СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: Cан есім және оның түрлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жалпы мақсат: оқушылар сөз таптарын ажыратып қолдана алады. Берілген мәтіндерден сан есімнің түрлерін ажыратады.

 

Барлық оқушылар: сан есімді басқа сөз табынан ажырата алады.

Оқушылардың басым бөлігі: берілген мәтіндерден сан есім және оның түрлерін тауып ажыратады.

Кейбір оқушылар: сөз тіркестерін толықтырып айтады.

Оқушылар: 1.Сан есімді таба алады.

2.Сан есім түрлерін ажырата алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: жеті-сегіз, бір құс, он алтыншы

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: кім? не? қанша? Неше? нешеу?

Талқылауға арналған тармақтар:

1.Сан есім дегеніміз не?

2.Сөз таптары туралы түсінік.

3.Сан есімнің түрлері.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Cан есім және оның түрлері»

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Cан есім және оның түрлері


Мектеп: №33 Кенесары Қасымұлы

атындағы жалпы орта мектеп

Күні: 23.11.2016ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сарсенбаева Гулнар Кайсарбеккызы

Сынып: 4 «Г»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Жалпы мақсат: оқушылар сөз таптарын ажыратып қолдана алады. Берілген мәтіндерден сан есімнің түрлерін ажыратады.


Табыс критерийі

Барлық оқушылар: сан есімді басқа сөз табынан ажырата алады.

Оқушылардың басым бөлігі: берілген мәтіндерден сан есім және оның түрлерін тауып ажыратады.

Кейбір оқушылар: сөз тіркестерін толықтырып айтады.

Тілдік мақсат









Оқушылар: 1.Сан есімді таба алады.

2.Сан есім түрлерін ажырата алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: жеті-сегіз, бір құс, он алтыншы

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: кім? не? қанша? Неше? нешеу?

Талқылауға арналған тармақтар:

1.Сан есім дегеніміз не?

2.Сөз таптары туралы түсінік.

3.Сан есімнің түрлері.

Жазылым бойынша ұсыныстар: сан есімдер ережесін, сын есім түрлерін көшіріп жазу.

Алдыңғы тақырып

Биік ғимараттар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

І.Ұйымдастыру кезеңі








-оқушылармен сәлемдесу

-оқушыларды түгелдеу

-сабаққа назарларын аудару


Оқушыларды топқа бөлу (бір, екі, үш есептік сан есімді санату арқылы)

І топ – «Зат есім»

ІІ топ – «Сын есім»

ІІІ топ – «Сан есім»


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Миға шабуыл» әдісі

1.Сөз таптары дегеніміз не?

2.Зат есім дегеніміз не?

3.Сын есім дегеніміз не?

4.Астананың символы дегеніміз не?

5.Бәйтеректің авторы кім?

6.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

7.Тудың авторы кім?

8.Биыл Тәуелсіздігіміздің неше жылдығы тойланады?

Слайд, оқулық

Ортасы

ІІ.Жаңа сабақ






















Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндіріледі.

«Мағынаны тану» әдісі.Мұғалім сөзі:

Заттың санын, мөлшерін, шама-шарқын, ретін білдіретін сөз табын сан есім дейміз. Сан есім қанша? неше? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы: Алма жарыстан бірінші болып келді.

Сан есім құрамына қарай 2 түрге бөлінеді: дара сан есім және күрделі сан есім.

Дара сан есім – бір түбірден құралған сан есімдерді айтамыз. Мысалы: Он бала, екі үй, жиырма қалам.

Күрделі сан есім – дара сан есімдердің тіркесуі, қосарлануы арқылы жасалатын сан есім.

Мысалы: Бір мың тоғыз жүз, жиырма бес.

Сан есім мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді:

1.Есептік сан есім: бір, екі.

2.Реттік сан есім: төртінші, алтыншы, - ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары арқылы жасалады.

3.Жинақтық сан есім – біреу, екеу, -ау,-еу,-жұрнақтары арқылы жасалады.

4.Топтау сан есім он-оннан, жүз-жүзден, -дан,-ден, тан,-тен,-нан-,-нен деген жұрнақтар арқылы жасалады.

5.Бөлшектік сан есім – үштің екісі, жүзден он бесін.

6.Болжалдық сан есім нақты білдірмей шамалап айтады. Мысалы: алтыларда, он екілерде.


«Ассоциация» әдісі

3 топқа 3 түрлі сөз беріледі.

1-топқа: Сөз таптары

2-топқа: Зат есім

3-топқа: Сан есім


Оқулықпен жұмыс.

ДЖИГСО әдісі бойынша 3 топқа мәтін беріледі.Оқушылар мәтіннің мазмұнын түсіндіреді, сан есім және оның түрлерін табады.

Бағалау критерийі:

1.Мәтіннің мағынасын аша білу керек

2.Мәтіннің мазмұнын дәл көздеу керек.

3.Сан есімдерді табу керек


«Ойлан, бірік, бөліс»

Суреттер беріледі, суреттерге сан есімді қатыстырып топ мәтін құрау керек.

Бағалау критерийі:

1.Суретке дұрыс сөйлем құрау керек

2.Берілген суреттерге сан есімдерді қатыстыру керек


Сергіту сәті: Робот биі


«Мағынаны ашу» әдісі

3 топқа мәтін беріледі. Мәтіннен сан есім түрлерін тауып, мағынасын ашады.

1-топқа: «Табиғатты сүй»

Көлеңкеде қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан жеті-сегіз жасар балаға қарай айыр тілін сумаңдатып улы жылан жақындап келеді. Күтпеген жерден шыға келгені белгісіз бір құс бала мен жыланның арасына түсіп, кес-кестей берді. Екі түз тағысының адам үшін шайқасы басталып кетті.


2-топқа: «Қазақты ғалам таныған күн»

Он алтыншы желтоқсан. Бұл күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды.

1991 жылдың он алтыншы желтоқсанында болған бұл жаңалық ғаламға тез тарады. Бүкіл дүние жүзінің үлкенді-кішілі мемлекеттері қатарларына тағы бір үлкен елдің, іргелі халықтың қосылғанын, адамзат тарихында тағы бір беттің ашылғанын қуана қолдады.


3-топқа: «Естелік»

Әлі есімде, 1943 жылдың көктемі еді. Бізге, ұшқыштарға, жау аэдромын жоюға бұйрық берлді. Аспанға көтерілдік. Күн шайдай ашық. Шүйкедей де бұлт жоқ. Ұшып келеміз. Аэдромға жақындай бергенде, дұшпанның зеңбіректері атқылай бастады. Одан өте бергенімізде дұшпанның 12 ұшағы бізге тап берді. Кенет жаудың бір ұшағы шыға келді де, маған шабуыл жасады. Бір снаряд ұшағыма тиді.


Топтық жұмыс

І топ: Нешінші? деген сұраққа жауап беретіндей етіп өзгертіңдер:

Бес сынып –

Он алты дәптер –

Жиырма үй -

ІІ топ: Сан есімдерді қойып көшіріп жазыңдар.Сан есімдердің астын сызыңдар.

Болат ... жаста. Ол ... сыныпта оқиды.

ІІІ топ: Сан есім қойып жазыңдар.

Оның да біл есебін,

Әр аптада неше күн?


«Кім шапшаң» ойыны

Ортаға топтан бір оқушы шығып мұғалім көрсеткен сөзді өз тобына ымдап көрсету керек. Әр топқа 1 минуттан беріледі.


Сәйкестендіру.

3 топқа кесте қағазы беріледі. Сол кесте қағазынан сөздерді сәйкестендіру керек.

Түрлі-түсті суреттер, мәтіндер, кеспе қағаздары

Аяқталуы

ІІІ.Сабақты бекіту:
















IY.Үй тапсырмасы:

Семантикалық карта.

Сөздер

Есептік

Реттік

Алпыс



Сегізінші



Он алтыншы



Отыз



Он тоғызыншы



Қырық



Екі



Үш



Үшінші



Бесінші



Бекіту сұрақтары:

1.Сан есім дегеніміз не?

2.Сан есім құрамына қарай қаншаға бөлінеді?

3.Сан есім мағынасына қарай қандай сұрақтарға жауап береді?


Ережені жаттау. Сан есім түрлерін қатыстырып 5 сөйлем құрап келу.

Семантикалық карта

Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс


1.Формативті бағалау әдістері

2.Мадақтау сөздер

3.Жылы сөздер

- математика

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін білдім?




1-топқа: «Табиғатты сүй»

Көлеңкеде қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан жеті-сегіз жасар балаға қарай айыр тілін сумаңдатып улы жылан жақындап келеді. Күтпеген жерден шыға келгені белгісіз бір құс бала мен жыланның арасына түсіп, кес-кестей берді. Екі түз тағысының адам үшін шайқасы басталып кетті.


2-топқа: «Қазақты ғалам таныған күн»

Он алтыншы желтоқсан. Бұл күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды.

1991 жылдың он алтыншы желтоқсанында болған бұл жаңалық ғаламға тез тарады. Бүкіл дүние жүзінің үлкенді-кішілі мемлекеттері қатарларына тағы бір үлкен елдің, іргелі халықтың қосылғанын, адамзат тарихында тағы бір беттің ашылғанын қуана қолдады.


3-топқа: «Естелік»

Әлі есімде, 1943 жылдың көктемі еді. Бізге, ұшқыштарға, жау аэдромын жоюға бұйрық берлді. Аспанға көтерілдік. Күн шайдай ашық. Шүйкедей де бұлт жоқ. Ұшып келеміз. Аэдромға жақындай бергенде, дұшпанның зеңбіректері атқылай бастады. Одан өте бергенімізде дұшпанның 12 ұшағы бізге тап берді. Кенет жаудың бір ұшағы шыға келді де, маған шабуыл жасады. Бір снаряд ұшағыма тиді.




Семантикалық карта


Сөздер

Есептік

Реттік

Алпыс



Сегізінші



Он алтыншы



Отыз



Он тоғызыншы



Қырық



Екі



Үш



Үшінші



Бесінші




Семантикалық карта


Сөздер

Есептік

Реттік

Алпыс



Сегізінші



Он алтыншы



Отыз



Он тоғызыншы



Қырық



Екі



Үш



Үшінші



Бесінші




Семантикалық карта


Сөздер

Есептік

Реттік

Алпыс



Сегізінші



Он алтыншы



Отыз



Он тоғызыншы



Қырық



Екі



Үш



Үшінші



Бесінші





























ІІІ топ

«Сан есім»





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!