СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 11.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары: Windows-тің стандартты қосымшалары

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Windows XP-дің негізгі  cтандартты программалары:

1) программа-көрсеткіш Проводник,

2) графикалық редактор Paint,

3) Мәтіндік редакторлар Блокнот және  WordPad

4) Калькулятор

5) Адрестік кітап

6) Мультимедиялық программалар жиынтығы  «Развлечения»,

7) Қызметтік негіздегі  программалар:  Архивация данных (Деректерді мұрағаттау), Дефрагментация диска, Очистка диска (Дискті тазалау), Таблица символов (Символдар кестесі) және басқалар,

9) Телефондық жүйемен  байланыс ұйымдастыру  программаларының  жиынтығы  Связь (Байланыс).

Стандартты программалар мәзірі ПУСК батырмасын басу арқылы жұмысқа қосылады (сурет 1).  «Пуск» батырмасын басқан соң  «Программы» жолын таңдау керек, сонан соң пайда болған бағыныңқы мәзірден  «Стандартные» жолы таңдалады. Стандартты программалар тізімінен қажетісін таңдау керек.

Показать полностью

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: Windows-тің стандартты қосымшалары»

САБАҚ ЖОСПАРЫ №______


Пән аты: Информатика Оқу тобы ____________________ Курс 1

Сабақтың тақырыбы: Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары

Сабақ типі: аралас

Көрнекіліктер: плакат «Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары»,

Құрал — жабдықтар: дербес компьютерлер, проекциялық аппарат, жекелеме тапсырмалар

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары: WordPad, Paint, Қойын дәптер, Күнтізбе, Калькулятор, Сағат, Дыбыс жазу, Медиаплеер, Терминал жайлы түсінік бере отырып, олардың кеңейтілуі, ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері туралы мағлұмат беру;

Дамытушылық:  Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламаларымен жұмыс жасай білу дағдыларын, практикалық шеберліктерін дамыту шығармашылық қабілетін, қызығушылығын арттыруға ықпал ету;

Тәрбиелік: Оқушылардың шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, өзіндік ойын жеткізу білуге жағдай жасау.

Пән аралық байланыс: сызу, математика.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Дербес компьютердің аппараттық қамтамасыз етілуіне не жатады?

2. Дербес компьютердің программалық қамтамасыз етілуі дегеніміз не?

3. Программалық жасақтама деген не?

4. Қолданбалы программалық жасақтама деген не?

5. Жүйелік деңгейдің қызметі қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ
 Windows XP-дің негізгі  cтандартты программалары:

1) программа-көрсеткіш Проводник,

2) графикалық редактор Paint,

3) Мәтіндік редакторлар Блокнот және  WordPad

4) Калькулятор

5) Адрестік кітап

6) Мультимедиялық программалар жиынтығы  «Развлечения»,

7) Қызметтік негіздегі  программалар:  Архивация данных (Деректерді мұрағаттау), Дефрагментация диска, Очистка диска (Дискті тазалау), Таблица символов (Символдар кестесі) және басқалар,

9) Телефондық жүйемен  байланыс ұйымдастыру  программаларының  жиынтығы  Связь (Байланыс).

Стандартты программалар мәзірі ПУСК батырмасын басу арқылы жұмысқа қосылады (сурет 1).  «Пуск» батырмасын басқан соң  «Программы» жолын таңдау керек, сонан соң пайда болған бағыныңқы мәзірден  «Стандартные» жолы таңдалады. Стандартты программалар тізімінен қажетісін таңдау керек.

 

  1.  Блокнот мәтіндік редакторы Блокнот программасы қарапайым мәтіндік редактор болып табылады. Ол АNSI форматтағы, яғни форматы жоқ, мәтіндік кұжаттарды дайындауға және өңдеуге арналған. Мұндай формат қызметтік файлдарға, мысалы АutoЕХЕС.ВАТ және ІNI кеңейтулі файлдар, беріледі. Блокнота мәтінді өңдеуге қажетті әрекеттердің ең аз мөлшері қолданылады. Бұл программаның негізгі қасиеті оның өте жылдам жұмысқа қосылуы және жұмыс істеуі. Бұл ортада кұрылған файлдарға .tхt кеңейтуі беріледі. Блокнот программасы құрамды кұжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде пайдаланылады және қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді.


Көптеген  әрекеттерді   пернетақтады  жылдам   шақыру  батырмаларын  басу  арқылы орындатуға болады:

CTRL + N – құру

CTRL + Y- қайталау

CTRL + Н –алмастыру 

CTRL + O — ашу

CTRL + X-кесіп алу

CTRL + G — өту

CTRL + S — сақтау

CTRL + C – көшірме алу

CTRL +  A — барлығын белгілеу

CTRL + P – басу

CTRL + V – қою

 

CTRL + Z – болдырмау

CTRL + F — табу

 

  1. WordPad мәтіндік редакторы. Мәтіндік редактор WordPad, барлық мәтіндік редактор сыяқты мәтіндік құжаттарды кұруға, өңдеуге және қарастыруға арналған. Блокнот редакторымен салыстырғанда тағы да бір маңызды функцияны — кұжатты форматтауды жүргізе алады. Құжатты форматтау ол — шрифтердің бірнеше түрін қолдану, мәтіннің шеттерін теңестіру, құжатқа басқа табиғатты объектіні (мысалы, сурет) енгізу, ағып өту мүмкіндіктерінің болуы.

WordPad  кұжаттарға өз бетімен PTF кеңейтуін береді. Сонымен қатар WordPad   МS DOS мәтіндік форматымен және Unicode мәтіндік форматтарымен жұмыс істей алады және осы форматтарда сақтай алады.

WordPad программасы кұрамды кұжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде ғана емес, қолданба-қабылдаушы ретінде де пайдаланылады, қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді және ОLЕ объектілерді ендіру және байланыстыру технологияларын қолдануға мүмкіндік береді.

   WordPad  мәтіндік редакторында пернетақта арқылы басқару жүргізу үшін мына жылдам шақыру батырмаларын қолдануға болады:

CTRL + N – кұру

CTRL + O-  ашу

CTRL + S- сақтау

CTRL + P –басу

CTRL + Z – болдармау

CTRL + Y- қайталау

CTRL + X- кесіп алу

CTRL + C – көшірме алу

CTRL + V – қою

CTRL + F – табу

CTRL + Н- алмастыру (ауыстыру)

CTRL + А – барлығын белгілеу

  1. Калькулятор. Калькулятор программасы стандартты (калыпты) режимде қарапайым арифметикалық есептеулерді жүргізуге арналған (Калькулятор бетіндегі төменгі сурет) және инженерлік режимде (Калькулятор бетіндегі ортадағы сурет). Калькулятордың жұмыс режимі жатық мәзірдегі Вид арқылы таңдалады.

Инженерлік режимде Калькулятор есептей алады:

1) негізгі және кері алгебралық және тригонометриялық функцияларды, гиперболалық функцияларды;

2) екілік, сегіздік, ондық, он алтылық есептеу жүйелерінде берілген сандармен логикалық әрекеттерді.

Стандартты режимде жұмыс істейтін калькуляторда, сандық және арифметикалық амалдар (* — көбейту, / — бөлу, + — қосу, — — алу, sqrt — квадрат түбір табу, % — пайыз табу, 1/х — кері шаманы есептеу, үтір — бүтін мен бөлік арасындағы белгі, +/- — санның таңбасын өзгерту, = — есептеуді аяқтау) батырмаларымен қатар, мынандай батырмалар бар:

С — жаңа есептеуді бастау

СЕ — терілген санды алдындағы арифметикалық амалмен бірге өшіреді,

МС — жадыдағы санды өшіреді,

МК — жадыда сақталған санды индикаторға шығарады,

МS — калькулятор индикаторындағы санды жадыға жібереді,

М+- индикатордағы санда жадыдағы санмен қосып, қосындыны жадыда сақтайды,

Васкsраsе — кейінгі терілген цифрды өшіреді.

Стандартты калькуляторда бір жадылық регистр бар. Калькулятордың жадысында сан бар екендігін  жоғарғы сол жақ бұрышта «М» әріпінің пайда болуы көрсетеді.

  1. Сілтеуіш (Проводник)

Сілтеуіш — программа (қолданба), көмегімен файлдық жүйедегі кезкелген объектіні (бума не файл) және олармен қажетті әрекеттерді орындауға болады. Сілтеуіш көмегімен қолданбаларды жұмысқа қосуға, құжаттарды ашуға, файлдар мен бумалардың көшірмесін алуға не көшіруге, дискеттерді форматтауға, Интернеттегі Wed-беттерді көруге болады және т.б. Сілтеуіш интерфейсы қолданушы үшін түсінікті түрде жасалған.

Сілтеуіштің негізгі жұмыс өрісі екі тақтадан (кейде үш) тұрады.

Оң тақтада, орналасуы мекен-жай жолында көрсетілген, буманың кұрылымы шығады. Осы тақтадағы буманы тышқанмен екі шертсе, онда бума ашылып, онын кұрылымы осы тақтада көрсетіледі.

Сол жақ тақтада бумалар денгейлерінің иерархиялық кұрылымы көрсетіледі. Бума есімі алдындағы «+» белгісі, бумада ендірілген бумалар бар екендігін көрсетеді. Осы буынды тышқанмен шертсе, бума ашылады да, онда ендірілген бумалар көрсетіледі, ал буын белгісі «-» ауысады. Бұл белгіні шертсе, буын бұрынғы қалыпқа келіп, бума жабылады. Егер сол жақ   тақтадағы буманы шертсе (белгілесе), оның кұрылымы толығымен оң жақ тақтада көрсетіледі.

Сілтеуіш программасындағы негізгі жылдам шақыру батырмалары:

CTRL + Z – болдармау

CTRL + X- кесіп алу

 

CTRL + C – көшірме алу

CTRL + V- қою

CTRL + А- бәрін  белгілеу

  1. Графикалық редактор Раіnt Графикалық редактор Раіnt растрлық, нүктелерден тұратын, суреттерді кұру (салу), өңдеу және қарастыру үшін қолданылады. Алмасу буферіндегі суреттін көшірмесін Раіntта әрі қарай оңідеуге алуға болады. Раіntта кұрылған суретті басқа құжаттарға қоюга немесе Жұмыс үстелінің фондық суреті ретінде пайдалануға болады. Раіntта сканермен алынған суретті көруге және өзгертуге болады.

Көптеген бұйрықтарды жылдам шақыру батырмалары көмегімен пернетақта арқылы орындауға болады.

CTRL + N – құру

CTRL + O- ашу

CTRL + S- сақтау

CTRL + P – басу

CTRL + Z – болдырмау

CTRL + Y- қайталау

 

CTRL + X- кесіп алу

CTRL + C – көшірме алу

CTRL + V – қою

CTRL + А – бәрін белгілеу

CTRL + Т- саймандар

CTRL + L – палитра

 

CTRL+ F- суретті көру

CTRL+ R- шағылыстыру/бұру

CTRL+ W- созу/еңкейту

CTRL+ I- қарсы түске өзгерту

CTRL+ E- атрибуттар




 

V.               Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту

Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту мақсатында «Жалғастыр» әдісі орындалады. Берілген кестедегі бірінші бағанада стандартты бағдарламалардың атаулары көрсетілсе, келесі бағанада стандарттық бағдарламалардың атқаратын қызметі беріледі. Тек олардың орындары шатастырылып берілген. Оқушылар бірінші және екінші бағананы бір-бірімен дұрыс тауып, жалғастыруы керек.

 

Атауы

Қызметі

Қойын дәптер

Есептеулер жасауға арналған

Калькулятор

Қажетті құжаттарды, бумаларды іздеу

Адрестік кітап

Қарапайым сызбалар тұрғызу

WordPad

ДК-ге жалғанған қосымша компьютерді іздеу

Раіnt

Қажетті адам, мекен-жай жайлы мәлімет алу

Көңіл көтеру бағдарламалары: «Дыбыс жазу», «Аудиоплеер»

Қарапайым мәтіндік құжаттар даярлау

Жетектеуіш

ДК-де арнайы эффектілерді қолдану

Сағат

Әуендер тыңдау, жаңа ауен жазу

Қызметтік бағдарламалар тізбесі

Қарапайым мәтінге обьекті кірістіру

Байланыс

Дискілердің жұмысын тексеру

Арнайы мүмкіндіктер

ДК-де орнатылған уақытты өзгерту

VI.           Үй тапсырмасы.

Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Дәулетқұлов «Информатикадан 30 сабақ» 11 – сабақ 127 – 133 беттер,

А.Г.Гейн, А.И.Сенокосов «Информатика»  3 – тарау, §9 Windows операциялық жүйесі. 4 – 5 – Зертханалық жұмыстар. 41 – 59 беттер.

 

VII.        Оқушылар білімін бағалау, сабақты қорытындылау






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Закрыть через 5 секунд
Комплекты для работы учителя