СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Су басу қаупінде және су басқанда әрекет ету ережесі

Категория: ОБЖ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Су басу – бұл елді мекендердің аулаларына, көшелеріне және ғимараттардың бірінші қабаттарына ағып, жердің бетін су қабатының жабуы.  Су басу қаупі туралы ескерту алсаңыз, ол туралы жақындарыңызға және көшілеріңізге хабарлаңыз. Ескерту су басудың уақыты мен шегі, әрекет ету ережелері, көшіру орындары және тәртібі туралы ақпараттан тұрады. Көшу алдында электр қуатын, газды ажыратып, пештегі отты сөндіру, жоғарғы қабаттарға (шатыр астына) бағалы заттарды, азық-түлікті, тұздалған азық-түлікті, су қорын апару, сондай-ақ бірінші қабаттың есіктері мен терезелерін жабу қажет немесе тақтаймен бекіту керек. Үй жануарларын, малдарын және құстарды су басу аймағына жатпайтын ауданда тұратын таныстарыңызға және жақындарыңызға апарыңыз. 

Просмотр содержимого документа
«Су басу қаупінде және су басқанда әрекет ету ережесі»

Баяндаманы дайындаған АӘД пәнінің оқытушы – ұйымдастырушысы : Е.С. Казангапов

Қоғалы орта мектебі



Су басу қаупінде және су басқанда әрекет ету ережесі


Су басу – бұл елді мекендердің аулаларына, көшелеріне және ғимараттардың бірінші қабаттарына ағып, жердің бетін су қабатының жабуы. 

Су басу қаупі туралы ескерту алсаңыз, ол туралы жақындарыңызға және көшілеріңізге хабарлаңыз. Ескерту су басудың уақыты мен шегі, әрекет ету ережелері, көшіру орындары және тәртібі туралы ақпараттан тұрады. Көшу алдында электр қуатын, газды ажыратып, пештегі отты сөндіру, жоғарғы қабаттарға (шатыр астына) бағалы заттарды, азық-түлікті, тұздалған азық-түлікті, су қорын апару, сондай-ақ бірінші қабаттың есіктері мен терезелерін жабу қажет немесе тақтаймен бекіту керек. Үй жануарларын, малдарын және құстарды су басу аймағына жатпайтын ауданда тұратын таныстарыңызға және жақындарыңызға апарыңыз. 

Көшірудің басталуы туралы белгі алғанда өзіңізбен бірге құжаттарды, ақшаларды, бағалы заттарды, дәрі-дәрмектерді, киім және аяқ киім жиынтығын, бірнеше күнге азық-түлік және су қорын алыңыз. Күтпеген су басу кезінде жақын арадағы биік (қырат) жерге орналасыңыз және сумен көшуге дайын болыңыз. Құтқарушылардың назарын аудару үшін тәуліктің күндізгі уақытында биік жерде жалау (мата) іліп қойыңыз, ал қараңғыда – жарықпен белгі беріңіз. 

Егер Сіздің үйіңіз су басу аймағында болса: 

газ, су және электр қуатын ажыратыңыз; 
пештегі отты сөндіріңіз; 
жоғары қабаттарға, шатыр астына бағалы заттар мен нәрселерді апарыңыз; 
терезелер мен есіктерді жабыңыз.


Су басу аймағынан көшіру туралы ескерту алсаңыз: 

жылы ыңғайлы киім, етік, көрпе, бағалы заттарды дайындаңыз; 
үш күндік азық-түлік қорын жинаңыз; 
қажетті дәрі-дәрмектерді дайындаңыз; 
су болмайтын пакетке төлқұжатты және басқа да құжаттарды ораңыз; 
өзіңізбен бірге тазалық құралдарын алыңыз; 
барлық заттарды арқа қоржынына, чемоданға немесе сөмкеге салыңыз. 


Су қайтқаннан кейін үзілген және ілініп тұрған электр сымдарынан сақтаныңыз, суға түскен азық-түлікті пайдалануға және тиісті санитарлық тексерусіз су құбырынан суды қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Ауыз суы бар құдықтардан ластанған суды сорып шығару арқылы құрғату қажет. Электр қуатын, газды, су құбырын тиісті мамандар тексергеннен соң пайдалану қажет. 

Сіздің үйіңізді судың баспауы үшін не істеу керек?
дер кезінде ауланы қардан тазарту; 
жақын маңдағы жылғаларды, арықтарды қоқыстан және мұздан тазалау; 
аула ішінде су ағатын орлар жасау; 
қаптарды, құмдарды, топырақтарды дайындау; 
үй аумағын үйіп жабу жұмыстарын жүргізу. 
Байланыс телефондарының нөмірлері: 
Бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызметі – «112» 







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!