СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сорғалаған нөсердей, Жырын тыңда, Дулаттың"

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тегімді менің сұрасаң,

Қалың Найман нуынан.

Жырымды менің сұрасаң,

Сары алтынның буынан.

Сырымды менің сұрасаң,

Тыманың тынық суынан.

Кеудеме қайғы толған соң,

Тұнық жырмен жуынам.

Сорғалаған нөсердей

Жырын тыңда, Дулаттың.

Просмотр содержимого документа
«"Сорғалаған нөсердей, Жырын тыңда, Дулаттың"»

Дулат Бабатайұлы (1802 – 1871)

Дулат Бабатайұлы

(1802 – 1871)

Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңірінде туып, 1871 жылы дүние салған. Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды. Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінің белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз.

Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңірінде туып, 1871 жылы дүние салған.

Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды.

Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінің белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз.

Тегімді менің сұрасаң, Қалың Найман нуынан. Жырымды менің сұрасаң, Сары алтынның буынан. Сырымды менің сұрасаң, Тыманың тынық суынан. Кеудеме қайғы толған соң, Тұнық жырмен жуынам. Сорғалаған нөсердей Жырын тыңда, Дулаттың.

Тегімді менің сұрасаң,

Қалың Найман нуынан.

Жырымды менің сұрасаң,

Сары алтынның буынан.

Сырымды менің сұрасаң,

Тыманың тынық суынан.

Кеудеме қайғы толған соң,

Тұнық жырмен жуынам.

Сорғалаған нөсердей

Жырын тыңда, Дулаттың.

«Сөздің басы – бісміллә» (Дулат Бабатайұлы). Айтарымызды Алланың атымен бастап айтайық.

«Сөздің басы – бісміллә» (Дулат Бабатайұлы).

Айтарымызды Алланың атымен бастап айтайық.

ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТАҚЫРЫБЫ: Ел Халық жайы Өзі туралы Замана Адам Ерлік

ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТАҚЫРЫБЫ:

Ел Халық жайы Өзі туралы Замана Адам Ерлік

Шығармашылығы: · «Зар заман» көріністері; · Туған жер тақсіреті; · Тымсал өлеңдері; · «Еспенбет» поэмасы.

Шығармашылығы:

· «Зар заман» көріністері;

· Туған жер тақсіреті;

· Тымсал өлеңдері;

· «Еспенбет» поэмасы.

«Зар заман» көріністері: Дулаттың өмір сүрген уақыты қазақ халқы үшін ең қиын заман болды. сондықтан ол шаттық өлең емес, «зар заман» жырын тудырды. Отарлық озбырлықтың ел ішін дендеп кеулегенін, халықтың бұрынғы еркін өмірінің өткенін, адамдардың мінез-құлқы мен психологиясында, ой-санасында сахара салты мен түсінігіне жат өзгерістер орын алғанын – Дулат көзімен көріп, жүрегімен сезініп өсті. «Дұшпанына оқ салып, елге қарай атылатын» қазақтан шыққан әкімдердің қылықтарын ақын жалпылама, сырттай, аты-жөнсіз ғана сипаттап қоймайды. Дулат ондай атқа мінерлердің мінін бетпе-бет, шаршы топтың алдында айтады. Оның « Бараққа», «Кеңесбайға», «Ешенге», «Ақтанға» деген арнау өлеңдері сондай шығармалары болып табылады.

«Зар заман» көріністері:

Дулаттың өмір сүрген уақыты қазақ халқы үшін ең қиын заман болды. сондықтан ол шаттық өлең емес, «зар заман» жырын тудырды. Отарлық озбырлықтың ел ішін дендеп кеулегенін, халықтың бұрынғы еркін өмірінің өткенін, адамдардың мінез-құлқы мен психологиясында, ой-санасында сахара салты мен түсінігіне жат өзгерістер орын алғанын – Дулат көзімен көріп, жүрегімен сезініп өсті. «Дұшпанына оқ салып, елге қарай атылатын» қазақтан шыққан әкімдердің қылықтарын ақын жалпылама, сырттай, аты-жөнсіз ғана сипаттап қоймайды. Дулат ондай атқа мінерлердің мінін бетпе-бет, шаршы топтың алдында айтады. Оның « Бараққа», «Кеңесбайға», «Ешенге», «Ақтанға» деген арнау өлеңдері сондай шығармалары болып табылады.

Туған жер тақсіреті: Атамекен – аданың ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. ХІХ ғасырдың орта тұсына қарай патша отаршылдары елді құт қонысынан шетке ысырған тұста шығарған өлеңдерінде туған жердің ендігі тағдыры үшін қан жылаған ақын жүрегінің күйініші үлкен суреткерлік қуатпен бейнеленген. Дулат өзінің «Аягөз», «О, Сарыарқа, Сарыарқа!», «Ақжайлау мен Сандықтас» деген тамаша жырларында сол өңірдің көркем келбетін кестелі тілмен суреттей отырып: «Осынау, атамекен, құт-берекелі көркем қоныс енді кімдікі? – деген сұрақ қояды. Сол арқылы жұрттың туған жерді сүю, қорғау түйсігін оятып, оның қазіргі мына күйіне күйіндіріп, шамырқандырмақ болды.

Туған жер тақсіреті:

Атамекен – аданың ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. ХІХ ғасырдың орта тұсына қарай патша отаршылдары елді құт қонысынан шетке ысырған тұста шығарған өлеңдерінде туған жердің ендігі тағдыры үшін қан жылаған ақын жүрегінің күйініші үлкен суреткерлік қуатпен бейнеленген. Дулат өзінің «Аягөз», «О, Сарыарқа, Сарыарқа!», «Ақжайлау мен Сандықтас» деген тамаша жырларында сол өңірдің көркем келбетін кестелі тілмен суреттей отырып: «Осынау, атамекен, құт-берекелі көркем қоныс енді кімдікі? – деген сұрақ қояды. Сол арқылы жұрттың туған жерді сүю, қорғау түйсігін оятып, оның қазіргі мына күйіне күйіндіріп, шамырқандырмақ болды.

Тымсал өлеңдері Дулаттың тымсал, яғни мысал (тәмсіл) өлеңдеріне «Айтпасымды айтқыздың», «Сары шымшық», «Қара қарға», «Бір патша», т.б. сияқты шығармалары жатады.

Тымсал өлеңдері

Дулаттың тымсал, яғни мысал (тәмсіл) өлеңдеріне «Айтпасымды айтқыздың», «Сары шымшық», «Қара қарға», «Бір патша», т.б. сияқты шығармалары жатады.

«Еспенбет» поэмасы Ақынның ел өмірінің ескі бір тақырыбына өз ойынан сюжет құрып, жазба әдебиет үлгісінде шығарылған бұл поэмасы ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті үшін жаңалық еді. «Еспенбет» поэмасында ұлттық психология, салт-сана, тәрбие-өнеге үрдістері молынан көрінеді. Поэма көлемі шағын болғанымен, көркемдік қуаты күшті, мазмұны бай, бөтен сөз, бөгде шумақтардан таза жинақыланғанымен де ерекшеленеді. Елге қорған тұлғаны аңсаудан туған «Еспенбет» поэмасы – бүкіл ХІХ ғасыр әдебиетінде елеулі орын алатын көркем туынды. Поэма:  Еспенбеттей ер қайда?  Еспенбеттей ер туса,  Ер күтетін ел қайда? – деген жолдарман аяқталады.

«Еспенбет» поэмасы

Ақынның ел өмірінің ескі бір тақырыбына өз ойынан сюжет құрып, жазба әдебиет үлгісінде шығарылған бұл поэмасы ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті үшін жаңалық еді. «Еспенбет» поэмасында ұлттық психология, салт-сана, тәрбие-өнеге үрдістері молынан көрінеді. Поэма көлемі шағын болғанымен, көркемдік қуаты күшті, мазмұны бай, бөтен сөз, бөгде шумақтардан таза жинақыланғанымен де ерекшеленеді. Елге қорған тұлғаны аңсаудан туған «Еспенбет» поэмасы – бүкіл ХІХ ғасыр әдебиетінде елеулі орын алатын көркем туынды. Поэма:

Еспенбеттей ер қайда?

Еспенбеттей ер туса,

Ер күтетін ел қайда? –

деген жолдарман аяқталады.

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!