СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шындық шыңы-ақиқат 5 класс

Категория: ОБЖ

Нажмите, чтобы узнать подробности

оқушыларға құндылық туралы түсіндіру

Просмотр содержимого документа
«Шындық шыңы-ақиқат 5 класс»

Сыныбы: 6 Ә Құндылық: Ақиқат. Қасиеттер: Шыншылдық, адалдық, бірлік/ой,сөз,іс /

Сыныбы: 6 Ә

Құндылық: Ақиқат.

Қасиеттер: Шыншылдық, адалдық, бірлік/ой,сөз,іс /

 Мақсаты: Оқушыларға  шыншылдық арқылы ақиқат құндылығына жету жолдары туралы түсініктерін кеңейту. Білімділік: Оқушылардың адами қарым-қатынастағы шынайылылық, қоршаған ортадағы шындық арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу; Дамытушылық: Оқушылардың шыңдықты жасырмай айта алу, өтірік пен шыңдықтың ара-жігін дұрыс ажырата білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету; Тәрбиелік: Оқушыларды шыншылдыққа, адалдыққа, тәрбиелеу.

Мақсаты: Оқушыларға шыншылдық арқылы ақиқат құндылығына жету жолдары туралы түсініктерін кеңейту.

Білімділік: Оқушылардың адами қарым-қатынастағы шынайылылық, қоршаған ортадағы шындық арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу;

Дамытушылық: Оқушылардың шыңдықты жасырмай айта алу, өтірік пен шыңдықтың ара-жігін дұрыс ажырата білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік: Оқушыларды шыншылдыққа, адалдыққа, тәрбиелеу.

 Ұйымд астыру кезе ң i /5мин   1.Жағымды көңіл-күй сыйлау  Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! -Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. -Менің көңіл күйім тамаша,ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қалай? 2.Сынып оқушыларын түгендеу. 3.Топқа бөлу  Оқушылар 1,2,3саналу арқылы арқылы 3 топқа бөлінеді. 1саны:”Шыншылдық”. 2 саны: “Адалдық“.  3 саны: “Бірлік” 4. «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталап (тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық)

Ұйымд астыру кезе ң i /5мин

1.Жағымды көңіл-күй сыйлау

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!

-Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.

-Менің көңіл күйім тамаша,ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қалай?

2.Сынып оқушыларын түгендеу.

3.Топқа бөлу

Оқушылар 1,2,3саналу арқылы арқылы 3 топқа бөлінеді. 1саны:”Шыншылдық”. 2 саны: “Адалдық“.

3 саны: “Бірлік”

4. «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталап (тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық)

 Тыныштық сәтi «Нұрға бөлену»

Тыныштық сәтi

«Нұрға бөлену»

Үй тапсырмасын тексеру: /5 мин   Мәтін оқулықтан (93 бет): «Сөздің атасы мен анасы» Б.Адамбаев 1.Бір оқушы мәтінді мазмұндап береді 2.Мәтін бойынша сұрақтармен жұмыс Қаз дауысты Қазбектің, атағы шығып тұрған кезде ауылына бір саудагер келіпті. Түстеніп, демалып болған соң Қазыбекке: Би, бір сөз сұрайын деп едім,- дейді. Қазыбек «сұраңыз» деп ырзалық білдіріпті. Біз бір керуен адам едік, өзара дауластық та, ойластық та, бірақ шешуін таба алмай қойдық. «Сөздің атасы кім, анасы кім?» -деп. Қазыбек ойланып жауап беогенше: «Япырай, бұл сөзді саудагер ғана білмейді екен десек, қазақтың Қазыбегі де білмейді екен ғой; биыл таппасаңыз, ендігі жылы табарсыз», - деп үйден шығып кетіпті. Қазыбек орнынан тұрып, іле-шала тысқа шықса, саудагер асығыс атына мінгелі жатыр екен. Япырмай, артыңа қарамай асығыс аттанғаның не? Әлгі сөздің шешуін іздеп, ендігі жылы келіп екі саудаңнан қаларсың, артыңа қарамайтын болып кет. Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық ! Жолың болсын, жүрген жеріңде айта жүр! – депті.

Үй тапсырмасын тексеру: /5 мин

Мәтін оқулықтан (93 бет):

«Сөздің атасы мен анасы» Б.Адамбаев

1.Бір оқушы мәтінді мазмұндап береді

2.Мәтін бойынша сұрақтармен жұмыс

Қаз дауысты Қазбектің, атағы шығып тұрған кезде ауылына бір саудагер келіпті. Түстеніп, демалып болған соң Қазыбекке:

  • Би, бір сөз сұрайын деп едім,- дейді. Қазыбек «сұраңыз» деп ырзалық білдіріпті.
  • Біз бір керуен адам едік, өзара дауластық та, ойластық та, бірақ шешуін таба алмай қойдық. «Сөздің атасы кім, анасы кім?» -деп. Қазыбек ойланып жауап беогенше: «Япырай, бұл сөзді саудагер ғана білмейді екен десек, қазақтың Қазыбегі де білмейді екен ғой; биыл таппасаңыз, ендігі жылы табарсыз», - деп үйден шығып кетіпті.

Қазыбек орнынан тұрып, іле-шала тысқа шықса, саудагер асығыс атына мінгелі жатыр екен.

  • Япырмай, артыңа қарамай асығыс аттанғаның не? Әлгі сөздің шешуін іздеп, ендігі жылы келіп екі саудаңнан қаларсың, артыңа қарамайтын болып кет. Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық ! Жолың болсын, жүрген жеріңде айта жүр! – депті.
Сұрақтар: 1 топ: Саудагер Қазыбектен нені білгісі келді? 2 топ: Қазыбектің бойында қандай қасиеттерді аңғаруға болады? 3 топ : Неліктен Қазыбек би сөздің атасы-бірлік,анасы-шындық деп жауап берді?  Жалпы сұрақ: Сенің ойынша саудагер Қазыбек бидің жауабына қанағаттанды ма? Неліктен?

Сұрақтар:

1 топ: Саудагер Қазыбектен нені білгісі келді?

2 топ: Қазыбектің бойында қандай қасиеттерді аңғаруға болады?

3 топ : Неліктен Қазыбек би сөздің атасы-бірлік,анасы-шындық деп жауап берді?

Жалпы сұрақ:

Сенің ойынша саудагер Қазыбек бидің жауабына қанағаттанды ма? Неліктен?

Дәйексөз /4мин (дәптерге жазады,дауыстап қайталайды топпен )  «Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді» Ғ.Мұстафин

Дәйексөз /4мин

(дәптерге жазады,дауыстап қайталайды топпен )

«Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді»

Ғ.Мұстафин

Сұрақтар :   Неліктен шындықты суреттегі шырақпен теңейміз? Адам ақиқатқа не үшін талпынады? Өз өміріңізден қандай мысал келтірер едіңіз?

Сұрақтар :

  • Неліктен шындықты суреттегі шырақпен теңейміз?
  • Адам ақиқатқа не үшін талпынады?
  • Өз өміріңізден қандай мысал келтірер едіңіз?
 Мұғалімнің қорытындысы: Шындық - дегеніміз отпен тең.Ол дауыл соққан сайын лаулап өрши түседі, ал шындық ашылған сайын нақтылана береді. Сондықтан да, әрқашан шыңдықты айтудан тайынбайық. Сол кезде ғана, шыңдықтың ақиқатына жетесің. Шындық - адамға қажетті құндылықтардың бірі екенін ешқашан ұмытпаңдар.  Адамның ойы мен істеген ісіне адалдық пен әділдік төрелік етсе,шындық ақиқатқа айналады.

Мұғалімнің қорытындысы:

Шындық - дегеніміз отпен тең.Ол дауыл соққан сайын лаулап өрши түседі, ал шындық ашылған сайын нақтылана береді. Сондықтан да, әрқашан шыңдықты айтудан тайынбайық. Сол кезде ғана, шыңдықтың ақиқатына жетесің. Шындық - адамға қажетті құндылықтардың бірі екенін ешқашан ұмытпаңдар.

Адамның ойы мен істеген ісіне адалдық пен әділдік төрелік етсе,шындық ақиқатқа айналады.

«Өтірік өрмекшінің торына ұқсайды, ал шындық ше?»

/Алмас атты баланың оқиғасы/

Ол кезде 6 сынып оқитын едім. 8-наурыз мейрамы болатын сол күні. Анам маған 5000 теңге берді, сыныптас қыздарыңа сыйлық ал деп. Негізі 2000 т бермекші болған, бірақ ұсақ ақшасы болмай ,5000 бере салды, жартысын қайтып әкеліп бер деп. Түсіріп алдым ба, ұрлатып алдым ба сол ақшаны жоғалтып алдым әйтеуір. Үйге келіп анама -досым ақша сұрады , соған бердім деп өтірік айттым. Бірақ сұмдық қызарып кеттім, сол күннен бастап өз-өзімді қоярға жер таппадым,мазам қашты. Арада бір апта өте анам ,-әлгі досыңнан ақшаңды алып келсеңші деп жіберді мені. Мен үйден шығып кеттім де, сәлден соң досым үйінде жоқ екен деп келдім. -Сен өтірік айтып жүрсің , мұның не дейді. Сол жерде жылап жібердім. Ол басынан ақша жоғалтып үйге келгенімді білгенін, досыма да қарыз бермегенімді білетінін айтып берді. Өтірік -өрмекшінің торына ұқсайды деді анам. Бір өтірікті жабу үшін екіншісін айтасың, сөйтіп өріп кете бересің де өзің адасып қаласың ішінде. Сол оқиға еш есімнен кетпейді, өтірік шынымен де өрмекшінің торы сияқты. Шындықты сол сәтте айтпағаным үшін іштей өкіндім.

 Сұрақтар: Алмас қандай келеңсіз жағдайға түсті? Неліктен Алмастың мазасы қашты? Өз өтірігінің торына өзі түскенін қай жерде байқады? 4. Анасының қандай қасиеттерін байқадыңдар? 5.Алмас өз қателігін түсінді ме?  6. Өз ісімізге,сөзімізге ұялмас үшін қандай қасиеттерді дамытуымыз қажет? 8.Өтірік өрмекшінің торына ұқсайды,ал шындық? 7.Алмастың басынан өткен оқиға сендердің өмірлеріңде кездесті ме?

Сұрақтар:

  • Алмас қандай келеңсіз жағдайға түсті?
  • Неліктен Алмастың мазасы қашты?
  • Өз өтірігінің торына өзі түскенін қай жерде байқады?

4. Анасының қандай қасиеттерін байқадыңдар?

5.Алмас өз қателігін түсінді ме?

6. Өз ісімізге,сөзімізге ұялмас үшін қандай қасиеттерді дамытуымыз қажет?

8.Өтірік өрмекшінің торына ұқсайды,ал шындық?

7.Алмастың басынан өткен оқиға сендердің өмірлеріңде кездесті ме?

Топтық жұмыс- 15 мин    Тапсырмалар:  1.Топ. «Шыншылдық»: Аңыздағы Абдұлқадір баланың шыншыл, адал болып өсуіне анасы қандай қасиеттерді дәріптеді? (сызба түрінде қорғау)  2. Топ «Адалдық» : Өтірікші бала және адал бала арасындағы айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы корғау  3. Топ «Бірлік»: тірек сөздер арқылы  4 жол өлең құрастыру  Өмір,бірлік,ақиқат , адалдық,бала,құндылық

Топтық жұмыс- 15 мин

Тапсырмалар:

1.Топ. «Шыншылдық»:

Аңыздағы Абдұлқадір баланың шыншыл,

адал болып өсуіне анасы қандай қасиеттерді дәріптеді?

(сызба түрінде қорғау)

2. Топ «Адалдық» : Өтірікші бала және адал бала арасындағы айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы корғау

3. Топ «Бірлік»: тірек сөздер арқылы

4 жол өлең құрастыру

Өмір,бірлік,ақиқат , адалдық,бала,құндылық

Ән «Құндылықтар әлемінде»/ 4мин  Сөзі: Мұғалімдер шығармашылығы  Әні: «Ертегілер әні» сөзімен  1.Ақиқаттың әнін,  Айтамынмын күнде мен.  Бөбек әлемінің сырларын түсініп,  Нұрына шомылдым күннің.  Тыныштық жан – көркем,  Керемет ол неткен,  Ар-ұждан сөйлейді,  Жүректі тербейді  Бақытқа бізді жетелеп.  Қайырмасы:  Құндылықтар- мәңгі әнім,  Құндылықтар – өмір мәні.  Ізгіліктің ғажап күйіне  Ертесіңдер сендер

Ән «Құндылықтар әлемінде»/ 4мин

Сөзі: Мұғалімдер шығармашылығы Әні: «Ертегілер әні» сөзімен 1.Ақиқаттың әнін, Айтамынмын күнде мен. Бөбек әлемінің сырларын түсініп, Нұрына шомылдым күннің. Тыныштық жан – көркем, Керемет ол неткен, Ар-ұждан сөйлейді, Жүректі тербейді Бақытқа бізді жетелеп. Қайырмасы: Құндылықтар- мәңгі әнім, Құндылықтар – өмір мәні. Ізгіліктің ғажап күйіне Ертесіңдер сендер

Үй тапсырмасы : /2мин 1-топ Қ Толықбаевтың «Ақиқат» мәтінін оқу,мазмұнына қарай сұрақтар әзірлеу. 27 сабақ 95 –бет 2 топ  «Ақиқат» туралы ғұламалардың нақыл сөздерін жазып келу 3 топ «Шыншылдық,адалдық туралы халық арасында кеңінен таралған мақал-мәтелдерді жаттап келу.

Үй тапсырмасы : /2мин

1-топ

Қ Толықбаевтың «Ақиқат» мәтінін оқу,мазмұнына қарай сұрақтар әзірлеу. 27 сабақ 95 –бет

2 топ

«Ақиқат» туралы ғұламалардың нақыл сөздерін жазып келу

3 топ

«Шыншылдық,адалдық туралы халық арасында кеңінен таралған мақал-мәтелдерді жаттап келу.

Соңғы тыныштық сәті /1 мин Баяу әуен қойылады. Мұғалім жәй дауыспен: Балалар бүгінгі сабақтан үйренген, жақсы қасиеттерді жүректеріңізге түйіп алыңыздар, Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік,адалдыққа ұмтылайық, әрдайым шыншыл болып ,жақсы іс жасайық.Рахмет балалар барлықтарыңызға ризамын! Сау болыңыздар!

Соңғы тыныштық сәті /1 мин

Баяу әуен қойылады.

Мұғалім жәй дауыспен:

Балалар бүгінгі сабақтан үйренген, жақсы қасиеттерді жүректеріңізге түйіп алыңыздар, Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік,адалдыққа ұмтылайық, әрдайым шыншыл болып ,жақсы іс жасайық.Рахмет балалар барлықтарыңызға ризамын!

Сау болыңыздар!


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!