СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезовтың өмірбаяны мен шығармашылығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың білімдік аспектісіЖазушы Мұхтар Әуезовтың сан қырлы шығармашылығы  жайлы мәлімет беру, оның  танымына орыс және Батыс әдебиеті классиктерінің әсерін көрсету;  Еуропаның ой-пікірлерінің, тарихи танымының,  көркемдік әлемінің ықпалын айқындау.

 

Сабақтың дамытушылық мақсаты

«Мұхтар Әуезов - көркем сөздің алыбы»тақырып негізінде оқушыларды сауатты, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге баулу, сөздік қорын молайту, білімдерін, дүниетанымдарын дамыту. 

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:  Мұхтар Әуезовтың  зерделігі мен ұлылығын үлгі ете отырып,

оқушылардың өз ойын еркін айтуға, шындықты қабылдау, намысты, әділетті болуға, жазушы шығармалары арқылы тәлім-тәрбие беру, елін сүюге тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезовтың өмірбаяны мен шығармашылығы»


Бактугулова А.Т.

БатысҚазақстан«АТиСО»

академиялық колледжінің

қазақ тілі мен әдебиеті

оқытушысы


I.Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезовтың өмірбаяны мен шығармашылығы.


II. Сабақтың білімдік аспектісіЖазушы Мұхтар Әуезовтың сан қырлы шығармашылығы жайлы мәлімет беру, оның танымына орыс және Батыс әдебиеті классиктерінің әсерін көрсету; Еуропаның ой-пікірлерінің, тарихи танымының, көркемдік әлемінің ықпалын айқындау.


Сабақтың дамытушылық мақсаты

«Мұхтар Әуезов - көркем сөздің алыбы»тақырып негізінде оқушыларды сауатты, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге баулу, сөздік қорын молайту, білімдерін, дүниетанымдарын дамыту. 

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:  Мұхтар Әуезовтың зерделігі мен ұлылығын үлгі ете отырып,

оқушылардың өз ойын еркін айтуға, шындықты қабылдау, намысты, әділетті болуға, жазушы шығармалары арқылы тәлім-тәрбие беру, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Интерактивті, әңгімелеу, пікір айту, сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекіліқ құралдары: оқулық,слайдтар, маркерлер.

Сабақтың жоспары:

1.М.Әуезовтің шығармашылық өмір жолы.

2.Шығармалары.

3. Шығармаларына шолу.

4. “Абай жолы” роман-эпопеяся-ұлы шығарма.

«Мұхтар Әуезов – қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы суреткері. Мұхаңды құрметтеу – елдің тәуелсіздігін құрметтеу, өз еліңді сүю, Отаныңды қорғау, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямау».
Н.Ә. Назарбаев

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу, жалпы дайындық.

Кіріспе

Оқушылардың сабаққа ықыласын арттырып, қызығушылығын ояту үшін "Көксерек" фильмі көрсетіледі.

- Балалар, қай фильмнен үзінді көрдіңіздер? Фильмге арқау болған әңгіменің авторы кім?

- Дұрыс айтасыздар, "Көксерек" шығармасының авторы - Мұхтар Әуезов. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Мұхтар Әуезов өмірі мен шығармашылығы.

Үй тапсырмасын тексеру. (Задания опережающего характера:оқушылар алдын –ала тапсырма бойынша слайд - презентация даыйындау, деректемелермен таныстыру).

Слайд. 1-ші оқушы М.Әуезовтің өмір жолы туралы.

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті жазушысы –Мұхтар Әуезов. Ол-қазақ әдебиетіндегі «Абай жолы» роман-эпопеяның авторы. М. Әуезов қазіргі Семей обылысының Абай ауданында 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Атасы Әуез Абаймен сыйлас болған. Атасы Әуездің тәрбиесінде өскен бала Мұхтар сауатын Абайдың өлеңдерін оқып ашқан.Ол алдымен ауыл мектебінде оқып, содан соң Семей мұсылман медресесінде жалғастырады. 11 жасында Семейдегі 5 сыныптық орыс гимназиясына оқуға түседі.Одан соң 4 жылдық мұғалімдер семинариясын бітіреді.Озат оқушылар катарында болады. Мұхтар арабша «таңдаулы» деген мағынаны білдіреді

Слайд. 2-ші оқушы. Шығармалары туралы айтады.

1. 1917жылы: “Еңілік-Кебек” пьесасы алғашқы көлемді көркем шығармасы.

2. 1920 – шы жылдары: “Қорғансыздың күні” әңгімесі, “Қараш-қараш оқиғасы” повесі.

3. 1930 -шы жылдары: ”Қаракөз” “Айман- Шолпан”драмалары.

3 – ші оқушы: М.Әуезов шығармаларының ішіндегі ерекше туындысы- «Қараш-қараш» повесі 1969 жылы Францияда «Бақтығұлдың кегі» деген атпен жарияланған. Ал «Көксерек» повесін жазуда екі түрлі себеп бар еді. Бала кезінде ағасы Ертіс бойындағы Керекуде «Аққасқа» деген сырттан ит бар екен деп естіп, Мұхтарға Керекуден екі тазы ит алдыртады. Екіншісі жұбайы Валентина Николаевна бірде күнтізбе алып, М.Әуезовтың жазу үстелінің жанына іліп қояды, онда табиғат суреті, ит бейнесі бар еді. Осы екі нәрсе повесті жазуға жетелейді. 

4- ші оқушы: М.Әуезов-аударма шебері. Ол орыс драматургиясы мен Батыс Еуропаның мынандай шығармаларын шебер қазақшаға аударған. Олар: Н.В.Гогольдің «Ревизоры», И.С.Тургеневтің «Дворян ұясы» романын, Л.Толстойдың «Той тарқар» әңгімесін, ағылшын драматургі В.Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсау» пьесаларын аударған.

5–шы оқушы: 15 жыл жазған 4 кітаптан тұратын әлемге әйгілі «Абай жолы»- М.Әуезовтың бас кітабы. 1949 жылы- Сталиндік сыйлық,1959 жылы -Лениндік сыйлық берілді.Әлем мойындаған үлкен жеңіс. Абай өмірінің әр кезеңін суреттейді.Жас Абай, ақын Абай, аға Абай, дана Абай. «Абай жолы» эпопеясының өзі дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. Бұл романды орыс жазушысы Константин Федин, француз жазушысы Луи Арагон: «Абай жолы» эпопеясы - ХХ ғасырдың ең үздік шығармалардың бірі»,- деп жоғары бағалайды.

6 - ші оқушы: Мұхтар Әуезов әдебиетінің тағы бір үлкен айдыны – батыс әдебиеті.Бұл тақырыпқа келгенде әде­биетші, ғалым, Нобель сыйлы­ғының лауреаты, ағылшын-американ әдебиетінің асқан білгірі Н.Анастасьев Әуезовтің бүкіл драматургиясын – Шекс­пирмен, алғашқы әңгіме, повес­терін – Дж.Лондон, Дж. Конрад, ұлы « Абай жолы» эпопеясын – Дж.Голсуорси, У.Фолкнер­дің әйгілі романдарымен үндескендігін айтады. Автор Әуезовтің кез келген туындысын әлем әдебиетінің классикалық шығармаларымен шендестіре зерттейді. Әсіресе, “Еңлік-Кебекті” Шекспирдің “Ромео-Джульеттасымен” салыстыра отырып, Кебекті – Ромео, Еңлікті– Джульетта, Монтекки мен Капулетти арасындағы күйкі тірлік кикілжіңдерін наймандар мен тобықтылар арасындағы бітпейтін даумен салыстыра суреттейді. Әуезов драматур­гиясының “Еңлік-Кебектен” кейінгі тағы бір шыңы “Қарагөз” бен “Гамлет” авторлары арасындағы көзқарас жақындығын Офелия мен Қарагөз образдарымен салыстыра отырып байқауға болады.

7 – ші оқушы: Ғалым “Бүркітші”, “Қараш-Қараш оқиғасы”, “Көксерек” шығармаларын талдай келе Мұхтар Әуезовті даланың ұлы жыршы­сы деген. Шынды­ғында Дж.Лондон үшін – солтүстік, Э.Хемингуэй үшін – саванна, Д.Конрад үшін – теңіз, М.Твен үшін – жабайы америкалық батыс, Х.Борхес үшін – пампа қан­дай жақын болса, Мұхтар Әуезовтің жүрегіне дала да сондай жақын. Өйткені, ол – Дала перзенті.

8 – ші оқушы: Анастасьев осының жоққа шығармай-ақ, ұлы энопеясының жеті сипатын ашады.

Біріншіден, “Абай жолы” – тәр­биелік роман.

Екіншіден, “Абай жолы” – шы­тыр­ман оқиғалы роман. Шапқан ат, ұшқан құс, жүгірген аң, қашу-құтылу сияқ­ты үнемі шым-шы­тырық оқиғалар – осының дәлелі.

Үшіншіден, “Абай жолы” – әскери роман. Оқ-дәрі иісі аң­қып тұрған жоқ, жантүрші­герлік жаһангер соғыстарын да тап­паймыз. Бі­рақ романда орыс патшасының отаршыл саясаты, оз­бырлығына қарсы - шоқпар ұстаған белгілері көрініс тапқан.

Төртіншіден, “Абай жолы” – махаб­бат жайлы роман.Махабат тақырыбындағы үндесу М. Әуезовтың Абай – Тоғжан, А.С.Пушкинның «Евгений Онегин» шығармасындағы Евгений мен Татьяна, Л.Н. Толстойдың «Война и мир» романындағы Андрей Болконский мен Наташа Ростованың араларындағы ыстық сүйіс­пеншілік сезім, жұбайлық қарым - қатынас. “Махаббатсыз дүние бос”, – деп жер-жаһанға жар салған Абай туралы эпопеяның махаббатқа арналмауы да мүм­кін емес.

Бесіншіден, бұл – психологиялық роман . Алтыншыдан, бұл – натуралистік роман, себебі қазақ қоғамындағы өмірдің бар шын­дығын көрсе­те білген. Жетіншіден, “Абай жолы” – мифо­ло­гиялық роман.

Әйгілі ғалым, профессор қазақтың ұлы классигі туралы өз ойын: “Быть может, он вообще последний классик в лите­ратуре ХХ века, последний законный наследник Золотого века романа” деген тамаша тұжырым жасайды.

Ең бастысы, Әуезов әлем әдебие­тіндегі Р.Роллан, Дж.Голсуорси, У.Фолкнер, Э.Хемингуэй сияқты алыптар деңге­йінде бағаланып, сол биіктен ойып тұрып орын алғандығы.

3. Бекіту.

1. Мәтінмен жұмыс.

І Кезең – ознакомительный. Мәтінмен жұмыс.Оқушылар өз бетімен мәтінді оқиды. (мәтіннен үзінді әр оқушының алдында жатыр).

ІІ кезең – поисковый. Бұл әдіс оқушыларды сауатты, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге баулу, сөздік қорын молайту, өз ойын еркін айтуға тәрбиелейді. Жеке жұмыс жүргізіледі.

2. Стратегия Демонстрация персонажа на стене.

1. Тапсырма. мәтіндегі басты кеіпкердің образын суретпен салыңыздар.Нарисуйте контурное изображение героя текста.

2. Суреттегі контурдың ішіне ол туралы не білгеніңізді жазыңыз. Внутри персонажа напишите все, что вы узнали о нем.

3. Контурдың сыртқы жағына басты кейіпкерге қоятын сұрақтарыңызды жазыңыз. За пределами контура напишите, очем бы вы хотели спросить у главного героя.

4. 5 проблемалық сұрақтар құрастырыңыз. Составьте 5 толстых вопросов.

3. Оқиға тарихының картасын құрастыру. Составление карты истории.

Атауы- название

Кейіпкер -герой

Мекен-обстановка

Болған оқиға -События

Проблема

Шешу жолдары – решение проблемы.



















Құрмаш, ауыл, ауылға әкелді,қасқырдың бөлтірігін өсірді, табиғат – адам қарым – қатынасы, табиғат заңы, бұзуға болмайды..

Серый Лютый, мальчик, аул, воспитал волчонка, спас жизнь волчонку, нельзя разрушать законы природы, нельзя творить зло, насилие и жестокость – это плохо.

Көксерек , қасқыр, ауылда, далада, иттер оны талайды, дос болмайды, жалғыздық, түсініспеушілік, хауандық.

4. Кестемен жұмыс. Тапсырма: Сәйкестігін тап.

1. Адамды көріктендіретін


ақыл

2. Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар.

жаны сұлу,өмірге ғашық болып өседі

3. Мақсатқа жету үшін

Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек.

4. Әнге әуес, күйге құмар бала


қайтпас қайсарлық, асқан төзімділік, таудай талап пен табандылық керек.

1. Адамды көріктендіретін-ақыл

2. Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар.Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек.

3. Мақсатқа жету үшін қайтпас қайсарлық, асқан төзімділік, таудай талап пен табандылық керек.

4.  Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу,өмірге ғашық болып өседі.

Сабақтың қорытындысы. Өткен материалды бекіту.

1. Өзіңді таң қалдырған бір сәт... Назовите один момент, который мне понравился.

2. Өзіңді ойландырған бір сәт... Один момент, который заставил меня задуматься.

3. Өзіңе сабақ болған бір сәт... Один момент, из которого я извлек(ла) урок.

Мұғалімнің бағалауы.

Үйге тапсырма:
1. «Асқар таудай алыбым-Мұхтар ағам» тақырыбына эссе жазу. 






















































































































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!