СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шана тебеміз тех карта

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Сөйлеуді дамыту Шана тебеміз тех карта

Просмотр содержимого документа
«Шана тебеміз тех карта»

Жұлдыз» ІІ кіш тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні:21.12.2016ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:«Шана тебеміз» (әңгіме құрастыру)

Мақсаты: Тәрбиешінің үлгісі бойынша әңгіме құрастыруға үй­ретуді жалғастыру. Киім (түс және мөлшер), әрекет (тебеміз, жүгіреміз, ойнаймыз т.б.) атауларын бекіту, қарама-қарсы мағынадағы сөздерді қолдану (жылы –суық, тұрды – құлады). «Т» дыбысын және сөздерді дұрыс және анық айтуға жаттықтыру. Бір-біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қысқы ойындар суреттері.

Сөздік жұмыс: шана, аяз, тымақ.

Қостілділік компонент: шана-сани.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер құрып, бір-бірімен амандасады. Бәрі бірге мына өлең жолын қайталайды.


Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға

Ертемен ақпейілмен:

«Қайырлы таң!» – деймін мен.

(Е.Өтетілеуұлы).

Балалар тәрбиешімен бірге сәлемдеседі, бірге өлең жолдарын қайталайды.




Ұйымдастырушылық-

ізденістік

– Балалар, бізге қонаққа Сауысқан келді. Оның аузында тістеген хаты бар екен.

Тәрбиеші хат Ақшақардан келгенін, оның «Қыс қызығы» мерекесіне келетіндігін жазғандығын хабарлайды.

Тәрбиеші балаларға Қ. Мырза Әлидің «Шана» өлеңін оқып береді.

Қыр басына шарқ ұрып,

Бір орнында тұрмаймыз.

Шана сүйреп барамыз,

Қырдан төмен ағамыз.

Қалдық тіпті алқынып,

Ұшқан құстай зулаймыз,

Қандай ауыр шанамыз?!

Қандай жеңіл шанамыз?!

– Шана – қысқы сырғанайтын ойын көлігі.

Шана-сани.

Балалар, бұл өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылады?

– Иә, дұрыс, қыс мезгілі туралы.

– Сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?

Ендеше, мына жұмбақты шешіп көріңдер.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

– Аяз – қыс мезгілінің қатты суық күні.


№ 16 демонстрациялық материал.

Тәрбиеші балаларға «Шана тебеміз» суретін көрсетіп, сурет бойынша балаларды әңгімеге тартады.

– Бір топ бала не істеп жүр?

– Иә, дұрыс, сырғанап жарысып жүр.

– Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

Сергіту сәті:

Боран соқты оң жақтан,

Боран соқты сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.

№ 16 үлестірмелі материал

«Қысқы киімдерді ата және киіндір» дидактикалық ойыны.

Шарты: үлестірмелі материалдарды пайдаланып, суреттегі ұл және қыз баланың киімдерін тапқызу, оларды сызықпен қостыру.









Өлеңді тыңдайды.








Шана-сани сөзін қайталайды.

Сұрақтарға жауап береді.






– Жауабы: қар.


– Аяз.








– Ойнап жүр.

Сырғанаймыз, шаңғы,

шана, коньки тебеміз,

аққала соғамыз.

– Шана, шаңғы теуіп жүр.




Қимылын келтіріп

жаттығуды орындайды.




Тапсырманы орындайды.

Киімдерді иелерімен сәйкестендіреді.




Рефлексиялық-

түзетушілік

– Балалар, қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

– Қыстың қандай ерекшелігі бар?

– Сендерге көп-көп рақмет! Барлығың оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар!




Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: әңгіме құрастыруды;

Игереді: «т» дыбысын, сөздерді анық айту дағдысын;

Меңгереді:қыстық киімдерді атауды.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!