БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК
Сабақ жоспары
Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы (сабақ тақырыбы)
Пән атауы: Қазақ әдебиеті.
Дайындаған педагог: Акишева Заурет Исаевна.
2022 жылғы «_31_» ______01______
1.Жалпы мәліметтер
Курс, топ: МГ-311.1қ, ТЖ-118.1қ, ТЖ-115.1қ, СТ-611.1қ
Сабақ типі: Дәстүрлі.
2. Оқыту мақсаты: Көркем шығармадағы образ жүйесіне талдау жасау, шығарма үзінділерін саралау, тұжырымдау.
Сабақ мақсаты: ( тәрбиелік мақсаты) Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, ашықтық, академиялық шыншылдық, өмір бойы білім алу, әлемдік азаматтық Шешендікке баулу, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрету (құндылықтарды игерту).
Бағалау критерийлері: 1) Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіндіреді;
2) Әдеби шығарманың жанрлық табиғатын ажыратады;
3) Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралайды;
1.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі 2. Блум таксономиясы: Білу; Түсіну; Қолдану; Талдау. Бағалау: Шығармадан алған тәрбиелік танымды өмірмен салыстырып көріңіз.
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
Слайдтар, қосымша-дидактикалық материалдар, оқулық әдебиеттер, бейнероликтер, аудио, видео құрылғылар.
3.2 Техникалық құралдар, материалдар, сілтемелер, ресурстар: Презентация.
https://youtu.be/l-PKP75QtMU Бейне сабақ
https://youtu.be/CrFGmIGNbso Бейне сабақ
https://youtu.be/DD_49_ToBnY Бесеудің хаты (1-ші бөлім) (Аудиокітап) https://youtu.be/X_IgvD82uBo «Бесеудің хаты». Мансұр Ғатаулин: Мен халқымның жауының жауымын!
4. Сабақтың барысы
Сабақтың басы_(10 мин)
Амандасу. Түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. Білу; Түсіну.
Үйге берілген тапсырмаларды сұрау, тексеру. Шерхан Мұртазаның портреті (шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет айтылады)
Миға шабуыл Шерхан Мұртаза кім? Қандай шығармаларымен таныссыңдар? Шығарма қандай тарихи оқиғаға негізделіп жазылған? Драманың кейіпкерлері кімдер? Сұрақтарға жауап береді. Таныстырылым. Ізденіс жұмыс 1. Сталиннің теріс саясаты туралы айтылады. 2. Голощекиннің асыра сілтеп отырған көрсоқырлығы туралы айтылады. Сабақтың ортасы (30 мин)
Қолдану; Талдау “Бесеудің хатында” қамтылған негізгі мәселелер: 1. Мал басының кемуі 2. Асырасілтеушіліктер мен көзбояушылықтар. 3. Қазақ шаруашылықтарындағы егіс туралы. 4. Қазақтарды отырықшылыққа көшіру. 5. Қоныс аударушылар мен қазақ жұмысшыларына қатысты ұлт саясатының бұрмалануы жөнінде. Тарихи деректер: 1. Аштық жылдары. 2. Болу себептері. 3. Аштыққа ұшыраған аймақтар.
4. Ашығушылар саны. 5. Зардаптары.
Жазушы, драматург Шерхан Мұразаның «Бесеудің хаты» екі бөлімді тарихи драмадан үзіндіні көріп, тамашалаңыздар. («Ашаршылық зобалаңы» деректі фильмнен үзінді көрсетіледі).
1-тапсырма 1. Хат жазған бесеу кім? (Мүсірепов, Ғаттауллин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиев) 2. Балалар, драмалық шығарманың мазмұнын айтып беріңіздер. 3. Хат жазған бесеу туралы мағлұмат беріңіздер. 4. Кестені пайдалана отырып, көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтап, даралап, мінездеме беріңіздер.
Дескриптор: 1. «Ашаршылық зобалаңы» деректі фильмнен үзіндіні мұқият тыңдайды
2. Хатта қамтылған негізгі мәселелерді атайды. 3. Тарихи деректер бойынша өз ойларын айтады.
4. Кейіпкерлерге мінездеме береді.
2-тапсырма 1.
https://youtu.be/DD_49_ToBnY Бесеудің хаты (1-ші бөлім) аудиокітапты мұқият тыңдаңыздар.
2. Ш.Мұртазаның драмалық әдеби шығармасының 1-ші бөлімі бойынша сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын ашып, дәптерлеріңізге жазыңыздар. 3. Әдеби шығарманың жанрлық табиғатын ажыратыңыздар.
Дескриптор:
-
Тыңдалымды мұқият тыңдайды;
-
Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіндіреді
-
Әдеби шығарманың жанрлық табиғатын ажыратады. Сабақтың соңы (10 мин) Рефлексия Түйін сөз... Мен үшін жаңалық... Мен үшін жұмбақ...
Үй тапсырмасы: (5 мин) 1. Ғ. Мүсірепов пен Рысқұлов туралы деректер жинақтап келу.
2. Венн диаграммасы . Кейіпкерлерді салыстыр.
І. Сталин мен Голощекин. ІІ . Рысқұлов пен Мүсірепов.