар деген пiкiрiн айтты. Ыдырау және трансмутация терминдерiн енгiзген Марияның өзi болды.

1898 ж. маусым және желтоқсан айларында Мария және Пьер Кюри полоний мен радий деп өздерi атаған жаңа элементтердiң тауып ашқандығын айтады.

1902 ж. қыркүйек айында Кюрилер бiрнеше тонн уран қоспаларынан оннан бiр грамм мольшерiнде радий хлоридын бөлiп алғандығы жайлы хабарлайды. Марияның «Радиоактивтi заттардың зерттеулерi» тақырыбына жазылған докторлық диссертациясы Сорбоннада 1903 ж. маусымында ұсынылды. 1903 ж. желтоқсанында Швед Корольдiк ғылым академиясы физика саласы бойынша Беккерель мен Кюри жұбайларына Нобель сыйлығын бередi.

Кюри жұбайлары, радий iсiк ауруларын емдеу мақсатында қолданылуы мүмкiндiгiн айтып кеткен. 1910 ж. ол радий химиялық элемент екендiгiн дәлелдеп бередi.

Бiрнеше айдан кейiн Швед Корольдiгiнiң ғылым академиясы химия саласы бойына Мрия Кюриге Нобель сыйлығын бередi. Сөйтiп Мария Кюри алғаш Нобель сыйлығын екi рет иеленген ең бiрiншi лауреаты болып танылды. Жиналған тәжирибейелерiн ол 1920 ж. «Радиология және соғыс» атты монографиясында жалпылайды.

Радиоактивті ыдырау дегеніміз не?

Радиоактивті ыдырау- ядролардың өз бетімен түрленіп, және басқа да бөлшектер мен сәулерді шығаруы

Ағылшын химигі Фредерик Содди Истборнда дүниеге келді.Ол Содди және Хан Соддидің Бенджаминнің лондондық көпесінің жетінші ұлы болды.Содди анасынан екі жасында аиырылды.Соддидің химияға деген қызығушылығы жастайынан көрінді

Содди ережелерін еске түсірейік.



Ағылшын физигі Эрнест Резерфорд Кембридж университетінің профессоры және Кембридж зертханасының директоры болған. Өзінің эксперименттік жаңалықтарымен, қазіргі атом құрылысы мен радиоактивтік ілімнің негізін салды: Тұңғыш рет радиоактивті заттардың сәулелерінің құрамын анықтады.

Атом ядросының бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді.Атом ядроларының жасанды түрленуіні жүзеге асырды. Атомның планетарлық моделін ұсынды.

Атом құрылысы қандай?



4.Резерфорд 1919 жылы жасаған радиоактивті элементтің алынуы туралы не айта аласыңдар?

А=14+4=18Массалық санның сақталу заңы

A=17+1=18

Z=7+2=9 Зарядтардың сақталу заңы Z=8+1=9

Ядролық реакцияға дейін және кейін массалық сан мен зарядтың сақталу заңы орындалады.

5.Ендеше еске түсірген білімімізді пайдаланып , «Кім жылдам? » жарысын өткізейік.

Мына ядролық реакциядағы белгісіз бөлшекті анықтаңдар.

6.Ядролық реакцияны жазып көрейік.

1. алюминийді -бөлшектерімен атқылағанда протонды ыршытып шығарумен қатар жүретін ядролық реакцияны жазыңдар.

__________________________________________________________

2. борды -бөлшектермен атқылағанда нейтронды ыршытып шығарумен қатар жүретін ядролық реакцияны жазыңдар.

__________________________________________________________


Төмендегі элементтердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Протон саны бірдей, массалық саны әртүрлі. Мұндай элементтерді изотоптар деп атайды.


ІІ «Проблеманы шешу» кезеңі

Жаңа білімді өздігінен игеру.

Ұшқыр ойдан ұтымды жауап

    1. . Оқулықпен жұмыс

Радиоактивті ыдырау мен ядролық реакцияның ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Вен диаграммасын толтырып көрейік.



Іздеген жетер мұратқа

1.2. Жұмыс дәптерімен жұмыс


1. Жартылай ыдырау периоды.

Изотоптың аты

Жартылайыдырыу периоды

Висмут-209


2*10 жыл

Висмут-210

5 тәулік

Көміртегі-14

5700 жыл

Криптон-85

10,6 жыл

Лонтан-140

40,2 сағат

Барий-140

12,8 тәулік


2. Радиоактивті ыдырау заңы дегеніміз не? Тірек сызба

. Радиоактивті ыдырау заңы

Әртүрлi ядролық реакциялардың iшiнде кейбiр ауыр ядролардың бөлiну реакциясының маңызы ерекше. Ауыр ядролар ондағы нейтронның ара салмағы үлкен болғандықтан орнықсыз болып келедi. Бұл ауыр ядролардың меншiктi байланыс энергиясының орташа ядролармен салыстырғанда аз болатынан көрiнiп түр. Сондықтан мұндай ядроларға тағы бiр нейтрон келiп қосылса ол бөлшектенiп кетедi. Осының бiр мысалы, уран ядросының нейтрондармен атқылаған кезде бөлiну реакциясы алғаш рет 1939 жылы ашылған болатын. Бастапқы ядрода нейтрондар артық болғандықтан реакция кезiнде бөлшектенген ядролармен қатар бiрнеше нейтрон да ұшып шығады. Мысалы уран бөлшектенген кезде бiр бөлшектену актiсiнде 2-3 нейтрон бөлiнедi. Егер дұрыс жағдай болса бұл нейтрондар уранның басқа ядроларына барып түсiп, оларды бөлшектейдi. Сөйтiп бұл үрдiс тасқынды түрде күрт өседi. Бұлай жалғасқан реакцияны тiзбектi реакция деп атайды.

Тiзбектi реакцияны нақтылы жүзеге асыру оңай шаруа емес. Уранның бөлшектенуi кезiнде бөлiнетiн нейтрондар тек уранның 235 изотопын ғана бөлшектей алады. Оның энергиясы 238 изотопты бөлшектеуге жеткiлiксiз. Ал табиғи уранда 238 уранның үлесi 99,3% те 235 уранның үлесi бар болғаны 0,7%. Сондықтан бiрiншiден тiзбектi реакцияны жүзеге асыру үшiн 235 уранды таза түрде бөлiп алу қажет. Екiншiден оның мөлшерi жеткiлiктi болуы тиiс, себебi оның мөлшерi аз болса реакция кезiнде туындылайтын нейтрондар уран ядроларына жолықпай тысқары шығып кетедi. Тiзбектi реакция басталатын ең аз массасын критикалық масса деп атайды. Мысалы 235 уран үшiн оның мәнi бiрнеше ондаған килограмм. Тiзбектi реакция кезiнде орасан көп энергия бөлiнедi.

3. Тізбекті бөліну реакциясы дегеніміз не? Электонды оқулық

1.3. Сөйлемді толықтыр

(Алғашқы уран бөлінуінің тізбекті реакциясы АҚШ-та 1942 жылы желтоқсан айында Энрико Ферми бастаған ғалымдар жүзеге асырды)

ІІІ Проблема шешімін қолдану кезеңі (15 мин)

  1. Бекіту тапсырмаларын орындау.

Белгісіз бөлшекті тап.

2.3.Египетте табылған Сезострис патшасының табытынан ашылған тақтайды зерттегенде, оның бойындағы радиоактивті көміртегінің изотобы 1,58 есе кемігені анықталған. Осы деректерді пайдалана отырып табыттың жерлерген мерзімін табу керек.

Берілгені: Шешуі:

T=5700жыл

,58 N= немесе

1,58= 0,199=0,301

Табу керек t.


жыл

Жауабы: 2750 жыл

Сонда 2750 жыл бұрын табыт жерленген. Сол сияқты Есік қорғанынан табылған Алтын Адамның да жерленген уақыты анықталған. Ол шамамен 1500 жылға тең.

ІV. Білімді бағалау (5 мин)

Физикалық диктант

  1. Ядролардың ыдырауы дегеніміз не?

  2. Ядролық физика нені зерттейді?

  3. Радиоактивті ыдырау заңын кім ашқан?

  4. U изотопының ядросының құрамы қандай?

  5. Көміртегінің С изотобын альфа бөлшекпен атқылағанда оттегі және тағы қандай бөлшек пайда болады?

  6. Радиоактивті ыдырау заңының формуласы қандай?

  7. Тізбекті бөліну реакциясы дегеніміз не?

8.Радиоактивті элементтің активтілігі 8 тәулікте 4 есе кеміген. Тәулікпен алынған жартылай ыдырау периоды:

VІ. Үйге тапсырма: & 59, 60. 47-жаттығу


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!