СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: Теңге. Теңгенің шығу тарихымен таныстыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік: Теңгенің шығу  тарихы мен оның маңыздылығы туралы.

 

Дамытушылық: Оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту, өз ойын тұжырымдай білу, әдептілікке, ұқыптылыққа, үнемділікке ұмытылу дағдысын қалыптастыру

 

Тәрбиелік: Оқушылардың туған жер,  тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін ояту.

 

Сабақтың әдісі: Жаңа материалды түсіндіру, тіл дамыту, сұрақтарға жауап беру, әңгімелесу, оқыту,  жаздыру, ойландыру.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, Қазақстанның темір, қағаз ақшалары, сөздіктер

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Теңге. Теңгенің шығу тарихымен таныстыру»

Сабақтың тақырыбы: Теңге. Теңгенің шығу тарихымен таныстыру.


Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Теңгенің шығу тарихы мен оның маңыздылығы туралы.


Дамытушылық: Оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту, өз ойын тұжырымдай білу, әдептілікке, ұқыптылыққа, үнемділікке ұмытылу дағдысын қалыптастыру


Тәрбиелік: Оқушылардың туған жер, тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін ояту.


Сабақтың әдісі: Жаңа материалды түсіндіру, тіл дамыту, сұрақтарға жауап беру, әңгімелесу, оқыту, жаздыру, ойландыру.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, Қазақстанның темір, қағаз ақшалары, сөздіктер.


Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Ой қозғау: «Қазақстан» - блиц.

  1. Қазақстан Республикасының Президенті?


« Қара сөздердің» авторы?

  1. Қазақтың батыр қыздары?

  2. Қазақ хрестоматиясының авторы?

  3. «Тәуелсіздік күні» қай күн?

  4. Қазақстанның алғашқы ғарышкері?

  5. Қазақ қыздарының ұлттық бас киімі?

  6. Жылқы сүтінен дайындалатын сусын?

  7. Төрт түлік малды ата?

  8. Батыс Қазақстандағы ең ірі өзен?

  9. Қазақстан Республикасының соңғы Қонституциясы қай жылы қабылданды?

  10. Қазақтың екі шекті ұлттық музыкалық аспабы?

  11. Қойдың атасы?

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Кәртішкемен жұмыс.

Тапсырма 1. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңыз.

Ақша – барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы барлық тауарлардың құнын көрсететін ерекше ....

Ерте заманда гректерде, римдіктерде, славяндарда, моңғолдарда, , қыпшақтарда - ..., Скандинавияда - ...., Қытайда - ...., Абиссинияда - .... ақша рөлін атқарды.


Тапсырма 2. Жағдаяттық тапсырма. Сұхбат құрыңыз.

Мәтінмен жұмыс.

Көптеген іскерлер миллион ақша табу жолының оңай еместігін мойындайды. Дегенмен, ақша табу – қызықты және күнделікті жұмыс түрі. Іскерлер ақшаны пайда әкеледі, ақша айналымы жылдам болса, экономикада тұрақтылық болатыны анық деп есептейді. Іскерлерге ең бірніші батылдық қажет. Қолында бар ақшадан айырылып қаламын, шығын шығып кетеді деп қорықпауы керек. « Шығын шықпай, кіріс кірмейді», деген мақалдың айтылуы тегін емес.

Сұрақ: Ақша табу іскерлер үшін қызықты және күнделікті жұмыс түрі деген пікір дұрыс па? Іскерлерге неге батылдық қажет? Ақшаны қайда жинақтаған дұрыс?


3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: «Теңгенің шығу тарихы»

а) Кіріспе. Сұрақ- жауап.

Балалар, еліміздің ең маңызды мерекесі?

Тәуелсіз мемлекеттің нелері болу керек?

І. Оқушы. Тәуелсіздігіміздің бір белгісі – теңге. Теңге - Қазақстанның ұлттық ақшасы. Елтаңбамыз, Әнұранымыз, көк Туымыз бар. Оған өзіміздің ұлылырдың суреті салынған Теңге келіп қосылды. Егеменді Қазақстанның өз ұлттық валютасы 1993 жылы қараша айында айналысқа енді. 1994 жылы 2,5,10,50 тиындық монеталар шығарылды.

ІІ. Оқушы. «Теңге» сөзі – түрік тіліндегі « данга» деген сөзінен шыққан. Ал «данга» сөзі «даңғыр» деген етістік тұлғасынан шыққан. Жібек Жолы заманында темірден жасалған ақшаларды шелекпен тасып үрген. Олардың даңғырынан даңғыр деп аталған.


4. Сөздік жұмысы:

Айырбас – мена, обмен

Айырбас сауда – меновая торговля

Сауда – саттық - купля – продажа

Қарым - қатынасы – общение, взаимоотношение, связь

Құлдырауы – прийти в упадок

Әшекей – украшения

5. Теңге тарихының маңызын ашу.

Қазақстан территориясын мекен еткен тайпалар арасында ақша айналысы заттай айырбас түрінде (тоқты, қой, ірі қара, жылқының өңделген терілері ежелгі кезеңнен ХХ ғасырдың бас кезіне дейін пайдаланылған деген пікір айтылады. Латынның ақша деген сөзі - мал деген сөзден шыққан , себебі сауда айырбас рөлін сол кезде өгіз атқарған екен.

704 – 766 жылдары Таразда « Түрген теңгесі» соғылып, айналысқа енген. 1220 - 1250 жылдары монгол ханның билігі тұсында алтын динарлар шығарылған.

Теңге тарихында 1321 жылы Кебек хан тұсында 8 гр күмістен соғылған күміс динар деп аталған теңге пайда болған. Ақсақ Темір империясы кезінде динарлар теңге деп аталып қоданған. ХҮІІ ғасырда қалалрдың құлдырауы себебінен ақша соғатын шеберханалар жұмысын тоқтатты. ХҮІІІ –ХІХ ғасырда қазақ даласында сауда – саттық қарым – қатынасы айырбас түрінде дамыды. Қазақтар күміс монеталарды сауда жасауға емес, әшекейлер жасауға пайдаланды.






г) Мәтінмен жұмыс: “Теңге туралы”


Егемен қазақ елі өзінің ұлттық валютасын 1993 жылы қарашаның 25 – де шығарды. Бұндай жақсы жаналық қазақ елінің мәртебесін жоғары көтерді. Сөйтіп, егеменді Қазастанның өз ұлттық валютасы 1993 жылы қараша айында айналысқа енді.

Тапсырма №1. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойындар, сөз таптарын анықтаңдар.

Тапсырма №2. Мәтінді орыс тіліне аударыңдар.

Тапсырма №3. Түсінгендеріңді өз сөздеріңмен айтып беріңіз.


д) Рөлдік ойын « Банк қызметкері мен банкке келушінің арасындағы сұхбат құрастырыңыз.


5. Бекіту.
№ 1. Кестені толтыр.


Не?

Қашан?

Қайда? Не істеді?

« Түрген теңгесі» ?

704 -766 ж

таразда соғылып, айналысқа енген.

Не?

Неше?

Неден? Не істейді?

8 гр күміс динардың

?1321

маңызы зор болды.

Не?

Не істеген?

Кімдер?

Динарлар

«теңге» деп аталып қолданған

Ақсақ темір империясы кезінде ?


№ 2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді, сөз тіркестерді жазыңыз. Үшінші сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.


Егемен қазақ елі өзінің ...... теңгесін 1993 жылы қарашаның 25-сінде шығарды.

Ақша болмағанда, адамдар бір-бірімен ....... ........ арқылы сауда жасаған.

Жібек жолы заманында ....... және ыстан жасалған ...... болды.

№ 3. Рефлексия. Синквейін құрастыру.

Зат есім. Есімдік. Біз

Сын есім. құнды

Толықтауыш. тауарды

Пысықтауыш. ақшаға

Етістік. сатып аламыз.

3.Сынарын тап.

1. Мал баққанға –

2. Ақша туралы арам ой да -

3. Алған қолым –

4. Теңге ... өсер,

Жылқы .... өсер.


6. Бағалау және үйге тапсырма:


1.“Егер мне банкир болсам ” тақырыбына шығарма жазып келу.


2. Жаңа сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырыңыз.
















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!