СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Разработка урока по самопознанию "Іздегенде табылатын қасыңнан" 6-класс

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға шыншылдық арқылы ақитурқат құндылығына жету жолдары туралы түсінік беру.Шындық туралы түсініктерін кеңейту.

Просмотр содержимого документа
«Разработка урока по самопознанию "Іздегенде табылатын қасыңнан" 6-класс»


Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Мектеп: № 49 ЖОББМ Мерзім: 09.03.2018

Мұғалім: Садыбекова С.Ж.

Сынып: 5 Оқушылар саны: 21 Тақырып: «Адалдық пен әділдік»

Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: шыншылдық, адалдық


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға шыншылдық арқылы ақиқат құндылығына жету жолдары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік:-шыншылдық,адалдық адами қарым-қатынастағы ақиқат құндылығымен байланыстыра отырып түсініктерін кеңейту

Дамытушылық:-Оқушылардың өтірік пен шыңдықты дұрыс ажырата білу біліктіліктерін дамыту;

Тәрбиелік:-Оқушыларды шыншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар,

оқулық, мәлiметтер)

видеоролик, түрлі түсті қағаздар

1.Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңi.

Сынып оқушыларын түгендеу.Топқа бөлу.(түстерді таңдайды,сол арқылы топқа бөлініп отырады,топтардың аты адалдық,әділдік)

«Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталап (тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық).Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныс алуға шоғырлану (Баяу әуен ойналады) Мұғалім сөзі.


-Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін,терең дем алыңыздар.Көздеріңізді жұмыңыздар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін...Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай. Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі. Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.

Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.

2.Үй тапсырмасын тексеру–«Адал бала» корей ертегісін оқып келу тапсырылған.

Сұрақтар:

1.Баланың алтын және күміс балтадан бас тартуының себебі неде деп ойлайсыңдар?

2. Баланың іс-әрекетін қалай бағалайсыңдар?

3. Баланың ісін адал деп айтуға бола ма? Неліктен?

4. Ақсақалдың қабылдаған шешімін қалай бағалар едіңдер?

























3. Дәйексөз:

«Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» Ш.Уәлиханов

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

-Әділдік деген не?

-Адалдық деген не?


4.Оқиғаларды әңгімелеу

Мұғалім сыйы

«Өтірік өрмекшінің торына ұқсайды, ал шындық ше?»

Ол кезде 5 сынып оқитын едім.22-наурыз мейрамы болатын сол күні. Мамам маған 10000 теңге берді, қыдырып қайт қыздарыңмен деп.Негізі 5 000 т бермекші болған, бірақ ұсақ ақшасы болмай ,10 000 бере салды, жартысын қайтып әкеліп бер деп. Түсіріп алдым ба, ұрлатып алдым ба сол ақшаны жоғалтып алдым әйтеуір.Үйге келіп мамама-құрбым ақша сұрады , соған бердім деп өтірік айттым. Бірақ сұмдық қызарып кеттім, сол күннен бастап ішкенім ірің, жегенім желім болды.Арада бір апта өте мамам,-әлгі құрбыңнан ақшаңды алып келсеңші деп жіберді мені. Мен үйден шығып кеттім де, сәлден соң құрбым үйінде жоқ екен деп келдім. - Сен өтірік айтып жүрсің қызым,мұның не деді. Сол жерде жылап жібердім.Мамам басынан ақша жоғалтып үйге келгенімді білгенін,құрбыма да қарыз бермегенімді білетінін айтып берді.«Өтірік -өрмекшінің торына ұқсайды»деді апам. Бір өтірікті жабу үшін екіншісін айтасың, сөйтіп өріп кете бересің де өзің адасып қаласың ішінде.Сол оқиға еш есімнен кетпейді, өтірік шынымен де өрмекшінің торы сияқты. Шындықты сол сәтте айтпағаным үшін іштей өкіндім.

Сұрақ:

  1. Әжесінің айтқан сөзінен нені ұғуға болады?

  2. Оқушы шындыққа жетер жолды неге таба алмады?

  3. Ол өзінің қателігін түсінді ме?

4. Шындықты дер кезінде айту қажет пе?

5. Өздерің шындықты жасырған кездерің болды ма?



5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс:

Бейнефильм (бейнефильм бойынша сұрақтар қойылады.)

Жағдаяттарды шешу.(екі топқа тақырып бойынша жағдаяттар беріледі, оқушылар жағдаяттарды топпен талдап,көрініс арқылы сахналап, екі топ жағдаятын шешімін айтады.)

1 – жағдаят (жағдаятты көрініс арқылы сахналау)

«Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп: - Менің қалтамда апам “Самса алып жерсің” деп берген ақша бар. Кеттік, кино көрейік, - деді.

Алмагүл:

- Үйден сұранып шыққан жоқпыз, іздеп қалады ғой - деп, іркіліп қалды.

- Ештеңе етпес, “мектепте болдық”деп айта саламыз».

2-жағдаят (жағдаятты көрініс арқылы сахналау)

«Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнделікті кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: “Менің анам сенімен бірге жүргенімді білсе қарсы болмайды”, - дейді. Досыма үйінде ата - анасы ұрыспауы үшін мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым. Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым. Мен досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек».


6. Топпен ән айту.

-Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін барлығымызға жақсылық, көтеріңкі көңіл тілей отырып

«Жан досым» әнін барлығымыз қосылып орындайық.

Іздегенде табылатын қасымнан.

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған

Көріспесек сағыныштан жүдейтін

Кім бар жақын бала күнгі досымнан?

Қайырмасы:

Жан досым,үстем болсын мерейің.

Әрқашан жемісіңмен көрейін

Сырымсыз да бітпесін ,жырымыз да

бітпесін,жырымыз да бітпесін

Қос бұтағы секілденіп ағаштың

Қатар тұрып бірге өсіп жайқалдық

Адассақ та ,бірге жүріп адастық

Жол тапсақ та ,бірге жүріп жол таптық

  • Міне көңіліміз бір серпіліп қалды.

Осы «Жан досым» әнін айтқан, естіген кезде қандай сезімде болдыңыздар?

Адал дос дегенді қалай түсініесіңдер?

Әділ болға ұмтылуға адамға не үшін қажет?

Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?Неліктен?

Әділ болу оңай ма?

Адал болудың адам өміріндегі маңыздылығын мысал арқылы түсіндіріңдер.

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)


7.Үй тапсырмасы

«Менің түсінігімдегі - ақиқат» тақырыбында өз бастарынан өткен оқиғаға шығарма жазу.


8.Соңғы тыныштық сәті. 

Баяу музыка қосылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік.Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік.Өз жүрегімізбен ақиқатты сезініп, адамдарға әрдайым әділ,адал болайық, айналамыздағыларға іштей жақсы тілектер тілейік.Әр уақытта шындықты айтып, ақиқатқа көз жеткізейік.Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!