СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сүйікті ойыншықтар" тех карта

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөйлеуді дамыту "Сүйікті ойыншықтар" тех карта

Просмотр содержимого документа
«"Сүйікті ойыншықтар" тех карта»

«Жұлдыз» ІІ кіш тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 26.10.2016ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтар» ( ойыншықтар туралы әңгіме құрастыру).

Мақсаты: ойыншықтар туралыәңгіме құрастыруға, ойыншықтардың аттарын атай білуге, оларды сипаттап айтуға үйрету. «Ң» дыбысын қайталату, дұрыс айтуға жаттықтыру. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: №8демонстрациялық материал (түрлі ойыншықтар суреттері), №8 үлестірмелі материал (түрлі ойыншықтар суреттері).

Қостілділік компонент:ойыншықтар-игрушки, қуыршақ- кукла, машина-машина.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шатық шеңберіне тұрғызылады.

Дос болып біз жүрейік,

Ойнайық та күлейік.

Достық деген тамаша

Мне, тұрмыз жараса.

-Балалар, бүгін ерекше күн. Біз бүгін ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығамыз.


Шаттық шеңберге тұрады. Қолдарын көтеріп, қимылмен көрсетеді.


Қуанады.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

-Балалар, сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?

(Демонстрациялық көрнекілікті қолдану)

-Қандай ойыншықтың түрлерін білесіңдер?


Қостілділік компонент: ойыншықтар-игрушки, қуыршақ- кукла, машина-машина.

Ойыншықтардың темірден, ағаштан, резеңкеден жасалатын және матадан тігілетінін айтады. Есік қағылады. Қонаққа сиқыршы келеді.

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Қазір мен сендерді өзімнің сиқырлы әлеміме қонаққа апарамын. Барасыңдар ма? Ендеше, бәрің көздеріңді жұмыңдар.

Алақай,малақай! Суф! Суф!

Ал енді көзімізді ашамыз.

-Шынында да қараңдаршы, біз көп ойыншықтар әлеміне тап болдық. 2-3 ойыншықты көрсетеді.(Машина, қуыршақ, доп).

-Мынау не? Машина.Ол қандай?

Машина жүргенде «ың-ың-ың» дыбысын шығарады екен. «Ың» дыбысын айтайық.

Қайталаймыз. Балалар басқа да ойыншықтарын сипаттайды (атын атайды, үлкен, кішкентай және жұмсақ, қатты екенін, неден жасалғанын ажыратады).

Сиқыршы:

-Балалар, мына ойыншықтарды сендерге сыйға тартамын, топқа барғанда ойнайсыңдар, ойыншықтарды ренжітпей, ұқыпты ұстап ойнаңдар.

Олай болса көзімізді жұмып, тобымызға оралайық.

Сиқыршы балалармен қоштасып шығып кетеді.

Сергіту сәті Құлыншағым, құндызым, Құлдырайды, шабады. Жылтыңдаған жұлдызым, Құстай қанат қағады. (І.Жансүгіров)

№8 үлестірмелі материалмен жұмыс. Ойын шарты: ойыншықтардың арасынан допты, қуыршақты және керікті табу.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті ойыншықтарын сұрау.

-Иә


-Қуыршақ, машина, доп, қонжық, аю, қоян, балапан т.б.

Ойыншықтар-игрушки, қуыршақ-кукла, машина-машина сөздерін қайталайды.



Сәлемдеседі.

-Иә! Көздерін жұмады.

Көздерін ашады, түрлі ойыншықтарды көреді.





Ойыншықтарды атап, сипаттайды.

-Мынау-машина. Ол қатты, қызыл, әдемі.

«Ың-ың-ың» дыбыс шығарады.



















Балалар үлестірмелі материалмен жұмыс жасайды.


Рефлексиялық-

түзетушілік

-Қандай үй жануарларын білесіңдер?

-Малдардың төлдерін қалай атамыз?

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қортындылайды.


Балалар сұрақтарға жауап береді.









Күтілетін нәтиже: Біледі: әр ойыншыққа сипаттама беру және олар ойыншықтардың арасынан табу тәрізді тапсырмаларды;

Игерді: ойыншықтарды, ұқыпты, күтіп ұстау керектігін;

Меңгерді:дыбыстарды дұрыс айту дағдысын.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!