СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: "Конденсаторлар. Есеп шығару"

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылар үйренеді:

 

1.Конденсаторлар туралы білуі, электр сыйымдылық шамасы туралы білуі.

2. Конденсаторлардың қолданылуын білуі, электр сыйымдылықтың формуласын қолданып есептер шығаруы.

3.Сыйымдылық шамасының физикалық мағынасын түсінуі,  өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алуы.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: "Конденсаторлар. Есеп шығару"»

Бекітемін:

Пәні: Физика және астрономия



Қысқа мерзімді жоспар №29




Сабақтың тақырыбы : Конденсаторлар. Есеп шығару


№201 мектеп-лицей

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Шілдебаева Айгүл

Сынып: 8

Сабақтағы оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:


Сабақтағы оқыту мақсаттары:

Оқушылар үйренеді:


1.Конденсаторлар туралы білуі, электр сыйымдылық шамасы туралы білуі.

2. Конденсаторлардың қолданылуын білуі, электр сыйымдылықтың формуласын қолданып есептер шығаруы.

3.Сыйымдылық шамасының физикалық мағынасын түсінуі, өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алуы.



Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар:

Конденсаторлар туралы біледі, электр сыйымдылық шамасы туралы біледі.


Оқушылардың көпшілігі:

Конденсаторлардың қолданылуын біледі, электр сыйымдылықтың формуласын қолданып есептер шығарады.

Кейбір оқушылар:

Сыйымдылық шамасының физикалық мағынасын түсінеді, өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алады.

Тілдік мақсаттар

Физикалық терминдердің дұрыс қолданылуына мән беру.

Пәнаралық байланыстар

Математика

Алдыңғы білім

Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс.


Дерек көздер, ресурстар

1.Б.М. Дүйсембаев, т.б, Физика және астрономия. Алматы «Мектеп», 2015 ж

2.Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, І деңгей

3. Электронды оқулық, 8 сынып

4.В.И.Кем, Б.А.Кронгарт Физика . Есептер жинағы


Жоспар

Жоспар-

ланған мерзім


Жоспарланған іс-шаралар


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Бағалау түрі

Кіріспе

(3мин)

«Мозайка әдісі» бойынша 3 топқа бөлу


Ынтымақтастық ортасын құру. Ережелерді еске түсіреді.

Әлеуметтік орта, ынтымақтастық ортаға енеді

Ынталанды-

ру


Үй тапсырма-сы (8 мин)





Үй тапсырмасымен жұмыс.


Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс.


Түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтары


1.Электр өрісінің қандай сипаттамаларын білесіңдер?

2.Берілген нүктедегі электр өрісінің потенциалы деген не? Потенциалдар айырымы деген не?

3.Өрістің екі сипаттамасының, яғни кернеулік пен потенциалдар айрымының арасында қандай байланыс бар?


Мұғалім оқушыларға түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтарын өткен тақырып бойынша береді.

Мұғалім әр оқушының жауаптарына мадақтау сөздерін айтады.



  • ойлану

  • талқылау, диалог

  • жауап беру









Мадақтау


3 мин







Қызығушылығын ояту


Миға шабуыл . Сұрақтар арқылы







Оқушылар сұрақтарға жауап береді, ой-пікірлерін білдіреді.

Сабақтың тақырыбын ашады.










Негізгі бөлімі


(13 мин)



Мағынаны тану


Топтық бірлескен жұмыс. Кіші жоба қорғау.


(Сынып алдында жалпылай қайталау әдісі бойынша қорғайды.)


Шағын топ ішіндегі оқушылардың жұмысын бақылау. Барлық оқушылардың белсен-ділігін, әрекет түрін, оның сапасын, өзара ынтымағын, нәтижеге жету ниеттерін бақылау.


Арнайы рөлдерге бөліну арқылы шағын топта кіші жоба әзірлейді. Топтық жұмысты құрылымдауға үйренеді. Басшы рөлдерге бөледі, бақылайды,

Оқушылар жоба бойынша сұрақтар қояды-жауап береді,


Топ спикері қорғайды.


Критерий арқылы бағалау


1.Қорғау тәртібін сақтау: Уақыт және әдептілік;

2. Мазмұнның толық ашылуы;

3. Өмірден мысалдар келтіруі.



5 мин


Жұптық жұмыс. «Пилот - Штурман» (Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Жалғасын тап





Шағын топтың ішіндегі белсенділігі төмен оқушыны белсенділігі жоғары оқушымен жұптастыруды стикерлер көмегімен ұйымдастыру.




Жаңа тақырып бойынша бойындағы білімдерін пысықтайды.



«Ауызша мадақтау»

Оқушылар-дың танымы, сөйлеу, тыңдалым,жазылымы, оқылымы, ойлау қабілеті артады


Қорытын-

ды бөлімі


8 мин









Ой-толғаныс

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар


Сынып ішіндегі барлық оқушылардың деңгейлік тапсырманы орындауын қадағалау. Әсіресе мұғалімнің назарында А, В, С деңгейіндегі оқушылардың оқу әрекетін бақылау.


Оқушылар деңгейлік тапсырманы орындайды.



Жаңа тақырып бойынша өз білімдерін тексереді, сыни ойланады, ақпаратпен жұмыс жасау дағдылары дамиды


Кері байланыс.


5 мин



Не үйрендім, не қиын болды?


Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын ауызша айтады.


Үйге






Конденсаторлар

Оқушылар үйде өздерінің ойларын жаңа тақырып бойынша дәптерлеріне түсіріп келеді , тақырыпты оқып келеді.


Зерттеу жұмысы.


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлаймыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс





Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?







Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1.


2.



Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1.


2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Жұптық жұмыс. Жалғасын тап

1.Конденсатор деп нені айтады ?

2.Электр сыйымдылығы деп нені айтады?

3. Формуласы , өлшем бірлігі

4.1 Фарад ______________________________________________________________

5. Жазық конденсатордың сыйымдылығы деп _______________________________________

6.Формуласы

7.Конденсатор қай жерде қолданылады ____________________________________________________________


8.Конденсатордың шартты белгісі

9.Оңашаланған өткізгішті 100 В потенциалға дейін зарядтап, 1*10-9Кл электр зарядын жіберген. Өткізгіштің электр сыйымдылығын анықтаңдар.

10.Сыйымдылығы 3*10-6Ф конденсаторға 4,4*10-4Кл заряд беру үшін конденсаторды қандай кернеуге дейін зарядтау керек ?







Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар


І деңгей

1.Өткізгішке 1*10-8Кл заряд беріліп, оны 100 В потенциалға дейін зарядтаған. Өткізгіштің электр сыйымдылығын есептеңдер.

2. Электрленген металл таяқшаның зарядының шамасын анықтаңдар. Ол таяқшаның электр сыйымдылығы 0,05 пФ, потенциалы 3кВ.


ІІ деңгей

1. Конденсатордың электр сыйымдылығы 5пФ. Егер конденсатордың астарлары арасындағы потенциалдар айырмасы 1000 В болса, онда оның әрбір астарында қандай заряд болғаны ?

2.Мектеп конденсаторының ең үлкен сыйымдылығы 58 мкФ. Оны 50 В- қа тең тұрақты кернеу көзінің полюстеріне қосқанда онда қандай заряд жинақталады ?


ІІІ деңгей

1.Жазық конденсатордың әрбір астарының ауданы 20 см2, олардың ара қашықтығы 0,1 см және диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі 6-ға тең. Конденсатордың электр сыйымдылығын табыңдар.

2.Конденсаторды 1,4 кВ кернеуге дейін зарядтағанда ол 28 нКл заряд алатын болса, конденсатордың сыйымдылығы қандай болады ?


















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!