СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Саяси сана және идеология» пікірлесу сабағы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Саяси сана және идеология» пікірлесу сабағы

Просмотр содержимого документа
««Саяси сана және идеология» пікірлесу сабағы»

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

















ТАҚЫРЫПТЫҚ ТОП САҒАТЫ


Тақырыбы: «Саяси сана және идеология» пікірлесу бейне сабағы







Дайындаған: 17 IS-IX

тобының топ жетекшісі

Рахымжанова М.Е.














2019-2020 оқу жылы

Тақырыбы: Саяси сана мен идеология

Тәрбие сағатының мақсаты: Саяси сана мен саяси идеологиня оқушылраға түсіндіре білу, санасына жеткізу

Көрнекілігі: видео

Мазмұны:

  1. Саяси сана түсінігі

  2. Саяси сана түрлері

  3. Саяси идеология

  4. Қазіргі саяси идеологияның негізгі түрлері мен бағыттары


Саяси сана түсінігі

Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс әрекеттеріне бағыт бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтады. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағнаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдделері мен мақсаттары,өкімет билігі үшін күрес және оны сақтап қалу міндеттері, бұл жолдағы әрекет, амал, ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.

Саяси сана әр түрлі қызметтерді атқарады. Олардың ішінде негізгілері мыналар:

Қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқты құрадас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелеу.

Тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызметті іс жүзінде идеология атқарады.

Саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл күйді білдіру. Өйткені, әлбетте, адамдарды іс әркетке итермелейтін психологиялық себептер.

Саяси сана түрлері

Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана,саяси психология және саяси идеология деген деңгейлермен тұрады.

Қарапайым (күнделікті тұрмыстық) саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылырдың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады.

Теориалық саяси сана жағдайлардың мән мағнасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді.

Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір біріне ықпал етеді. Ол қарапайым саяси сананы өңдеп, мәдени өзгертіп отырады.

Теориалық саяси сана қарапайым саяси сана сияқты стихиялық түрде тумайды. Оны арнайы дайындығы жоғарғы саяси сауаты бар теоретик адамдар ойлап шығарады.

Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі саяси идеология. “Идеология” деген ұғым гректің идея бейне және логос білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғылымы және фәлсафашысыА.Дестют де Траси (1754-1836) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Кейін келе бұл сөздің мән мазмұны өзгерді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтардың іс әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.

Идеология әр түрлі саяси, құқықтық, этикалық,діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясатпен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы,ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология жалпы идеологияның да өзегі.оның ерекшелігі саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс әрекетті бағыттайды.


Саяси идеология түсінігі

Ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Бұл кезде адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға тартылады. Адамдардың мақсатты түрде іс әрекет жасау мүмкіндігін негіздеуі идеялар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп,болақшақтан күткен қоғам туралы идеалистік түсініктерде білінеді.

Қоғам өиірінде идеология маңызды рөлді атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерірінен білінеді:

Идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді.

Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам , әлеуметтік прогресс, тұлға және билік және т.с.с. негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс әрекетіне бағыт бағдар көрсетеді.

Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады.

Амортизациялық қызметі. Саяси іс әрекетті түсіндіру тәссілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді.ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады.

Бағалау қызметі. Идеология халықсанасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отарған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.

Саясаттың қандай субъектісіне болсын идеология қажет. Ол адамдарды рухани біріктіріп, топтастырудың және басшылықтың құралы. Саяси қатынастар саласында олардың іс әрекетіне бағдар береді, еркін қалыптастырады, саяси қызметке ұмтылдырады, белсендігін арттырады. Саяси қызметке қатысушылардың іс әрекетіне мақсаттылық, жүйелілік, дәйектілік енгізеді.

Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, таптың негізгі мүдделерін танытады, оларға мұраттар, ережелер, рухани байлықтар, бағалы бағыттар жүйесін береді. Сол арқылы күрестің нақтылы мақсаттарын, оларды жүзеге асырудың құралдары мен жолдарын белгілейді. Саяси идеология арқылы тап өзіндік санаға, жеке тұтастық сезімге ие болады. Көз қарастары бірыңғай қоғамдастықтың мүшесі болып сезіну әр бір саяси қозғалыстың мүшесін байланыстырып тұратын түйіні. Сонымен қатар идеология сезім тудыратын нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен топтардың іс әрекетіне мән мағана беріп күшейтеді, асқақтадады. Мысалы, Отан үшін, халқы үшін адамдар ғажап ерлік жасап, өзін өзі құрбан етуге дейін барады.

Жүйеленген түрінде саяси идеология партия бағдарламаларында, декларацияларында, манифестерінде, жарғыларында, сондай ак түрлі насихаттық құжаттарда қалыптасады. Сондықтан А.Грамши идеология халықтың ұжымдық еркін оятып, ұйымдастыру үшін қызмет етеді деген.

Идеологияны, жоғарыда айтылғандай, саналы түрде қоғамның білімді өкілдері, идеологтер саясатшылар, фәлсафашылар, әлеуметтанушылар, заңгерлер, экономистер, ақын жазушылар, т.т. жасап шығарды. Ол ақпарат құралдары арқылы таратылады, халықтың санасына сіңдіріледі.

Саяси идеологиялар мазмұны, мақсаты жағынан прогрестік, либералдық, революциялық, консервативтік радикадық, реакциялық, шовонистік, ұлтшылдық және т.с.с. болып бөлінеді.

Кейбір ғалымдар идеологияның ұғымдары мен принциптарін нақтылы ғылымдардағы сияқты тәжірибе жүзінде тексеріп білуге келмейді деп оған күмәнданушылықпен қарайды. Әрине, “еркіндік”, “теңдік”, “достық”, “егемендік”, “демократия”, “адам құқығы”, “азаматтық қоғам”, “құқықтық мемлекет” сияқты катерияларды мінекеи деп тап басып көтеруге келмейді. Дегенмен, идеология қоғамдық саяси шындықты бейнелейтінінне дау келтіруге болмайды. Сондықтан К.Маркс идеялар халық санасына сіңгенде материалдық күшке айналады деп тегін айтпаған. Ол жоқ жерден бостан бос пайда болмайды. Жаңа идеялар пісіпжетілген тарихи міндеттерді көрсетеді. Адамзат өзінің алдына өзі шеше алатын міндеттерді ғана қояды. Себебі, міндеттің өзі осы шешуге қажетті материалдық жағдайлар болып отарған кезде ғана немесе болуға таянған кезде туады.

ХХ ғасырдың орта кезінде америкалық саясаттанушы және әлеуметтанушы Д.Белл (1919) “Идеологияның ақыры” деген еңбегінде идеологияның дәуірі өтті деп жазды. Ол ғылыми техникалық прогресс заманнында идеологияның рөлі бірте бірте өшеді міс деп пайымдады. Бұл тезис 60жылдары кең тараған студенттік қозғалыстарға жауап ретінде пайда болған. Бірақ одан өткен Американың атақты әлеуметтанушысы және экономисі У.Ростоу (1919) дүниетаным, көзқарасты, қоғамды дамытатын қозғаушы күш деп санады. Сондықтан ескірген “идеологиясыздандыру” (деидеологизация) тұжырымдамасының орнына “қайтадан идеологиялану” (реидеологизация) ой тұжырымы алға тартылды. Оның мағанасы саяси және әлеуметтік өмірдің идеологиядан тәуелділігі артып келе жатқандығын білдіреді. Тіпті, “идеолгиясыздандыру” теориясының негізін қалаған Д.Беллдің өзі осы ғасырдың 70 жылдары қоғамдық өмірден идеологиялық фактордың жойылмайтындығын, оның қозғаушы күш екенін мойындады. Ол ескі идеологияның әлсіреуі жаңасын қажет етеді деген тоқтамға келді.

Бүгінгі таңда идеологияны тудыратын объективті себептер жойылған жоқ. Керісінше , қазіргідей өтпелі заманда оның маңызы зор. Қоғамда саяси сана, саяси идеологияның деңгейі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым саяси қате шешімдер қабылдау ықтималдығы азаяды. Идеологияның әлеуметтік негізі неғұрлым ауқымды болса, ол әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына неғұрлым тереңірек сіңірсе, солғұрлым өмір шындығын толығырақ бейнелейді, тариихи процестің заңдылықтарын дұрысырақ көрсетеді, ғылымға жақын келеді.

Саяси идеология бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) тығыз байланысты. Оған баспа сөз, радио,теледидар, бейне жазу, дыбыс жазу кіріді. Бүгінгі таңда олар қоғамдық сананы қалыптастыруда шыныйы болмыстан кейінгі негізгі құрал болып отыр. Американың саясатшысы Г.Лассуэлл(1902-1978) БАҚ тың мынандай негізгі төрт қызметін атап көрсетті: 1) әлемдегі болып жатқан жағдай туралы хабарлар жинап тарату; 2) хабарларды “редакциялау” , таңдау және түсінік беру; 3) қоғамдық пікір қалыптастыру; 4) мәдениетті тарату. Жоғарыда айтылғандардың қатарына бесінші етіп оның қоғамды саясаттандыру мен бұқара халықты саяси ағартушылығын қосуға болар еді.

БАҚ азаматтар мен билік органдарына ең маңызды оқиғалар туралы мағлұматтар жинайды,таратады,оларға баға береді. Солардыңнегізінде тыңдаушыларды Үкіметтің, Парламенттің, партиялар мен қозғалыстардың іс әрекеттері, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмірі туралы пікірлері, көзғарастары қалыптасады.

Демократиялық қоғамда БАҚ қоғамдық пікірлермен қатар заңға сүйенеді. Олар өздері журналистік тергеу жүргізе алады. Тергеу қорытындылары жарық көргеннен кейін кейде арнаулы парламенттік комиссиялар құрылады, қылмыстық істер ашылады немесе маңызды саяси шешімдер қабылданады.

Қазіргі дүниеде БАҚ қа жол ашу ықпады оппозиция қалыптастырудың қажетті шарты. Қоғамдық санаға плюрализм, сөз бостандығы принциптерін сіңірудің маңызы зор. Алайда, мұндай бостандықауызға не келсе соны айту деген сөз емес. Мысалы, аумықтық тұтастықты, халық топтарыарасында алауыздықты тұтандыруға жол бермеуі керек. Саяси оқиғаларды шынайы бейнелеу, тарату мемлекетің тұрақтылығын арттырады, қоғамды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Бұқаралық ақпарат құралдары әр түрлі мақсатта пайдалануы мүмкін. Олар азаматтардың саяси сауатын көтеруі, өзінің адамгершілігін сезінуі, абыройын жоғары ұстау, еркіндікте, әлеуметтік әділеттікке ұмтылыс, саяси процеске салауатты, білікті қатынасуға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар жалған хабарлар таратуы, үрей қорқыныш, сенімсіздік тудыруы мүмкін. Біраз жағдайда саясаткерлер БАҚ ты халық санасын күңгірттендіріп, өздерінің айла шарғыларын асырып, қулықтарын білдірмей, жасырын жүргізіп, дегендеріне жетудің құрылы етеді. Оның тәсілдері сан алуан: деректерді бұрмалау, өзіне тиімсіз хабарларды айтпау, өтірік өсек, лақаптарды тарату, шындықты толық жеткізбеу,т.т.

БАҚ тың рөлі, әсіресе Президент, Парламент сайлаулары кезінде артады. Олар үгіт насихат, жарнама,т.т. арқылы саяси серкелер туралы кеңейлілген мағлұматтар беріп, арнайы бейнесін (имидж) жасайды. Мұнда да саяси басшыны қай қырынан көрсетіп, оған қаншалықты уақыт бөлудің де маңызы зор. Сондықтан демократиялық қоғамда мұндай келеңсіз жағдайларды болдырмаудың өз жолдарын іздейді.

Қазіргі заманда саяси идеологияның көптеген түрлері бар. Олардың негізгілеріне либералдық, консервативтік, коммунистік, социал демократикалық және фашистік идеологиялар жатады. Енді соларға келейік.


Қазіргі идеологияның негізгі түрлері

Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің біріне либерализм (латынның либералис- еркін деген сөзінен) жатады. Оның негізін салушылар: Дж.Локк (1632-1704), Ш.Л.Монтескье(1689-1755), А.Смит (1723-1790), И.Кант(1723-1804), Т.Джефферсон (1743-1826), А.Токвиль (1805-1859), Дж.Милль (1806-1873). Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан белсенділік, іскерлік білдірді, бірақ саяси жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либералдық саяси доктрина арқылы білдірді.

Бүгінгі таңда либерализм-ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпы адамзаттық қажеттіктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің мұраттары (идеалы) қазіргі саяси демократия прициптерінің қалыптасуы мен жетілуіне, дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Оның идеялық негізінде көптеген басқа теориялар пайда болды.

Либералдық идеологияның негізгі принципі – адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Экономикалық салада классикалық либерализм мына қағидаларға негізделеді: адамның жеке меншікке құқығы, нарықтың, бәсекеліктің, кәсіпкерліктің еркіндігі, экономикалық іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі. Осыған сәйкес мемлекет бір ғана қызметті – меншікті қорғау, “түнгі сақшылық” қызметін атқарады.

Саяси либерализм адамның еркіндігін шексіз құндылық деп біледі. Ол тек әділтікті білдіреді және ажырамас адам құқығына қол сұғудан, озбырлықтан қорғайтын заңмен ғана шектеледі. Демократияның либералдық түсінігі – адамдардың теңдігі, олардың өмір сүруге, еркіндікке, меншікке құқықтарының теңдігі. Мемлекет азаматтық қоғамнан ажыратылған. Мемлекет қызметі заңмен шектеледі, билік тармақталады. Кейінірек либералдық саяси көзқарастар оны жалпыға бірдей сайлауға құқығы, парламентаризм, саяси алуан түрлілік, жергілікті өзін – өзі билеу және т.б. идеялармен байытты

“Саяси идеологиялар” деп аталатын немістердің оқу құралында консервативтік көзқарасқа мынадай анықтама беріледі : “ол – дәстүр, діншілдік, бедел, еркіндік және жауапкершілік, адамдардың табиғи теңсіздігі, бір нәрсеге сенімсіз, шүбәланумен қарау принциптерінің жиынтығы ”.

ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында консерватизм негізгі қағидаларына өзгерістер енгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан түрлілік және саяси демократия принциптерін қабылдады. Осы ғасырдың 70 жылдарынан Батыстағы консервативтік ой пікірдің жетекшісі бағыты жаңарған косерватизмге (неоконсерватизмге) айналды. Ол жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды. Билікке төбе топ, аристократиялық көзқарастар тұрғысынан қарауды бәсендетті. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтері едәуір шеттетілді. Мемлекеттік меншік жекешелендіріле бастады. Мұның бәрі жаңарған консерватизмге жаңа леп беріп, Батыс елдерінде орта таптың идеологиясына айналдырды. Оның үстіне ол ХХ ғасырдың 70 жылдарында экономикалық құлдырыуды тоқтатудың жолын таба білді. Бұл оның абыройын арттыра түсті. Технологиялық революцияның жаңа дәуірдегі қажеттілігіне жауап беретін экономиканың құрылымын қайта қарауға тура келді. Бұрынғы тұрмыс дәрежесін көтеруге бағытталған дәстүрдің орнына ынталандыратын жаңа жүйе енгізілді. Жұмысшылардың өмір сүру сапасына баса назар аударылды. Жаңарған консерватизм либералдық және социалистік сипаттағы бірқатар адамгершілік түсініктерді біріктіріп қабыл алды. Жаңарған консерватизм өкілдеріне Д.Белл, З.Бжезинский, Н.Кристолл және т.б. жатады. Олардың қатарына бұрынғы АҚШ президентері Р.Рейган, Д.Буш, Англияның бұрынғы премьер-министрі М.Тэтчер, қазіргі ГФР-дің канцлері Г.Коль және т.б. кіреді.

Тұңғыш консервативтік партия 1867 жылы Англияда пайда болды. Ал ХХ ғасырдың 80 жылдары консервативтік партиялардың мерейі үстем болып, Англия, АҚШ, ГФР және т.с.с. елдерде олардың өкілдері билік басына келді.

Коммунистік (латынның коммунис – жалпы деген сөзінен) идеялар ХІХ ғасырдың орта кезінде дүниеге келді. Негізін салғандар Карл Маркс (1818-1883) пен Ф.Энгельс (1820-1895). Олар жан- жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализмді орнататын бірден бір құрал- социалистік революция. Оны жасай алатын бірден бір күш – жұмысшы табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. Социалистік революция нәтижесінде ескі мемлекет түбірімен қиратылады да, оның орнына жаңа мемлекет –пролетариат диктатурасы орнайды. Барлық тарихи прогресс қоғамдық экономикалық формациялардың жүйелі түрде ауысымен байланыстырылады. Олар жеке меншікті жойып, қоғамдық меншікті орнатқысы келді. Коммунистік қоғамда мемлекет, саясат болмайды деп санады.

Социал – демократия идеологиясы “демократиялық социализм” идеясын алға тартты. Оның басты құндылықтары – еркіндік,теңдік, әділеттік және ынтымақтастық. Бұл құндылықтары, олардың ойынша, экономикалық, саяси және рухани демократия арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ол аралас экономиканы, мемлекеттік әлеуметтік – реттеу рөлін, саяси өмірді демократиялық түрде ұйымдастыруды талап етеді.

Саяси демократияға мынадай негізгі принциптер кіруге тиіс: адам құқықтары, сөз, ой –пікір, баспасөз, білім алу, ұйымдар құру, дінге сену бостандығы, өзін өзі басқару және т.с.с. сонымен бірге мұнда халықтың өз көңіл білдіру арқылы бөгетсіз үкіметті бейбіт жолмен алмастыру мүмкіндігі де кіреді.

Қазір социал- демократтар экологиялық қауіпсіздікке, адамды қоршаған ортаны жаңартуға, жандандыруға көп көңіл бөлуде. Олар Еуропадағы әлеуметтік және экологиялық түлеген индустриалды өркениеттілік орнатпақ.

Социал- демократияның Социалистік интернационал деп аталатын халықаралық ұйымы бар. Оған барлық континенттен 70 – ке жуық партиялар кіреді. ''Социаллистік интернационалдың принциптері Декларациясында '' (1989) әлемдік мәселелерді шешуге зор көңіл бөлінген. Оларға кіретін басым бағыттар: бейбітшілікті және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Батыс пен Шығыстың арасындағы қатынастарды жақсарту, колониализм мен нәсілшілдікті жою, жаңа халықаралық экономикалық тәртіпті жасау, қоршаған ортаны сақтау және т.б.

“Демократиялық социализм” тұырымдамасы Швеция, Австрия, Швейцария, Норвегия және т.б. Еуропа елдерінде табысты іске асуда. Социализм – демократиялық партиялар Латын Америкасында, Азияда, Таяу Шығыс елдерінің бірқатарында мықты позицияға ие болып отыр.

Фашизм (Италияныңфашизм – бірлестік деген сөзінен шыққан) 1919 жылы Италиямен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф.Ницше (1844-1900), Дж. Джентилле (1875-1944), О.Шпенглер (1880-1936). Бұл кезде капиталистік елдер терең дағдарысқа ұшыраған. Мұндай жағдайда классикалық либералдық құндылықтар адамзат іс – әрекетіне дем беріп, ынталандыра алмады және қоғамды біріктіруге шамасы келмеді. Халықтың жалпы жоқшылыққа ұшырауы, кедейленуі, бұрынғы әлеуметтік құрылымның ыдырауы, көптеген табынан айырылған, азғындаған қаңғыбастар таптарының пайда болуы либералдық еркін тұлға идеяларын құнсыздандырды. Олардың басын біріктіріп, рухтандыратын ұлттық бірігу және қайта өркендеу идеялары болды. Ол 1914 – 1918 жылдары бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған Германия үшін өте қажет еді. Сондықтан фашистік идеология олардың ойынан шықты.

Бұл идеологияның басты ерекшеліктері – еңбекшіліктерді басып – жаншу үшін зорлықтың шектен шыққан түрлерін қолдану, шовинизм, нәсілшілдік, экономиканы мемлекеттік – монополиялық реттеу тәсілдерін кеңінен пайдалану, азаматтардың қоғамдық және өмірін толық бақылау, т.т. Соғысқа дайындалу,көсемшілдік идеялары кең тарайды. Фашистік идеологияның негізгі қағидалары А.Гитлердің '' Менің күресім'' (1925) деген кітабында баяндалады. Онда соғыс тазартушылық процесс ретінде сипатталады, неміс ұлтының тазалығы, оның басқа халықтан “артықшылығы” дәріптеледі.

Қазіргі кезде фашистік идеологияны көпшілік жаратпайды. Дегенмен, бірқатар елдерде жаңарған фашистік топтар пайда болуда. Олар террорлық әрекеттер арқылы қоғамдық жағдайды,шиелністерді, саяси дағдарыстарды тудыруға ықпал етеді.

Сонымен біз қазіргі идеологияның негізгі түрлерін қарастырдық. Енді олардың біздің елдегі жағдайға ықпалына тоқталайық. Біздің республиканың өміріне елеулі ықпал етуші – жаңарған либерализм. Оған айғақ – экономикада жеке меншіктің дамытылуы, жекешелендірудің жүргізілуі бағыты, еркін нарық пен басекені мойындау, әлеуметтік тендік принциптерін жоққа шығару, дарашылдыққа (индивидуализмге) бетбұрыс бәне т.т. болмайды. Себебі, біздің өз дәстүріміз,экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайларымыз бар. Оның ішінде ең бастысы – қазақ халқында либералдық идеяның тірегі болып табылатын дарашылдық болмаған. Біздің халық ықылым заманнан бірлесіп, ұжымдасып тіршілік еткен.

Десе де либералдық құндылықтарды басшылыққа алған реформаның бастапқы кезеңі біз үшін онша сәтті болмады. Мүліктік теңсіздік өрістеп, көпшілік жұрттың өмір деңгейі төмендеп, күзеліске ұшырауда. Сондықтан халықтың жалпы алғанда,либералдық құндылықтарға бәсеңдеп, жаңа жағдайда өмір сүруге көндікпей жатыр. Нарықтың жабайы түрінен ығыр болған біраз жұрт баяғы әлеуметтік қорғалуды, теңгермешілікті дұрыс көргендей. Коммунистік, ұлтшылдық және т.с.с. идеологиялардың әсері өсіңкіреуде. Әрине баяғы кеңестік жолға қайта оралу жақсылық әкелмейтіні белгілі. Ал нарықтық экономиканың біздің жағдайымызға лайықты, тиімді жолын ғылыми тұрғыдан тексеріп, байсалды жүргізген абзал.

Кейбіреу кеңес өкіметі күйрегеннен кейін коммунистік идеологияға тойдық қой, енді идеологиясыздану керек дегенді айтады. Ол дұрыстыққа жатпайды. Себебі идеологиялық құндылықтарды басшылыққа алмаған, оған сүйенбеген тарихта ешбір саяси жүйе болмаған. Сондықтан да болар, белгілі Америка саясаттанушысы Д.Истон '' идеологияның ақыры'' деген тезисті іс жүзінде консервативтік – демократикалық идеологияның бүтіндей билеуін бүркемелейтін аңыз деп санады. Ал немістің осы мәселелер жөніндегі ірі маманы К.Мангейм құлатылған идеологияның орнына лайықты алмастыру болмаса, ол жерде сөз жоқ утопия пайда болады деген.


Өтпелі қоғамды басынан кешіріп отырған біздің еліміз үшін саяси процесті ғылыми тұрғыдан дұрыс түсініп, ұғынудың қажеттілігі зор. Біздің мемлекеттік идеологиямыз болып жатқан оқиғалырға шынайы баға беріп, қазіргі тығырыққа тірелген экономиканы дағдарыстан неғұрлым ұтымды жолдарын белгілеп, таяудадағы және неғұрлым алдағы болатын болашаққа болжам жасап, бағыт беру, халқымыздың әдет – ғұрып, салт – сана әлеуетін (потенциалын) көтеріп,оның рухани мәдениетін сақтау және дамыту сияқты өзекті, өмірлік маңызы бар мәселелерді жиі көтеріп, түсіндіруін халық асыға күтуде. Біздің идеологиямыз адамгершілік, адалдық, парасаттылық,шыншылдық, еңбекқорлық, кәсіпкерлік, табандылық, ержүректілік сияқты асыл қасиеттерді адамдардың санасына сіңіріп, дарытуға қызмет етуге тиіс.


Сайып келгенде, еліміздің халқын, әсіресе жаңа ұрпақты патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелемей, қоғамның бұдан әрі дамуының маңызды факторларының бірі – оны топтастыруға қол жеткізу мүмкін емес.


Пысықтауға арналған сұрақтар:


1. «Саяси сана» деп нені айтады?

2. Саяси сананы қалай жіктеледі?

3. Саяси идеология түрлерін атаңыз?

4. Қазіргі идеологияның негізгі ерекшеліктері қандай?




Топ жетекшісі М.Е. Рахымжанова


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!