Күні | 2.02-4.02.17; |
Сыныбы | 7 «А», «Ә», «Ғ», «Г», «Д» |
Сабақтың тақырыбы | §20. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдейтін программалар. |
Ресурстар | 5,6-сынып оқулықтары, Paint, Power point бағдарламасы |
Жалпы мақсаты | Оқушыларды Paint және Power point бағдарламасымен таныстыра отырып, векторлық және растрлық графика түрлерімен жұмыс жасау принцпімен таныстыру, сыныпта өзін-өзі дұрыс ұстауға дағдыландыру. |
Күтілетін нәтижесі | Оқушылар Paint және Power point бағдарламаларында жұмыс жасап, компьютерлік графика түрлерін біледі , сыныпта өзін-өзі ұстай алады. |
Сабақтың түрі, әдіс-тәсілдері | Жаңа сабақты меңгерту, Сұрақ-жауап, Практикалық жұмыстар |
Сабақтың көрнекілігі | Paint, Power point бағдарламалары, карточкалар |
|
Сабақтың кезеңдері | Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру | 2 минут | 1. Оқушылармен амандасу. 2. Оқу материалдарына (кітап дәптер) қойылатын талаптармен таныстыру | 1. Мұғаліммен амандасу. 2. Қойылған талапқа сай пәнге дәптер арнау. |
Уй тапсырмасын сұрау Қызығушылықты ояту. | 8 минут 2 минут | 1.Үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қою. Сұрақтар: 1. Графика дегеніміз не? 2. Графика түрлерін ата? 3. Растрлық графикаға мысал келтіріңдер. 4. Векторлық графикаға мысалкелтіріңдер. 5. Фракталдық графикаға мысал келтіріңдер. «Иә», «Жоқ» ойыны. Оқушыларға түрлі материалдар таратылып сұрақтар қойылады. | 1. Сұрақтарға қатысты оқушылар өз жауаптарын айтады. Оқушылар ойынға қатысу арқылы пәнге деген қызығушылығы мен ынтасы артады. |
Жаңа сабақ. Мағынаны ашу. Оқулықпен жұмыс. | 10 минут | Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы мен күн жадысы жазылады. Оқушыларға жаңа сабақ түсіндіріледі. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдейтін программалар жайында түсінік беріліп, компьютерде векторлық және растрлық графика түрлері көрсетіледі. | 1.Оқушылар дәптерлеріне күн жады мен тақырыпты жазады. Программалардың іске қосылу жолдарын тақтадан жазып алады.. |
Практикалық жұмыс | 15 минут | Оқушылар оқулықтан графика турлерін Paint, Power point редакторларында сурет салады | |
Қорытындылау. Ой толғау | 5 минут | 1. «Кір жуу» ойыны | Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы кір машинадағы кірлерді шығарады |
Үйге тапсырма | 1 минут | §20. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдейтін программалар. | 1. Тақырыпты оқу, ережені жаттау, 2. Тақырыпқа сай постер дайындау. |
Бағалау | 1минут | 1. Өткізілген тақырып бойынша бағаланады. | 1.Сабаққа қатысқандарына қарай бағаланады, күнделіктеріне қойдырады. |
Кері байланыс | 1 минут | 1. Тақтаға суреттер ілінеді: | «Ой толғаныс» кезеңінде ойларын жазған стикерлерді сабақты түсіну деңгейіне сәйкес сурет тұсына орналастырады. |