СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шоқан Уалиханов "Ыстықкөл жазбалары"

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

10-сыныпқа арналған Шоқан Уалиханов шығармашылығы бойынша жасалған сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Шоқан Уалиханов "Ыстықкөл жазбалары"»

Қысқа мерзімді жоспар

Күні:

Қазақ әдебиеті 10 «ә»

Мұғалімі: Муханбетова А.О

Сабақтың тақырыбы

Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл жазбалары»

Сабақтың мақсаты


Оқушылар Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығымен танысады. Оның саяхаттары туралы айта алады.

Кейбіреуі Шоқан туралы өз көзқарастарын білдіре алады. Ол туралы жазған басқа жазушылардың еңбектерін атап береді.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді беру сабағы

Керекті жабдықтар

Түрлі-түсті қағаздар, суреттер, мәтіндер, стикерлер, маркер, постер, ноутбук.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Іс әрекет

I. Кіріспе

А) Ұйымдастыру бөлімі


Б) Үй тапсырмасын сұрау



С) Қызығушылығын ояту



Мұғалім балалардың назарын сабаққа аударады. Сыныпты түгендейді.

Оқушылар ортаға шығады. Сағат тілі бойынша көршісіне өз есімінің алғашқы әріпінен басталатын тілек тілейді.

Сандар бойынша үш топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрауда модерация әдісін қолданады.

Сұрақ: Шоқан туралы не білеміз?

Оқушылар алдымен өздері жазады.

Топта талқылайды.

Жауаптарын ұсынады.

Жеңімпаз анықталады.

Тақтаға ілінеді.

Тренердің қорытындысы.

II. Негізгі бөлім

А)Жаңа сабақты түсіндіру




Б) Жаңа сабақ бойынша

жаттығу жұмыстары



Зейінді шоғырландыру.

Оқушылардың «Ыстықкөл күнделігі»



Топтарға төмендегідей тапсырмалар беріледі.

Бірінші топ «Ыстықкөл күнделігі» туралы мәлімет береді.

1-топқа ресурс

Ресей империясының офицері, қазақ халқының ғалым ұлы Шоқан Уәлиханов жазған «Ыстықкөл күнделігі» сол кездегі ең бағалы ғылыми еңбек болып табылады. Ғалым осы еңбегінде Тарбағатай, Жетісу, Жоңғар Алатауы, Қырғызстан жерлеріне жасаған сапарлары жайында, сол жерлердің климаты, халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, көптеген тарихи ескерткіштері туралы толық мәлімет береді. Кейбір көңіл аударарлық тарихи ескерткіштердің суреттерін өз қолымен салады. Шоқан «Ыстықкөл сапары» кезінде 1856 жылы 18 сәуірде Семейден шығып, таң ата келе Қозы Көрпеш – Баян Сұлу кешенін сырттай көзбен шолып өткен Шоқан жолай Жетісу, Жоңғар Алатауы алабында көп кезігетін ескі обаларға көңіл бөледі. Лепсіге келгенде, оның төңірегіндегі молаларға қарап, көптеген тайпалар мен рулар қабат қоныстанатын құтты мекен екендігін жазады. Шелек төңірегіне келгенде, Абылай ығыстырған қалмақтардан қалған қорғанның қираған орнына назар аударады.

Аңыздар мен деректерге қарағанда, Ыстықкөл деңгейі арагідік өзгеріп отырған. Бұрын ол жерлер батпақты болған екен. Қазір ол жерлердің ылғалдылығы азайып, бұрынғы батпақ орны егін алабына айналып кеткен. Шоқан Уәлихановтың «Ыстықкөл күнделігі» атты зерттеу еңбегі оның нағыз сыршыл, сезімтал нәзік жанды суреткер екендігін көрсететін бірден-бір туынды. 1856 жылы Омбыда Гутковскийдің пәтерінде П.П.Семенов Тянь Шанскиймен танысқан Шоқан Ыстықкөл экспедициясында бірнеше маршрутта онымен бірге болып, қосылып ғылыми жұмыстар жүргізеді. Оған Шоқан «Жоңғария очерктері» атты еңбегінде: «Менің саяхатымды жүрген жерлерімнің сипатына қарай екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең менің Жоңғарияға, Жетісу мен Іле өлкесіне және Ыстықкөлге сапарымды қамтиды... Мен Жоңғарияда бірінші рет 1856 жылы болдым, онда Хаментовский бастаған алғашқы Ыстықкөл экспедициясына қатыстым. Сонан соң Құлжада үш ай тұрдым. Жоңғарияда бас-аяғы бес ай болып, бұл өлкенің Алакөлден Тянь-Шаньға дейінгі аралығын түгел көріп үлгердім», - деген жолдарды келтіреді. Мейлінше қызықты, мейлінше пайдалы еңбек деп танылған «Ыстықкөл сапарының күнделігі» бірер айдың жемісі.



2-топ «Ыстықкөл күнделігіндегі қырғыз әйелдерінің сипатталуы .

Ресурс

Қырғыздарда, біздегі сияқты әйел күйеуінің қазасын бір жыл бойы дауыстап жоқтауы керек. Мұсылмандар, яғни өз адамдары өткен кезде, ол жоқтау айтуы қажет. Сұрастыра келіп біздің білгеніміз, әйел сарыбағаш оқиғасында күйеуінен айырылыпты, киіз үйге ілінген қара ту соны білдіріп, марқұмның жасын да көрсетеді екен. Егер киіз үйге қандай да бір ту ілінсе, сол үй бір мүшесінен айырылды деген сөз. Егер ту қызыл болса, жас адам дүние салған, қара болса, орта жастағы, ақ болса, кәрі кісі деген сөз. Біздің аяшымыздың (қырғыз әйелі) отағасы орта жастағы болып шықты. Біз тоқтап тұрып қырғыз әйелдің элегиясын (жоқтау) тыңдадық. Жоқтаудың жалпы сипаты - «маған енді не болады», деп, марқұмнан «енді менің күнделікті қажетімді кім өтейді» деп сұрау, «етікті кім тігеді, тары ботқаны кіммен бөлісіп жеймін» дегендей құдайға зар қылу...

Әйел киімінің толық топтамасы көз алдымда болған соң, мен оларды зерттей бастадым. Қырғыз әйелдері, тұрмысқа шыққаны бар, шықпағаны бар, жағасы жоқ ақ көйлек киеді, оның кеудесіндегі ойығын қызыл жібекпен әдіптейді. Олардың үстіне киетін шапандары еркектердікі сияқты. Олар ала шапан киеді, тек көк түсті кимейді (қазаның белгісі). Тұрмысқа шыққан әйелдің киіміндегі қыздан айырмашылығы - бас киімі мен шаштарын өруде ғана. Әйелдер біреуін бетіне келтіріп, екіншісін төбесіне айналдырып екі ақ орамал байлайды. Қыздар кішкене үкісі бар ақ тақия киеді. Әйелдер шаштарын екі бұрым ғып өріп, ұштарын біріктіріп, тиын, кілт, түрлі әшекей бұйымдар тағып қояды. Қыздар шаштарын ұсақ өрім ғып өріп, құлағының маңына асыл тастармен, моншақтармен, әркім шамасына қарай әдемілеп қояды. Шаштың ұзындығы сұлулықтың бірінші белгісі, сондықтан барлық әйелдер жалған шаш жалғап алады. Бетке опа жағу сияқты косметикалық бояулар да үлкен қолданысқа ие екен. Сонымен қоса інжу, маржан, тиынмен безендірілген кеудешелер киіпті. Оларды алатамақ деп атайды. Мұның бәрі көне заманда болған. Жас әйелдер салтанатты жағдайларда ақ бас киім - сәукеле киеді.

 

 3- топ «Ыстықкөл күнделігіндегі» табиғаттың бейнеленуі туралы айтады.

Іле бойы өсімдікке өте жұтаң, төңіректің бәрі құм. Ебелек, жусан, қызылша, ши, қурай, ошаған өседі. Іленің суы лай, жағымсыз. Қытайлықтардың нанымы бойынша Іленің суы зиянды, одан адам жүдейді-мыс. Есесіне Доржы өзенінің (қазақтар Шошқалы деп атайды) суы емдік қасиетке ие саналып, Құлжа қаласының шенеунік қытайлары сол судан ішеді.

Мен алғаш Алтын Емелден Ілеге жүріп өткенде, даланың бәрін қызғалдақ жауып тұрған. Қазір бұл түс солғындап, есесіне бетеге, ебелек, шытыр жетіле өсіпті. Іле бекінісінен Шеңгелдіге қарай жол өзен жағалауымен жүреді.

Іленің орта ағысында жағалауы түгел дерлік құм төбелер, оларға жұтаң дала өсімдіктері тән. Жалаңаш жағалауға қарап оның негізін дала шпатынан тұратын гранит құрайтынын байқауға болады. Қаскелең өзені құятын тұстан төмен жағалау өзгереді: үлкен гранит тастар батпақты сормен араласады.

Іленің оң жағалауы негізін гранит тастар құрайтын құмды белес. Жағалауда жиде, тал, балғын (казактар оны құдай ағашы деп атайды), сарыағаш, ұшқат, тобылғы, қызылшы бұталары өседі. Іле алқабында зиянды жәндіктер өте көп: бүйі, сарышаян, жыландар бар. Жануарлардан далада үйірімен қарақұйрық, ақбөкен, құландар жүреді. Қасқырлар көп. Құстардан көктемде қаз, үйрек кездеседі, жартаста кептер, қаратаған, шіл болады. Орманда қырғауыл мол.

  Қорытынды сұрақтар:

1. Шоқанның әкесінің аты (Шыңғыс)

2. Шоқанның орыс досы (Ф.М.Достоевский)

3. Шоқанның атақты саяхаты (Қашқар)

4. Шоқанның арғы атасы (Абылай)

5. Шоқан зерттеген қырғыз жыры («Манас»)

6. Шоқанға ықпалы тиген орыс ақыны (Дуров)

7. Шоқанның Қашқарға барғандағы есімі (Әлімбай)

8. Кеңес дәуірінде Шоқан жайлы жазған ғалым (Ә.Марғұлан)

9. Шоқанның шешесінің аты (Зейнеп)

10. Шоқанның азан шақырып қойған аты (Мұхаммед-Ханафия)

11. Шоқан жайлы пікір айтқан орыс ғалымы (Потанин)

12. Шоқан 1856ж. қай ақынмен кездесті? (Сүйінбай)

13. Шоқанның немере інісі, елтаңба авторы (Шот-аман)

14. Шоқан жайлы пікір айтқан тарихшы-ғалым (Веселовский)



Қорытынды эссе «Шоқаны бар ел бақытты» тақырыбында шағын эссе жазу


III. Қорытынды

А) Үйге тапсырма беру


Б) Бағалау


С) Кері байланыс


  1. Барлық оқушыларға. Шоқанның қазақ әдебиетіндегі орны және география ғылымына қосқан үлесі тақырыбында мәлімет дайындау.

  2. С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романы мен С.Бегалиннің «Шоқан асулары» повестеріне шолу, салыстыру.




Сабақ соңында оқушылар социометрияны қайта толтыру арқылы кері байланыс орнатады.




Бірінші топ «Ыстықкөл күнделігі» туралы мәлімет береді.

1-топқа ресурс

Ресей империясының офицері, қазақ халқының ғалым ұлы Шоқан Уәлиханов жазған «Ыстықкөл күнделігі» сол кездегі ең бағалы ғылыми еңбек болып табылады. Ғалым осы еңбегінде Тарбағатай, Жетісу, Жоңғар Алатауы, Қырғызстан жерлеріне жасаған сапарлары жайында, сол жерлердің климаты, халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, көптеген тарихи ескерткіштері туралы толық мәлімет береді. Кейбір көңіл аударарлық тарихи ескерткіштердің суреттерін өз қолымен салады. Шоқан «Ыстықкөл сапары» кезінде 1856 жылы 18 сәуірде Семейден шығып, таң ата келе Қозы Көрпеш – Баян Сұлу кешенін сырттай көзбен шолып өткен Шоқан жолай Жетісу, Жоңғар Алатауы алабында көп кезігетін ескі обаларға көңіл бөледі. Лепсіге келгенде, оның төңірегіндегі молаларға қарап, көптеген тайпалар мен рулар қабат қоныстанатын құтты мекен екендігін жазады. Шелек төңірегіне келгенде, Абылай ығыстырған қалмақтардан қалған қорғанның қираған орнына назар аударады.

Аңыздар мен деректерге қарағанда, Ыстықкөл деңгейі арагідік өзгеріп отырған. Бұрын ол жерлер батпақты болған екен. Қазір ол жерлердің ылғалдылығы азайып, бұрынғы батпақ орны егін алабына айналып кеткен. Шоқан Уәлихановтың «Ыстықкөл күнделігі» атты зерттеу еңбегі оның нағыз сыршыл, сезімтал нәзік жанды суреткер екендігін көрсететін бірден-бір туынды. 1856 жылы Омбыда Гутковскийдің пәтерінде П.П.Семенов ТяньШанскиймен танысқан Шоқан Ыстықкөл экспедициясында бірнеше маршрутта онымен бірге болып, қосылып ғылыми жұмыстар жүргізеді. Оған Шоқан «Жоңғария очерктері» атты еңбегінде: «Менің саяхатымды жүрген жерлерімнің сипатына қарай екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең менің Жоңғарияға, Жетісу мен Іле өлкесіне және Ыстықкөлге сапарымды қамтиды... Мен Жоңғарияда бірінші рет 1856 жылы болдым, онда Хаментовский бастаған алғашқы Ыстықкөл экспедициясына қатыстым. Сонан соң Құлжада үш ай тұрдым. Жоңғарияда бас-аяғы бес ай болып, бұл өлкенің Алакөлден Тянь-Шаньға дейінгі аралығын түгел көріп үлгердім», - деген жолдарды келтіреді. Мейлінше қызықты, мейлінше пайдалы еңбек деп танылған «Ыстықкөл сапарының күнделігі» бірер айдың жемісі.



















2-топ «Ыстықкөл күнделігіндегі қырғыз әйелдерінің сипатталуы .

Ресурс

Қырғыздарда, біздегі сияқты әйел күйеуінің қазасын бір жыл бойы дауыстап жоқтауы керек. Мұсылмандар, яғни өз адамдары өткен кезде, ол жоқтау айтуы қажет. Сұрастыра келіп біздің білгеніміз, әйел сарыбағаш оқиғасында күйеуінен айырылыпты, киіз үйге ілінген қара ту соны білдіріп, марқұмның жасын да көрсетеді екен. Егер киіз үйге қандай да бір ту ілінсе, сол үй бір мүшесінен айырылды деген сөз. Егер ту қызыл болса, жас адам дүние салған, қара болса, орта жастағы, ақ болса, кәрі кісі деген сөз. Біздің аяшымыздың (қырғыз әйелі) отағасы орта жастағы болып шықты. Біз тоқтап тұрып қырғыз әйелдің элегиясын (жоқтау) тыңдадық. Жоқтаудың жалпы сипаты - «маған енді не болады», деп, марқұмнан «енді менің күнделікті қажетімді кім өтейді» деп сұрау, «етікті кім тігеді, тары ботқаны кіммен бөлісіп жеймін» дегендей құдайға зар қылу...

Әйел киімінің толық топтамасы көз алдымда болған соң, мен оларды зерттей бастадым. Қырғыз әйелдері, тұрмысқа шыққаны бар, шықпағаны бар, жағасы жоқ ақ көйлек киеді, оның кеудесіндегі ойығын қызыл жібекпен әдіптейді. Олардың үстіне киетін шапандары еркектердікі сияқты. Олар ала шапан киеді, тек көк түсті кимейді (қазаның белгісі). Тұрмысқа шыққан әйелдің киіміндегі қыздан айырмашылығы - бас киімі мен шаштарын өруде ғана. Әйелдер біреуін бетіне келтіріп, екіншісін төбесіне айналдырып екі ақ орамал байлайды. Қыздар кішкене үкісі бар ақ тақия киеді. Әйелдер шаштарын екі бұрым ғып өріп, ұштарын біріктіріп, тиын, кілт, түрлі әшекей бұйымдар тағып қояды. Қыздар шаштарын ұсақ өрім ғып өріп, құлағының маңына асыл тастармен, моншақтармен, әркім шамасына қарай әдемілеп қояды. Шаштың ұзындығы сұлулықтың бірінші белгісі, сондықтан барлық әйелдер жалған шаш жалғап алады. Бетке опа жағу сияқты косметикалық бояулар да үлкен қолданысқа ие екен. Сонымен қоса інжу, маржан, тиынмен безендірілген кеудешелер киіпті. Оларды алатамақ деп атайды. Мұның бәрі көне заманда болған. Жас әйелдер салтанатты жағдайларда ақ бас киім - сәукеле киеді.

 















 3- топ «Ыстықкөл күнделігіндегі» табиғаттың бейнеленуі туралы айтады.

Іле бойы өсімдікке өте жұтаң, төңіректің бәрі құм. Ебелек, жусан, қызылша, ши, қурай, ошаған өседі. Іленің суы лай, жағымсыз. Қытайлықтардың нанымы бойынша Іленің суы зиянды, одан адам жүдейді-мыс. Есесіне Доржы өзенінің (қазақтар Шошқалы деп атайды) суы емдік қасиетке ие саналып, Құлжа қаласының шенеунік қытайлары сол судан ішеді.

Мен алғаш Алтын Емелден Ілеге жүріп өткенде, даланың бәрін қызғалдақ жауып тұрған. Қазір бұл түс солғындап, есесіне бетеге, ебелек, шытыр жетіле өсіпті. Іле бекінісінен Шеңгелдіге қарай жол өзен жағалауымен жүреді.

Іленің орта ағысында жағалауы түгел дерлік құм төбелер, оларға жұтаң дала өсімдіктері тән. Жалаңаш жағалауға қарап оның негізін дала шпатынан тұратын гранит құрайтынын байқауға болады. Қаскелең өзені құятын тұстан төмен жағалау өзгереді: үлкен гранит тастар батпақты сормен араласады.

Іленің оң жағалауы негізін гранит тастар құрайтын құмды белес. Жағалауда жиде, тал, балғын (казактар оны құдай ағашы деп атайды), сарыағаш, ұшқат, тобылғы, қызылшы бұталары өседі. Іле алқабында зиянды жәндіктер өте көп: бүйі, сарышаян, жыландар бар. Жануарлардан далада үйірімен қарақұйрық, ақбөкен, құландар жүреді. Қасқырлар көп. Құстардан көктемде қаз, үйрек кездеседі, жартаста кептер, қаратаған, шіл болады. Ормандақырғауыл мол.
































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!