СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспар "Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу"

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік. Координаталық  түзуде  сандардың  орналасуын  еске  түсіре  отырып, рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу тақырыбын кеңінен түсіндіру, есептерді шешу барысында координаталық түзудің көмегімен қосуды үйрету;

Дамытушылық. Координаталық  түзудің көмегімен қосу амалын орындауға  дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелік. Оқушылардың есептерді шешу барысында ұқыпты, әрі дұрыс жұмыс жасауын ескеру, дұрыс есептеуге тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспар "Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу"»

Сыныбы: 6 д

Күні:

Пәні: математика

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Координаталық түзуде сандардың орналасуын еске түсіре отырып, рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу тақырыбын кеңінен түсіндіру, есептерді шешу барысында координаталық түзудің көмегімен қосуды үйрету;

Дамытушылық. Координаталық түзудің көмегімен қосу амалын орындауға дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелік. Оқушылардың есептерді шешу барысында ұқыпты, әрі дұрыс жұмыс жасауын ескеру, дұрыс есептеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, проектор, экран

Көрнекіліктер: слайд шоу, үлестірмелі карточкалар

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі-иллюстративті, миға шабуыл

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу

  2. Сабаққа дайындығын тексеру


  1. Жаңа сабақ

Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу

Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосуда берілген санға сәйкес нүктені координаталық түзу бойында жылжытып орын ауыстыру әдісі пайдаланылады.

Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосуда өрнектегі «+» таңбасы берілген санға сәйкес нүктенің оң бағытта жылжытындығын білдірсе, ал «-» таңбасы теріс бағытта жылжитындығын білдіреді.


Координаталық түзудің көмегімен a және b рационал сандарының қосындысын табу үшін:


  1. Координаталық түзу бойында а санына сәйкес А нүктесін белгілеу керек;

  2. а) егер b – оң сан (b0) болса, онда А (а) нүктесін оң бағытта b бірлік кесіндіге жылжыту керек. Сонда А(а) нүктесі координатасы a+b –ға тең В нүктесіне ауысады. В(a+b);

ә) егер b – теріс сан (ba-b –ға тең В нүктесіне ауысады. В(a-b);


1-мысал. -3 пен 5 сандарының қосындысын табайық.

Шешуі: -3 санын координаталық түзу бойында кескіндейтін нүктені А әрпімен белгілейік. А(-3) нүктесін оң бағытта 5 бірлік кесіндіге жылжыту керек. Сонда қосындының мәнін кескіндейтін В(2) нүктесі алынады. Демек,

-3+5=2

В

О

А



0

2

-3




2-мысал. 4 пен -7 сандарының қосындысын табайық.

Шешуі: 4 санын координаталық түзу бойында кескіндейтін нүктені А әрпімен белгілейік. А(4) нүктесін теріс бағытта 5 бірлік кесіндіге жылжыту керек. Сонда қосындының мәнін кескіндейтін В(-3) нүктесі алынады. Демек,

4+(-7) = - 3

В

А

О



4

0

-3




a санына b санын қосу үшін – а санын b бірлікке өзгерту болып табылады.


3-мысал. 5 пен -5 сандарының қосындысын табайық.

Шешуі: 5 санын координаталық түзу бойында кескіндейтін нүктені В әрпімен белгілейік. В(5) нүктесін теріс бағытта 5 бірлік кесіндіге жылжыту керек. Сонда В(5) нүктесі санақ басы болаын О(0) нүктесімен беттеседі. Демек, 5+(-5) = 0

В

О



5

0




Қарама-қарсы сандардың қосындысы 0-ге тең, a+(-a)=0.


Кез келген санға нөлді қосқаннан кейін сан өзгермейді. a + 0 = a

+0

+0

О



-2

4

0




Есептер шығару: №421.

  1. Нүктенің координаталық түзу бойымен жылжуының санды өрнегін жаз;

  2. Санды өрнектің мәнін табыңдар.

1)

О


?

2

0



2)

О


?

5

0



3)

О


-1

?

0




422. Координаталық түзудің көмегімен қосындының мәнін табыңдар:

1) – 2 + 5; 3) – 5 + 6; 5) – 5 + 0;

2) – 3 + 7; 4) – 4 + 4; 6) – 2 + 6.


423. Координаталық түзудің көмегімен айырманың мәнін табыңдар:

1) 3 – 5; 3) 4 – 5; 5) – 2 – 4;

2) 2 – 4; 4) – 1 – 4; 6) 3 – 3.


427. Есепті координаталық түзудің көмегімен шығарыңдар.

Таңертең ауаның температурасы 2°С, ал кешке қарай өзгеріп, - 4°С болды. Күні бойы ауаның темпетурасы неше градусқа өзгерді?


432. Теңдеуді шешіңдер:


  1. Жаңа сабақты бекіту

  1. Нүкте координаталық түзу бойымен оң бағытта жылжыса, оның координатасы қалай өзгереді? Теріс бағытта жылжыса ше?

  2. а санын b санына қосуды қалай түсінесің?

  3. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?





  1. Білімді бағалау

  1. Жалпы сыныпты бағалау

  2. Жеке оқушыларды бағалау.



  1. Үйге тапсырма беру

  1. Т. А. Алдамұратов, Т. С. Байшоланов, Е. С. Байшоланов 6-сынып, «Математика», §3,1, 122-123 бет аралығын оқу.

  2. №428, 430.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!