СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу (мойынорағыш, үшкіл орамал, тіреуіш, ұялы телефондардың қабы)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Краткосрочный план урока для 6 класса для общеобразовательных школ по предмету "Художественный труд" на казахском языке

Просмотр содержимого документа
«Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу (мойынорағыш, үшкіл орамал, тіреуіш, ұялы телефондардың қабы)»

Қысқа мерзімді жоспар


Тексерілді:

ӘБ жетекшісі: ____________



Пән: Көркем еңбек

2-бөлім : Сәндік-қолданбалы өнер

Мектеп:



Күні: .

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Уақыты:

45 минут

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу (мойынорағыш, үшкіл орамал, тіреуіш, ұялы телефондардың қабы)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.6.4 -Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау

6.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

6.2.6.1-Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- шалма бізбен тоқу техникасын меңгереді;

- бұйымға шалма бізбен тоқуда түрлі өрнектер түсіре біледі;

- бұйымның формасын анықтайды;

- бұйымның түстік, реңктік қасиеттерін анықтап, талдау жасауға дағдыланады;

Бағалау критерийлері

  • Шалу арақашықтығының біркелкілігін сақтайды;

  • Тоқылатын жіптердің түстік шешімін анықтайды;

  • Өрнектерді сәтті орналастырады;

Тілдік мақсаттар


Оқушылар бірірінің жұмыстарын жақын қашықтықта бақылау дағдылары, түстерді араластыру және тиісті түстерді іріктеу дағдыларын талқыға сала алады.

Сыныптастарымен бірге ескерту жасап және бүкіл сынып алдында пікірін білдіріп (сөйлеу, аудирлеу және жазу), өзінің жұмысы және құрдастары жұмыстарының «күшті жақтары» мен «әрекеттің мүмкін нұсқаларын» талқылай алады

Пәндік лексика және терминология:

Шалма біз, иірімжіп, шалу, өрнектер

Құндылықтар

Ашықтық: Оқушы жұмыс орындау барысында бір-бірімен ынтымақтастықпен ашық пікір бөлісіп, шығармашылық көзқараспен еңбектенеді. Өз жұмысына асқан жауапкершілікпен, белсенділікпен қатынасады.

Адалдық: Оқушылар мен ұстаздарға деген құрмет пен мадақтау шынайылық пен айқындылықтың ұстанымына негізделген.

Мектептің дамуы педагогтік үдерістің барлық қатысушыларының жүйелі және айқын кері байланысына негізделген.

Құрмет: Сыныптастардың қабылдаған шешіміне, өзге адамдарға, мәдениетке, пікірге, құндылықтарға деген құрметпен қарауға үйренеді

Жаһандық азаматтық

Тоқыма өнерінің шығу тарихы мен дамуы туралы білім беруде түрлі мәліметтер келтіріледі. Мысалы Египетте бір табыттың ішінен кішкентай баланың тоқыма аяқ киімі шыққан. Археологтар бұл бұйымға шамамен 4000 жыл болған деп отыр.Ал біздің эрамыздың басында тоқыма өнері өте жоғары деңгейде дамыған.

Пәнаралық байланыстар

Математика: Тоқу барысында шалулар саны есептеу, азайту және ұлғайту, бұйымның мөлшерін анықтау математикамен байланыстыра отырып, жүзеге асырылады.

АКТ қолдану дағдылары

«Шалма бізбен тоқу өнері» презентациясын көрсету, бейнеролик көрсету кезінде сындарлы ізденіс кезінде АКТ қолданылады.

Бастапқы білім


Бөлім білу және түсіну дағдысына негізделгендіктен, табиғаттағы нысандарды өз жобаларында пайдалану, микроскопты қолданып, ғылыммен тығыз байланыстылығын түсінеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Сабақ мектеп құндылығы бойынша сыпайы сәлемдесумен басталып, өткен сабақтарға шолу жасалады.




«Джигсо» әдісі Топқа біріктіру 2 минут








Сабақ тақырыбын анықтау

1 минут





Сабақтың тақырыбын анықтау үшін шалма біз, тоқыма орамал, жіп орамасы, өрнектің суреттері басылған карточкалар таңдау арқылы сынып үш топқа біріктіріледі. Әр топ өз таңдаған тақырыптарына шолу жасап, талқылайды.

Талқылау критериі:

  1. Түрлері

  2. Қолданылу аясы

Әр топтан бір-бір спикер тағайындалып, үшеуі де бірден ортаға шақырылады және өз бұйымы жөнінде сынып алдында баяндайды.

Баяндап болған соң төртеуіне ортақ жоғары деңгейлі сұрақ беріледі:

Сіздер баяндағ ан заттарды біріктіретін Осы сіздер біріктіре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаңыздар.

Спикерлер түрлі нұсқалар айта келе ортақ шешімдерін шығарады. Немесе сыныптың көмегіне жүгіне отырып, сабақ тақырыбы анықталады.





Презентация

3 минут

Интербелсенді тақтадан «Шалмабізбен тоқу өнері» атты презентация көрсетіледі.


Презентация «Шалма бізбен тоқу өнері»

Сабақтың ортасы Сындарлы зерттеулер

5 минут

Әр топқа түрлі ілмек түрлері беріледі.
  1. Беттік шалу

  2. Теріс шалу

  3. Бұрама шалу

  4. Шырмаулы шалу

Және шартты белгілер бойынша суретке қарап шалулардың түрлерін ажыратуға машықтанады.

Зерттеу үшін ресурстар:

Үлестірме материалдар




Бейнеролик көрсету 7 минут Шалмабізбен тоқудан интербелсенді тақтадан мастер-класс бейнеролигі көрсетіледі.

www.youtube.com/watch?v=awp0Y95D17g

Практикалық кезең

20 минут

Тапсырма: Шалмабізбен қуыршаққа арналған қалпақ тоқыңыз. Гүл, түйме т.б. заттармен әсемдеңіз.


Практикалық жұмысты оқушылар бейнероликтен алынған мәліметтер бойынша жаттыққан шалу түрлерін қолдана отырып жеке-жеке орындайды.

Критерий:

  • Шалу арақашықтығының біркелкілігін сақтайды;

  • Тоқылатын жіптердің түстік шешімін анықтайды;

  • Өрнектерді сәтті орналастырады;

Сабақтың соңы

Кері байланыс

5 минут

Оқушыларды топтарға біріктірер кезде таратылған қағаз тілігі сабаққа кері байланыс кезінде қызмет етеді. Оқушылар қағаз тілігінің екі бетін толтырады.


Практикалық ресурстар:

Түрлі-түсті жіптер, қайшы, шалма біз

«Идеялар дәлізі»

2 минут

«Идеялар дәлізі» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне қарап екі қатарға орналасады. «Сіздердің достарыңыз Халықаралық конференцияға жүргелі тұр. Конференцияда бүгінгі өткен тақырып бойынша баяндама жасамақшы, соған әрқайсымыз бір-бір идея тастап, досымыздың қоржынын толтырып жіберейік» деген сауал тасталады

Оқушы ортамен жүріп отырып, әр оқушының идеяларын тыңдап соңына дейін жүріп өтеді.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.

2. Орындық арқасы сүйеніп, тік отыру қажет.

3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.

4. Шалмабіздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек.

5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек.

6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтар жәшікке жинап салу керек.

7. Шалмабізді қорабымен алып жүру қажет.


Сабақты бекіту

3 минут

1.Иірімжіптің қандай түрлерін білесіңдер?

2.Салыстырмалы түрде ең берік иірімжіпті атаңдар.

3.Сапасы және түсі әр түрлі талшықтарды араластыру жолымен алынатын қандай иірімжіпті білесіңдер?

4.Иірімжіп зат белгісіне қарап ұсынылған ілмебіздің номерін қалай білуге болады?

5. Шалудың қандай түрлері бар?

6. Классикалық тоқу түрі дегеніміз не?



Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қандай сабақтың мақсаттары / оқыту мақсаттары шынайы?


ОМ барлық оқушылар қол жеткізді ме?


Егер жоқ болса, неге?


Саралау сабақта дұрыс жүргізілді ме?


Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?











Сабақтың ұтымды шыққан тұстары:

1

2

Өзгертуге тиісті дүниелер:

1

2

Сабақтың сәтсіз шыққан тұстары:

1

2



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!