СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары "Ондық бөлшектерге амалдар қолдану"

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақ жоспары, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары "Ондық бөлшектерге амалдар қолдану"»



Бөлім:


5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану


Педагогтің аты-жөні


Исмагилова Назым Зияшовна

Күні:



Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы


Ондық бөлшектерді қосу және азайту


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары


5.1.2.27 ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Ондық бөлшектерді қосу және азайту ережелерін есеп шығаруда қолданады;


Басым бөлігі: ондық бөлшектерді қосу және азайту амалдарын орындайды, өрнекті ықшамдайды;


Кейбір оқушылар: жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде өрнектеп, күрделі есептерді амалдап орындайды, қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолданып, тиімді тәсілмен есептейді;

Бағалау критерийлері

- ондық бөлшектерді қосу және азайтуды баған түрінде орындайды;

- ондық бөлшектерді қосады;

- ондық бөлшектерді азайтады;


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну, қолдану

     

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут






Оқушылармен амандасу, түгендейді, өзара ынтымақтастық атмосферасын құрады, «пазл» әдісі арқылы топқа бөледі.




Назарын сабаққа аударады, бір-бірлеріне сәттілік тілейді. Кеспе қағаздар бойынша сурет құрастырып топқа бөлінеді.







Кеспе қағаз, қала суреттері






Үй тапсырмасын тексеру

1 минут

Үй тапсырмасын ауызша тексеру

«Хормен жауап беру» стратегиясын қолданады.


Өз жауаптарын айтады.




Қолпаштау


Слайд


Өткенге шолу

3 минут







«Серпілген сауал» әдісі. Оқушыларға допты лақтыру арқылы сұрақ қою – сұрақтарды лақтыру.


- Ондық бөлшектерді қосу ережесі;

- Ондық бөлшектерді азайту ережесі;

- Ондық бөлшектерді қосу, азайту амалын орындаған кезде қосудың, азайтудың қандай қасиеттерін қолдана аламыз?



Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, ережені еске түсіреді.





Қолдау көрсету, қолпаштау:

Жарайсың, жақсы


Слайд






Сабақтың ортасы

5 минут












Тапсырма №1

«Жасырын сөзді тап»

Өрнектердің мәндерін дұрыс тауып, Қазақстандағы ежелгі қала атауын анықтаңыз. Жауаптарын екінші жолға, ал оларға сәйкес әріптерді үшінші жолға жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- ондық бөлшектерді қосуды орындайды;

- ондық бөлшектерді азайтуды орындайды;

- жасырын сөзді дұрыс табады.

Жауабы: Құлан

Оқушылар тапсырманы орындап, жасырын сөзді табады. Қала туралы мәліметті өздері іздеп, танысады.

Оқушылар жауабы дұрыс болса жасыл, қате болса қызыл, кемшіліктер кетсе сары түсті көрсетеді.



Оқушыларға дескриптор ұсынылады

Өзін-өзі бағалау

«Бағдаршам»




1-тапсырма

таратпа материал, интернет ресурстары

https://kk.wikipedia.org/wiki/Құлан_(Жамбыл_облысы)

7 минут

Топтық жұмыс


















«Галереяны шарлау» әдісі

Тапсырма №2

Тиімді тәсілмен есептеңіздер:

1) 3,5 + 2,7 + 6,5 + (7,3 + 23,8) І топ

2) (8,5+5,39) +1,5 + (4,61+6 ) ІІ топ

3) (4,7 + 3,8) + 5,3 +(6,2 + 10) ІІІ топ

4) 7,61 + (3,5 + 2,39) +8,3 +11 IV топ

Дескриптор:

1.қосудың терімділік, ауыстырымдылық қасиеттерін қолданады;

2.қосуды орындайды;

Оқушылар қосудың терімділік, ауыстырымдылық қасиеттерін қолданып қосуды орындайды. Қабырғаға әр топ өз есебі жазылған постерді іледі. Топтар қабырға газеттерін қарап шығып, тексереді, талдайды, постерге өз пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяны шарлау аяқталған соң, топтар сыныптастарының пікірін сараптап, қорытынды жасайды.

Дескриптор ұсынылады,

Топтық бағалау

Тапсырмалар, постер, маркер, стикер

3 минут

Оқулықпен жұмыс








Тапсырма №3 Өрнекті ықшамда

Оқулықтан №786 есептің 1,2 орындау, 40-бет.

1) 0,3х+1,6х -0,5х

2) 9,25у -2,3у + 7,05у


Қосу мен азайтудың көбейтуге қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнекті ықшамдайды.






Жұптық бағалау Тақтада жауабы мен шығару жолдары көрсетіледі




Оқулық

Математика,

2-бөлім.

Алдамұратова Т.А. Байшоланова Қ.С.

Алматы: Атамұра, 2017


Сергіту сәті

2 минут











Сиқырлы шаршы. Тігінен, көлденеңінен тұрған сандардың қосындысының мәні 6-ға тең болатындай етіп бос торкөздерге сандар жазыңыздар.







1,5





2,7


3,4

0,3



Барлық оқушы өздігінен орындайды. Тапсырманың нәтижесін слайдтағы жауап бойынша салыстырады, тексереді.








Қолпаштау





Слайд





10 минут

Саралау тапсырмасы



















4-тапсырма

Есептеңіз:

a) 89 + (58 – 9,709) – (3 +1,068);


Дескриптор: Білім алушы

- амалдардың орындалу ретін көрсетеді;

- аралас санды ондық бөлшек арқылы өрнектейді;

- ережені пайдаланып ондық бөлшектерді қосады;

- ережені пайдаланып ондық бөлшектерді азайтады.

Саралау тәсілі: Диалог және қолдау көрсету.

Оқушылардың тапсырманы орындауға көмектесетін бағыттаушы сұрақтар қояды, бағыттайды. Топтық жұмыстың орындалу барысын бақылайды, топтық талқылаудың нәтижесін бағалайды.

Оқушылар тапсырманы «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі бойынша орындайды. Алдымен өзі, содан кейін жұппен талқылап, топта жұмыс жасайды. Оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.











Топтық бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек»

















Слайд, карточка




















Сабақтың соңы

4 минут










5-тапсырма . Орындап көр: «Желпіуіш» әдісі

Жұптық жұмыс. Оқушыларға ойдан есеп құрастыру ұсынылады. Есептер ауызша есептеуге бағытталған болуына назар аударылады.





Қағаздан бүктелген желпіуішке бірінші оқушы бір бөлігіне ондық бөлшектерді қосу мен азайтуға берілген есепті жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне жауап жазады. Кезегімен орындайды.

Жұптық бағалау









Желпіуіш










Рефлексия

2 минут



Идеялар себеті





Оқушылар стикерге сабақта не үйренгені туралы өз ойын жазып себетке салады.


Өзін-өзі бағалау




Стикер, себет





Үй тапсырмасы: № 789












1-тапсырма

Өрнектердің мәндерін дұрыс тауып, Қазақстандағы ежелгі қала атауын анықтаңыз. Өрнектердің жауаптарын екінші жолға, ал оларға сәйкес әріптерді үшінші жолға жазыңыз.





25,3+0,728


139 – 45, 37


85,3 + 35


100, 8 - 25, 89


1 – 0, 354

Өрнектің жауабы






Сәйкес әріптер







25, 828 = О

93,36 = Т

120, 3 =Л

74,91 =А

93,63 = Ұ

75, 09 = З

110,58 = Ы

0,646 =Н

26,028 = Қ

0,354 =П



Дескриптор: Білім алушы

- ондық бөлшектерді қосуды орындайды;

- ондық бөлшектерді азайтуды орындайды;

- жасырын сөзді дұрыс табады.



4-тапсырма

Есептеңіз:

a) 89 + (58,5 - 9,709) - (3 + 0,068);

b) ( - 8,8) + (11,3 - 5,4);


Дескриптор: Білім алушы

- амалдардың орындалу ретін көрсетеді;

-жай бөлшекті, аралас санды ондық бөлшек арқылы өрнектейді

- ережені пайдаланып ондық бөлшектерді қосады;

- ережені пайдаланып ондық бөлшектерді азайтады.







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!