СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сөз таптары. 2-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

    Ана тілін, сөз құдіретін түсінбейінше, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Дұрыс сөйлеп,сауатты жаза білу үшін қазақ тілінің үйрететін мәселелеріне зер салып меңгеруіміз керек. Өткен сабақта «сөз құрамы» деген тарауды бастадық бүгінгі сабақта «сөз таптары» деген  ұғыммен танысамыз.       

1) Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.  Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады.  Адам аттары, жер-су атаулары зат есімге жатады.  Олар бас әріппен жазылады.  Мысалы: кітап, оқушы, көбелек, құс, тау.

2) Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге  не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойлады. Мысалы: секірді, жүзді, оқыды,  әндетті, биледі.

3) Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімдерге қандай?  қай? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: сары, үлкен, таза, сұйық, әдемі.

4) Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша?  неше?  нешеу?  нешінші? деген сұрақтар қойлады. Мысалы: бес, жетеу, жүз, екінші, он алтыншы.

 

312-жаттығу                                 

Сөздер: күн, екі, ақ, отыз, көк, жазды, шықты, жазушы, келді, қырық, адам, үй.                                                                                                                                                                                                              Сөздерін топтастыру

Постермен жұмыс

Кім? Не?                    Не істеді?                   Қандай?                     Қанша?

......................             ......................             ......................             ......................

......................             ......................             ......................             ......................

 

Просмотр содержимого документа
«Сөз таптары. 2-сынып»

Күні: 25.01.17

Сынып: 2 «Б»

Пән мұғалімі: Чмаева Ж.Д.

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Сөз таптары. 312-316 жаттығулар

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың сөз таптары туралы түсінігін тереңдету; топпен жұмыс жасай алуға дағдыландыру, сөз мағынасын түсіне білуге, сұрақ қоя білуге үйрету, сөйлеу және жазу стильінде дағдыларын арттыру, сауаттылыққа,жылдамдыққа тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері

Зат есім, сын есім, етістік, сан есім яғни сөз таптарын бір-бірінен ажырата біледі.Топтастыру әдісін қолдана отырып, тіл байлықтарын, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.

Ресурстар

Қолданатын құралдар;

А4 форматты ақ түсті қағаз, көк, түсті маркерлер.

Көрнекілігі;

Суреттер, слайдтар.

Қолданатын техникалық құрал;

Компьютер, мультимедия.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану, ағылшын.

Тапсырмалар

1. «Жанды микрофон» 5. Ребус шешу

2. «Адасқан әріптер» ойыны 6. Топтық жұмыс

3. Дәптермен жұмыс 7. Тақтамен жұмыс

4. «Сәйкестендіру» ойыны 8. «Ыстық картоп» ойыны

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

1) Сәлемдесу

2) Психологиялық дайындық

Достар шеңбер құрайық,

Қол ұстасып тұрайық.

Сабағымыз сәтті өтіп,

Қуанышты болайық!



Мұғалім:

-Балалар,енді сендердің топтарыңның бірлігін көрейік!

«Бірлігіміз жарасқан» әдісі

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Жанды мирофон» әдісімен.

Сұрақтар: 1.Түбір сөз дегеніміз не?

2.Қосымша дегеніміз не?

3.Жұрнақ дегеніміз не?

4.Жалғау дегеніміз не?

5.Сөз дегеніміз не?

3.Жаңа сабақ.

Ана тілін, сөз құдіретін түсінбейінше, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Дұрыс сөйлеп,сауатты жаза білу үшін қазақ тілінің үйрететін мәселелеріне зер салып меңгеруіміз керек. Өткен сабақта «сөз құрамы» деген тарауды бастадық бүгінгі сабақта «сөз таптары» деген ұғыммен танысамыз.

1) Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады. Адам аттары, жер-су атаулары зат есімге жатады. Олар бас әріппен жазылады. Мысалы: кітап, оқушы, көбелек, құс, тау.

2) Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойлады. Мысалы: секірді, жүзді, оқыды, әндетті, биледі.

3) Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімдерге қандай? қай? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: сары, үлкен, таза, сұйық, әдемі.

4) Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша? неше? нешеу? нешінші? деген сұрақтар қойлады. Мысалы: бес, жетеу, жүз, екінші, он алтыншы.



312-жаттығу

Сөздер: күн, екі, ақ, отыз, көк, жазды, шықты, жазушы, келді, қырық, адам, үй. Сөздерін топтастыру

Постермен жұмыс

Кім? Не? Не істеді? Қандай? Қанша?

...................... ...................... ...................... ......................

...................... ...................... ...................... ......................

Қорыту мақсатында -Сендер жауабын дұрыс таптыңдар.Олай болса осы сөздерден сөз тіркесін құрап жіберейік.Мысалы: ашық күн, үлкен үй, он адам, оқушылар келді. Әр топтағы оқушы өз ойын айтады.

Шетел тілі пәнімен орыс тілі пәнімен байланыстыру.

Зат есім Noun Имя существительное

Сын есім Adiective Имя прилагательное

Сан есім Numeral Имя числительное

Етістік Verb Глагол

313-жаттығу. Жұмбақты шешу. Дәптермен жұмыс Торы тай, Табанында төрт ай. (таға) -Шешуіңдегі сөзге сұрақ қояйық. Не? таға, ай қанша? төрт

Таға заттың атын білдіретін сөз. Зат есім заттың атын білдіреді. -Таға деген не? -Ол не үшін қажет? -Тағаны көргендерің бар ма? Қорыту мақсатында дәптермен жұмыс жасау. «Сәйкестендіру» ойыны

1. зат есім ойнады,биледі

2. сын есім екі,үш,төрт

3. сан есім әдемі,биік

4. етістік ақын,әнші

Сергіту сәті Миға шабуыл

Криптограмма

Барлық сөздер қ-дан басталып,қ-дан аяқталуы қажет.Бұл сөздер бес әріптен тұруы керек.

  1. зат есім 2. сын есім 3. сан есім 4. етістік

Қ

а

й

ы

қ

ы

з

ы

қ

ы

р

ы

қ

о

р

ы

қ



-Міне, сендер сөз таптарына байланысты қаншама сөз таптыңдар.

314-жаттығу. Ребусты шешу. Сөйлем құрау. Дәптермен жұмыс

40,,, з ,,,40

Шешуі: қызық -Қызық сөзіне сұрақ қой?

-Қай сөз табы екен?

-Кәне, қай топ осы сөзге сөйлем құрап жібереді?

Мысалы: Менің әжемнің әңгімесі қызық. Мен теледидардан қызық ойын тамашаладым. (әр топ өз құраған сөйлемдерін айтады, дәптеріне жазады ) Сөз таптары біріге отырып сөйлем құрай алады.



316-жаттығу. «Байқоңыр-ғарыш айлағы» мәтін құрау. Видеоролик көрсету

Әр топ өз постерлерін қорғайды.

Сабақты қорытындылау.

-Балалар, сендер бүгін топтасып, ұйымшылдықпен жұмыс жасап едіңдер сөз таптарына байланысты берілген тапсырманы орындап, сөйлем құрадыңдар, сөз тіркестерін жаздыңдар.Сөз таптарына байланысты сөздерді сәйкестендіре білдіңдер.Оның бәрін ынтымақтастықпен, бірлік, білімнің арқасында. Қазақтан шыққан билер халықты тек татулыққа, бірлікке, ұйымшылдыққа шақырып отырған.

Сабақты бекіту.

«Ыстық картоп» Оқушыларға сұрақ қою

Бағалау

Ақылды ағаш тәсілімен бағалау.

Марапаттау

Билердің әр топқа дайындаған сыйлығы бар. Жеңімпаз топқа бәйтеректің суреті. Яғни бәйтеректей биік болсын дегені. Басқа топтарға зымыранның суреті. Яғни зымыран сияқты уақыт келгенде биікке көтерілуге тырысу керек дегені.

Кері байланыс

-Балалар сендерге қай тапсырма қызықты болды не болмаса, қай тапсырма қиындық туғызды не болмаса, топтағы кімге көмектестіңдер атын жазып көрсетсеңдер.

(стикерге жаздыру)






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!