СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сап-сары балапан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Жапсыру

Тақырыбы:

Балапан

Мақсаты:

Біртектес бірнеше пішіндерден жапсыруға үйрету;

 

Міндеттері:

 

Желімдеу тәсілдерін менгертіп, балапанды пішіндерден жапсыруға үйрету;

Балалардың ұсақ қол моторикаларын дамыту;

Балаларды ұқыпты жұмыс жасауға машықтандыру;

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Үлгі, қылқалам, желім, сүлгі, қиылған қағаздардан пішіндер.

 

 

 

Жұмыс кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

 

 

Мотивациялық-қозғаушылық

                         

 

 

 

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті-түзетушілік

 

 

-Қонаққа балапан келеді (ойыншық)

Ойыншық балапан қиылысын жасап  ойнау.

 

 

 

 

 

Балапанды жапсыру жолдары:

А) Пішіндерді таратып балапанды құрастыру;

 

 

 

Б) Үлгіге  сүйеніп денесін, басын жапсыру;

 

 

 

 

В) Көзім,  тұмсығын, қанаттарын жасау;

Г) Сүлгімен басу.

 

 

 

 

 

 Орманның бiз емшiсiмiз

Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады)

Құрт бiткендi жоқ етемiз

Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)

Тоқ, тоқ, тоқ,

Жоқ, жоқ, жоқ.

 

 

-Балапанды жапсыра алдық па?

 

Жасаған жұмыс тарын қарау, мақтау.

-Балапан ойыншығын ың келгеніне қуанады.

Қызыға балапан қимылын жасап ойнайды

 

 

 

-Пішіндерді ораластырып, балапан денесін, басын желім жағып жапсырады.

- Басына – көзін жапсырып басының ортасына қарай тұмсығын келтіріп жапсыру, қанаттарын денесіне жапсыру.

 

 

-Сүлгімен үстінен басу.

 

 

 

 

Өлеңнің желісіне қарай қимыл жасау.

 

 

 

 

 

 

-Иә!

 

-Өз жұмыстарына риза болады.

 

 

 

Күтілетін нәтиже: 

 

Нені білу керек:

Пішіндерді

Нені игереді:

Жапсыру тәсілдерін меңгеңгеріп, балапанды жапсыру

Нені біледі:

Балапан – үй

 

Просмотр содержимого документа
«Сап-сары балапан»

Оқу процесінде тірек - сызбаларды пайдаланудың тиімділігі





Педагогикалық технология оқу үрдісімен – мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Ш._Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда, жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң, содан бастау керек», ‒ деген сол себептен сабақ барысында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттырып, сабақтың көрнекі өтуін қамтамасыз етеді.

Жаңа педагогикалық технологиялар:

1. Білім беруді ізгілендіру технологиясы;

2. Проблемалы оқыту технологиясы;

3. Тірек-сызбалар арқылы оқыту технологиясы;

4. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;

5. Міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы;

6. Модульдік оқыту технологиясы;

7. Жобалап оқыту технологиясы.

Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А. Амонашвили. Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты ‒ баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту.

Оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және туындаған проблемаларын шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады. Осыған орай оқушының ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі.Проблемалы оқыту технологиясын негізгі мақсаты ‒ оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.

Модульдік оқытудың өзегі ‒ оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан, оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының авторы жаңашыл мұғалімдердің бірі, ресейлік мұғалім С.Н. Лысенкова. Бұл технологияның негізгі мақсаты – барлық баланы табысты оқыту. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады, бірте-бірте толық дербестікке жету көзделеді.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу. Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды.

Тірек-сызбаларды пайдалану арқылы оқыту В.Ф. Шаталовтың технологиясына негізделіп жасалған оқытудың интенсивтендіру технологиясы болып табылады.

Мақсаты, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін белсендендіріп, схемалық кестелерді қолдану арқылы оқушылардың білімдерін, біліктерін, дағдыларын қалыптастырып, берілген сұрақтың жауабын тезірек табу мүмкіншілігін туғызады.

Демек, оқушылардың оқу барысындағы қабілеттерін белсендендіру құралдарының бірі сабақ барысында тірек-сызбаларды қолдану.

В.Ф._Шаталов технологиясының басты ұстанымы тірек-сызбаларды пайдалану арқылы үздіксіз қайталау, жүйелі білімді қалыптастыру.

Бұл жүйенің жетістігі – материалды бірнеше мәрте қайталай отырып, қол жеткізетін білімнің мықтылығына талпыныс, білім мен білік үшін нақты бақылау, білім алушылардың өзара бақылауын кең қолдану арқылы олардың жеке басына құрметпен қарау.

Тірек-сызбалар ‒ білім алушыларға пәннің әрбір тақырыбынан білімді игерудің міндетті талабының көлемін нақты алуына мүмкіндік береді. Тірек-сызбаларды пайдаланғанда сызбаның оқушы ұғымына сай болуына көңіл бөліну керек.

Тірек-сызба – сабақтың бейне жоспары. Тірек-сызбаны пайдаланудың нәтижесі – тақырыптың тұтастығын, қисындылығын, ықшамдылығын, көрнекілігін қамтамасыз етеді, оқушылардың білімін тиянақтайды, алған білімін оңай еске түсіруге көмектеседі. Оқушыларға сапалы білім беру, оқу бағдарламасындағы білімді қамту мен кеңейту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы – тірек-сызбаларды пайдалану болып табылады.

Тірек-сызбаларды қолданудың тиімділігі:

  • жүргізілген жұмыс белгілі бір нәтижеге бағытталады;

  • оқушылардың сабаққа ынтасы, қызығушылығы артады;

  • мұғалім мен оқушы шығармашылықпен жұмыс жасайды;

  • мұғалім оқушыны жан-жақты зерттейді;

  • оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады;

  • сабақ кезінде мұғалім уақытты ұтымды пайдалануға қол жеткізеді;

  • оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туады;

  • қиын мәтіннен керек жердің негізгісін тауып алуға, өз бетімен жұмыс жасауға мәжбүр ете бастайды, ойлануға, ой-өрісін дамытуға көмектеседі;

  • теорияның негізгі түйінің таба білуге, оны дәлелдеуге үйретеді;

  • дағдыны сақтауды қалыптастырады;

  • оза оқуға мүмкіндік береді.

Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, біз оқыту технологияларын тиімді жақтарын таңдап алуымыз және оқу-тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізе білуіміз керек.

Оқыту әдістемесі мен педагогикалық тәжірибелер негізінде оқушы ойын, шығармашылық қабілетін дамытуда «Ойлаудың заттық – бейнелік түрі» негізгі міндетті атқаратыны айқындалған. Олар :

  • оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;

  • тақырып мазмұнын аша білу, оқу әрекетін дамыту;

  • әрбір оқушының жас психологиялық ерекшелігін ескеру;

  • міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейін кеңейту.

Оқыту әдістері мен жаңа технологияларды тиімді пайдалану – жетістік көзі. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс.

Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

Оқытудың тиімділігін арттырып, оқушының ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған В.Ф. Шаталов өз еңбектерінде көрсеткендей, тірек-сызбаларының негізгі мақсаты – «Егер есіңе сақтау үшін үйренсең ұмытасың, ал егер түсіну үшін оқысаң – есіңе сақтайсың» деген қағидасын енгізу.

Ендеше қоғам талабына сай білім беру үшін жаңа педагогикалық технологияларды әр түрлі оқыту әдістерімен сабақтастыра жүйелеп, заманауи тиімді білім беру жүйесін жасақтай білуіміз керек. 

Тірек-сызбаларды пайдалану оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, болжам жасатып, мақсат қойып, толық мазмұндық ақпарат алуға жағдай жасайды. Тірек-сызбалар – сабақ үрдісін ұтымды ұйымдастыруға көмектеседі, тақырып бойынша танымы кеңейеді, топпен және жеке жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Тірек-сызбалар – кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар, модульдер, блоктар, суреттер арқылы іске асырылады. Тірек-сызбалар оқушы қиялын дамыту мен өзін-өзі талдау, қызығушылығын ояту, шығармашылығын дамытудың негізі.

Тірек-сызбаны құрудың негізгі қағидалары:

  1. Тірек-сызба – оқу материалының негізгі бөліктерінің мазмұынын жинақтайтын бөліктерден тұрады;

  2. Әрбір бөліктердегі теориялық материал арнайы белгілер, сызбалар, сөздер арқылы біріктіріледі;

  3. Тірек-сызбалар – есте оңай сақталатындай қарапайым болуы керек.

Бұл үшін графикалық безендіруде шығармашылық ізденіс және ұшқыр ой тапқырлығы талап етіледі.

Тірек-сызбалар ‒ білім стандартында белгіленген, білім беру бағдарламаларында айқындалған талаптарды нақты жағдайларда жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тірек-сызбалар арқылы білім беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттерін ойластырып, саналы да сапалы меңгерту жүзеге асырылады.

Тірек-сызбаларды пайдалану мұғалім үшін тиімді, тақтаға бормен жазып жатудың қажеттігі азаяды, барлық сабақ барысы оқушының көз алдында тұрады, оқу мазмұнын қысқаша баяндап шығу арқылы, көптеген оқушыны бағалау мүмкіндігі туады. Тірек-сызбалар білім берудің үш мақсаты – оқыту, тәрбиелеу және дамытуды орындау кезінде мынадай дидактикалық қызметтерді: үйрету, бағыттау, тексеру жүзеге асырады. Материалды ең алғашқы кіріспе сабақта қысқаша – тезистік дәріс түрінде бергеннің өзінде, сөйлесу бөлімінде көптеген ойын түрлері арқылы материалды 7 ретке дейін қайта қайталап оқып, оқушының білімінің берік болуына, оның өз бетімен көп ізденіп тырысуына, әр деңгейлік тапсырманы орындау барысында шығармашылық дағдысы қалыптасуына, оқушыларды ұжымшылдыққа, тіл коммуникативтілігінің артуына, пәнге қызығушылығының артуына көп көмегін тигізеді. Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыстар жүргізу кезінде бір ғана сабақтың үстінде дарынды оқушымен де, орташа оқушымен де, нашар оқушымен де байланыс үздіксіз жүріп отырады. Сонымен қатар оқушылар әр сабақта бағаланып, қорытынды бөлімде олардың алдыңғы сабақтарда алған бағаларын жақсартуына мүмкіндік туады. Ең бастысы ‒ оқушы дәстүрлі сабақтағыдай 45 минут бойы бір орында тапжылмай отыру, жалығу, шаршау деген сияқты жағымсыз жақтарды басынан кешірмейді. Сабақ барысында оқушының сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады. Оқушы өзін жан-жақты көрсетуге тырысады, себебі әр сабақ сайын бағаланғысы келеді. Оқушыларға сапалы білім беру, оқу бағдарламасындағы білімді қамту мен кеңейту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы – тірек-сызбаларды пайдалану қажет.

Оқушының жан-жақты білімді болуы – мұғалім күнделікті сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануына байланысты. Кез келген оқушының бойында пәнге деген қызығушылықты арттыруда тірек-сызбаларды пайдаланудың тиімділігі жоғарыда көрсетілгендей зор, олар оқушыға теориялық білімді жүйелі меңгертуге қол жеткізеді.

Тірек-сызбасына ғылыми анықтама берсек ‒ білім алуда оны меңгеруге, есте сақтауда, талдауда білімнің көзі ретінде пайдаланатын сызба құрал .

Тірек-сызбаларды теориялық білім күрделі болып келген жағдайда пайдаланған тиімді. Күрделі формулаларды қорыту барысында, құралдардың неден тұратыны, қалай жұмыс істейтінін меңгеру үшін көп көмегін тигізеді. Тірек-сызбалары ‒ оқу материалын тұжырымдап жүйелеуге, оқушылардың білім деңгейіне орай, даралық ерекшеліктеріне сай, олардың әр түрлі әрекетін ұйымдастыруға жағдай туғызады.

Қазіргі таңда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі пайда болғанда әр түрлі қызықты суреттері мен сызбалары бар тірек-сызбаларды жасауға мүмкіндік туды. Аталмыш технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі артып, оқушыларды жеке тұлға ретінде бағалауы ерекше орын алады.

Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор.

Жаңа технологияны пайдаланған уақытта мұғалімдерге қойылатын талаптар :

  1. Оқытудың жаңа әдістерін дұрыс таңдау;

  2. Әдістемелік жүйені үнемі жетілдіру;

  3. Әрбір оқушының қабілетіне және жас ерекшелігіне қарай білім беру, дербестікке, ізденімпаздыққа баулу;

  4. Мұғалім түсіндіруші, баланың оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көріну керек;

  5. Оқу мотивациясы мен белсенділігін дамыту;

  6. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тудыру;

  7. Оқушының өзін-өзі басқаруын жетілдіру және өз әрекетіне өзіндік баға беруін дамыту;

  8. Оқушы өзін еркін сезінеді, ізденеді, жетістікке жетеді.

Тірек-сызбаларды қолданудың негізгі ерекшеліктері:

  • үнемі қайталау;

  • міндетті, кезеңдік бақылау жұмысы кезінде туындаған қиыншылықты жою;

  • жеке бағадарлы қарым-қатынасқа ықпал;

  • берілген технологияны барлық типті сабақтарға, оның әр түрлі кезеңдеріне қолдану мүмкіншілігінің жоғарылығы;

  • дәріс материалдары қысқарған түрде беріледі;

  • оқу бағдарламасындағы бірнеше тақырыпты қамтып, блоктау әдісі арқылы берілу мүмкіндігі туады.

Тірек-сызбаларды пайдалана отырып, бірнеше көрнекі сабақ өткізуге болады. Қай сабақта болмасын – оқушы шығармашылығын дамыту, алға жетелеу, нәтижеге бағыттау негізгі мақсат болып табылады.

Тірек-сызблар оқушының мынадай мәселелерге көңіл аударуын қажет етеді:

  1. Тірек-сызбаны мұқият оқып шығу. Егер түсініксіз сұрақтар кездесіп қалса, оқулықтағы параграфты оқу;

  2. Тірек-сызбада берілген материалды жадында жақсы сақтап меңгеру үшін өзінің дәптеріне заңдар мен олардың математикалық өрнегін, негізгі формулалар мен теңдеулерді, заңдылықтарды жазып алу;

  3. Көру және жазу арқылы өзінің есте сақтау қабілетінің артуына көп ықпал болатынына назар аудару керек.

Әрбір сабақ оқу үрдісінің негізгі бөлігі. Тірек-сызбаларды пайдалану арқылы өткізілетін сабақ нәтижесінің негізгі шарттары:

  • дұрыс пайдаланылған уақыт;

  • оқушының өзіндік жұмысының үлесін арттыру;

  • әрбір сабақтың, тақырыптың мазмұндық өрісін кеңейту;

  • әрбір тақырыпқа арналған тірек-сызбаларды біріктіріп, блоктауға болады.

Бір жүйедегі оқу материалын бірнеше сабақтарда тұтас қарастыру ‒ оқушының тақырыпты толық зерттеуін қаматамысыз етеді.

Тірек-сызбаларды біріктіру арқылы блоктап оқыту жүйесін жүзеге асыру барысында, тірек-сызбаларды пайдалануда әрбір оқушы жеке тұлға ретінде үлес қосып, топтық білімге араласады.

Тірек-сызбалар ‒ оқу материалын оңай меңгеруге, ұзақ есте сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен, тірек-сызбаларды пайдаланудың артықшылықтары:

1. Оқушы үшін:

  • оқушының теориялық білімін жүйелі түрде қалыптастырады, жинақтайды, тиянақтайды;

  • оқушының ой-өрісін дамытады, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырады;

  • оқушының өз ойын дәл, қысқа, көркем, таза тілмен жеткізе білуге үйретеді;

  • оқушының шығармашылық қабілеттерін арттырады, ізденуге үйретеді;

  • пәнге деген қызығушылығын арттырады.

2. Мұғалім үшін:

  • мұғалім оқыту технологиясы ұтымды пайдалануға дағдыланды;

  • кәсіби біліктілігі артады;

  • оқушыны үйрете отырып, өз ойын нақты, дәл жеткізеді;

  • топтық жұмыс жасауға мүмкіндік туады;

  • оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады;

  • сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды;

  • оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.

Тірек-сызбаларды жүйелі пайдалану – пәннің ерекшелігін ескеріп, тақырыптағы негізгі ұғымдарды меңгеріп, ойлау қабілетін дамытып, оқу материалын тез меңгеріп, үнемделген уақытты оның іскерлік мақсатына жұмсауына мүмкіндік береді.

«Ойсыз оқу бекер, оқусыз ой қатер», ‒ деп ұлы ойшыл Конфуций айтқандай, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға ұмтыла отырып, ғылым негіздерін меңгеретін, бағдарлы пікірі бар, ұлттың рухын асқақтатып, әлемдік өркениетке ұмтылатын озық ойлы жеке тұлғаны тәрбиелеуде жаңа белеске көтерілетініміз анық.

Оқыту технологиялары оқушының тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа оқу ақпарлары мен біліктіліктерді меңгеру мақсатына жету және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді.

Сонымен, оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.

Оқушылардың өз бетімен білім алуында тірек-сызбаларды қолдану, оқу процесінің дұрыс даму ықтималдылығын арттырады.

Тірек-сызбалары – көптеген мұғалімдер үшін оңтайлы оқыту құралы. Барлық педагогикалық әдіс-тәсілдер оқушының танымдық әрекетін қалыптастыруға, оқу материалын ой елегінен өткізіп, өңдеуге, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуіне, тиянақтауына бағытталуы керек.

Тірек-сызбаларын қолданғанда жұмыс уақыты үнемделеді. Үнемделген уақыт жаттығулар орындауға, қиын тапсырмаларды орындауға жаттығуға, өткен тақырып көлемінде оқушылар білімін тексеруге қолданылады. Тірек-сызбаларын жаңа материалды түсіндіруде, оны бекітуде, сыныптан-сыныпқа көшу, қорытынды бақылауына әзірленуде, бірыңғай ұлттық тестілеуге әзірленуде және білімді бақылау мен күнделікті бақылауда қолдануға болады. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Сондықтан да оқыту әдістерін жетілдіру – жетістік көзі.

В.И. Шаталов жүйесінің жетістігі – тақырыпты бірнеше мәрте қайталай отырып, қол жеткізетін білімнің мықтылығына талпыныс, білім мен білік үшін нақты бақылау, оқушының жеке басына құрметпен қарау.

Қазіргі мектептің міндеті – оқушыларға дайын білімді жеткізу ғана емес, оларды өздігінен білім алу әдістеріне баулу. Тірек-сызбалар оқушыға пәннің әрбір тақырыбынан білімді игерудің міндетті талабының көлемін нақты алуына мүмкіндік береді.

Тірек-сызбаларды қолдану теориялық материал мен аудиториялық жұмыстың уақытын қысқартады, баяу оқып үйренетін оқушыларды жалпы қарқыннан қалмауға мүмкіндік береді. Тірек-сызбалар сыныпта және үйде оқушылардың оқу материалын меңгеруі үшін өз бетімен жұмысын анықтайтын тестілермен, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ жүйелерімен қоса жүреді.

Тірек-сызбаларды қолданып оқыту барысында оқушы тақырыпты жақсы терең меңгереді, мұғаліммен бірігіп талдайды, материалды жақсы есте сақтайды.

Тірек-сызбаларды пайдаланған уақытта өткен тақырыпқа нақты жауап беруге, алған білімді белгілі бір жүйеге көшіруге мүмкіндік туады. Оқушылар тірек-сызбалар бойынша тақырыптың мәнін ашып жүйелі түрде әңгімелеп, тақырыпты толық меңгергенін дәлелдейді. Оқушылар топпен және жұппен жұмыс жасауға дағдыланады, тақырыпты жүйелі меңгереді. Оқушының қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.

Физиканы оқытудың тиімділігін анықтау тек білім деңгейімен ғана өлшенбейді, ол оқушылардың өздігінен білімін жаңаша қалыптастыруға байланысты.

Сабақтың қай түрі болмасын тірек-сызбаларын қолдану тиімді. Жаңа сабақты түсіндіру барысында тірек-сызбалар таптырмас көмекші құрал. Тірек-сызбаларды пайдаланғанда оқушы тақырыпты жақсы терең меңгереді, мұғаліммен бірігіп талдайды, материалды жақсы есте сақтайды. Төменде



тірек-сызбаларды қоданудың жүйесі келтірілген (1 сызба).



Тірек білімдерін еске түсіруге жағдай жасау

Жаңа білім игеру қажеттілігін туындау

Бағыт-бағдар беру

Тірек білімдерін пысықтау

Тақырыпты талдап, анализ,синтез жасау

Өз білімінің алдыңғы және жаңа деңгейін салыстыру,пысықтау

Нәтижені қорытындылау

Мұғалім үшін

Оқушы үшін

Тірек-сызбаларды қолдану


1 сызба. Тірек-сызбаларды қолданудың жүйесі



Қорыта келгенде, тірек-сызбалар оқушылардың физика сабағына деген қызығушылығын арттырып қана қоймайды, төмендегі қызметтерді де атқарады:

  1. Оқушыларды оқыту ісіндегі дифференциалдық әдіс мұғалімнің сабақ кезіндегі жұмысының жалпы жүйесіне табиғи түрде енеді де, білім берудің басқа да әдістері және түрлері мен ойдағыдай үйлесіп-үндесіп кетеді, сөйтіп оқушылардың дербес жұмысын ұйымдастыруда мұғалімдерге, ал үйге берілген тапсырмаларды орындауда және өз бетімен әзірлену ісінде оқушыларға зор көмек көрсетеді.

  2. Тірек-сызбаларды қолдана отырып, мұғалім оқушылардың білім сапасын жыл сайын біршама көтеруге және оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттырары сөзсіз.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызу және олардың білімдерін кеңейту, дағдыларын қалыптастыру мақсатында В.Ф. Шаталовтың технологиясы бойынша тірек-сызбаларды сабақ барысында қолдану мұғалім үшін таптырмас құрал.







Бала бақшада оқу тәрбие үрдісіне бағдарламалық барлық ұйымдастырылған оқу қызметінің мазмұнына модулдік оқыту технологиясын еңгізу жүргізілуде.

Себебі бұл технологияның білім берудегі балалар мен педагогтарға берері мол. Педагогтың шеберлігі арқылы баланың сөздік қорын, тілін, байланыстырып сөйлеуін, жалпы тілдік құзіреттілігін дамыта білуге жол ашады. Орыс ғалымы   С.И.Ожегов « Модуль дегеніміз  – қандай да бір жүйенің, ұйымның анық-талатын, біршама дербес бөлігі » деген.

Балалардың байланыстыра сөйлеуде интелектуалдық дамуында, оның шығармашылық мүмкіндіктерін байыта түсуде-оқу барысында

«Модулдік оқыту» - технологиясын  қолдану үлкен орын алады. Себебі, сәбилер топ балаларының сөздік қоры аз, ата-аналарымен бақшадан тыс жерлерде өзге тілде сөйлеседі, ал, естияр, ересек тобында балалардың тіл байлығы нашар, сөздік қоры аз болғандықтан, өз беттерінше әңгіме құрастыра алмайды.

Модулдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, баланың танымдық қабілетін және танымдық процестерін, жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттырады.

Модулдік технология педагогтың алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі:

  • жалпы білім сапасын жоғарылату;

  • сабақтың тиімділігін жоғарылату;

  • жеке тұлғаның өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы.

Модулдік технология алға қойған мақсатқа балалармен бірлесе отырып проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Модульдік оқыту технологиясының әдістері:

1.Тірек – сызба немесе тірек сурет  әдісі

2.Мнемокесте

3. Сенсорлық – графикалық сұлба әдісі

4. Пиктограмма 

5. Пропп карта әдісі

Байланыстырып сөйлеуді дамыту үрдісінің тиімді әдісінің бірі - тірек- сурет.

Тірек- суретті І-ІІ сәбилер, естияр топтарына қолдану баланың байланыстырып сөйлеуін дамыту үшін тигізетін әсері көп. Сонымен, қатар мұнда тілмен қатар зейін де, еске сақтау, сөздік қорды, логикалық ойлаулары да дамиды десек біз қателеспейміз. Тірек- суретті әр түрлі тақырыпта қолдануға болады.

Тірек сурет арқалы өлең жаттау, мақал-мәтел, жаңылтпаш жаттауға болады. Балалардың байланыстырып сөйлеуді дамыту үрдісін жеңілдету үшін, көрнекі құралдардың маңызы зор. Яғни, тірек-сызбаны пайдалануда үлкен нәтижеге жеттік. Себебі, әңгімелеуде тіл қалыптасады, сөйлеу мәнерлігі қалыптасады, сөйлемді құрастыру тереңдетіледі.





Жыл мезгілдеріне байланысты әңгіме құрастыру.

Сонымен қатар, тірек-сызбаларына сүйеніп көптеген түрін, әртүрлі тақырыпта жасауға болады. Тірек-сызба арқылы әңгіменің, т ақпақтың , ертегінің мазмұның түгелдей түсініп есте сақтауына, кейіпкерлерді сақтап, баяндап әңгімелеуге септігін тигізеді. Тірек-сызба тек ертегіні әңгімелеуде ғана емес, сонымен қатар ойыншықтың, ыдыс-аяқтың, құстардың айырмашылығын, пішінің, неден жасалғанын айтып баяндап беру үшін де тірек-сызбаның көмегі өте нәтижелі екенің байқауға болады. Мұндай тірек-сызбалар ересек, даярлық топтарында, қолдану тиімді болады.





Сенсорлық – графикалық сұлба әдісі  заттың белгілерін сенсорлық каналдар (көру, есту, сезу мүшелері) арқылы анықтайды. Бұл графикалық сұлба 6 карточка :

көз – қарау

қол – сипап сезу

ауыз – дәмін ажырату, әңгімелеу

мұрын – иіскеу

? (сұрақ белгісі) – қай топқа жатады

жүрек - өз көңілінді білдіру.

Осындай графикалық сұлба арқылы әңгімелегенде балалардың сөздік қоры кеңейіп, заттың түр-түсін, көлемін, сапасын, қасиетін білдіретін сөздерді үйренуге бағыт береді.

Тақырыбы: «Алма»

Алманы көзбен көріп, оның қызыл, үлкен екенін анықтадық.

Қолмен ұстап, оның тегіс және қатты екенін анықтадық.

Дәмін алып, оның қышқыл немесе тәтті екенін анқытадық.

Алманы иіскедік: хош, жұпар иісті екенін анықтадық.

? – қайда өседі? Оның ағашта өсетінін анықтау.

Мұндай сұлбаны мектепалды топтарында қолданса, келесі сұлбаны естияр топтарында қолдану тиімді

Пиктограмма – бұл арнайы белгі бейнеленген карточка. Карточкаға қарап отырған бала ертегіні, заттарды әңгімелеп, баяндап береді. «Оқыған кезде жаза, суретін сала, кестесін сыза отыру» - бұл есте сақтаудың ережесінің бірі екені барлығымызға мәлім.

Мысалы: жануарларды зерттеуде пиктограмманың қолдануы

Бұл не?

Құрылысы

Терісі

Түсі

Көлемі

Немен қоректенеді

Қалай дәм алады

Қимылы

Менің оған деген сүйіспеншілігім (қарым-қатынасым).

Пиктограмманы ересек, даярлық топтарында қолдану ыңғайлы болады. Мысалы: 1 жануарды (қоян) зерттеу.

Мнемокесте  – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі.

Әдістеменің ерекшелігі – затардың бейнесін емес, ал олардлы есте сақтау үшін таңбаларды қолдану. Бұл балаларға сөзді таңдау мен оны есте сақтауды біршама жеңілдетеді. Таңбалар тілдік материалға максималды жақындатылған.  2- ші сәбилер және естияр топтарының балалрына таңбалар түрлі түсті болуы тиіс, өйткені түстерді балалар тез қабылдап есте сақтауға мүмкіндік береді.

Мнемокестемен жұмыс істеу әдістері

Тілдің жалпы жетілмеуі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту үшін  Мнемокестені  мына бағыттар үшін қолданамын:

  Сөздік қорларын байыту;

Сөйлем, әңгіме құрастыру;

Әңгімені құрастыру;

Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу;

Тақпақтарды жаттау.









ПРОПП карта әдісі

Бала ерте жасынан әңгіме, ертегімен таныса бастайды. Бірақ, ол өз ертегісін ойдан шығаруға, автордың ойын түсінуге, байланыстырып әңгіме құрастыруға, мазмұнына сәйкес сұраққа жауап бере алмайды. Сондықтан да, балалармен  ПРОПП карта  жұмыстарын жүргізген жөн.

5-7 жасар бала ПРОПП карта арқылы мазмұнды анализдеу, сараптама жасау әрекетін дамытуға болады. Ол үшін алдын-ала балалармен «ПРОПП карталармен танысайық», Жалпы ПРОПП картаның 31 түрі бар. Бірақ олардың барлығы ертегілерде кездесе бермейді.Ал балабақша жұмысына арнап іріктеп, 20 түрін қалдырды.

Олар:

  • Ұйғарым немесе тыйым салу

  • Айып немесе бұзу

  • Зиян келтіру және жетіспеушілік.

  • Кейіпкердің кетуі.

  • Қиын мәселе

  • Сыйлаушымен кездесу

  • Сыйқырлы сый

  • Кейіпкердің пайда болуы

  • Антагонистің ең жоғарғы құрамы

  • Күрес

  • Жеңіс

  • Оралу

  • Үйге келу

  • Жалған кейіпкер

  • Сынау

  • Қайғымен жетіспеушілік жойылды.

  • Кейіпкердің танымал болуы

  • Той.

  • Жалған кейіпкердің әшкерленуі

  • Жауға тыйым салынады.

Қорыта айтқанда, осы модульді оқыту технологиясы баланың есте сақтау, зейін, ойлау, елестету, қабылдау, танымдық шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру, сыйласу өзара қарым – қатынас орнату, қиындықтарға дайын болу, оны жеңу танымдық процестерді дамытады. Сондықтан біз сіздерге “Модульдік оқыту технологиясын” өз іс – әрекеттерінде әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолданып, балаларды қызықтыра алып, жүзеге асырса, нұр үстіне нұр болар еді.

Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден –бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.























?











Бұл не?

Құрылысы

Терісі

Түсі

Көлемі

Немен қоректенеді

Қалай дәм алады

Қимылы










































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!