Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3B Қазақстан Ресей империясының құрамында | Мектеп: |
Сағат саны: 1 сағ | Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | XIX ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалар (Алғашқы сабақ, 1-сабақ) |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты |
7.3.1.3 – Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау; 7.3.1.4 – Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру; |
Сабақтың мақсаты | Патша үкіметінің 1867-68 жж әкімшілік реформаларының жүргізілу себептері мен барысы туралы түсіну |
Бағалау критерийлері | Сыни ойлау мен талдау- 1867-68 жж әкімшілік реформаларының жүргізілу себептері мен оның жүргізілу барысын анықтайды; Синтез- 1867-68 жж реформалардың нәтижесін қорытындылайды |
Тілдік мақсаттар | 1867-1868 жж. реформаларының мән-жайы туралы талдайды, (айтылым дағдасы) Ресейдің жүргізген саясаты туралы зерттеулермен танысады (оқылым, айтылым, жазылым дағдылары) Пәнге қатысты лексика мен терминология «Бөліп ал да, билей бер», генерал – губернаторлық, облыс, уезд, болыс, ауыл, приказ Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері: Қазақ Еліне 1867-1868жж. реформалардың жүргізілуінің себебі... ... ... 1867-1868жж. реформалардың мақсаты... ... ... Ең басты өзгерістер болды… Бастапқыға қарағанда маңыздырақ болды, өйткені… Бұл оқиға/өзгеріс маңызды болды/ айтарлықтай, өйткені… |
Құндылықтарды дарыту | «Мәңгілік ел» идеясы негізінде азат елдің тәуелсіздік бұғауына түсу тарихын оқыту арқылы патриотизм құндылығы жүзеге асады Сабақ барысында «Функционалды сауаттылық», топтық жұмыста «Құрмет пен ашықтық» жүзеге асады |
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі пәні бойынша білімдері жаңа сөздермен жұмыс және оқылым, айтылым, жазылым барысында қолданылады. Картамен жұмыс барысында география пәнімен байланыс жүзеге асырылады |
АКТ қолдану дағдылары | АКТ дағдыларын дамыту (бейнематериал, ноутбук, интербелсенді тақта) |
Бастапқы білім | Ұлы жүздің Ресей құрамына қосылуы жалпы қазақ жерлерінің Ресей империясының құрамына толықтай қосылуына әкелгендігін біледі |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылық- ты ояту 00-05 мин | (Т) Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру БЫМ Тақтаға Франция королі ХІ Людовиктің айтқан сөзін: «Бөліп ал да, билей бер» (Diviser pour regner) және сурет тақтадан слайд арқылы көрсетіледі. Оқушылардың зейінін суретке аударып, төмендегі сұрақ арқылы сурет пен афоризмді қалай түсінетініндігі сұралады. Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады. - Бұл ұстанымның ХІХ ғасырда Қазақстанға қандай қатысы болды? М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылғаннан кейін бағалау критерийлеріне, тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады. Тарихи концепт (фокус): Себеп пен салдар | Презентация Қосымша-1 Суреттер Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) 5 томдық. Алматы, 2010, 3-том Қазақстан тарихы оқулығы, 8-сынып, Қабылдинов З.Е.,Қайыпбаева А.Т., Алматы «Атамұра» 2012 184-191беттер |
Сабақтың ортасы Мағынаны тану 05-25 мин 25-39 мин | Зерттеу сұрағы: Патша өкіметі тарапынан «бөліп ал да, билей бер» ұстанымы қалай жүзеге асты? (М) Тақырыпқа мазмұнына қатысты қысқаша шолу. Зерттеу мен талдау 1-тапсырма. Бейнематериалмен жұмыс (Т) 1867-1868 жж. әкімшілік басқару жүйесіне байланысты интерактивті тыңдалым ұсынылады. Оқушылар бейнематериалды тыңдай отырып, берілген тапсырмаға сәйкес қажетті мәліметтерді дәптерлеріне жазып отырады. Тыңдалым аяқталғаннан кейін, жұп ішінде талқылап, жауаптарын сыныпқа жариялайды. 1-жұп. Патша өкіметінің 1867-68 жж реформа жүргізуінің себебін анықтаңыз; Реформа мақсатын сипаттаңыз; Патша өкіметінің реформаны жүргізудегі дайындық жұмыстары туралы әңгімелеңіз. Дескриптор: -Патша өкіметінің 1867-68жж реформа жүргізілуінің кемінде 2-3 себебін анықтайды; -1867-68жж әкімшілік реформалардың мақсатын сипаттайды; -Патша өкіметінің реформаны дайындау жұмыстарының кемінде 1-2 іс-шарасын нақты дәйектер келтіре әңгімелейді; 2-жұп. «Уақытша Ереженің» нәтижесінде Қазақстанда болған әкімшілік-территориялық өзгерістерді картада белгілеңіз; 1867-68жж реформаның нәтижесінде Қазақ жерінде құрылған әр әкімшілік-территориялық бөліктерді және оларды басқаратын лауазымды тұлғаларды тірек-сызба негізінде түсіндіріңіз. Дескриптор: - 1867-68 жж реформа негізінде Қазақстан жерінде құрылған 3 генерал-губернаторлықты және 6 облысты белгілейді; -1867-68жж әкімшілік реформалардың нәтижесінде құрылған 5 әкімшілік-территориялық бөлікті және олардың лауазымды тұлғаларын тірек-сызба негізінде түсіндіреді 1-жұп 2-жұп Дескриптор: -1867-68 жж реформа негізінде шаруашылық пен тұрмысқа енген кемінде 2 өзгерісті дәйек келтіре әңгімелейді; -1867-68 жж реформалардың негізінде сот істеріне енген кем дегенде 2 өзгерісті талдайды Кері байланыс. Жұптардың бір-бірін бағалауы Интерпретация.
2-тапсырма. Қорытындылау жұмысы «РАФТ» (Б) Оқушылардың алған білімдері мен дағдыларын қорытындылап, түйіндеу үшін төмендегі тапсырманы орындайды. РАФТ әдісі бойынша оқушылар берілген сөздерді пайдалана отырып, шағын хабарлама дайындайды. Берілген сөздер тізбегінен кемінде 3 сөз қолдануы керек және ол бүгінгі сабақтан алған білімдерінің жиынтығы болады. Сөздер: Әкімшілік-аумақтық бөлік,әскери-азаматтық билік әскери губернатор, болыс, түтін салығы Р-рөл А-аудитория Ф-форма Т-тақырып Дескрипторы: -Жауап құрылымын сауатты құра алады; -Дәйекпен дәлелденген тұжырым береді
| Қосымша-1 СББР № 197. Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа: http://e-history.kz/kz/scorm/course/235 Карточкалар Карта: Қазақстанның 1867-1868 жж. реформалар бойынша әкімшілік аумақтық бөлінісі http://e-history.kz/kz/scorm/course/235 Қосымша-2 Кескін карта Қосымша-3 Тапсырма парақшасы |
Сабақтың соңы Ой-толғау 39-40 мин | Рефлексия. Оқушыларға түрлі түсті стикерлерді тарату. Оқушылар кері байланыс парағы негізінде өздерінің білімдері мен дағдылары қандай дәрежеде игергендерін көрсетеді. Мысалы, «Мен барлығын түсіндім» деп ойласа, өзіне жасыл стикер, егер орташа деп есептесе – сары, ал меңгеру қиыншылық туғызған жағдайда қызыл стикерді таңдап алады. Үлгі: Мен барлығын түсіндім, тапсырмаларды орындадым деген жағдайда (жасыл стикер); Мен орташа түсіндім, тапсырмаларды орындауда қиналдым деген жағдайда (сары стикер); Ешнәрсе түсінбедім, тапсырмаларды орындауда қатты қиналдым деген жағдайда (қызыл стикер) | Стикерлер |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |