СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Рысжан Ілиясова - мұражай тарихында терең із қалдырған тұлға» . Ғылыми жұмыс

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
««Рысжан Ілиясова - мұражай тарихында терең із қалдырған тұлға» . Ғылыми жұмыс»

«78 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІ


Тақырыбы: «Рысжан Ілиясова - мұражай тарихында терең із қалдырған тұлға»

Секция: Қазақстан тарихы

Бағыты: Тарихи тұлғалар



Орындаған: Жардемғалиева Жансая,

9 класс оқушысы, №78 ЖОББМГ

Жетекшісі: Наурызова Гулзира,

Тарих пәнінің мұғалімі, №78 ЖОББМГ

Ғылыми жетекші: Н.С.Аликулова,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе

өңірлік университетінің тарих және

дінтану кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к.




Ақтөбе қаласы, 2022 жыл


Мазмұны

Эссе 3

Түйін 4

Кіріспе 6

1-тарау. Мұражай тарихында терең із қалдырған тұлға 7-9

1.Өлкетану ордасындағы жылдары

2-тарау.Тарихқа жол бастаушы тұлға. 10-15

2.«Атамұра» бағдарламасын ұйымдастырған тұлға

Қорытынды 16

Пайдаланылған әдебиеттер 17



























ТАРИХҚА ЖОЛ БАСТАУШЫ

Тарих-адамзат қауымының, халықтар мен мемлекеттердің өткен өмірін, бүгінгі және өткенді зерттейтін ғылым. Тарих болып жатқан оқиғаларды теренінең көре білу қасиеттерін дамытады және болашаққа нық қадам жасауға жәрдемдеседі. Еліміздің тарихын зерттеп, еліміздің дамуына ат салысқан тарихшылар көп.

Менің зерттеу нысанам - Қазақстанның еңбек сіңірген тарихшы- өлкетанушы мәдениет саласында жұмыс жасаған Рысжан Ілиясова. Ақтөбе өңіріне тарихына байланысты көптеген материалдар жинап, біздің тарихымызды зерттеп, еліміздің дамуына зор үлесін қосқан тарихшы. Өлкетанушының еңбегін зерттеу мақсатында оның өзі жазған еңбектерімен таныстым, Интернет ресурстардағы ақпараттарды зерделедім.

Рысжан Ілиясова аудандық мәдениет мекемелерінде жұмыс жасады, халық мұрасын жинап, еліміздің егемендікті алуына байланысты ұлттық мұраларды және тарихи экспонаттарды жинады, ол үшін еліміздін тарихын ашып көрсету мақсат болды. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері" атағымен, Ақтөбе облысының әкімі және "Құрмет"орденімен марапатталды.

Рысжан Ілиясқызы өлке тарихын зерттеу бойынша хабар ұйымдастырды, сонымен бірге «Қазына», «Арулар-аналар, даналар», «Далам тұнған шежіре» атты кітаптарын жарыққа шығарды. Ол кітаптар музей қызметкерлері, өлкетанушылар, жоғары оқу студенттері т.б. үшін таптырмас кітапқа айналды.

Рысжан Ілиясқызы Ілиясова - Ақтөбе облысы мен қаласының қоғамдық өмірінде белгілі орны, көрнекті абыройы бар зиялы қауым өкілі. Белсенді азаматтық ұстанымының, көп жылдық патриоттық еңбегінің арқасында мәдениет қайраткерлері арасында үлкен беделге ие болды. Артынан болашақты бастайтын жастар үшін де сарқылмас қазына қалдырды. Зерттеу жұмысым арқылы өлкетанушының ұлт үшін жасаған еңбегін зерделей алдым, ұрпаққа үлгі ете алатындай жас ұрпаққа қажетті ақпараттарды жинақтай алдым деп есептеймін.







ТҮЙІН

Бұл ғылыми жобада Ақтөбе өңіріндегі мұражай тарихында терең із қалдырған тұлға – Рысжан Ілиясованың ел тарихына қосқан үлесі, болашаққа қалдырған мол мұрасы зерттелген.

Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде нақты жұмыстың қысқаша мазмұны нақты көрсетілген. Негізгі бөлім екі тараудан тұрады.

Жұмыстың мақсаты - Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, Ырғыз ауданы мен Ақтөбе қаласының құрметті азаматы Рысжан Ілиясованың өмір бойы ел үшін, ұлт үшін аянбай тер төгіп қызмет еткен зерделеу, жас ұрпаққа үлгі өнеге ету.


АННОТАЦИЯ

В данном научном проекте исследуется вклад Рысжана Ильясовой – человека, оставившего глубокий след в истории музея Актюбинского региона-в историю страны, большое наследие, оставленное в будущем. Работа состоит из введения, основной части, заключения и списка использованной литературы. Во введении четко изложено краткое изложение конкретной работы. Основная часть состоит из двух глав. Цель работы-изучение, пример для подрастающего поколения, где Заслуженный работник культуры Казахстана, обладатель ордена «Құрмет», Почетный гражданин Иргизского района и г. Актобе Рысжан Ильясова на протяжении всей своей жизни самоотверженно служила стране, нации.


ABSTRACT

This scientific project explores the contribution of Ryszhan Ilyasova – a man who left a deep mark in the history of the museum of the Aktobe region -to the history of the country, a great legacy left in the future. The work consists of an introduction, the main part, a conclusion and a list of references. The introduction clearly sets out a summary of the specific work. The main part consists of two chapters. The purpose of the work is to study, an example for the younger generation, where Honored Worker of Culture of Kazakhstan, holder of the Order of "Kurmet", Honorary Citizen of Irgiz district and Aktobe city Ryszhan Ilyasova selflessly served the country, the nation throughout her life.



Кіріспе

Қоғамның өткен өмірін зерделеуде, оның бүгіні мен болашағы айқындауда мұражай қызметінің атқаратын рөлі орасан зор. Мұражайдағы әрбір зат, әрбір мүлік өз заманының тыныс тіршілігін білдіреді.

Кешегі күнге дейін «қазақтың мәдениеті артта қалған, тек орыстардың арқасында ғана бүгінгі халге жеткен» деген саясатқа сеніп келдік. Мыңдаған жылдар ағымында ғұмыр кешкен ата баба дәстүрін жат деп қарап, рухани тапшылыққа ұшырадық. Бүгінде тәуелсіздікке қол жеткізген тұста, төл тарихымызға шынайы көзқараспен қарауға мүмкіндік туды. Бұл жерде жергілікті өлкетану мұражайларының көтеретін жүгі жеңіл емес, әрине. Сондықтан да мұражай жұмысының жеткілікті деңгейде сауатты ұйымдастырылуы өте қажет іс.

Ағылшындар: «Қандай істің де табысты болуы - керекті жеріне керекті адамның келуінен», - деп айтады екен. Ақтөбе өңіріне тарихына байланысты көптеген материалдар жинап, біздің тарихымызды зерттеп, еліміздің дамуына зор үлесін қосқан Қазақстанның еңбек сіңірген тарихшы- өлкетанушы мәдениет саласында жұмыс жасаған Рысжан Ілиясова да осы сөздерге лайықты тұлға. Осы орайда мен ғылыми жұмысыма ««Рысжан Ілиясова - мұражай тарихында терең із қалдырған тұлға»» атты тақырыпты алдым.

Ғылыми жұмысымның мақсаты –Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінінің иегері, Ырғыз ауданы мен Ақтөбе қаласының құрметті азаматы Рысжан Ілиясованың өнегелі өмір жолы мен қызметін, Ақтөбе өңірінің мұражайларын дамытуға қосқан зор үлесін, өмір бойы ел үшін, ұлт үшін аянбай тер төгіп қызмет еткен еңбегін зерделеу, жас ұрпаққа үлгі өнеге ету.

Міндеттері:

  • Жас ұрпаққа шежірелі өлкеміздің тұлғаларын таныту;

  • Р.Ілиясованың мұражай тарихындағы ерен еңбегін жастарға жеткізу.

  • Жас ұрпақтың өз тарихи тұлғаларымызға деген құрметін ояту, отаншылдық қасиетін тәрбиелеу;

Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігі: Тарихи мұраларды зерттеу бағдарламасын іске асыра отырып ел тарихын әйгiлi тұлғалар арқылы зерделеу . Қазақтың саналық зердесiнде адам-тарихтың негiзгi тұлғасы, ал адам өз тарихын біліп, тарихи тұлғалардан үлгі ала отырып, олардың өмірін зерттейді. Р.Ілиясова кім, қандай адам, тарихқа қосқа үлесі қандай? Рысжан Ілиясованы зерттеу жұмысының негізгі өзегі қылып алып, осы сауалдарға жауап беруге талпындым.

Ғылыми жұмысымның жаңалығы - Рысжан Ілиясованың өмір жолын, еңбектерін зерттеп, мектеп кітапханасына QR тақтасын орнату.

1-тарау. Мұражай тарихында терең із қалдырған тұлға


Өлкетану ордасындағы жылдары


Р.Ілиясова мұражайдың не екенін білмей ауылда өскен адам. Алғашқы кезде уақытша амалдай тұру үшін мұражайға жұмысқа орналасқан Рысжан Ілиясқызы бар ғұмырын осы салаға арнап, артынан мол мұра қалдырды.

«Музей жұмысы өзге көрінбейтін, қиыны да, қызығы да мол ғажап әлем. Алған жалақысына, сегіз сағат жұмыс уақытына, не көрген құрметіне ғана лайықтап осы да жарар деп еңбек еткен адам музей жұмысын жандандыра алмайды» деп өз еңбегінде атап өтеді Рысжан Ілиясқызы.

«1965 жылы Ақтөбеде жаңа қонақ үйі бітіп, босаған екі қабатты үйді музейге берді. Біз осында орналаса бастадық, жаңа үйге жаңа директор болып облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары Сәрсенова Рахиля апай зейнеткерлік демалысына шығуына байланысты бізге келді... Көптен күткен экспонаттарымызды әкелудің сәті түсті. Сақталған жері гараж, мәдениет үйінің төменгі қабаты. Екі үш жәшік, төрт бес аузы байланған дорбалар бар байлық осы ақ екен. Құрылғанына отыз алты жыл дегенде музейдің бар қорының күйі осы еді. Бұл заттарды түгендеп алу мүмкін емес, ешқандай дерек жоқ, істелген, не тапсырылған деген сауалды қою ешкімнің ойына келмеген. Музейдің өз кітап қоры құнды деп айтарлықтай еді, бірақ сақтайтын орны болмай облыстық кітапхананың жер асты бөлмесінде талай рет суға батыпты. Ең соңғы рет көктемде жер астының суы бірінші қабатқа көтерілгенде небір қалың кітаптар су түбінде көтеруге келмей шіріп кетті. Нәтижесінде кітапхананың жұрнағы қалды. Есептің жоқтығынан олардың бар жоғын түгендеудің ешкімге керегі болмады. Бар дүниенің бас аяғын жинағанда бір бөлмеге ғана жинауға жетер затымыз бар болып шықты» деп еске алған Рысжан Ілиясқызы жөндеу жұмысы жүріп жатқан музейге күні бойы қалада үйлерге барып экспонат жинауға кірісті. Күндіз экспонат жинап, түнде соларды тіркеп, қағазға түсіріп, реттеп музей қорына тапсырады. Сол кездегі мұражай директоры Рахиля Сәрсенқызының бастамасымен Ақтөбе тарихын зерттеу жұмысы қолға алынды. Мұражайға экспонат жинаумен қатар Рысжан Ілиясқызы мұражай туралы білімі болмаса да, ізденіп отырып, эскпозиция жасау керек болады. Полтава, Харько облыстарындағы соғыстан кейін қайта түлеген үлкен музейлерден алған әсерімен Рысжан Ілиясқызы музейдің алғашқы жоспарын жасақтады, Орынбордың өлкетану музейінің қызметкерлерінің көмегімен табиғат бөлімінің экспозициясының жобасын жасады. Өзге музейлерді танып білу арқылы Рысжан Ілиясова қордағы экспонаттарға орын тауып, өз дәуірінің белгілі дерегіне айналады. Бірақ, ол оңай шаруа болмады. Ол үшін облыстық партия комитеті мен атқару комитетінің қаулысымен әрбір кәсіпорын, мекеме, ғылыми зерттеу институттарының басшыларына өздері басқарып отырған орнының тарихын жазып, шығарып жатқан өнімдері мен фотосуреттерін, құжаттарын жинап, жедел музейге тапсыру міндеттелді.

Осылайша біртіндеп мұражайға көзқарас та өзгеріп, музей кез келген адамның тарихпен танысатын орнына айналды. Өз еңбектерінде Рысжан Ілиясқызы өлкетану ордасындағы алғашқы жылдарын осылай суреттейді.

1980 жылы тамыз айында облыстық партия комитетінің жолдамасымен Рысжан Ілиясқызы Ақтөбе музейіне директор болып тағайындалады. Мұражайдағы қиын да қызығы мол қызметі қайта бастау алды. Тоз тозы шыққан мұражайға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, залдарды жабдықтау, экспозиция құру, экспонат жинау үшін іссапарларға шығу секілді тынымсыз тірлік басталды. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейн ұлтшылдықтың бір ұясы музейлерден таралады дегендей үсті үстіне комиссиялар мен идеологтардың келуі көбейді. «Үш жүздің картасы неге тұр?», «Қымбат киімдер мен жасаулы киіз үй неге керек?» деген сауалдар қазақ халқының қалыптасу тақырыбына арналған өлкеміздегі ру аттары мен олардың ұранын, белгілерін де киліккен де кездерді бастан кешіріп, оны да абыроймен өткізді.

Рысжан Ілиясқызының ұйытқысымен қазақтың ұлттық өнер туындылары жинала бастады. Музейдің алтын қорына айналып отырған жергілікті шеберлердің қолынан шыққан түкті кілем, тақыр кілем, терме алаша, қызыл басқұр, әсіресе қалауыш сырмақтардың түр түрі жинақталған.

Тіпті, Рысжан Ілиясованың ұйытқы болуымен жергілікті жерден табылған Демидовтардың құнды дүниелерінің Мәскеуге асып кету мүмкіндігі тоқтатылған. Өйткені жергілікті жердегі дүниелердің Мәскеуге жіберілуі міндет болған. Кезекті осындай жағдай орын алғанда Рысжан Ілиясқызы «Республика қаржы министрлігіне «мына заттың Москваға түк керегі жоқ, біз үшін осы жердің тарихына керек» деген хат жіберіп, бір жетіде жауап келіп, заттар қалдырылды. Осылайша жергілікті тарих үшін маңызды заттарымыз өз жерімізде қалды.

Уақыт бір орнында тұрмайды. Мұражай тарихында жаңа кезең басталды. Басты себеп ұлттық ой сананың дамуына жол ашқан еліміздің дербес мемлекет ретінде шаңырақ көтеруі болды. Баяғы қалтырауық музейлердің құны бірден жойылды. Тәуелсіздік жылдары келушілер саны күрт қысқарды. Тіл, діл, тарихи мәдени ескерткіштер, ел жер төл тарихына шөлдеген халық ата бабаларының басын қарайтып, әулие әмбилерге жаппай ас беріп, батырлары мен ел билеген билерін, шешендерін түгендей бастады. Бұрын кезегі келмей жатқан құнды мұрағаттардың жарыққа шығатын күні туды. Осы жылдары музей жұмысына түбегейлі өзгерістер енгізілді. Музей залдары ежелгі тас кезеңінен басталып, тәуелсіз Қазақстанның тарихына қатысты экспозициялармен толтықтырылып, жабдықталды.

Рысжан Ілиясова 1974-1976 жылдары Ақтөбе қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Осы жылдар ішінде Ақтөбе қалалық кеңесінің екі дүркін депутаты болып сайланды. 1957-1963 жылдары Ырғыз ауданының мәдениет мекемелерінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Рысжан Ілиясқызы 1980-2003 жылдары Ақтөбе облыстық мұражайының директоры болса да,халық мұрасын жинап, еліміздің егемендікті алуына байланысты ұлттық мұраларды, және тарихи экспонаттарды жинады.




















2-тарау.Тарихқа жол бастаушы тұлға.


2.«Атамұра» бағдарламасын ұйымдастырған тұлға


Музейді ұзақ жылдар бойы басқара отырып, халқымыздың тарихын тап басып танытатын құнды жәдігерлерді жинақтап, халыққа да насихаттай білді, табылған жәдігерлерді көрермендерге жеткізу үшін де  өз идеясымен игі жұмыстарды қолға алды.  «90 жылдардың басында қоғамдағы кереғар өзгерістер біздің санамызда да пайда болды деп айтуға болады. Өйткені біз коммунистік идеялогиямен қаруланып білім алып, тәрбиеленіп өскен адамдармыз. Өз ұлтымыздың мәдениетінен қашқақтап, көп құндылықтарымыз ұмыт болған, көп заттардың көзі жойылған. Шежірелерді, аңыздарды, әңгімелерді, өз жеріміздің тарихын көп оқымағандықтан, жалпы көрнекі мұрадан қол үзіп қалыппыз. Осы кезде біздің жаңару, сауығу, ойланудан «АТАМҰРАНЫҢ» туғаны рас. Біз өз жерімізде жатқан дүниелердің барлығын енді көріп, енді көзіміз ашылып жатқанда енді оны қалай біз халыққа жеткіземіз деген уақытта «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының «Атамұра» ақпараттық-танымдық хабары үлкен күш болды»,- дейді  «Атамұра» хабарының авторы Рысжан Ілиясқызы.

Рысжан Ілиясқызының тікелей бастамасымен осы телеарнаға сүйене отырып, табылған тарихи ескерткіштеріміз, жауһар жәдігерлеріміз көрермендерге жетті. Айтар болсақ, 1992 жылы Ырғыз ауданына мешіт ашылуына көптеген адамдар барған. Сол кезде Рысжан Ілиясқызы мен «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының түсірушілер режиссеры Бақыт Ешпаева бастаған тобы бірге барып жұмыс жасаған.

Ырғызға барған сапарда бірсыпыра ескерткіштерді түсіріп, халыққа көрсетті. Бұл ескерткіштер қатарында кезінде күрделі құрылыс болған Алмат тамы, ертеректе Москваның ғалымдары келіп зерттеген, бірнеше кітаптар шыққан «Бөкенбай шоқысын Ырғыз жеріндегі алып метиорит құлаған Жаманшын кратері, атақты Байғабыл, Тоқсанбайдың тамын, Ордан кейін Темірастай өңіріндегі ең алып құрылыс Жаныс бидің мавзолейлері түсірілді.

Бұдан кейін «Мәні әулие» қорымы түсірілді. Мәні әулие туралы аңыздар өте көп, әр ғасырда туған аңыздар жинақталды, жақын жердегі Бөкенбай батырдың қарауыл қараған бес обасы туралы, сосын аңыз бойынша Бөкенбай батырдың үңгірі туралы керемет-керемет әңгімелер жазылып алынды. Бұл дүниелердің барлығы экспедиция тобы біз үшін үлкен қазына болды.

«Атамұра» хабары телекөрерменнің сүйікті хабарына айналған кезде   Хромтау жеріндегі Ойсылқара әулие қорымы да телеарна тобымен бірлесе отырып түсірілді.  Рысжан Ілиясқызының айтуы бойынша керемет Ор өзенінің жиегінде екі төбенің басында, кейін ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар ортасынан бермен қарата тастан салынған, қайрақ тастармен қоршалған жағалбайлы руының қорымы болған екен. Өте ерте заманғы тарих болғандықтан көп деректер сақталмаған. Соған қарамастан   Рысжан Ілиясқызы телеарнадан  хабар жасауға, сол жерде ауыл қарттары Ойсылқара әулие туралы ата-бабадан қалған аңызға бергісіз әңгімелерді айтып берсе де,  құр аңызға сүйенбей тарихи маңызы зор хабар дайындау   үшін көп ізденді. Бірнеше ай бойы іздесе де архивтен материал табу мүмкін болмай, әдеби материалдардан Ойсылқара әулиенің ізін тауып, ақиқаты мол хабар дайындап көрсетуге көп күш салды. Сөйтіп Ойсылқара әулие туралы дайындалған хабар да көп көңілінен шығып жоғары бағасын алды.

 Жер – су мекен атаулары,  тарихи - мәдени ескерткіштердің тарихы зерттеліп, халық арасында насихатталуы бұдан әрі жалғасын тапты.

  80-ші жылдардан бері  көтеріп зерттеп жүрген үлкен бір жұмыс Абат-Байтақ болатын. Рысжан Ілиясқызының ізденімпаздығы, еңбекқорлығы арқасында Абат – Байтақ  туралы әуелі музейде жинақталған аңыз әңгімелер, жиһангерлердің көріп тарихқа қалдырып кеткен деректері бойынша Абат –Байтақ хабары дайындалып эфирге шықты.

«Қиыл қырғыны» деп тарихта аты қалған Исатай батыр туралы зерттеу жүргізді. Ол жерлерде керемет құлпытастар,   бейіттер бар. Батыр Исатай мен баласы Оспанға тұрғызылған Кеңес үкіметі кезінде басын қарайтқан ескерткіш белгі бар. Исатай батыр  туралы да хабар дайындады.

 Рысжан Ілиясова бастаған топ сәулет өнерін түсірумен қатар, музейлерде сақталған керемет жәдігерлердің, зергерлік бұйымдардың небір көздің жауын алатын заттардың, оларды жасаған шеберлердің, зергерлердің еңбегін көрсету мақсатында да көптеген істер тындырды. Атақты ағаш шебері Айдос Мұратов (1881-1970) туралы халықтың есінде сақталған деректерді жазып алып,   оның қолынан шыққан дүниялар Шалқар өңірінде ғана емес батыс өңірінде, Қостанай, Торғай жеріне дейін таралып кеткенін анықтады.  Сөйтіп Шалқардың өзінде артына көп мұра қалдырған Айдос Мұратов туралы  көп материалдар жинақтап хабар түсіріп, телекөрермендерге тарту етті.

Байғанин өңірінен атақты 40 колхоздың ұстасы, дүйім елге «Әке» атанған зергер Құрманәлі Наурызалин шебер туралы, ол кісінің қолынан шыққан сақина, білезіктер осы кезге дейін «қайнағаның жасағаны», «атамыздың жасаған білезік-сақиналары» деп көзіндей көріп сақтап жүрген кісілердің қолынан көріп, материалдар жинақтады.

Өзінің жүргізген жұмыстары туралы Рысжан Ілиясқызы: «Бұл бір жақсы дүния болды, өйткені біздің қолда бар дүнияларды музейге жинап, белгісіз шебердің дүниесі деп қоя салмай, осы топтамалар арқылы сол заттардың авторы табылып, кімнің зергер, кімнің ағаш шебері, кімнің ұста екенін жинап алдық. Осы кісілер туралы мәліметтерді жинап, таспаға түсіре жүріп, нақты, тың деректерге ие болдық. Былай қараған уақытта біз өзімізге –өзіміз жаңалық ашқандай болдық, өзімізге солай көрінді. Біздің жерімізде керемет атақты ұсталар көп болған. Жалпы өнер адамдары көп қасірет шеккен. Жалпы өнер адамдары көп қасірет шеккен. Ақыры тірі ұстаны көру арманға айналды. Сол тірі ұстаның соңғы буыны Әйтеке би ауданында Миялы деген жерінде жетпіске келген Ыбырайым деген ұстамен кездестік. Өзі бір сондай қарулы, мықты адам екен, әңгімесі де жақсы. Ол кісінің қолынан шыққан дүниялар: аттың жазғы және қысқы әбзелдері. Бірде-бір заты шашылып жатқан жоқ, тап-тұйнақтай. Бала кезімізде ұстаның дүкенінін көрдік қой, кейін олар талан-таражға түсті. Осы күнге жеткен тірі ұстаның дүкенін көргенде өз көзімізге өзіміз сенбедік. Үйінің айналасының бәрі көгал. Ауылды ұстап тұрған ақсақал. Монша салысқан, мектеп салысқан, бір үйдің шарбағы сынып жатса, барып шегелеп тастаған. Бір баланың шашы өсіп кетсе, баланы шақырып алып, шырағым, сен қазақтың баласысың мынадай болып жүргенің жарамайды деп, шашын алып беріп, бір ауылға ес болған Ыбырайым ұстаның жинаған дүниясы бір музейлік. Біз осы кісімен көзі тірісінде кездесіп, таспаға түсіріп, хабар дайындағанымызға қуандық. Біздің халқымыз ұсталық өнерді киелі санаған ғой. Ұстаның өзін киелі адам деп есептеген. Сондықтан да көпшілігінің үйлерінде сол ата-бабаларынан қалған төс, көрік т.б. сондай құралдарын ең бір қасиетті зат ретінде сақтап отырғанын көрдік. Осы киелі кәсіптің ең өкініштісі ұсталардың ұрпағының әрі қарай жалғастырып кете алмай отырғаны. Бұл бір. Екінші жағынан осы дүнияларды сақтап, бүгінгі күнге жеткізгеніне шүкірлік еттік. Осылардың бәрін зертей келгенде Байғанин, Ырғыз, Шалқар, Ойыл, Темір тіпті мына Қобдадан да бір ағаш шеберін кездейсоқ тауып алып,  сол кісінің қолынан шыққан затын қуалап жүріп, қолымызға шаққа түсірдік. Сөйтіп тек сәулет өнері ескерткіштерін ғана емес, сонымен қатар өнер адамдарының, оның ішінде ата кәсіп болып келген халықтың ардақтайтын, мақтанатын дүниясын жасаған, әрі бүтінші болған. Бір елді бір ұста ұстап тұрған.Ұсталы ел тозбайды деп айтқан ғой»,-деді.  Міне осындай киелі адамдар туралы хабарлар дайындалып, телеарна арқылы халыққа насихатталып отырды.

«Атамұра» түсіру тобының режиссері Бақыт Ешбаева: Шалқар ауданында болып,  таба алмай жүрген Балғасын мұнарасын көру арман болатын. Оның суретін Орынбор музейінен облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Рысжан Ілиясова болатын. Балғасын мұнарасын көрейік деп елдің азаматарын, мұғалімдерді, телевидениенің, музей қызметкерлерін ертіп бардық. Мұнараның тұтас бір кірпішін таба алмадық, құлап қалған, кезінде 20 метрге жуық бетін глазурмен жапқан дүния ғой, суретінде тұр. Мазардың бір тұтас кірпішін таба алмай үйіндісіне тап болдық. Ал енді Шалқардың азаматтары көп ізденіп, көп жазып, тарихын мұқият жинаған ғой. Сонан келе сол жерде тұрған Оңалбек атаның мавзолейін мынау ғой Балғасын деді. Рысжан апай бұл Балғасын мұнарасы емес бұл мынадай болады деп суретті көрсетіп еді, жоқ, мынадай мазар болған жоқ деді. Олай болса, мына үйінді Балғасын мұнарасы. Ал Оңалбек ата кім дегенде ешкім Оңалбек ата біздің бабамыз деп айта алған жоқ, - деді.

Рысжан апайдың әрбір әңгімесін тыңдаған сайын тыңдағың келе береді.    Музейде  іздестіру, зерттеу, жинақтау жұмыстарын  нақты жүргізу нәтижесінде хабар түсіріліп отыр, дайындалып отыр. Ол барлық тарихи оқиғалар мен аңыздардың сырына қанық.

Ақтастыдағы Бекқұл әулиенің 90-шы жылдары құлпытасының қақ айрылып жерде жатқанын көріп, сол құлпытасты біріктіріп таспаға түсірдік.

Екі қаланың ортасында тұрған Есет батыр кесенесі туралы «Тархан Есет және қорым» айдарымен бейнехабар дайындалды.


«Атамұра» хабары қанша уақыт телекөрермендермен бірге болды дегенімде  Рысжан Ілиясқызы: «Бір жылдары телевидение басшылары жиі алмасып, түсінбеушілік туды, мін тағып «АТАМҰРА» хабарын түртпектеп жабуға айналдырды. Өздері тікелей келіп мынауың дұрыс емес деген жоқ, газетке жазып, тыныстары тарыла бастады. Ақыры «АТАМҰРА»-ны жауып тынды. Біз 15 жыл бойы үкіметке, не басшыларымызға салмақ салмай жұмыс жасадық.  Осы жылдары түсірілген кейбір хабарларымыз телевидениенің техникасының сапасының оның ішінде камераларының сапасының нашарлығынан қайталап көрсетуге жарамай қалды. «АТАМҰРА» хабарының қорында 100-ге жуық бейнефильмдер  түсірген. Бүгінде «алтын қорға» айналып, көрсетіліп тұрады. Сараптап келгенде сәулет өнері, тарихи-мәдени ескерткіштер, ұсталар мен өнер адамдары, жеке тұлғалар, жер-су атаулары. Өлкемізде табиғаттың да ерекше бізге қалдырып кеткен дүнияларын да түсіруге құлшыныс жасадық.  Ақтөбеден 45 шақырым жерде үш миллион жыл бұрын планетарлық маңызы бар Айдарлыашаға экспедициямен шықтық. Құрамында геолог ғалымдар, музей қызиметкерлері және «АТАМҰРА»-ның түсіру тобы болды «Айдарлыаша құпиясы» деген бейне фильм дайындадық. Бұл Айдарлы аша туралы  Америка мен Қытайда үлкен симпозиумдарда  айтып жатыр, біздер енді еске түсіріп жатырмыз. Хромтау жеріндегі атақты Азбар тасты екі рет іздеп барып таба алмай, соңғысында жаяу-жалпы, таулы-тасты жер ғой кеш бата шаққа таптық. Ауыл ақсақалдарына бала кезіндегі көргендерін айтқыздық. Азбар тас деген не зат өзі деп жағалай энциклопедиялардан, сөздіктерден тұшырымды айтатын ештеме табай алмай қиналдық. Азбар тас деген керемет табиғат құбылыс,  әйтсе де, оның тамыры тереңде жатыр екен. Анау Заратуштраның өмір сүрген киелі жері Мұғалжар тауы екен. Ғалым Несібелі Құрманованың астана газеттерінің бірінде шыққан мақаласында, ол өзі біздің жақтың тумасы болса керек. Азбартас сөзі туралы  былай айтыпты «Авестада»: АЗ» деген  сөз киелі деген мағына береді, ал «Bаr»  деген қазақ тілінде «босаға», қасиеттілік дегенді білдірсе сонда Азбар киелі орын дегенді білдіреді екен,  мағынасы  қайда кетіп жатыр. Тұрған жерінің өзі керемет. Алдының бәры бір заманда теңіз болған. Теңіздің шөгіндісімен кішкентай Ақшатау пайда болған, ақ бор. Теңіз шайқала-шайқала ортасында үйіліп қалған. Ар жағында Жамантау, Бәйментау, Жылантау тұрған жерінің өзін көруге көз керек. Енді Азбар тастың құпиясын жете білеміз деп айта алмаймыз. Деседе хабар дайындап халыққа көрсеттік.  Дегенмен жете алмай кеткен жеріміз әлі көп.   Байғанин ауданындағы ескерткіштерді түсіру үшін ең кемі  он бес күн керек, күні-түні жүргеннің өзінде. Ойыл, Қарғалы, Темір аудандары жатыр. Мұғалжардың кен байлығы зерттелгенмен, оның этнографиясы, тарихы зерттелген жоқ. Олардың бәрін зерттеу келешектің ісі ғой. Өз жерінде жатқан әулиелерді, әмбиелерді, тарихи оқиғаларды білмей, бірдеңе білем деу  әурешілік екеніне көзіміз жетті. Біздің жұмысымыздың бәрі бірдей бірегей деп айта алмаймыз. Басында тәжірибеміз де аз, түсіруімізде де кемістіктер болды. Мәтінін дайындауда да ғалым емеспіз, сценарийді жазғанмен тап басып ғылыми түрде жаздық деу  мүмкін емес.    

Тағы бір үлкен жұмыс бар. Ізгілік пен имандылықтың жолында көп қызмет көрсеткен  ишандар, хазіреттер, діни оқымысты кісілер аса үлкен қуғынға ұшырап репрессияда  қырылған, жер ауған. Солардың салдыртқан және бала оқытатын  мешіттері; Бөрте, Елек, Қарғалы, Қобда, Ор өзендерінің бойындағы сақталып қалғанын тауып, мешіттерді жағалай түсіріп әрқайсысына жеке-жеке хабарлар дайындадық. Олар: Бекпан хазірет мешіті Қараталда, Шәкен ишан мешіті Сартоғайда, Хусейн хазірет мешіті Ақырабта, Үсен хазірет мешіті Бөртеде, Сапа хазірет мешіті Қарғалыда, Самұрат мешіті   Жабасақта, Құлтас мешіті, Белқопада,  Ойыл және Темірдегі мешіттерді халыққа қайта табыстырдық.

«АТАМҰРА» хабарында өнер иелерін де ерекше атап, жеке-жеке көрсеттік. Өнер иелері- күйшілер: Бақыт Басығараев, Момын Байғанин, Жайлау Асылханов, шежірешілер: Зиғали , Жолан, Марат, Қалық жырау, сыр сүлейлерін зерттеуші Алмас Алматов, Қайдас сыбызғышы тағы басқалары. Қолөнер шеберлері Қуандық, Күлипа Жұбаниязовтар,  «Үкілі домбыра» Республикалық байқауының жүлдегері Құтым Қасенов, ағаш шебері Марат Мамытов т.б.

Көптеген ескерткіштердің, кейбір дүниялардың тарихы тереңде жатыр. Тереңге сүңгу үшін қаншама уақыт керек. Дегенмен де біз өзіміз көрген бар дүниені көрсеттік. Қай жерде не жатыр деген мақсатымыз орындалды, халық оң бағасын берді. Бірақ билік жағынан, идиологияны басқарып отырғандар жағынан мынау не дұрыс, не бұрыс болған екен деген ешкім болған жоқ. Өздері көріп қай жерде не жатқанын біліп отырса да бір қамқорлық жасайық осыларға, барсын осы түсірсін, бүкіл облыстың барлық аспан асты ескерткіштерін қамтысыншы деген де ешкім болмады.

Рысжан Ілиясқызы: «Мыңдаған шақырым жер жүріп келсек те шаршадым демей, түсірген дүнияларымызды келген күні түнімен отырып екшеп, тездетіп эфирге шығарып халыққа таныстыруға асығатынбыз. Біздің топтың тарапынан игі іс болды» дейді.

Түсірілген бейнефильмдер Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде де сақтаулы.

«Атамұра» бағдарламасы 1992 жылдан басталып кетті.  Ол кезде музей де, телевидение де «Мәдени мұра» бағдарламасы болады деп ойламаған болар. Бұл игі іс. Алғашқы бастама Ақтөбеден басталды деп айтуға болады.

«Атамұра» бағдарламасы «Мәдени мұраға» жалғасты.  «Мәдени мұра» болашақ ұрпаққа керек. Өткенін білмеген ұрпақтың болашағы бұлыңғыр.

«Біз болашақ үшін еңбек еттік. Біз кейбір жағдайда аңыздарды жазып алып, оған сүйеніп хабар дайындадық. Ал қарап отырсақ қазіргі заманда аңыз айтатын адам да қалған жоқ», - дейді Рысжан Ілиясқызы.

Тарихтың келер ұрпақ үшін берер тағлымы мол. Рысжан Ілиясқызының атқарып отырған жұмыстарының бәрі соған негізделіп жасалған.

«Атамұра» хабары туралы айта отырып, Рысжан апай өз  ойларын айтты: «Тағы бір айта кететін жағдай кешегі «Абат-Байтақ» пен «Қобыланды» батырдың мавзолейлері жөнделіп, қалыпқа келтірілді. Ал соны кімдер дұрыстады, қандай жұмыстар істелінді, қандай ғалымдар еңбек етті, Қобыланды батырдың жерленуі, оның басының салынған тарихы – осының барлығы жылдар өткен сайын ұмыт болары анық. Осылардың жаңарған түрін қайтадан түсіріп, халыққа көрсетіліп жатса артық болар ма еді. Халықтың бәрі «Абат-Байтаққа», «Қобыланды батырдың» мавзолейіне бара бермейді. Ал хабар ұйымдастырылып теледидардан көрсетсе басқа әңгіме. Бұрынғы түсірілгеннің жалғасы деп елімізде «Мәдени мұраның» іске асырылып жатқаны болар еді.  Біздің облыста түсірілмеген тарихи жерлер өте көп.  Солардың бәрі жер бетінен жойылып кетпей тұрғанда, әлі де болса көптеген аспан астында жатқан ескеркіштерімізді бейне таспаға түсіріп, ең болмаса суретін ұстап қалсақ та үлкен олжа болар еді», - деп «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша қандай жұмыстар жасау керектігіне де бағыт-бағдар берді.

Қазіргі кезде телеарнадан «Атамұраны» алтын қордан қайталап көрсетіп жатыр. Барлық жоспарлы түрде жүргізілген зерттеулер «Мәдени мұра» аясында өз жалғасын тапты, енді ол жаңа құнды деректермен толықтырыла бермек.  Киелі қазынаны ұрпағына табыстауды парызым деп білген Рысжан Ілиясқызының  барлық жасаған істері келер ұрпақтар үшін құнды бір мұраға айналары сөзсіз.









ҚОРЫТЫНДЫ

«Бар жаңалық негізі ұмыт болған көнеде» дейді халық даналығы. Музей мен тарих етене тығыз байланыста. Біз ел боламыз, өркендейміз десек, көне мұралардан қол үзбеуіміз және көз жазып қалмауымыз керек. Тарихтың куәлары көнеден қалған қорымдар, құлпытастар, зергерлік және тағы басқа бұйымдардың уақыт өткен сайын мүжіліп, тозып бара жатқандығын , көнекөз қариялардың да мәңгілік өмір сүрмейтінін ескерген жөн.

Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе, жас ұрпаққа үлгі боларлықтай тұлғаның өмірінен төмендегідей ақпараттар жинақтадым.

Рысжан Ілиясқызы - Ырғыз ауданы мен Ақтөбе қаласының құрметті азаматы - өмір бойы ел үшін, ұлт үшін аянбай тер төгіп қызмет етті. Музейді ұзақ жылдар бойы басқара отырып, халқымыздың тарихын тап басып танытатын құнды жәдігерлерді жинақтап, халыққа да насихаттай білді, табылған жәдігерлерді көрермендерге жеткізу үшін де  өз идеясымен игі жұмыстарды қолға алды. Ырғыз ауданының құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, өлке тарихының білгірі Рысжан Ілиясқызы – «Құрмет» орденінің иегері, Ырғыз ауданы мен Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісінің иегері. Ол «Қазына», «Арулар-аналар, даналар», «Далам тұнған шежіре», «Ел иесі жер киесі», «Шежірелі Ақтөбе» кітаптарының, 100-ден аса зерттеу мақалалардың авторы. Рысжан Ілиясова Ақтөбе аймағының мәдениеті мен өнерін дамытуға үлкен еңбек сіңірді. Өлкеміздің тарихын танытатын құнды жәдігерлерді көпшілікке насихаттай білді. Ырғыз ауданының мәдениет саласы мен музейі ісінің дамуында өз қолтаңбасын қалдырды.

Шежірелі өлкемнің осындай тарландарын жас ұрпаққа таныту біздің міндетіміз деп білемін. Осы мақсатта мен төмендегідей ұсыныстарды ұсынғым келеді:

-Ақтөбе өңіріндегі көшелердің біріне Р.Ілиясованың есімі берілсе;

-Ақтөбе өлкетану мұражайынан арнайы бір бұрыш жасақталса;

-мектеп кітапханаларында, мұражайларында арнайы Р.Ілиясованың құрметіне бұрыш жасақталса, QR код тақтасы орнатылса;

-жастар арасында челлендждер ұйымдастырылып, Рысжан Ілиясқызының мұражайдағы қызметі туралы бейнероликтер шерулері ұйымдастырылса;

-Р.Ілиясованың мұрасы мен қызметін зерттеуге бағытталған облыс, қала көлемінде оқушылар арасында ғылыми конференциялар ұйымдастырылса.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Бектасова Г.Рысжан Ілиясқызы: «мәдени мұра» – ол сенiң тiлiң, ол сенiң дәстүрiң. https://turkystan.kz/article/50064-ryszhan-iliyas-yzy-m-deni-m-ra-ol-seni-tili-ol-seni-d-st-ri/

2.Ілиясова Р. Қазына.-Алматы: «Зерде», 2001. – 312 бет.

3.Ілиясова Р. Шежірелі Ақтөбе. Кітап-альбом. / - Алматы «Аспантау», 2017

4. «Атамұрадан» «мәдени мұраға» дейін немесе Рысжан Ілиясқызы туралы үзік сыр. KAZMUSEUM.KZ

5. «Ақтөбе» энциклопедиясы. Отандастар. Полиграфия.




21




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!