СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Сегіз сері» дәстүрлі сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Сегіз сері» дәстүрлі сайысы

Мақсаттары: Оқушылардын бойында ұлттық салт-дәстүрімізге сай көріктілік, ептілік, ержүректілік қасиеттерді қалыптастыру, өз халқының, Отанынын азаматы болып қалыптасуына көмектесу. Халқымыздың салт-дәстүрін, аталы сөздерін дәріптеуге, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жүргізу әдісі: Сайыс түрінде.

Көрнекілігі:  Плакатқа жазылған нақыл сөздер: «Ер қаруы-бес қару», «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын», мерекеге сай бөлмені безендіру.

         Тәрбие сағатының барысы

         I . Ұйымдастыру кезеңі

         II. Кіріспе сөз

         III. Сайыстың басталуы

         1-ші жүргізуші: Құрметті ата –аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 3-сыныбының «Сегіз сері» атты дәстүрлі сайысын тамашалауға қош келдіңіздер!

          2-ші жүргізуші: Береке де осында

                                      Мереке де осында

                                      Болып жатыр той думан

                                      Қырандардың қасында

         1-ші жүргізуші: 

         Асқақтаған ән дайын

         Күмбірлеген күй дайын.

         Ал, қанеки, қырандар,

         Бастап жігіт өнерін

         Биіктерге самғандар.

         2-ші жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Енді сайыскерлерді қошеметтеп ортаға шақырайық.

         Секен Тұрсынбековтың «Ата талғауы» күйі орындалады. Қыздар мен ер балалар жұптаса жүріп ортаға шығады. Сегіз сайыскерлер сахнаға шығады.

         1-ші жүргізуші:  Сайысқа қатысушылар,көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады.

         Сайысқа қатысушы ер балалр өздерін таныстырады. Әр оқушы нөмір тағылады.

         1 сайыс кезеңі-«Зерде».

         2-ші жүргізуші:

         Ал жігіттер

         Сендерге артар міндет көп

         Көтер биік ата салтын құремттеп.

         Ақтай білсең ата-баба үмітін

         Әрбір сөзі тәлімі мол бір мектеп

         1-ші жүргізуші:  Ертеде халқымыз жігіттердің мінезін, күш-қайратын, өнерін сынап отырған ғой.  Бүгін енді осы сайысқа қатысып отырған серілерді біздің қыздар сынайды.  Қыздарға сөз берейік.

         1 сұрақ: Қазақтың жігіті қандай болу керек?

         1 сайыскер: Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, қыр мұрыңды , қияқ мұртты, кең иықты, апай төсті, жуан білекті, қынай белді, қапасағай денелі, от ауызды, шешен тілді, темірдей саусақты, жау жүректі жігіт болу керек.

         2 сұрақ: Қазақтың батыры қандай болу керек?

         2 сайыскер: Қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, қабыландай сұсты, нардай төзімді, құландай суйікті, жылқы мінезді жігіт болу керек.

         3 сұрақ: Халқымз жігіт жеті қырлы, бір сырлы болады дейді. Бұл туралы не айтасың?

         3 сайыскер: Көсем жігіт- ел басқаратын жігіт, шешен жігіт- дау шешетін тұлға, батыр жігіт- еліне қамқор, жауына алаберен жігіт, сері жігіт- аттың  жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, қыранның қырағасын баптап , ат құлағында  ойнап , ер арқауы –бес қаруды сайлап, мың құбылтып ән салып, күмбіргелген күй тартатын - өнерлі жігіт.

         4 сұрақ: «Ер қаруы- бес қару» деген бабаларымыздың қарулары қандай болған?

         4 сайыскер: Сойыл-дойыр және айбалта

                            Шоқпар, найза, садақ

                            Бес қаруы батырлардың андасаң,

                            Бәрі ағаштан жасалыпты байқасаң

                            Солармен- ақ батыр баба шайқасқан.

         5 сұрақ: Жігіт бойында алты түрлі қасиет болады, ол туралы не білесің?

         5 сайыскер: Зерде –зейіні болсын, өнер- өрісі болсын, жігері күші болсын, қайрат қаруы болсын, білімі болсын, тапқырлық-талап , ерлігі болсын.

         6 сұрақ: Халқымыз жігітке үш асыл мінез жарасады дейді. Ол қандай  мінез екенін айтып берсеңіз?

         6 сайыскер: Туған елімен дос-жаранына адал болу, қара қылды қақ жарған әділетті болу, қаймықпастан турасын айтар шыншыл болу.

         7 сұрақ: Ер жігіттің ажырамас үш серігі бар дегенді  қалай түсінесің?

         7 сайыскер: Астыңда мінген тұлпарың болсын,

                            Шындалған ақыл- айлаң болсын,

                            Айнымас адал досың болсын.

         8 сұрақ: Жігіттің  жеті қазынасы туралы не айтар едің?

         8 сайыскер: Жүрдек аты- жігіт қаны, қанаты

                            Қыран бүркіт- қарым –күші, қуаты

                            Құмай тазы-бастан серік сенімі

                            Ақ мылтығы *сенбес аты серігі

                            Алмас кездік –жігіт сұсы, һәм мысы

                            Ау-жылымы- айла, амал әдісі

                            Қара қақапан –серті, себебі тірліктің

                            Осы жеті қазынасы жігіттің.

2-ші жүргізуші:  Ал, серіліер, халқымыз жігіттің сегіз жауы бар дейді. Ол туралы аталы сөз қалған екен. Бұған қалай жауап берер екнсіңдер?

         1- сайыскер:

         Басты жауың-аңқаулық

         Сорлататын жауыңды.

         2- сайыскер:

         Осалдығын аңқаулық

         Соқтыратын саныңды

         3- сайыскер:

         Жасқаншақ  болсаң , ұры алар

         Қорадағы малыңды.

         4- сайыскер:

         Жолатқызбас жасықтық

         Аузыңдағы балыңды.

         5- сайыскер:

         Өтірік айтсаң өңмеңдеп

         Жоғалтасың арыңды

         6- сайыскер:

         Өсек терсең телмеңдеп

         Суға кетірер салыңды.

         7- сайыскер:

         Көпірме босқа мақтан қып

         Түкке тұрмас барыңды

         8- сайыскер:

         Көрінгенге жалтақтап

         Бола алмайсың жағымды.

         Біреуді алдап- арбаумен

         Аша алмайсың бағыңды.

         1-ші жүргізуші: Әділ қазылар алқасы жігіттеріміздің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.

         Ән орыдалады.

         2-сайыс кезеңі. «Күш сынасу» ( қол күрестіру). Салмақ тасын көтеру.

         2-ші жүргізуші:

         Ат өнері білінбес

         Бәйгеге түсіп жарыспай.

         Ер өнері білінбес

         Қоян- қолтық алыспай,- демекші, енді сайыскерлеріміздің спорттық өнерлерін тамашалайық.

         3 сайыс кезеңі «Өнерлі өрге жүзер»  (өнер көрсету)

         1-ші жүргізуші:

         Жігіттер, жаман істі  кәсіп етпе

         Досыңды бірге жүрген басып өтпе.

         Басыңа әлдеқандай іс түскенде

         Дос түгіл дұшпаның да қашар шетке.

         2-ші жүргізуші:

         Қыран бүркіт көтерер елдің нарқын

         Өнерлі жігіт асырар даңқын,- дегендей, енді жігіттеріміздің өнерін тамашалайық. Әр сайыскер өзі дайындаған өнерін көрсетеді.

         1-ші жүргізуші: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», деп халық даналығын еске ала отырып сайыскерлерді тағыда сынап көрейік

         4-сайыс кезеңі:

          2-ші жүргізуші: «Өткен өмірді білмей болашақты болжай алмайсың» дейді халқымыз. Халқымыздың әдет ғұрпын , салт-дәстүрін білу-бүгін ұрпақтың міндеті. Сондықтанда сайыскерлеріміз нөмірленген асықтар алады, сұрақтарға жауап береді.

№1 асық Төрт түлік малдардың пірлерін ата.

  1. Түйе- Ойсылқара
  2. Жылқы- Қамбарата
  3. Қой – Шопан ата
  4. Сиыр – Зеңгі баба
  5. Ешкі – Шек-шек ата

№2 асық Қазақша ай аттарын ата

  1. Қаңтар
  2. Ақпан
  3. Наурыз
  4. Сәуір
  5. Мамыр
  6. Маусым
  7. Шілде
  8. Тамыз
  9. Қыркүйек
  10. Қазан
  11. Қараша
  12. Желтоқсан

№3 асық   Қазақ халқының салт-дәстүрін атап шық, біреуін түсіндір.

Бесікке салу, шілдехана, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, тілашар, беташар, тойбастар, үйлену, қыз ұзату.

№4 асық   Қазақ халқының тарихында қандай билер өткен?

 Төле би, Қазбек би, Әйтеке би

№5 асық  Қазақ халқының қандай батырларын білесің?

Абылай хан, Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ Жәнібек, Райымбек батыр, Ақжолтай Ағыбай батыр.

№6 асық Жеті атаны талдап бер

Әке, бала, немере , шөбере , шөпшек, немене, туажат

№7 асық Бес асыл мен бес дұшпанды ата

Бес нәрседен қашық бол

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ- бес дұшпады білсеңіз талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой- бес асыл іс көнсеңіз (Абай)

№8 асық   Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық

Ақсүйек, Қанталапай, Қыз қуу, Бәйге, Орамал тастамақ, Көкпар, Асық ойындары

1-жүргізуші: Әділқазылар алқасы ұпай санын есептегенше қыздарымыздың мың бұралған әсем билеріне кезек берейік

5-сайыс кезеңі «Жеті атаңды білесің бе?»

2-жүргізуші:

Жылдар, жылдар тарихтың мол беттері

Сен әкелген жақсылықтар көп тегі

Көңілімді шат сезімге баурайды

Халқымызыдың өткенгі мен ертеңі

1-жүргізуші: «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп бабаларымыз сөкпесін деп, енді сегіз сері өздерінің жеті атасын жатқа айтып береді.

Ән орындалады.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Біздің сегіз серіміздің  сайыстары өз мәресіне жетті.

1-жүргізуші: Біздің ақ  тілегімізді қабыл алыңыздар!

Оқушыларға тілек. Жас баланың күлкісін, жомарттың қолын, сапарлының жолын, қыздың қылығын, судың тұнығын, асудың арынын, бұлбұлдың таңғы үнін, гүлдің нәзіктігін, теңіздің тереңдігін, елдің көңілін, мәңгі бақи ажырамас шын достың жүрегін бер!

2-жүргізуші: Ұстаздарға, ата- аналарға тілейміз: Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін, пәле –жала табалдырыққа жетпесін, ұрпақтарыңыз өсіп-өніп көктесін, шәкірттеріңіз алдыңыздан кесіп өтпесін, қырандай самғап шарласын, мынау күмбез көктесін!

Соңында сайысқа қатысушыларға: «Сымбатты жігіт», «Өнерлі жігіт», «Батыл жігіт», «Өжет жігіт», «Сегіз қырлы жігіт», «Спотршы жігіт», «Білімді жігіт» деген атақтармен марапаттау беріледі.

Просмотр содержимого документа
««Сегіз сері» дәстүрлі сайысы»

1 асық Төрт түлік малдардың пірлерін ата.

  1. Түйе- Ойсылқара

  2. Жылқы- Қамбарата

  3. Қой – Шопан ата

  4. Сиыр – Зеңгі баба

  5. Ешкі – Шек-шек ата

2 асық Қазақша ай аттарын ата

  1. Қаңтар

  2. Ақпан

  3. Наурыз

  4. Сәуір

  5. Мамыр

  6. Маусым

  7. Шілде

  8. Тамыз

  9. Қыркүйек

  10. Қазан

  11. Қараша

  12. Желтоқсан

3 асық Қазақ халқының салт-дәстүрін атап шық, біреуін түсіндір.

Бесікке салу, шілдехана, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, тілашар, беташар, тойбастар, үйлену, қыз ұзату.

4 асық Қазақ халқының тарихында қандай билер өткен?

Төле би, Қазбек би, Әйтеке би

5 асық Қазақ халқының қандай батырларын білесің?

Абылай хан, Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ Жәнібек, Райымбек батыр, Ақжолтай Ағыбай батыр.

6 асық Жеті атаны талдап бер

Әке, бала, немере , шөбере , шөпшек, немене, туажат

7 асық Бес асыл мен бес дұшпанды ата

Бес нәрседен қашық бол

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ- бес дұшпады білсеңіз талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой- бес асыл іс көнсеңіз (Абай)

8 асық Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық

Ақсүйек, Қанталапай, Қыз қуу, Бәйге, Орамал тастамақ, Көкпар, Асық ойындары

1-жүргізуші: Әділқазылар алқасы ұпай санын есептегенше қыздарымыздың мың бұралған әсем билеріне кезек берейік

5-сайыс кезеңі «Жеті атаңды білесің бе?»

2-жүргізуші:

Жылдар, жылдар тарихтың мол беттері

Сен әкелген жақсылықтар көп тегі

Көңілімді шат сезімге баурайды

Халқымызыдың өткенгі мен ертеңі

1-жүргізуші: «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп бабаларымыз сөкпесін деп, енді сегіз сері өздерінің жеті атасын жатқа айтып береді.

Ән орындалады.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Біздің сегіз серіміздің сайыстары өз мәресіне жетті.

1-жүргізуші: Біздің ақ тілегімізді қабыл алыңыздар!

Оқушыларға тілек. Жас баланың күлкісін, жомарттың қолын, сапарлының жолын, қыздың қылығын, судың тұнығын, асудың арынын, бұлбұлдың таңғы үнін, гүлдің нәзіктігін, теңіздің тереңдігін, елдің көңілін, мәңгі бақи ажырамас шын достың жүрегін бер!

2-жүргізуші: Ұстаздарға, ата- аналарға тілейміз: Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін, пәле –жала табалдырыққа жетпесін, ұрпақтарыңыз өсіп-өніп көктесін, шәкірттеріңіз алдыңыздан кесіп өтпесін, қырандай самғап шарласын, мынау күмбез көктесін!

Соңында сайысқа қатысушыларға: «Сымбатты жігіт», «Өнерлі жігіт», «Батыл жігіт», «Өжет жігіт», «Сегіз қырлы жігіт», «Спотршы жігіт», «Білімді жігіт» деген атақтармен марапаттау беріледі.

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!