СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сұрақ қоюдың тиімділігі

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сұрақ қоюдың тиімділігі.Коучинг жоспар:Мұғалімдерге өту үшін

Просмотр содержимого документа
«Сұрақ қоюдың тиімділігі»



"Бекітемін"

мектеп директоры:

Коучинг – семинар

Тақырыбы:Сұрақ қоюдың тиімділігі.

Мақсаты: Мұғалімдер сұрақтың түрлерін біледі, сұрақ қоюдың тиімділігін анықтайды. Ашық, жабық сұрақтар және блум таксономиясы арқылы сұрақтар құрастыруды үйренеді.

Көрнекілік:Түрлітүсті гүлдер мен көбелектердің суреттері, флипчарт,слайдтар,түрлі маркерлер,ақ қағаз, тапсырмалар белгіленген карточкалар,видеоролик

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: АКТ, Сын тұрғысынан ойлау, Блум таксономиясы.

Коучинг барысы:

1)Психологиялық ахуал. «Физкультхвилинка» ролигі арқылы бой сергіте отырып, мұғалімдердің көңілінде көтеріп жұмыс жасауға ынталандыру.(3 мин.)

2)Топқа бөлу. Мақсаты: топқа бөлу арқылы мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

Ал, енді алдарыңызда жатқан көбелектерді алып, топқа қалай бөлінесіздер деп ойлайсыздар?

(Қызыл гүлге қызыл көбелектер І топ,жасыл гүлге жасыл көбелектер -ІІ топ, сары гүлге сары көбелектер –ІІІ топ)(5мин.)

Топ мүшелерінің рөлдерін анықтайды. Көшбасшы, дизайнер, тайм спикер, баяндамашы.


3)Тақырып туралы түсінік беру (слайд арқылы түсіндіру,2 мин) Коучингтің тақырыбын ашу үшін слайдта берілген белгіге көңіл бөлейік.Біздің бүгінгі коучингіміз қай тақырып немесе мәселе жөнінде болады деп ойлайсыздар?

Сұрақ қоюдың тиімділігі.

  • Күнделікті сабақта оқушыларға сұрақтар қоясыз ба?

  • Сыныпта сұрақ қоюдың үлгісіне көңіл бөлейік.



«бастама , жауап, кейінгі әрекет»(БЖӘ) нысаны бойынша қойылған сұрақ екендігі анықталады.

  • Сыныпта бастама жасайтын және бақылап отыратын адам кім деп ойлайсыздар? (мұғалім екенін көреміз)

Мұғалім оқушылардың білім алуына қажетті сұхбат құруға мүмкіндік берді ме? (бермеді)

4. тапсырма Ал енді осы сұрақтар төңірегінде сіздер келесі сұрақтарға жауап біріңіздер.

Ойлануға 1 минут беріледі.

Әр топқа екі түрлі сұрақ беремін. Топ бірлесе отырып сұрақтарға жауап береді.(3мин)

І топБерілген сұрақтарға толық жауап беріңіз.

  1. Сіз сабақта оқушыларға сұрақ қоясыз ба?

  2. Сіз сабақта оқушыларға қандай сұрақтар қоясыз?







ІІ топ

Берілген сұрақтарға толық жауап беріңіз.

  1. Оқушылардың білімін тексеру үшін сұрақтар қоясыз ба?

  2. Сұрақтың жауабы кең болуы үшінқандай сұрақтар қоясыз?





ІІІ топБерілген сұрақтарға толық жауап беріңіз.

  1. Сабақта сұрау әдісін қолданасыз ба?

  2. Оқушыларға сұрақты қандай мақсатпен қоясыз ?





(Ауызша пікір алмасады)

- Берілген жауаптардың көлемі мен сұрақтың мағынасын қалай ашатынына байланысты пікірталас.

  • Берілген сұрақтардың жауабына көңіл бөліңіздер.

  • Қалай ойлайсыздар, берілген сұрақтардың ерекшеліктері бар ма?

Кейбір сұрақтарға жауап бір сөзбен беріледі, ал кейбір сұрақтарға бірнеше жауап беруге болады.

5. Тапсырма .Флипчартпен жұмыс. Топтар берілген сұрақтарға ортақтаса жауапты береді.(4 мин)Сонымен

  • Сұрақ қою не үшін қажет деп ойлайсыздар?

  • Сұрақ қою оқушылардың оқуына ықпал етеді ме? Қалай?

  • Оқушылар толық жауап беру үшін сұрақты қалай қою керек?

Топтар бір-бірін тыңдай отырып «Бағдаршам арылы» бағалап отырады.


Сондықтан сұрақ қоюдың тиімділігі аса маңызды екені анықталады.Сонымен қатар сұрақ қоюды оқушылардың оқуына тиімді етіп қолданған жөн.

Мұғалім көбінесе төмен дәрежелі сұрақтар қойған кезде «жабық» сұрақтарды пайдаланады. Осы үлгідегі сұрақтардың жауабы «иә», «жоқ», «дұрыс емес» сияқты қысқа болады.

Ал жоғары дәрежелі сұрақтарды қойған кезде оқушылар белгілі бір ақпаратты қажетіне қарай қолдануға тырысады. Сонымен бірге жауаптарын кең, дәлелді түрде, өзінің ойын түсінікті де, тиянақты етіп береді. Олар:

Әңгіме жүргізу дағдылары оқушыларға жайдан жай келе салмайды, балалар бірлескен әңгіменің мәнін ұғынып, қабылдау үшін мұғалімдерге оларды бағыттап отыру керек болады.Не арқылы бағыттау керек деп ойлайсыздар?

  • Әрине сұрақ қою арқылы. Ол үшін сұрақтың тиімді болуы өте маңызды.5мин




Мұндай сұрақтарды «ашық» сұрақтар деп атайды.

Мысалы:

  1. Сенің кітабың бар ма? Жабық сұрақ.

  2. Сен сабаққа қалай дайындаласың? Ашық сұрақ.

6.Тапсырма.Берілген сұрақтарды ажыратыңыздар.(2 мин)Ұжыммен жұмыс.

  1. Суретте екі адам бар ма?

  2. Суретте не көріп тұрсыңдар?

  3. Піл неге құлады?

  4. Піл құлады ма?

  5. Суретте берілген пілді сипатта.

  6. Сен піл туралы не білесің?

  7. Ауа райы қандай?

  8. Ауа райы ыстық па?

  9. Сен пілді көрдің бе?

7.Тапсырма. Әр қайсыңыз суретке қарай отырып 3 ашық, 3 жабық сұрақ құрастырып айта қойыңыздар. 2 мин.

Жұптық жұмыс. Әр топ мүшесі алдарында жатқан смайлдар арқылы өз жұбын тауып, бір бірінің құрастырған сұрақтарын критерий арқылы бағалайды. (5 мин)

Жұп адамның аты

Сұрақтың тиімділігі (1-5)

Сұрақтың толықтығы (3-6)

Ашық сұрақтар саны (3-6)

Жабық сұрақтар саны (2-5)

Сұрақтың түсінікті болуы (3-6)

Жалпы ұпай (28)















жалпы ұпай сандарын қосып беске бөлу арқылы жалпы ұпай шығарылады.

9.Блум таксономиясы8мин

Осындай сұрақтарды сабақта тиімді қолдану үшін Блум тасономиясы өте қолайлы.

Бұл таксономиясының өзіндік ерекшеліктері бар.





10. Жаңа топ құру: түрлі түсті фигуралар арқылы топ құру.

Ой қорыту: блум қадамдарына сұрақ құрастырады. (10 мин)

Білім


Түсіну


Қолдану


Талдау


Жинақтау


Бағалау




11. «Стикер сұрағы» ойыны.10мин

Жұпқа бөлінеді. Олардың біреу ғана стикерді алып, қасындағы жұбына көрсетпей сөз жазады.

Кейін жұбының маңдайына жабыстырады. Жұбы сол жасырын сөзді ашық сұрақтар қою арқылы анықтауы тиісті. Он сұрақтан артық сұрақ қоймайды. Ал жауап бергенде сөзді тез анықтай алмайтын етіп айту керек.


12.Қорытынды: «Блум түймедағы» ойыны арқылы коучинг тақырыбы бойынша алған түсініктерін бақылаймын.10 мин

Сонымен біз бүгін не туралы сөйлестік? Сұрақты қандай мақсатпен қою керек деп ойлайсыздар?

Немен таныстық? Сұрақтардың қандай түрлерімен таныстыңдар? Ашық сұрақтарды құрастыру оңай ма?

Сұрақ қоюдың тиімділігі неде екен?

Сабақта қолдануға болады ма? Қай кезеңдерінде қолданған жөн деп ойлайсыздар?

Жақсы, енді өз ойларыңызды рефлексия парағына жазыңыздар.

13.Рефлексия. (өз тілектерін ашық хат түрінде ұсынады.(5 мин)




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!