Топтық жұмыс: Жаңа тақырыпты игеру мақсатында екі топқа мәтін таратылады. Түртіп алу әдісі қолданылады. «Ақпарат» тобына: Компьютер-электрондық машина. Компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп, цифр, дыбыс, видио) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигнадың жоқ болуы 0 арқылы, бар болуы 1 арқылы белгілеу қабылданған. Олар «бит» деп аталады. Бит екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі «байт» деп аталады. 1 байт 8 битке тең. «Информатика» тобына: Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кезеседі: 1 Килобайт(Кб) = 1024 байт 1 Мегабайт (Мб) = 1024 Кб 1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб 1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб Хабарламаның ақпараттық көлемі-хабарлама-дағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі 100 Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны: Мәтін беттері 50000 Түрлі түсті слайдтар 150 Музыкалық фрагмент 10минут Фильм 15 секунд |