СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы Қатты диск құрылысы. Жинаушының негізгі түйіні.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Қатты диск құрылысы. Жинаушының негізгі түйіні.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы Қатты диск құрылысы. Жинаушының негізгі түйіні.»


Пәні: «Информатика»

Күні: «_____»_____2017 ж. Топ:

Сабақтың тақырыбы: Қатты диск құрылысы. Жинаушының негізгі түйіні.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Білім алушыларға ақпарат тасуыштардың қолданылу мақсатын, түрлерін, негізгі параметрлерін түсіндіру

Дамытушылық: Оқушыларды құрылғылармен жете таныстырып, пәнге қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелілік:

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Оқыту әдістері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, тапсырма орындау.

Оқыту құралдары: ДК, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, «Жинаушыларға мінездеме. Жұмыс істеу ұстанымы» тақырыбында слайд-шоу.

Пәнаралық байланыс: «Есептеуіш жүйені бағдарламамен қамтамасыз ету» пәні


Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандысып, құралдарын түгендеп, компьютерді іске қосып, сабақты бастаймын.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

1 тапсырма. «Сен маған мен саған». Дайындалған ребустармен жұмыс.

III.Жаңа тақырып :

Қатқыл диск (немесе винчестер; ағылш. Hard Disk Drive, HDD) — дерек жазуға және сақтауға арналған құрылғы.

Қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш немесе ҚМДЖ (ағылш. Hard Disk Drive, HDD) қатқыл диск,компьютерлік сленгте «винчестер» - магнитті жазбаның ұстанымында негізделген есте сақтау құрылғысы. Көптеген компьютерлерде негізгі есте сақтау құрылғысы болып табылады. «Иілгіш дискіден» басты ерекшелігі – ақпарат ферромагнитті қабаты бар қатқыл пластинаның бетіне жазылады. Қатқыл дискіде хром қышқылының бірнеше пластиналы қабаты орналасқан. Қатқыл дискінің жұмыс жүйесінде санаушы бастары пластинаның сыртқы бетіне тимейді. Оның басты себебі, ферромагнитті диск жылдам айналған кезінде, санаушы бастардың сыртқы қабатына дискіні тигізбейтін ауа қабаты қалыптасады. Санаушы бас пен диск арасында бірнеше нанометр кеңістік қана қалады. Қазіргі замаңғы қатқыл дискілерде бұл көлем 10 нм – ді құрайды. Санаушы бас пен дискінің бір – біріне соқтығыспауы, қатқыл дискінің жұмыс мерзімінің ұзақ уақытқа жетуіне кепіл береді. Қатқыл дискінің иілгіш дискіден басты ерекшеліктерінің бірі – ақпарат тасымалдаушы, жүйелік блоктың ішіндегі қор жинақтауышпен байланыстырылғандығында.

Интерфейс (ағылш. interface) – сызық байланыстарынан жіберілетін сигналдардан, аталған сызықтарды байланыстыратын техникалық құрамнан тұратын ереже түрі. Қазіргі кездері қатқыл дискілердің топтамалары ATA (IDE және PATA), SATA, eSATA, SCSI, SAS, FireWire, SDIO және Fibre Channel интерфейстерінен тұрады.

Сыйымдылық (ағылш. capacity) – жинақтауышта сақталатын ақпараттың көлемі. Қатқыл дискілердің алғаш пайда болған уақытынан бастап, қазіргі күндерге дейін өзгермелі болған және әрдайым қосымшалар мен түзутулер еңгізуге беретін мүмкіндіктерінің бірі – ақпарат сақтау көлемі. Қазіргі замаңғы қатқыл дискілердің сыйымдылығы 2011 жылдың 11 қыркүйегінде өткен зерттеу нәтижесінде 4000 гБ екендігін көрсетті. Уақыт өте бұл көрсеткіш 5000 гБ көлеміне жақындауда. Информатика саласында қабылданған 1024 – тік санау жүйесі, қатқыл дискілерді өңдіруде 1000 деген қысқартылып аталатын көрсеткішке өзгереді. 200 гБ деген көлем жазылған қатқыл дискінің нағыз көлемі 186,2 гБ – қа тең.

Физикалық өлшем (форм – фактор) (ағылш. dimension). 2001 – 2008 жылдар арасындағы жаңа ғасырлық дербес компьютерлерде қолданылатын қатқыл дискілердің ұзындығы 3,5 немесе 2,5 дюйм – ға тең. Сондай – ақ 1,8 дюйм – ді, және 1,3 дюйм – ді, 1 дюйм – ді, және 0,85 дюйм – ді қатқыл дискілер қолданыста бар. Ал 8 және 5,25 дюйм – ді қатқыл дискілердің шығарылымы мүлдем тоқтатылған.

Жұмыстың атқарылу уақыты – винчестерде ақпаратты оқу – жазу әдісі қолданылғанғанда, қызметтің орташа уақыт санауы бойынша есептелінетінің көрсететін жүйе. Әдетте бұл уақыт 2,5 – 16 нс – қа тең. Ережеге сай, серверлік дискілер уақытты көбірек үнемдейді (мысалы, Hitachi Ultrastar 15K147 — 3,7 мс – қа тең). Ал уақыт жағынан ұзақ – тасымалдауға ыңғайлы қатқыл диск түрлері жұмыс жасайды (мысалы, Seagate Momentus 5400.3 — 12,5 мс). Ал SSD тасымалдаушыларда бұл көрсеткіш 1 мс – қа аз.


IV. Бекіту.

1 тапсырма.Ребусты шешу.




2 тапсырма. «Кім жүйрік?»

1.Қатқыл диск дегеніміз....

2. Қатқыл дискінің иілгіш дискіден басты ерекшеліктері...

3. қатқыл дискінің нағыз көлемі.....

4. қатқыл дискілердің ұзындығы 3,5 яғни неше дюмға ......

V. Қорытынды. Сабақты қорытындылап, студенттердің білімдерін бағалау.

VI. Үй тапсырмасы: Кестені толтыр. Қатқыл дисктің ақпаратты тарату жылдамдығын анықтап кестені толтыру.



Ақпараттың таратылу жылдамдығы


Дисктің ішкі зонасы:



Дисктің сыртқы зонасы:




Пән оқытушысы: Ахметова М.Б.








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!