СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Саба?ты? та?ырыбы: Оттекті? таби?атта айналымы, ?олданылуы.

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Оттекті? таби?атта айналымы, ?олданылуы.

Саба?ты? ма?саты:

          Білімділік: О?ушылар?а оттекті? физикалы? ж?не химиялы? ?асиеттері бойынша ?олданылуы ж?не тіршілік ?шін ма?ызы туралы білім беру.

         Дамытушылы?: оттекті? таби?атта?ы айналымы туралы м?ліметтер ар?ылы о?ушыларды? д?ниетанымды? ой-?рісін дамыту.

        Т?рбиелік: О?ушылар?а  ?орша?ан орта ж?не ауаны? тазалы?ы туралы экологиялы? білім беру.

Саба?ты? т?рі: кіріктірілген саба?

?діс-т?сілі: де?гейлік тапсырмалар орындау

П?н аралы? байланыс: физика,биология,география

К?рнекі ??ралдар: ?лестірмелі ?а?аздар,сызба,суреттер

Саба? барысы:     

                           І. ?йымдастыру кезе?і.

                           ІІ. Та?ырыпты ашу.

                           ІІІ. ?й тапсырмасын тексеру.

                           ІV.  Жа?а саба?ты т?сіндіру.

                                      V. Саба?ты бекіту.

                           VІ. ?й тапсырма беру 

                           VІІ. Ба?алау

ІІ. Та?ырыпты ашу.

Ж?мба?   шешу:  1.  «Бар ма, жо? па оны аны? білмейсі?

                                   Ол жо? жерде ?мір с?ріп ж?рмейсі?»      (ауа)

                              2.«Екі с?з тіркесінен т?рады, бір адам?а ?ажетті ??былыс,               

                                   екіншісі тыйым с?з осы екеуі біріксе, элемент аты              

                                    шы?ады»                                                     (оттек)

ІІІ. ?й тапсырмасын тексеру.

  1. Химиялы? диктант

    Тыныс алу?а ?ажет. Суда нашар ериді, жануды ?олдайды, таби?атта тек ?осылыс к?йінде кездеседі. ?алыпты жа?дайда с?йы?. Тыныс алу?а ?ажет.

    2.?андай оксидтерді? формулалары валенттілігіне с?йкес д?рыс ?ойылма?ан?

  І             V          ІІ           VІ          ІІ            VІІ             ІV                ІІ

Cu2O      SiO4      ZnO         SO3      Na2O       Cl2O7         MnO4             CO

3.Мына реакция те?деулерді жазып, оксидтерді ата?ыз:

S+O2=                C+O2=               P+O2=               Al+O2=

(к?кірт оксиді, к?міртегі оксиді, фосфор  оксиді, алюминий оксиді)

ІV.  Жа?а саба?ты т?сіндіру.

                         О2                                              газ                          тыныс алу

 Оттек

 

                                                           оттек

 

 

                 т?ссіз                               49%                     ауа ??рамында болады

Таби?атта оттегі негізінен фотосинтез  н?тижесінде т?зіледі,ол жапыра?тарда ж?не те?із балдарларында ж?ретін ?рдіс:

                                                            6СO2 + 6H2O — C6H12O6 + 6O2  

Осы оттегімен адамдар мен жануарлар тыныс алады,одан бас?а жер ?ыртысында?ы  минералдар т?зіледі. Таби?атта оттегіні? ?атысуымен таттану, шіру, ашу сия?ты б?ліну ?дерістері де ж?ріп жатады. Оттегіні?, атмосферада?ы  ?оры 1,5.1015 т, оны? 1,1010 тоннасы жану ?шін ж?мсалады. Тыныс алу алу жеке а?заны? ?мірі ?шін, ал шіру-эволюция (даму) ?шін ма?ызды ?дерістер. Оттегіні? ?олданылуы оны? ?асиеттеріне негізделген,ол мына 4,5 сызба н?с?алардан к?руге болады.

V. Саба?ты бекіту.

1. Жер ?ыртысы неден ??рал?ан?

2. Ауада?ы оттек ?андай процесс к?мегі ар?ылы толы?тырылып отырады?

3. Оттек ?айда ?олданылады?

4. Оттекті? ?андай б?лдіргіш ?сері бар?

VІ. ?йге тапсырма беру:  та?ырыпты о?у

VІІ. Ба?алау.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Оттекті? таби?атта айналымы, ?олданылуы.»

Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы

ММ«Өтепқали Сахипов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»

Исентаева Гулбарам Искаковна – химия пәнінің мұғалімі


Күні:________________ Сыныбы:_______________

Тақырыбы: Темір оксидтері (FeO. Fe 2O3)

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға темір оксидтері туралы жан - жақты түсінік беру.

Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік : Оқушыларда темір оксидтері , олардың қасиеттері жөнінде білімді қалыптастыра отырып, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Д. И. Менделеевтің периодттық жүйесі,кесте.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

IV. Сабақты қорытып бекіту.

V. Үйге тапсырма беру.

VI. Бағалау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

2. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал – жабдықтар, кабинет тазалығы т.б).

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын сұрақтар арқылы тексеру.

1.Темірдің периодтық кестедегі орнына сипаттама.

2. Темір валенттілігі туралы түсінік.

3. Темірге тән ерекше қасиет қандай?

4. Темір атомындағы протон және нейтрон саны.

Оқушылармен жеке жұмыс:

Жай заттармен Күрделі заттармен

Fe + C = Fe + H2O =

Fe + CI2 = Fe + HNO3(сұйық ) =

Fe + S = Fe + H2SO4(сұйық ) =

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту (тақтамен жұмыс)

Темір оксидтерінің формуласын жазу


Fe + O2 = Fe + O2 =

( 2 Fe + O2 = 2FeO) (4Fe + 3O2 = 2Fe2O3)

Темір оксидтерінің (FeO. Fe 2O3) салыстырмалы сипаттамаларын кесте арқылы түсіндіру.


Оксид

тері

Физикалық

қасиеті

Алынуы

Химиялық қасиеті

FeO (ІІ)







Қара түсті,

ұнтақ,суда

ерімейді.

Мr (FeO) = 72




FeCO3= FeO + CO2

Fe 2O3 +CO=2FeO+CO2






1.FeO +CO= Fe + CO2

2. FeO + 2HCI = FeCI2 +H2O

3.3FeO + P2O5 = Fe3(PO4)2

4.6FeO + O2 = 2Fe3O4

5.3FeO + AI= 3Fe + AI2O3

6.3FeO + 10 HNO3 = 3Fe(NO3)3+

NO+5H2O

Fe 2O3

(III)

Қызыл – қоңыр түсті, суда ерімейді.

Мr (Fe2O3) = 160



4FeS2 + 11O2=2Fe2O3+8SO2

1. Fe 2O3+6HCI = 2FeCI3 + 3H2O

2.Fe2O3 + 2NaOH = 2NaFeO2 + H2O

(қ.ж.)

3. Fe2O3 + P2O5 = 2FePO4

4.Fe2O3 + FeO = Fe3O4

5.Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O

6.Fe2O3 + 2AI = 2Fe + AI2O3

7.6Fe2O3 = 4Fe3O4 + 2O2



Ерекшелігі: екі дайлы қасиет көрсетеді.


Оқулықпен жұмыс.

126 – беттегі жаттығудың І нұсқасын орындау.

Теңдеуді іске асыру:

1.FeS2 Fe2O3 FeCI3 Fe(OH)3 Fe2O3 Fe

1. FeS2 + 11O2 = 2Fe2O3 + 8O2

2.Fe2O3 + 6HCI = 2FeCI3 + 3H2O

3.FeCI3 + 3H2O = Fe (OH)3 + 3HCI

4.2Fe(OH)3 = Fe2O3 + H2O

5.2Fe2O3 = 4Fe = 3O2

Дарынды оқушымен жұмыс:

126 – беттегі жаттығудың ІІ нұсқасын орындау тапсырылады.


IV. Сабақты қорытып бекіту.

№ 103 есеп

Массасы 100 г темір (ІІІ) оксидін алюминиймен тотықсыздандырғанда 476,0 кДж жылу бөлінді. Реакцияның жылу эффектісін анықта.

Шешуі:

100г 476.0 кДж

Fe2O3 + AI = AI2O3 + Fe – Q

160 х кДж


Х=160 ×476,0 /100 = 761,6 кДж Жауабы: 761,6 кДж

№ 104 есеп

0,1 моль темір CuSO4 –тің 75 г 20% - тік ерітіндісімен әрекеттескенде түзілетін мыстың массасы.

Шешуі: CuSO4 + Fe = FeSO4 + Cu

M(CuSO4) = 74×20/100 = 15г

v(CuSO4) =15/160 =0.09

m(Cu) =0.09моль×64 г/моль = 6г

Жауабы: 6г

Ашық тест

1.28 г темір неше моль болады?

а) 0,5г ә)0,3г б) 2г в) 3г

2. Магниттен 112г темір алу үшін неше грамм алюминий реакцияға түсу қажет?

а) 51г ә)50г б) 46г в) 45г

3. Қан құрамындағы темір мөлшері қандай?

а) 65% ә)60% б) 70% в) 75%

4. Адам ағзасындағы темір құрамы

а) 5 - 7г ә) 2 - 4г б) 3 - 7г в) 3 - 5г

5. Мr (Fe(NO3)3) =?

а) 160 ә) 180 б) 175 в) 165

6. Темір (ІІ) сульфидіндегі темірдің массалық үлесі қандай?

а) 73 ә)53 б) 60 в) 63

7. Периодттық жүйеде темір нешінші периодта орналасқан?

а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4

8. Темір қағының формуласы

а) FeS2 ә) FeO б) Fe3O4 в) Fe2O3

9. Суда ерімейтін негіздер

а) LiOH ә) NaOH б) KOH в) Fe(OH)3

10. Берілген теңдеудегі барлық коэффициенттер саны?

Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O

а) 9 ә) 5 б) 8 в) 3


V. Үйге тапсырма беру.

1) тақырыпты оқу

2) 126 беттегі тапсырманың ІІІ нұсқасын орындау


VI. Бағалау.

Оқушы білімін түсіндіре отырып бағалау.









Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы

ММ «Өтепқали Сахипов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»

Исентаева Гулбарам Искаковна – химия пәнінің мұғалімі

Күні:________________ Сыныбы:_______________

Тақырыбы: Хлордың периодтық кестедегі орны

Мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға элементтің периодтық кестедегі орналасу ерекшелігі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ынтасы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Хлор қасиеттері жөнінде білімді қалыптастыра отырып, хлордың өмірдегі қолдану аясы , мамандықтар түрлері туралы кеңес беру.

Көрнекілігі: Д. И. Менделеевтің периодттық жүйесі,хлор қасиеттері туралы слайд.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сөздік (әңгімелеу)

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

IV. Ой бекіту.

V. Үйге тапсырма беру.

VI. Бағалау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

2. Сабаққа дайындығын тексеру

(құрал – жабдықтар, кабинет тазалығы т.б).

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы тексеру.

1. Периодттық жүйені кім ашты, қай жылы?

2. Периодттық жүйеде неше топ, неше период бар?

3. Периодттық жүйедегі химиялық элементтердің орналасу ретін атаңдар.

4. Периодттық жүйеде барлығы қанша элемент бар?

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

Химиялық элементке сипаттама беру.

1.химиялық таңбасы – CI (хлор)

2.латынша оқылуы – хлор

3.атомдық массасы Ar(CI) =35,3

4. молекулалық массасы Мr(CI2) =71

5.валенттілігі(тұрақты) – І

6. оксиді – CI2O7(VІІ)

7. электрондық құрылысы - ) ) )

2 8 7


Хлордың қасиеті мен қолданылуына кластер құру.



Сарғыш түсті,улы,

өткір иісті Галоген

Бос күйінде молекула

түрінде жазыла Оттегімен қосылысы

VІІ валентті



VІІ топтың негізгі

топшасында

орналасқан

молекулалары ковалентті

полюссіз байланыс түзеді

Ar(CI)= 35,5

Хлор сутек түзеді.

(HCI)

Ерекшелігі: 1. Атомдық массасы бөлшек санға тең Ar(CI) =35,3

2. Оттекті қосылысы VІІ валентті

3. Ұшқыш сутекті қосылыс түзеді - HCI (хлор сутек)

IV. Ой бекіту (сұрақ – жауап, жаттығу орындау)

1.Хлор химиялық элементтердің қандай тобына жатады? ( галогендер)

2. Галогендер тобы қандай элементтен басталады? ( Фтор )

3.Хлордың атомдық массасы нешеге тең? (35,3)

4. Хлор атомындағы нейтрон саны нешеге тең? (п-18,5 )


Есеп № 45

Мына жазу нені білдіреді?

4CI, 2CI2, 3CI2, CI7.

Есеп № 46

Хлордың қосылыстарындағы тотығу дәрежесі.

+1-1 +1 +1 -2 +1+3 -2 +1 +5 -2 +1 +7 -2

HCI HCIO HCIO2 HCIO3 HCIO4


V. Үйге тапсырма беру

1) тақырыпты оқу

2) химиялық элементтің ерекшелігін жаттау.


VI. Бағалау.




Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы

ММ «Өтепқали Сахипов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»

Исентаева Гулбарам Искаковна – химия пәнінің мұғалімі

Күні:________________ Сыныбы:_______________

Тақырыбы: Негіздер және олардың жіктелуі.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға негіздер анықтамасын түсіндіру арқылы жіктелуінің ерекшеліктеріне тоқталу.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ынтасы мен қабылдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Негіздер құрамын, құрылымын үйрету арқылы химиялық байланыстардың да белгілі заңдылыққа бағынатынын ұғындыру.

Көрнекілігі: Сілтілердің, қышқылдардың және тұздардың ерігіштік

кестесі,негіздер жіктелуі туралы плакат.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сөздік (әңгімелеу)

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

IV. Ой бекіту.

V. Үйге тапсырма беру.

VI. Бағалау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

2. Сабаққа дайындығын тексеру

(құрал – жабдықтар, кабинет тазалығы т.б).

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы тексеру.

1. Бейорганикалық заттар неше класқа жіктеледі?(4 класқа)

2. Қандай түрлерін білесіздер? (оксид,негіз,қышқыл,тұз)

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту (мұғалім сөзі)

  • Металл атомдары гидроксотоппен байланысқанда

түзілген күрделі заттар негіздер деп аталады.

(анықтаманы дәптерге жаздыру)

Негіздер құрылымы Н2О Н+ + ОН -


КОН

К+

ОН -

Са 2+ Са(ОН)2

  • Гидроксотоп ( ОН - ) – «теріс» зарядты, тұрақты (І) валентті.

  • Негіздер суда еритін және ерімейтін болып бөлінеді.

  • Суда еритін негіздер сілтілер деп аталады.


Суда еритін негіздер: КОН, Са(ОН)2, АІ(ОН)3

Суда ерімейтін негіздер: Си ОН, Си (ОН)2, Ғе (ОН)2, Ғе (ОН)3

  • Негіздер құрамындағы гидроксотоптың санына байланысты үш топқа бөлінеді.



Бір негізді Екі негізді Үш негізді

КОН, Са(ОН)2 Ғе (ОН)3

NaOH, Ғе (ОН)2 АІ(ОН)3

Си ОН



  • Негіздер құрамындағы гидроксотоп саны металл атомдарының валенттілігіне тәуелді болады.

  • Негіздер металл атомдарының «оң» және гидроксотоптың «теріс» зарядына ыдырайды немесе бір сатыда диссоциацияға түседі.

(ерігіштік таблица арқылы көрсету.)


  • Мысалы: NaOH Na + + OH -

Са(ОН)2 Са 2+ + 2OH -


АІ(ОН)3 АІ 3+ + 3OH -


IV. Ой бекіту (жаңа сабақты қорыту)



Қалай жіктеледі?

Сілтілер деп аталады?





ОН – тобының саны неге ОН – тобы қалай байланысты?

аталады?



Диссоциацияға қалай түседі?

  • Оқулықпен жұмыс


4 Негіздер формуласын бөліп жазыңдар.


HCI, NaOH, SO2, Cи OH, Fe2O3, AI(OH)3, H2SO4 , Zn(OH)2 ,Ba(OH)2


7 Сілтілерді бөліп жаз.


АІ(ОН)3, КОН, Zn(OH)2, Mg(OH)2, LiOH

8 Негіздердің молекулалық массаларын есептеңдер.

Mr (NaOH) =

Mr (Ba(OH)2) =

Mr (AI(OH)3) =


Жауабы: ( 40, 171, 78)

  • Дарынды оқушыға тапсырма:

Берілген формулалардағы оттегі мен сутегінің массалық үлесін есепте.


Са(ОН)2, Ғе (ОН)3.


Шығару жолы: Mr Са(ОН)2 =40+34 = 74

Mr (О) = 32 W(О) = 32/74=0,43=43,2

Mr (Н) = 2 W(Н) =2/74 =0,02 = 2,7


V. Үйге тапсырма беру

1) тақырыпты оқу

2) негіздер анықтамасын жаттау

3) негіздер құрамына, құрылымына көңіл бөлу.


VI. Оқушы білімін бағалау.






















Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы

ММ «Өтепқали Сахипов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»

Исентаева Гулбарам Искаковна – химия пәнінің мұғалімі

Күні:________________ Сыныбы:_______________

Тақырыбы: Хлордың периодтық кестедегі орны

Мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға элементтің периодтық кестедегі орналасу ерекшелігі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ынтасы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Хлор қасиеттері жөнінде білімді қалыптастыра отырып, хлордың өмірдегі қолдану аясы , мамандықтар түрлері туралы кеңес беру.

Көрнекілігі: Д. И. Менделеевтің периодттық жүйесі,хлор қасиеттері туралы слайд.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сөздік (әңгімелеу)

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

IV. Ой бекіту.

V. Үйге тапсырма беру.

VI. Бағалау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

2. Сабаққа дайындығын тексеру

(құрал – жабдықтар, кабинет тазалығы т.б).

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

















Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы

ММ «Өтепқали Сахипов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»

Исентаева Гулбарам Искаковна – химия пәнінің мұғалімі

Күні:________________ Сыныбы:_______________

Тақырыбы: Көміртек және оның қасиеттері.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға көміртек және оның қасиеттері жөнінде мағлұмат беру.СКТ технологиясы тұрғысынан танымдылық қасиетін дамыту.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін,өзіндік іс – әрекетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: адамгершілік қарым – қатынасқа, еңбекке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: графит, тас көмір, белсендірілген көмір, сия, су, сүзгі қағаз, бор, ттыңайтқыш түрлері, периодтық кесте.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сатылай комплексті талдау және проблемалық

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

IV. Нәтиже.

V. Қорытынды (бағалау)

VI.Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

2. Сабаққа дайындығын тексеру

(құрал – жабдықтар, кабинет тазалығы т.б)

3.Қауіпсіздік ережесімен таныстыру

4.Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын сатылай комплексті талдау әдісінің ықшамдалған түрі арқылы үш оқушы тыңайтқыш түрлеріне тоқталады.


А

Азотты тыңайтқыш

зот тыңайтқышы

Анықтамасы

Түрлері

Формулалары

Кездесуі

Қажеттілігі

Маңызы

Қолданылуы

Қорытынды

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту (сабақ мақсаты түсіндіріледі, сабақ талдау алгоритмі

бойынша жүргізіледі)

Көміртек және оның қасиеттері




Анықтамасы


Сипаттамасы


Құрылысы


Аллотропиялық түр өзгерісі

Таралуы


Ерекшелігі


Алынуы


Қасиеттері


Эксперимент


Маңызы


Қолданылуы


Нәтиже


Қорытынды


Көміртек және оның қасиеттері

  1. Көміртек – бейметал, өмірге өзек, тіршілік тірегі.


2. Сипаттау

2.1.Таңбасы: С

2.2.Оқылуы: көміртек,Carboneum,алғаш қасиетін

дәлелдеген француз ғалымы А.Лавуазье,

1928 жылы «көміртек» атауын ұсынған

Р.Бөкейханов.

2.3.Реттік нөмірі: 6

2.4.Тобы:IV

2.5.Топшасы: негізгі

2.6.Периоды: ІІ

2.7.Ar (C)=12

2.8.Mr (C) = 12 г/моль

2.9.Валенттілігі: ауыспалы ІІ, ІV

2.10. Тотығу дәрежесі: -4, +2,+4

2.11. Терісэлектрлігі: 2,5


3. Құрылысы

3.1.Атом құрылысы: С (6р,6п, 6е )

3.2.Электрондық формуласы: 1S2 2S2 2p2

3.3.Графиктік формуласы:

1S2 2S2 2p2


4. Табиғатта таралуы


4.1.Өсімдік пен жануарлар ұлпасында

4.2.Жер қыртысында – 0,1 %

4.3.Атмосферада

4.4.Минералдар мен тау жыныстарының құрамында

(MgCO3 -магнезит , CaCO3 - әктас ,

CH4 – шалшық газы ,CaCО3 - доломит)


5. Аллотропиялық түр өзгерісі

5.1.Алмаз

5.2.Графит

5.3.Карбин – қара түсті, ұсақ кристалдық ұнтақ,

ХХ ғасырдың 60- жылдарында табылған.

5.4.Фуллерен – ХХ ғасырдың 80- жылдары табылған.

6. Ерекшелігі


6.1.Көміртек атомдары бір – бірімен ұзын тізбек арқылы

байланысып, ұзын тізбек түзеді.

7. Кристалл торы: атомдық


8. Алынуы:


8.1.Тас көмірді, ағашты, сүйекті ауа қатыстырмай

қыздыру арқылы көміртек алуға болады.


9. Қасиеттері:


9.1.Қатты, қара түсті

9.2.Жанады

Толық жанады (СО2 түзеді)

С + О2 = СО2 + 402 кДж

Толық жанбаса (СО түзеді)

С + О2 = 2СО

9.3.Сутегімен әрекеттеседі (тотықсыздандырғыш)

С + 2Н2 = СН4

9.4.Хлормен әрекеттеседі (тотықсыздандырғыш)

С + 2СІ2 = ССІ4

9.5. Металдармен әрекеттесіп, карбид түзеді

Са + 2С = СаС2

9.6. Сумен әрекеттеседі

С + Н2О = СО + Н2

9.7. Қышқылдармен әрекеттеседі

С + 2Н2SO4= CO2+2SO2+2H2O


10. Эксперимент

Сия ерітіндісіне ұсақ ұнтақталған көмір қосып, шайқап,

сосын сүзгі қағаздан өткізсек, түссіз сұйықтық – су

болады, себебі, еріген сия молекулаларын көмір сіңіріп

алады.Көмір – адсорбент, сия – адсорбант.


11. Маңызы

11.1.Пайдасы: адсорбциялық қасиеті жоғары.

(газ,бу, еріген заттарды сіңіру қасиеті)

11.2.Зияны: қатерлі тері ісігін тудырады, өкпе қызметін

бұзады (күйемен немесе көмір шаңымен ұзақ

жұмыс жасағанда)

12. Қолданылуы


12.1.Жасанды алмаз алу

12.2.Талшықтар алу

12.3. Қарындаш алу

12.4. Синтездік бензин алу

12.5. Бояу алу

12.6. Металлургияда

12.7. Медицинада

12.8.Резеңкі өндірісінде

12.9. Қант өндірісінде


13. Нәтиже


14. Қорытынды

IV. Нәтиже (жаңа сабақты қорыту)


Тест сұрақтары

а) Көміртектің салыстырмалы атомдық массасы?

а) 12 ә) 6 б) 4

ә) Көмірдің газдарды және еріген заттардың бөлшектерін өзіне сіңіру әдісі қалай

аталады?

а) адсорбент ә) адсорбция б) адсорбант

б) Қай затпен әрекеттескенде тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді?

а) бейметалдармен ә) металдармен б) сутекпен

в) Металдармен әрекеттескеде түзілген зат қалай аталады?

а) карбин ә) карбон б) карбид

Сандық есептер орындау


1). Массасы 6,4 г кальций карбиді түзілу үшін неше грамм көміртек реакцияға

түседі?

х 6,4г

Са + 2С = СаС2

40 64


Жауабы: 4г көміртек.

2). Кальций карбидінің құрамындағы көміртектің массалық үлесін есептеңдер.


Дарынды оқушыға тапсырма:

Массасы 1 кг көміртек жанғанда қанша жылу бөлінеді?



V. Қорытынды ( оқушы білімін бағалау)

Көміртек

Нені білді? ()

Не білгісі келеді ()


VI. Үйге тапсырма беру

1) тақырыпты оқу

2) негіздер анықтамасын жаттау

3) негіздер құрамына, құрылымына көңіл бөлу.








Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы

«Өтепқали Сахипов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»ММ

Исентаева Гулбарам Искаковна – химия пәнінің мұғалімі


Күні:________________ Сыныбы:_______________


Cабақтың тақырыбы: Темір. Темірдің маңызды қосылыстары.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Темір элементін жан жақты зерттеу, сипаттау арқылы оның қосылыстары, қасиеттері, маңызы жөніндегі білімдерін жүйелендіріп кеңейту.
Дамытушылық: Темірдің қасиеттері табиғатта таралуы және қолданылуын оқушы мәтінді оқып, зерттей отыра сипаттайды.
Тәрбиелік : Оқушылар шығармашылыкдың мүмкіндіктерін 
дамыту кабілеттерін арттыру максатында сұрактарға жауап іздейді кортынды шығарады.
Сабақтың түрі: Жаңа оку материалын окып үйрену кіріктерілген сабақ 
Сабақтың әдісі: топтастыру кубизм, бір айналым сөйлесу. 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Химия 9 сынып.

2. Химик аныктамалык журнал № 1, 2009ж. ж.

3.Хомчинко .Химия Москва 1985г. 

Кіріктірілген пәндер: тарих география, биология, физика,әдебиет.
Сабаққа дайындалуда оқушы мен мұғалімнің іс - әрекеті: мұғалім мен окушы алдын ала дайындалады,окушы өзіндік жұмыс орындайды,ізденгіштік қабілетін ескере отырып,оқушыға тапсырма беру.

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Қызығушылыкты ояту
ІІІ. Мағынаны тану.

IV. Ой толғаныс .

V. Сабақты қорытындылау.

VI.Үйге тапсырма беру.

VIІ. Оқушы білімін бағалау.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

2. Сабаққа дайындығын тексеру

(құрал – жабдықтар, кабинет тазалығы т.б)

3.Қауіпсіздік ережесімен таныстыру

4.Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Қызығушылыкты ояту
Мұғалім сөзі:
Атақты академик А.С.Ферсман темірдің маңыздылғын өз түсінігінше төмендегедей суреттеген: Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді.Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетейік... Темір жолдар, поездар, машиналар да жоқ , көпірлер үйіндіге айналған, өсімдіктер семіп ,адам тірлігін тоқтатып өліп қалар еді. Геология мен металлургияның негізін салған, белгілі маталдарды зерттеуші Георгий Агрикола ХVІ ғасырда былай деп жазған: «адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды... егер металдар болмаса... адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді»
ІІІ. Мағынаны тану. Топ мүшелері сұрақты талқылайды, пікірлеседі, ойларын ортаға салады.
1. Суреттейді: химик, геолог, географ элементтің таңбасы, атом құрылысы,электрондық формуласы, периодтық жүйедегі орны, табиғатта кездесуі жөнінде түсіндіреді.
2. Сипаттайды: физик ,химик, астроном физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттайды.
3. Зерттейді: тарихшы, биолог, медик шығу тарихы, қолданылуы,пайдасы туралы зерттеу қорытындысын береді.
4. Қолданады: экономист, әдебиетші, эколог темір жөнінде қосымша мәліметтер береді.
Сабақты бекіту: Сабақты бекіту мақсатында жаттығу жұмыстарын жүргізу
1топқа есеп.

a) Fe F eCl2 Fe(OH)2 FeO FeSO
б) Fe FeCl3 Fe(OH)3 Fe2O3 Fe2(SO4)3 
2 топқа есеп. Темірдің қосылыстары ( FeO, FeS) құрамындағы темірдің массалық үлесін есептеу.
3 топқа есеп. Массасы 50г. темір (III) оксидін алу үшін темір(III)гидроксидінің қанша грамын қыздыру қажет екенін есептеу. 
IV. Ой толғаныс . Оқушылар «Темірдің пайдасы» тақырыбына эссе жазады.
V. Сабақты қорытындылау. Білетінім Үйренегенім Үйренгім келеді кестесімен жұмыстанады.

VI. Үйге тапсырма : «Ағзаның тіршілік әрекетіндегі кейбір металдардың рөлі» тақырыбына мәнжазба дайындау
VIІ. Оқушы білімін бағалау.
































Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы

ММ «Өтепқали Сахипов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»

Исентаева Гулбарам Искаковна – химия пәнінің мұғалімі


Күні:________________ Сыныбы:_______________

Тақырыбы: Металдарды алу әдісі

Мақсаты:

Білімділік: Қазақстандағы кен орындары туралы білімдерін толықтыру,металдарды алу әдістерінің түрлеріне тоқталу.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық көзқарастарын, мамандыққа бейімделу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жер асты байлықтарын үнемдеу арқылы өзінен кейінгі ұрпаққа жақсы өмір сыйлайтынын ұғындыру.

Көрнекілігі:


































Бекітемін

_________

Алғашқы көмек көрсететін медициналық жәрдем қобдишасының жабдықтары

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережесіне сәйкес кабинетте міндетті түрде медициналық жәрдем қобдишасы болуы керек.

Медициналық жәрдем қобдишасы.

Стандарты қобдишалар ішіне салынатын дәрі-дәрмек тізімі санитарлық нормаларға сәйкес бекітілген (ҚР денсаулық министрлігінің 28.09.1995 ж. № 2. 01.003.-95). Қобдиша ішіндегілер жиі-жиі тексерілуді, күтімді талап етеді. Сұйықтар құйылған ыдыстар тығындары тексеріліп, бүлінгені болса ауыстырылып отырылуы қажет. Дәрі құтыларын ылғал немесе бір ерітінді тамып, дәрілерге зақым келген болса, оларды алмастырып, сақтау мерзімдері өткен дәрілерді алып тастау, басқаларымен айырбастау керек.

Жедел жәрдем көрсетудегі ең негізгі фактордың біреуі жинақы түрде, кідіртпей көрсетілген көмек. Дәрі қорабы тұратын жерге алғашқы жәрдем жөнінде қысқаша-ереже нұсқау ілінеді.


Қобдишада болуы қажет дәрі-дәрмектер мен жабдықтар тізімі:

1. Жарақатты байлайтын зарарсыздандырылған дәке (стирильді бинт)-1 бума.

2. Зарарсыздандырылмаған дәке – 1 бума.

3. Стерилді сүлгі (1 қорпша) немесе стерилді тампон түріндегі (50 г) мақта. Стерилді қақпағы қажалған шыны тығынмен жабылған шыны банкіде немесе полиэтилен қақпақпен жабылған болуы керек.

4. Тампонды салу үшін зарарсыздандырылған пинцет.

5. Микрожарақатты өңдеуге арналған препараттар (фуропласт, БФ-6 және т.б.) -25-50 мл.

6. Жарақаттанған орынды, оның төңірегін өңдеу үшін йодтың спирттегі ерітіндісі немесе бриллиант жасылының 1% -тік ерітіндісі.

7. Қан тоқтатушы ретінде 3 % -тік сутек пероксиді 50 мл, (жаңа дайындалған ерітіндісін бір айдан ұзақ ұстауға болмайды) .

8. Таблетка түріндегі белсенді (активтелген) көмір (карболен) органикалық сұйықтармен уланғанда (40-50 таблеткадан төмен болмауы керек) беріледі.

9. 10 % -тік аммиактың судағы ерітіндісі (мүсәтір спирті). Есінен танған кезде және бром буымен уланған кездерде мақтаға тамызылып искетіледі.

10. 20-30 % -тік натрий альбуциді (10-20 мл) көзді сумен жуған соң өңдеу үшін көзге тамызылады. Сақталу мерзімі 3-4 аптадан аспауы қажет.

11. Альбуциді көзге тамызу үшін стерилді қапшықтарына салынған тамшуырлар (3 дана).

12. Бром тамшыларын теріден кетіру және күйіктерді өңдеу үшін этил спирті (30-50 мл), 96 % -тік қолданылады.

13. Мыс сульфатының (ІІ) ерітіндісі (75-100 мл). Ақ фосформен күйген жерді жуу үшін пайдаланылады.

14. Натрий гидрокарбонатының (5 % -тік, 500 мл) судағы ерітіндісі сілтімен зақымдалған теріні жуу үшін қолданылады.

15. Лимон не сірке қышқылының (5 % -тік, 200-250 мл) судағы ерітіндісі қышқылмен зақымдалған теріні жуу үшін қолданылады.

16. Бор қышқылының (2 % -тік, 200-250 мл) судағы ерітіндісі сілті тиген көзді жуу үшін қолданылады.

17. Қан тоқтатуға арналған резеңке түтік (жгут).

18. Жарақатты сыртынан бекітуге пайдаланылатын лейкопластырь.

19. Әр нәрсені кесуге арналған қандауыр (скалпель), қайшы.



Бекітемін

Мектеп директоры

_________


Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек.


Химия зертханасындағы сәтсіздік жағдайлардың қандай түрі болмасын алғашқы көмекті керек етеді. Ондай жағдайда өте сабырлық пен ұқыптылық қажет. Мұндай кезде химия кабинетінің зертханашысы мен оқытушысы алғашқы көмек көрсетуі керек. Зертханадағы дәрі қорабында қажетті заттардың бәрі болуы тиіс.

Көмектің түрлері:

Есінен танғанда студентті таза ауаға шығарып немесе есік терезені ашып, бөлмені желдету керек. Кеуде түймелерін ағытып, мойнын босату керек. Аяғын сәл жоғары көтеріп, бетіне салқын су шашады. Содан кейін мүсәтір спиртін иіскеткен жөн.

Жарақаттанғанда ол жерді 3% - тік сутегі пероксидімен жуып, йодтың тұнбасымен зарарсыздандырып, таза дәкемен таңып қояды.

Мұрнынан қан кеткенде аурудың жаға түймелерін ағытып, мұрынға суық шүберек басады да, аяғын жылы ұстап, жылытқыш қояды.

Термиялық күю кезінде жарақаттанған жерге 2-3% - тік калий перманганатының ерітіндісіне малынған дәкені басады. Одан соң 2% - тік ас содасының ерітіндісімен зарарсыздандырады немесе стрептоцид сеуіп, таңып қояды.

Қышқылға күйген жағдайда қышқыл тиген жерді суық судың ағынына жуып 5% - тік ас содасының ерітіндісімен зарарсыздандырады. Содан кейін магний оксиді мен глицериннен жаңа дайындалған суспензиямен майлайды немесе күкірт қышқылының магний тұзы ерітіндісімен жуып, зарарсыздандырылған дәкемен таңып қояды.

Сілтіге күйген жағдайда сілті тиген жерді суық сумен жуып 1-2% - тік сірке суымен немесе лимон қышқылының ерітіндісімен бейтараптайды.

Фосфорға күйген жағдайда жанған фосфорды сөндіріп, күйген жерді 1-2 % - тік күкірт қышқылының мыс тұзы немесе калий перманганатының ерітіндісімен сүртеді. Сөйтіп 2% - тік ас содасының ерітіндісіне батырылған таза дәкемен таңып қояды.

Фенолға күйген жағдайда жарақаттанған жерді концентрациялы натрий тиосульфатының ерітіндісімен жуады.

Бромға күйген жағдайда күйген жерді концентрациялы натрий тиосульфатының ерітіндісімен жуып тазалайды.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!