СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сауықтыру және оңалту бағытындағы спорттық секцияларды және топтарды ұйымдастыру жолдары

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сауықтыру және оңалту бағытындағы спорттық секцияларды және топтарды ұйымдастыру жолдары

Просмотр содержимого документа
«Сауықтыру және оңалту бағытындағы спорттық секцияларды және топтарды ұйымдастыру жолдары»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША







Жоба



Тақырыбы:


Сауықтыру және оңалту бағытындағы спорттық секцияларды және топтарды ұйымдастыру жолдары


Орындағандар: Ниязалиев Д. Арзиев С. Джанабергенов А. Айымбеков М.




Қабылдаған: Жапарова Ә.Ә.


Жұмыс қорғалды «_____» __________2014ж.



Тараз 2014 жыл



ЖОСПАРЫ

І КІРІСПЕ

ІІ Негізгі бөлім 

2.1. Сауықтыру бағытының негізгі формалары

2.2. Денені шынықтырудың функциялары

2.3. Спорттық секциялардағы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ 

ІV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



































І Кіріспе

Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.

Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумен, қорытынды жасаумен аяқталады.Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.
Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.
Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін  толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн. Оқушыларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.

Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына  әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және  көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады.

















2.1. Сауықтыру бағытының негізгі формалары


Сауықтыру бағытының жұмысының негізгі мазмұны: шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау. Оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
• оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
• шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
• спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.

Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады. Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді. Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
-  негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
-  еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- әдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;

-гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау. Адамға ең қажет нәрсе - оның өмірі мен денсаулығын сақтау. Денсаулықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Денсаулықтың жоқтығы адамның ойлаған ойын жүзеге асыруға кедергі жасайды, әсіресе жастардың жалындаған күш-қайраты мен қиялына кедергі болады. Әрбір жасөспірімнің дене бітімі жағынан жан-жақты дамуы – бұлшық еттердің болаттай берік болуы, жүрек-қантамыр жүйелерінің, тыныс

жолдарының, ас қорыту мүшелерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Әрбір жасөспірім өз ағзасының құрылысы мен атқаратын қызметін жақсы біліп, тазалық ережелерін саналы түрде орындауға тиіс. Қазақ халқы адам денесіндегі он екі мүшенің сау болуына, олардың дұрыс қалыптасып өсуіне көп көңіл бөлетіндігі бұрыннан белгілі.

Жасөспірімнің денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір оқушы өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру қажет. Өйткені дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке де, оқуға да құлшына кіріседі. Мектепке дейінгі мекемелер мен оқу орындарындағы дене тәрбиесінің бағдарламалық мазмұны өзінің арнайы ерекшеліктеріне ие және ол бәрінен бұрын балалардың, жеткіншектердің, студенттердің денсаулығын, денесінің қалыпты дамуын, дене даярлығының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Дене тәрбиесінің аталған құрамдас компоненттері (денсаулық, дене дамуы, дене дайындығы) өзара тығыз байланысты және жеткіншектер мен жастардың жеке тұлғасын, олардың өмірлік және функционалдық жағдайын (бой, салмақ, өкпенің сиымдылығы, аяқ-қолдардың үйлесімді қатынасы және т.б) қалыптастырып дамытуда жеке фактор болып табылады.

Қоғам үшін бірінші кезектегі қажетті тұрмыс пен еңбек қызметіне керек дене қасиеттері мен қозғалыс дағдыларын дамытып, жетілдіруге және бірқалыпты ұстауға көмектесетін, тұрғындардың әр-түрлі әлеуметтік демографиялық тобының мұқтаждығын қанағаттандыратын бұқаралық спорт болып табылады.Бұқаралық спортпен балалық жастан егде жасқа дейінгі кез-гелген адамның айналысуына мүмкіндігі бар және белсенді қозғалыс қызметінің нәтижесінде организмді өзгертуге, жеке тұлғаны жетілдіруге әсер ететін елеулі мүмкіндіктерге ие.



2.2 . Денені шынықтырудың функциялары


Адамға ең қажет нәрсе - оның өмірі мен денсаулығын сақтау. Денсаулықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Денсаулықтың жоқтығы адамның ойлаған ойын жүзеге асыруға кедергі жасайды, әсіресе жастардың жалындаған күш-қайраты мен қиялына кедергі болады. Әрбір жасөспірімнің дене бітімі жағынан жан-жақты дамуы - бұлшық еттердің болаттай берік болуы, жүрек-қантамыр жүйелерінің, тыныс жолдарының, ас қорыту мүшелерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Әрбір жасөспірім өз ағзасының құрылысы мен атқаратын қызметін жақсы біліп, тазалық ережелерін саналы түрде орындауға тиіс. Қазақ халқы адам денесіндегі он екі мүшенің сау болуына, олардың дұрыс қалыптасып өсуіне көп көңіл бөлетіндігі бұрыннан белгілі.

Жасөспірімнің денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір оқушы өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру қажет. Өйткені дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке де, оқуға да құлшына кіріседі.

Мектепке дейінгі мекемелер мен оқу орындарындағы дене тәрбиесінің

бағдарламалық мазмұны өзінің арнайы ерекшеліктеріне ие және ол бәрінен

бұрын балалардың, жеткіншектердің, студенттердің денсаулығын, денесінің қалыпты дамуын, дене даярлығының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Дене тәрбиесінің аталған құрамдас компоненттері (денсаулық, дене дамуы, дене дайындығы) өзара тығыз байланысты және жеткіншектер мен жастардың жеке тұлғасын, олардың өмірлік және функционалдық жағдайын (бой, салмақ, өкпенің сиымдылығы, аяқ-қолдардың үйлесімді қатынасы және т.б) қалыптастырып дамытуда жеке фактор болып табылады.

Қоғам үшін бірінші кезектегі қажетті тұрмыс пен еңбек қызметіне керек дене қасиеттері мен қозғалыс дағдыларын дамытып, жетілдіруге және бірқалыпты ұстауға көмектесетін, тұрғындардың әр-түрлі әлеуметтік демографиялық тобының мұқтаждығын қанағаттандыратын бұқаралық спорт болып табылады. Бұқаралық спортпен балалық жастан егде жасқа дейінгі кез-гелген адамның айналысуына мүмкіндігі бар және белсенді қозғалыс қызметінің нәтижесінде организмді өзгертуге, жеке тұлғаны жетілдіруге әсер ететін елеулі мүмкіндіктерге ие. 299 Өзінің атауымен-ақ бұқаралық дене шынықтыру коғамдағы өзінің орнын анықтап отыр:

• Қазақстан Республикасы тұрғындарының көпшілік бөлігін дене

жаттығуларымен, туризммен, шынығумен және дене шынықтырудың өзге де

түрлерімен айналысуға тарту;

• Салауатты өмір салтын қоғамда баянды ету;

• Еңбек өнімділігін және басқаларды арттыру.

Оның негізгі кұрамдас бөліктерінен мыналарды ерекше бөліп айтқан жөн:

• Мектептегі сыныптан тыс дене шынықтыру жұмыстарын;

• Білім беру жүйесіндегі оқудан тыс кездегі дене шынықтыру

түрлері;

• өндірістік дене шынықтыру;

• емдеу-сауықтыру дене шынықтыруы;

• кәсіби-қолданбалы дене дайындығы.

Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы - бұл адамды белгілі бір еңбек қызметі

мен әскери қызметке дайындауға бағытталған дене тәрбиесінің әдістері мен

құралдарының жиынтығы. Бір мақсатқа бағытталған дене шынықтыру бұл ретте кәсіпке үйренуді шапшаңдатуға, еңбектің тиімділігіне қол жеткізуге, кәсіби науқастану мен жарақаттанудың алдын алуға, белсенді демалыс есебінен жұмыс қабілеттілігін .қалпына келтіруге себепкер болады. Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы бұдан басқа да кәсіби қолданбалы деп аталатын дене қасиеттері (шыдамдылық, күш, жылдамдық) мен жеке тұлғаның касиеттерін, қолданбалы іскерліктер мен дағдыларды (жүзу, шаңғымен жүру, алпинизм, туризмнің түрлері және басқалар) қалыптастырады. Жоғарыда аталып кеткендей дене шынықтырудың негізгі компоненті және байланыстыратын буыны дене тәрбиесі болып табылады. Ол дене, шынықтыруға балалардың, жеткіншектердің, студенттердің саналы көзқарасы мен түсінігін қалыптастырады. Дене тәрбиесі дененің дамуын, дене дайындығын қамтамасыз етеді, оқушылар мен студенттердің әр түрлі оқу тәрбие қызметінің түрлерін жақсартуға, сонымен бірге тандап алған мамандығын меңгеруге себепші болады. Дене тәрбиесі бұдан басқа да жеке түлғаны қалыптастыратын жалпы мәдениеттілік, адамгершілікті, эстетикалық және өзге де функцияларға ие. Адамның спорттық әрекеттері мен жарыстық қызметтері дене және психикалық қабілеттерінің деңгейін арттыруға себепкер болады. Адамның өз, денесін жетілдіруі, жарыстардың көрермендерді көптеп тартуы және басқалар қоғамға жағымды әсер етегіндігі белгілі. Қозғалыстың жетіспеуі ақыл-ой жұмыс қабілеттілігі мен есте сақтаудың төмендеуіне себепші болады, эмоционалдық тұрақсыздыққа, стресске, жүректің, ет дистрофиясының функционалды жағдайның нашарлауына әкеп соғады, иммунологилық және аллергияға қарсы организмнің тұрақтылығын төмендетеді. Қозғалыстың азаюынан көңіл-күй, белсенділік нашарлайды. мазасыздық, сенімсіздік, жасырын өшпенділік пайда болады. Денсаулық факторларының 90%-тен астамы медицинаға, 300әсіресе денсаулық сақтау органдарының бүгінгі жағдайында тәуелді еместігіне (генетика, салауатты өмір салты, экология т.б.) ғалымдар қорытынды жасап отыр. Осыған байланысты дене шынықтырудың сауықтыру функциясы және оның маңызы әлі де арта түспек, өйткені дене шынықтыру құралдары тұрғындар үшүн ең оңтайлы болып табылады және тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілсе саналы түрді түсінгенде ол көпшілікті қамтитын болмақ. Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан 2030» атты стратегиялық жолдауындағы «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, аман-саулығы» атты тарауда былай деп жазылуы кездейсоқ емес: «Экономиканың өсуі өзінен-өзі біздің азамттардың амандық саулығын қамтамасыз ете алмайды. Ластанған қоршаған орта мен денсаулығына дұрыс қарамау нәтижесінде адамдар жылдан жылға аурушаң болып бара жатқандығы гүлденген экономиканың көз алдыңа елестету қиын емес». Әрі қарай ол қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттелігін атап өтеді: «Салауатты өмір салтына ынталандыру әр қайсымыздың дене жаттығулармен айналысуымызға бағытталған». Қазіргі уақытта спорт ғимараттарының жалдау мен абоненттік төлем ақының қымбаттауына байланысты дене шынықтырудың көп шығынды қажет етпейтін экономикалық тиімді түрлері үлкен маңызға ие болып отырғандығын айта кеткен жөн. Бұл бәрінен бұрын таза ауадағы дене

шынықтыру сабақтары, сауықтыру жүрістері мен жүгірістері, шаңғы

даярлығы, өлке танудың (туризмнің) әр түрі, дене шынықтыру мен үйлестіре

шынығу, спорттық және қозғалыс ойындары және т. б. Қоғамға орасан зор

шығын әкелетін тұмаурату және салқын тиуден болатын жаман әсер ететін

және кең тараған аурулады азайтуда, табиғи – климаттық факторларды

пайдалана отырып, осындай сабақтарды өткізудің пайдалылығын зерттеулер

көрсетіп отыр. Дене шынықтырудың түрлерін таңдағанда қоғамдағы түрлі

әлеуметтік демографиялық топтардың қызығушылығы мен әлеуметтік

қажеттелігін, тіпті жеке тұлғаның да қажеттілігі мен қызығушылығын еске

алу қажет. Дене шынықтырудың маңызды функциоларының бірі Қазақстан

Республикасының Қарулы күштеріндегі әскери қызметшілер мен әскерге

шақырушылардың, сонымен бірге құқық қорғау органдары құрылымдарындағы әскери қолданбалы дайындық болып табылады. Дене шынықтырудың педогогикалық функциясы көп қырлы және өзге көптеген түрлерімен өз-ара байланысты. Сондықтан оның төмендегі негізгі түрлерін айырып атап кетпекпіз. Олар: тәрбиелілігі, білім берушілігі, бос уақытты тиімді пайдалануға жәрдемдесуі, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мен денесін жетілдіруге себепші болатындығы, балалармен жеткіншектер арасындағы қылмысты істерді азайтуы. Дене шынықтырудың отбасылық – тұрмыстық және жүйкені реттейтін функциясын қосымша атап кетуді жөн көрдік. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл функция ғылыми негіздеуді және өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесіне кең көлемде енгізуді қажет етеді. Тарихип тұрғыдан алғанда дене шынықтырудың бірінші кезектегі 301әлеуметтік бағалылығы мен мәні қоғамда, өндірістік және әскери қызметті қоса есептегенде, әр түрлі функцияларды орындауға адамның психо-физиологиялық және дене дайындығын қамтамасыз етуден тұрады.Осыған байланысты Қазақстанда қалыптасқан шешілуі қиын әлеуметтік-экономикалық жағдайларда дене-шынықтырудың тәрбие және білім жуйесімен байланысын, адамның денсаулығы мен түрліше еңбек

қызметіндегі оның жұмыс қабілеттілігіне тиімділігін, қоғамдық өндіріспен

тығыз байланысын негізге алу қажет.

Дене шынықтырудың негізгі әлеуметтік-экономикалық функцияларын

бағалағанда В.И. Жолдак екі аспектіні айырып қарастыру керек деп

есептейді:

1. Адамға дене шынықтырудың әсер ету тиімділігін анықтайтын, дене

шынықтырумен айналысу адамға не беретіндігі, ол қалай өзгереді, осы

жаттығулар нәтижесінде ол қалай жетілетіндігін көрсететін жеке тұлғалық

аспекті.

2. Қоғамдағы барлық қажеттілікті қанағаттандыру үшін рухани және

материалдық өндіріске, әлеуметтік алға басушылыққа адамның қосқан үлесі,

оның қызметі дене шынықтыру мен спорттың адамға жағымды әсерімен

қалай өзгергендігін, жетілгендігін бейнелейтін әлеуметтік аспекті.

Қазақстан Республикасындағы экономикалық проблемалардың өтпелі

кезеңінің шарттары, міндеттеп отырған жүмыс қабілеттілігі паспорттық

мәліметтерімен ғана емес, сонымен бірге дене жаттығуларымен айналысу

арқылы қамтамасыз етілетін адам ағзасының физиологиялық

көрсеткіштерімен, оның дене мүмкіндіктерімен тығыз байланысты.

Адамның, әсіресе орта жастағылардың қозғалыс белсенділігінің

жүйелі процесі жұмыс кабілеттілігін мезгілінен бұрын жоғалту мүмкіндігін

азайтады және коғамға елеулі материалдық табыс әкеледі.













2.3 Спорттық секциялардағы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру


Барлық орта арнаулы оқу орындарында оқуға қосымша сабақтан тыс сауықтыру дене тәрбиесі және көпшілік спорт жұмыстары ұйымдастырылып, өткізіледі. Оқу мен оқудан тыс түрлердің бірлігі жаңа бағдарламалық материалдарды жемісті меңгеруді және өтілгенін бекітуді қамтамасыз етеді. Оқу орыңдарында сабақтан тыс уақытта оқытушының тапсырмасы бойынша оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі жақсы жолға қойылған. Көптеген оқушылар үйлерінде немесе жатақханада таңертеңгі гигиеналық гимнастикамен (ТГГ) айналысады. Оқу күні барысында көптеген колледждер мен кәсіптік-мектептерде "дене тәрбиелік үзілістер" өткізіледі. Бұл шаралар оқушы денсаулығына көп пайда келтіреді. 
Денсаулығының мықты болуы үшін және денесінің жақсы дамуы үшін оқушылар белсенді демалыс құралдары, ауыр оқу жұмыстарынан кейін жұмыс қабілетін қалпына келтіру сияқты дәрістерді қарастыра отырып, дене жаттығуларымен және спортпен өз бетінше айналысу керек. 
Сауықтыру-дене тәрбиесі, көпшілік спорт шараларына қатысу, дене жаттығуларымен өз бетінше айналысу, ары қарай сабақтарда меңгерген дағдыларды жүзеге асыруға көмектеседі, оқушылардың Президенттік тест кешені мен спорттық нормаларын орындау дайындығын жеделдетеді. 
Оның бағдарламасына белсенді демалыс үшін шаралар, көпшілік ойындар, Президенттік тест кешені жаттығулары бойынша жарыстар енеді. Дене тәрбиесі бағдарламасына сай семестрде бір рет оқу орнында «Денсаулық күні» өткізіледі. Каникул кезінде (қыста және жазда) жеке колледждер мен кәсіптік-мектептер оқушылардың белсенді демалысы үшін сауықтыру-спорт лагерлерін, еңбек пен демалыс лагерьлерін құрады, бұл лагерьлерде спорт шеберлігін көтеру мен Президенттік тест кешені мөлшерін орындауға дайындау үшін оқушылармен оқу-жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. 
Орта арнаулы оқу орындарындағы дене тәрбиесі ұжымы. Қазақстандағы дене тәрбиесі қозғалысының негізгі буыны дене тәрбиесі ұжымы болып табылады. Дене тәрбиесі ұжымы кәсіпорындарда, мекемелерді, құрылыстарда, ұжымшарларда, оқу орындарында құрылады. 

Орта арнаулы оқу орындарының дене тәрбиесі ұжымы - дене тәрбиесі мен спортты олардың тұрмысына өндіретін оқушылардың дене тәрбиесі бойынша жұмыс орталығы. Дене тәрбиесі ұжымы өз қызметін оқу орнындағы кәсіподақ ұйымының басшылығымен жүргізеді. Әрине жұмысты дене тәрбиесі ұжымының кеңесі ұйымдастырады. Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі (спорт клубы басқармасы) оқу жылының басында дене тәрбиешілерінің жалпы жиналысыңда сайланады. Ол оқушы-дене шынықтырушылар мен педагогикалық ұжым арасындағы барлық ұйымдастыру, сауықтыру, көпшілік спорт жұмыстарын жүргізеді. Кеңес төрағасы дене тәрбиесі және колледждердің (училищенің) алғашқы әскерге дайындық басшылығымен, тығыз байланыста жұмыс істейді. 

Дене тәрбиесі ұжымының кеңесінде жеке бағыттарда басшылық жасау жұмысы үшін түрлі комиссия құрылады, мысалы, оқу спорттық, үгіт-насихат, қаржы-шаруашылық және т.б. Оны барынша қабілетті оқушы немесе оқытушы басқарады. Мысалы, үгіт-насихат жұмысы бойынша комиссияны облыстық дене тәрбиесі және спорт комитетінің мүшесі, шаруашылық комиссиясын оқу орнының кәсіподақ комитетінің мүшесі басқара алады. 
Оқу топтарында дене тәрбиесі ұйымдастырушылары сайланады, жұмысқа спорт төрешілері, белсенді қоғамдық дене тәрбиесі сабақтарында, спорт секцияларында, сол сияқты арнайы ұйымдастырылған семинарларда жүргізіледі. Оқу-спорт жұмысы негізгі, өзара тығыз байланысты бағытта жүзеге асырылады: Көпшілік спортты дамыту және спортшы шеберліктерін көтеру.Спорт-оқу жұмысы процесінде мына міндеттер орындалады: 
1. Спортпен айналысатындардың денсаулығын нығайту, олардың қызмет мүмкіндіктерін, дене дамуын көтеру. 
2. Еңбек пен Отанды қорғау үшін қажетті өмірлік маңызды қолданбалы қимыл сапаларын істеуді, дағдыны студенттерде қалыптастыру. Оларға Бүкілодақтық дене тәрбиесі кешенінің талаптары мен нормаларын орындату. 
3. Студенттерге дене тәрбиесі мен спорт туралы және таңдаған спорт түрлерінен арнайы теориялық білімдерді меңгерту. 
4. Спорт секцияларына қатысатындардың спорт шеберліктерін бірте-бірте көтеру, оларға тандаған спорт түрлерінен Президенттік тест талаптары мен санаттық нормаларды орындату. 
5. Спортшыларды Отандық рухта, спорт этикасына, Отан туына адалдыққа тәрбиелеу. 
Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі (спорт клубы басшылығы), спорт секциясының бюросы, жаттықтырушылар мен қоғамдық инструкторлар, денсаулығы мықты адамдармен жұмыс істейді. Оларға дене тәрбиесімен және спортпен айналысатындардың денсаулығын сақтап қана қоймай, оны нығайту да жүктеледі. Дене жаттығулары тек оларды дұрыс қолдана білгенде ғана жүзеге асады. Оны дұрыс қолданбау денсаулықтың бұзылуына себепкер болуы мүмкін. Сондықтан, дене тәрбиесі мен спорт оқу жаттығу сабақтарында адамның анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, оның жынысын, жасын, денсаулық жағдайын және дайындық деңгейін ескеру қажет, әрі күнделікті дәрігерлік-педагогикалық бақылауды орындаған жөн. 

Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің жұмысында әр алуан спорт түрлерінен спорт секциялары мен командалардың оқу-жаттықтыру үдерісі үлкен орын алады. Студенттер бұл секциялар мен командаларда оқу орны ішіндегі және жоғарғы спорт ұйымдары өткізілетін спорт жарыстарына қатысуға дайындалады және өз спорт шеберліктерін жетілдіріп көтереді. 
Оқу орындарында сауықтыру топтары мен спорт секциялары неғұрлым көп ұйымдастырылған болса, студенттер сұранысы соғұрлым қанағаттандырылады және дене тәрбиесі ұжымының саны көбейеді. Ескере кететін жәйт ұжымнан тыс бірде-бір студент қалмауы керек. 
Оқу орындарында студенттердің жан-жақты дене дайындығын қамтитын спорт түрлерінен, атап айтқанда, гимнастикадан, жеңіл атлетикадан, бокстан, күрестен, шаңғы спортынан, жүзуден, спорт ойындарынан және т.б. топтар мен секциялар құру ұсынылады. 
Оқу-жаттықтыру сабақтары, спорт жарыстары және де басқа шаралар оқу күні тәртібіне сәйкес сабақтан бос уақытта ұйымдастырылады. 
Спорт түрлерінен қоғамдық инструкторлар, жаттықтырушылар мен төрешілер арнайы ұйымдастырылған семинарларда белсенді спортшылар қатарында дайындалады, сонымен бірге оқу-жаттықтыру сабақтары мен жарыстарда оқып үйренеді. Олар туристік жорықтарды, шаңғымен сырғанауды, велосипед тебуді және де басқа көпшілік спорт шараларын өткізуге ұсынылуы мүмкін. 
Әдіскер (методист) мен команда жетекшілері (капитандары). Әдіскер ұйымдастырушылық және тәрбиелік қызмет атқарады. Оған бірінші кезекте оқытушылар (жаттықтырушылар), қоғамдық инструкторлар сүйенеді. Сондықтан жетекшілікке беделді, барынша дайындалған ұстамды, үлгілі, яғни басқалар үлгі алатындай қадірлі спортшы сайланады. 
Спортшылар командасы (гимнастар, жеңіл атлеттер, шаңғышылар, т.б.) жарыстарға қатысқанда команда мүшелерінің арасынан капитан сайланады, ол барлық команданың үлгерімі мен ұйымдастырылуына жауапты болады. Команда капитаны спорт ойындарында үлкен мәнге ие болады. Ол командадан сайланып, оны басқарады. Жарыс кезінде капитанның айтқандары бұлжымай орындалуы тиіс. Ол бір өзі ғана төрешімен сөйлесуге және өз командасының ойыншысын ауыстыруға құқылы. Команда капитаны кеудесінің сол жағына немесе сол қолына белгі байлап алуы керек. Алаңнан кетерде төрешіге ескертіп, өз орнына орынбасарын қалдырып кетуі тиіс. 
Жетекшілер мен команда капитандарының міндеттері мыналар: жұмыс есебі күнделігін жүргізу, сабақ басталарда топты (команданы) сапқа тұрғызу, сабаққа қатыспаушылардың себебін білу, кезекшілерді тағайындау. 
Кезекшілер сабаққа қажетті спорттық құрал-жабдықтарды дайындайды. 
Жетекшілер мен команда капитандары оқушы-спортшылар сабаққа таза спорт киімімен, соған сәйкес аяқ киімімен келуін қадағалайды, оны орындамағандарға шара қолданады.
Команда өкілі. Жарысқа қатысатын әр командадан өкіл тағайындалады. Ол төрешілер алқасына спорт түрінің ережесінде, жарыс туралы ережеге сай каралған қажетті құжаттар мен аталған өтінішті береді. Өкіл қатысушылардың жарыс арасындағы және орын ауыстыруындағы үлгеріміне жауапты болады және әр ойыншының бүкіл команданың жемісті өнер көрсетуіне жағдай жасайды. 
Егер команда өкілі болмаса, оның міндетін капитан орындайды. 
Дәрігерлік бақылау. Дене тәрбиесі ұжымының спорт секциясының қатысушылары сол оқу орны дәрігерлерінің тексеруінен өтеді. Жарыс ойыншылары өтініште тіркелген жазбаша дәрігердің рұхсатын алуы тиіс. 
Оқу-спорт жұмысы бойынша есеп беру. Қазақстанда халыққа білім беру мемлекеттік министрлігі тәртібі бойынша жүргізіледі. Оқу-спорт жұмысының есеп беру түрлері мыналар: оқу топтарының журналы (спорт секциялары, командалардың), спортшылардың жеке карточкалары, спорт жетістіктері мен рекордтарының есеп беру кітабы және басқалары. Сондай-ақ есеп беруге өтілген сабақтар жоспары , спорт жарыстарының хаттамалары, дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің қаулысы, спорт секциясының бюросы, жаттықтыру кеңесі және басқалар. 
Орта арнаулы оқу орындарындағы барлық дене тәрбиесі, көпшілік-спорт жұмыстары, студенттердің дене тәрбиесі жүйесі студенттердің денсаулығын нығайтып, сақтауға және таңдаған мамандығы бойынша жоғары өндірістік еңбекке, Қазақстан Қарулы күштеріне жемісті қызмет етуге дайындауға бағытталуы керек. Спорт секциясының міндеттері мыналар: 
-студент жастарды спортпен нақтылы шұғылдануға тарту; 
- студенттердің ағзасын шыңдап, денсаулығын нығайту, олардың жан-жақты, қарқынды дене, тәсілдік, тактикалық, психологиялық, қолданбалы және теориялық дайындықтарын қамтамасыз ету; 
-студенттерді көпшілік спорт жарыстарына қатыстыру; 
-студенттерге Президенттік кешен нормалары мен талаптарын орындату; 
- жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау, құрама командаларды дайындау; 
-спорт секцияларындағы қоғамдық жұмыстарға студенттерді тарту; 
-қоғамдық-инструкторларды, жаттықтырушыларды және төрешілерді дайындау. 

Дене тәрбиесі ұжымында оқу-спорт жұмысын ұйымдастыру үшін оқу-спорт комиссиясы, жаттықтырушылар кеңесі, спорт төрешілері тобы, спорт секциясының бюросы құрылады, қоғамдық инструкторлар мен жаттықтырушылар дайындалады, оқу топтарының жетекшілері мен команда капитандары сайланады.  Оқу-спорт комиссиясы. Комиссия құрамы дене тәрбиесі оқытушыларынан (жаттықтырушы), спорт төрешілерінен және үздік спортшылардан құралады. Осы құрамнан төраға, төраға орынбасары және хатшы сайланады. Комиссия оқу-жаттықтыру сабақтарын, спорт жарыстарының бағдарламасын жасайды, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады, Президент кешені төсбелгішілерін, санатты спортшыларды, қоғамдық инструкторларды, жаттықтырушылар мен төрешілерді дайындайды, оқу-спорт жұмысының есебін тыңдап-бақылаумен айналысады. 

Жаттықтырушылар кеңесі. Оқу орнының дене тәрбиесі ұжымында жаттықтырушылар кеңесі құрылуы мүмкін. Оның құрамына ДТ штаттағы оқытушылары, спорт түрлерінен жаттықтырушылар мен қоғамдық инструкторлар кіреді. Кеңес олардың қызметін оқу-спорт және тәрбие жұмыстарының жоспары, өткізілуі және бақылау бойынша бағыттап отырады. Кеңес жүргізілетін жұмысты орындайтын төраға мен хатшы сайлайды. Жаттықтырушылар кеңес дене тәрбиесі басшыларының бірігіп, өз мәжілістерінде спорт жарыстарының күнтізбесін, оның бағдарламасын дайындап, жаттықтырушылардың өз жұмыстары туралы есебін тыңдайды; оқу-спорт жұмысының қорытындысын шығарады және т.б. 
Төрешілер тобы дене тәрбиесі ұжымының барлық спорт төрешілерін біріктіреді және олардың жұмысына бағдар береді. Оны төраға, орынбасар және хатшы жүргізеді. Toп дене тәрбиесі ұжымындағы (спорт клубындағы) спорт жарыстарының төрешілігін қамтитын жоспар жасайды. 
Toп спорт төрешілері дәрежелерін көтеруді, жаңа мамандар даярлауды ұйымдастырады, спорт төрешілігіне дене тәрбиесі белсенділерін тартады, жарысқа төрешілік етуді ұйымдастырады, спорт түрлері бойынша ережелерге сай жүргізеді және т.б. Өз жұмысында спорт төрешілері тобы дене тәрбиесі оқытушыларының тәжірибесі мен білімін пайдаланады, солардың көмегіне сүйенеді. Ең сауатты төрешілер аудан, қала, облыс біріншіліктері жарыстарына төрешілік етуге ұсынылады. 

Спорт секциясының бюросы. Секцияның ұйымдастыру, оқу-спорт, тәрбие жұмыстары 3-5 адамнан құралған спорт секциясы бюросында орындалады. Бюро жылына бір рет секция мүшелерінің жалпы жиналысында сайланады. Бюро дене тәрбиесі ұжымының және дене тәрбиесі жетекшісінің басшылығымен жұмыс істейді және секцияға жаңа мүше тартумен айналысады, оқу топтарын (командаларын) ұйымдастырады, топ жетекшілерін (команда капитанын) сайлауды өткізеді, сабаққа қатысуды, Президент кешенінің нормативтерін орындауды қадағалайды. Белгілі бір кезеңде бюро секция мүшелерінің жалпы жиналысында есеп береді.


Қорытынды


Бүгінде біз өзіміздің ұлттық спорт­тық тәрбие жүйемізді құруға кірісуіміз керек. Ол жүйе халықты спортқа тартып қана қоймай, адам­дар­дың менталитетін өзгертіп, оларға дене шынықтыру мен спорт­тың аса қажеттігін ұғындыра білуі тиіс. Яғни, халық өз денсаулығы үшін жауапкершілікті терең сезінуі қажет. Осы орайда бірқатар ұсы­ныс­­тарымызды айтып, ел спортын­дағы кейбір кемшін тұстарға да тоқтала кеткеніміз жөн болар.

Айталық, жұмыс берушілер мен еңбек ұжымдарының арасын­дағы келісім-шарт бойынша спорт­ты еңбек және демалыс орын­дары­ның жүйесіне енгізсе, артық болмас еді. Мекемелер мен көпші­лік­тің де­ма­лыс орындарында спортпен шұ­ғыл­дануға жағдай жасалуы керек.

Кез келген саланы жете мең­геру үшін оның түп негізін, кемші­лік­тердің себеп-салдарын, жетістікке жету жолдарын ғылыми тұр­ғы­дан зерттеп отырмаса болмайды. Спорт әлемі де тұнып тұрған ғы­лым. Осы жағдайды ескеріп, спорт саласы бойынша ғылыми-зерттеу институтын құрып, ғылыми-әдіс­те­мелік базаны жетілдіру – күн тәр­тібінде тұрған аса маңызды мәселе.

Спорт саласындағы мамандар­дың біліктілік деңгейі біздің жас мемлекетіміз үшін аса маңызды. Спорт кадрларын даярлау мен қай­та даярлау бағдарламасын жетіл­діріп, осы орайда республикалық мектеп-интернаттарды қайта құру жолымен колледждерге айнал­дыру­ға кірістік.

Мемлекет пен жеке меншіктің спорт саласындағы әріптестігін да­мы­ту қажет. Жеке меншік бизнесті еліміздің спорт саласына тар­татын мез­гіл жетті деп ойлаймын. Салық кодексіне спорт саласына айтар­лық­тай қолдау көрсеткен бизнес құры­лым­дарына арнайы салық тәртібін қолдану туралы өзгерту­лер енгізу керек.

Спортпен шұғылдану­шы­лар­дың санын көбейту, қосымша спорт мекемелерін, басқа да дене шынық­тыру-сауықтыру ұйымдары мен клубтар ашу бірінші кезекте инф­ра­құрылымның дамуы мен спорт нысандарының көбеюіне бай­ла­ныс­ты. Спорт инфра­құрылы­мы­ның жалпы алғанда дамып келе жат­қа­нына қарамастан, спорттың бұ­қара­лық сипат алуына спорт нысан­да­ры­ның (әсіресе, ауылдық жерлердегі) кемшіліктері кедергі болып отыр. Ауылдық жерлердегі спорт нысандары аз, қамтамасыз еті­лу деңгейі төмен. Қазіргі бар спорт ны­сандары ел халқының қажет­ті­лігін небары 30 пайызға ғана өтей алады. Бүгінде еліміздегі білім беру ұйымдарынан тыс нысандардың әр бесіншісі, яғни 957 нысан жөн­деуді қажет етіп тұр. Еліміздегі 7 мың ауылдық елді мекенде 20 166 спорт нысаны бар. Солардың 13 134-і (65,1%-ы) ашық спорт алаң­қайлары да, 307-сі ғана (3%-ы) жабық спорт кешендері.

Спорттың кейбір түрлерінен елі­мізде командалардың ресми ха­лықаралық жарыстарға даяр­лануы­на арналған заманауи базалар жетіспейді. Бұған қоса, жүзу бассейні, нысана көздеу орны, жеңіл атлетика манежі, велотрек, шаңғы ба­засы, есу арналары сынды ма­ман­дандырылған спорт нысандары тапшы. Ал бұлар нағыз медальға жомарт олимпиадалық спорт түр­лері екенін ескерсек, халықаралық ірі жарыстарда қандай қомақты олжалардан қағылып жүргеніміз айтпаса да түсінікті.

Жетістіктерімізді айта отырып, осындай кемшін тұстарымызды да жасырмай, қайта оны көпшіліктің на­зарына салып, жағдайды түзеу амал­дарын бірлесе қарастыр­ғаны­мыз жөн.

Жиырма жыл тарих үшін аз ғана уақыт болғанымен, Тәуелсіз Қазақ елінің спорт саңлақтары осы қысқа мерзімнің өзінде әлемнің талай асуын бағындырып үлгерді. Алда талай биіктер күтіп тұр, сол асқар­лар­ға ұмтылған Қазақстан спор­ты­ның да кемелдене түсері сөзсіз. Қазақстанда спортты дамытуға ден қойылып, дене тәрбиесін дамыту үшін сәулетті стадиондар мен спорт кешендерін жөнге келтіру қолға алына бастады. Бүгінгі таңда біздің елде қазіргі заманғы халықаралық стандартқа сай спорттық ғимараттар саны көбейіп келеді.























Пайдаланылған әдебиеттер


1. К.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.
2. Е.Сағындықов. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. - Алматы, 1992.
3.  К.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.
4. Ж. Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 1998.
5. Савин Н.В. Педагогика. - Алматы, 1983.

6. А.М. Алексеев. Дене тәрбиесінің экономикалық тиімділігін бағалау

әдістері (Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы - 1988 ж. - ғ 10).

7. Б.Н. Антипова Тұрғындарға ақылы қызмет көрсету жүйесіндегі дене

шынықтыру тиімділігінің ұйымдастыру-педагогикалық аспектілері.

8. С.Н. Братоновский. Спорттық кооперативтерді ұйымдастыру мен оның

қызметінің құқықтың негіздері (Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы -

1991ж. – ғ 9).

9. М. Гриненко, Г. Саноян. Еңбек, денсаулық, дене шынықтыру - М:

1974 ж.

10. В.И.Жолдак Дене шынықтыру және еңбек. М: 1982 ж.

11. Дене шынықтыру мен спорттың экономикасы. Оқу қүралы М: 1983 ж.



























Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!