СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Шуақты көктем" атты екінші кішілер тобына арналған мерекелік концерт сценарийі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Көктем мерекесіне арналған мерекелік концерт бағдарламасы. Кейіпкерлері Ара мен Әдемі Гүл. Ана, Әже, Көктем туралы балаларға арналған тақпақтар.

Просмотр содержимого документа
«"Шуақты көктем" атты екінші кішілер тобына арналған мерекелік концерт сценарийі»

Ертеңгілік

Тақырыбы: «Шуақты көктем!»

6 «Балауса» екінші кіші тобы

Әдемі әуенмен залға Гүл билеп кіреді. Гүлдің биінен соң Ара билеп, ұшып кіреді. Биден соң

Жүргізуші (Ара) :

  • Армысыздар құрметті қонақтар!

Шуақты көктем күні, күн нұрын төккен күні,

Аналарды мейраммен балалар құттықтайды!

Әжелермен аналар , қыздарменен апайлар,

Сұлуланған, нұрланған , әдемі боп құлпырған,

Би билейміз, жырлаймыз, мерекені тойлаймыз!

  • Аналарын құттықтауға, мереке – қызық сыйлауға «Балауса» тобының балаларын ортаға шақырамыз!

(Музыкамен әуелі қыздар топтасып – топтасып билеп кіреді, орындарына жайғасады, содан кейін барлық ұлдар билеп кіреді, орындарына жайғасады )

Жүргізуші (Ара) :

  • Балалар, айтыңдаршы.

Бізді жақсы көретін,

Бар жақсыны беретін.

Баласы үшін әрдайым,

Мейірімін төгетін

  • Ол кім?

Балалар:

  • Аяулы анамыз

Жүргізуші (Гүл) :

Сәлем бердім нәзік, сұлу қыздарға,

Сәлем бердім ержүрек бар ұлдарға.

Кездесуге асықтым мен сіздермен,

Биленсін би, айтылсын ән бұл залда.

*

Гүлмін сондай сұлу және әдемі.

Мерекемен құттықтағым келеді.

Ақ әжелер, аяулы бар аналар,

Мерекеміз құтты болсын балалар!

Жүргізуші (Ара) :

Ана деген өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анадай – ақ тілесін.

Ана деген ардақты ат, сен оны,

Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.

  • Біздің балалар аналарымызға арнап дайындаған әсем әнін тарту етеді.

Ән «Бізге күліп қарайды»

ӘННЕН СОҢ БАЛАЛАР ОТЫРАДЫ.

Жүргізуші (Гүл) :

  • Біздің балаларымыз аналарына арнап көп тақпақтар жаттап келді. Балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

ТАҚПАҚТАР №1

1. АРУНА

Бізді өсіріп, баптаған.

Жақсы болсам шаттанған.

«Алтыным» деп мақтаған,

Айналайын «Ақ мамам»

2. БЕКСҰЛТАН

Ана біздің гүліміз,

Ана біздің күніміз,

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

3. АЛИНҰР

Анашым анам,

Келгенше шамам.

Үмітіңді ақтап,

Азамат болам.

4. САПАШ БЕКНҰР

Айналайын анашым,

Жұмысыңа барасың.

Қайтып сені көргенше,

Шын сағынып қаламын.

5. КӨРКЕМ

Анашым анам,

Ризамын саған,

Тіліңді аламын,

Ақылды боламын.

Жүргізуші (Ара):

  • Көктемнің осы бір шуақты күнінде 8 наурыз мерекесі қарсаңында гүлдеп шыққан әдемі гүлдері мен көктемнің келуін ұзақ күткен қанқыз қоңыздарымызды қарсы алыңыздар! Тек қана Сіздер үшін «Балауса» тобының сұлу қыздарының «Гүлдер мен Қанқыздар» биі!

Би : «Гүлдер мен Қанқыздар»

ГҮЛДЕР : І қатар: АРНАЙ, АЙЕРКЕ, БАЯН, АРУНА

ІІ қатар: ҚАНАТ АЙАРУ, Ж. АЙСАНА, КӨРКЕМ

ҚОҢЫЗДАР: Ф. АЙАРУ, АЯЛА, АЙСЕЗІМ, АЗИЗА, АЗ. АЙСАНА, АЙЛИН

Жүргізуші (Гүл) :

  • Біздің балаларымыздың аналарына арнап жаттап келген өлең жолдарын қабыл алыңыздар!


ТАҚПАҚТАР № 2

6. БЕКЗАТ

Әжетай, әжетай,

Сені жақсы көремін,

Көп ертегі, тақпақтар

Саған айтып беремін.

7. АЯЛА

Әже деген көп шығар

Әжедей адам көп шығар.

Мейірімді бұл кісі

Қандай әсем күлкісі

8. ТЛЕГЕН БЕКНҰР

Әжелерді ардақтап,

Қуантатын кез келді.

Мейрамымен құттықтап,

Ән саламыз біз бүгін

9. СҰЛТАН

Әжем менің, ақ әжем

Ақыл беріп үйреткен.

Аппақ әжем, пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен.

10. ЖАНҒАЗЫ АЙСАНА

Шай ішетін қоюлап,

Жақсы көрем атамды,

Сырмақ сырған оюлап,

Жақсы көрем апамды.

11. ЕРСҰЛТАН

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз.

12. ӘЛИ

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар.

13. ФАЗЫЛОВА АЙАРУ

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

14.АЙСЕЗІМ

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам.

Жүргізуші (Ара):

  • Біздің ұлдарымыз да аналарына, әжелеріне, барлық қыздарға арнап би дайындап келіпті. «Жігіттер» биін қабыл алыңыздар!

Би: «Мықты жігіттер»

І қатар: АЛИНҰР, БЕКСҰЛТАН,Т. БЕКНҰР, ЕРСҰЛТАН, АЛИ, СҰЛТАН

ІІ қатар: АБЫЛАЙ, НҰРДОС, АҚЖОЛ, БЕКЗАТ, С. БЕКНҰР, БЕКЖАН


Жүргізуші (Гүл) :

  • Ұлдарымыз да , қыздарымыз да өте өнерлі! Келесі кезекті ойынға берсек!

«Кімнің ағашы тезірек гүлдейді?» ойыны.

(АМИР, АБЫЛАЙ, КӨРКЕМ, БЕКЖАН, ҚАНАТ АЙАРУ, АЙЕРКЕ,АЗАМАТОВА АЙСАНА, АРНАЙ, АҚЖОЛ)

Жүргізуші (Ара):

  • Келесі кезекті тағы да балаларымыздың әдемі өлең жолдарына берейік, лебіздерін білдірсін.

ТАҚПАҚТАР № 3

15. БЕКЖАН

Мамочка, мама

Как тебя люблю я

Все цветы весенние

Тебе я подарю

16. АРНАЙ

Знает вся детвора

Знает целый свет

Никого для ребят

Лучше мамы нет

17. АҚЖОЛ

Анашым анам

Ақылы мол данам

Қамқоры сен сәбидің

Гүлі де сен әр үйдің

18.НҰРДОС

Аялаған, саялаған

Бар бақытым берекем

Апатайым құттықтаймын

Бүгін сенің мерекең

19. БАЯН

Аялаймыз ананы,

Құрметтейміз, бағамыз

Сіздер үшін аналар

Шырқап әнге саламыз

20. АЙЛИН

Келді көктем күнің,

Күлімдейді гүлің –

Алтын ойлы Анам,

Мерекеңіз бүгін!

21. АЙЕРКЕ

Жұмақ-кұшак панам,

Күндей нұрлы санаң!

Қызығын көр ұл-кыз,

Еңбек сүйгіш Анам!

22. АЗАМАТОВА АЙСАНА

Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де,

Жүзге жетсін жасыңыз.

23. ҚАНАТ АЙАРУ

Ертегі қандай көп еді

Күнде айтып береді.

Қуанатын балаша,

Әжем менің тамаша!

24. АЗИЗА

Ласковая бабушка,

Ещё ведь молода.

Самая красивая ,

Ты для нас всегда

Жүргізуші (Гүл) :

  • Балаларымыздың әжелеріне арнап дайындаған әндері бар. Қабыл алыңыздар!

Ән : «Жақсы көрем әжемді...»

Жүргізуші (Ара):

  • Осымен аналарымызға, әжелерімізге арналған шағын мерекелік концертіміз өз мәресіне жетті. Алда аналарымызды балапандарымыздың тәрбиешілермен қосылып жасаған әдемі сыйлықтары күтіп тұр. Барлықтарыңызға көктемнің шуақты күніндей жылулық, әдемі гүлдеріндей сұлулық, мол бақыт тілейміз!



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!