СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сынып сағаты Өз-өзімізді әдемілейік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып сағаты Өз-өзімізді әдемілейік

Просмотр содержимого документа
«Сынып сағаты Өз-өзімізді әдемілейік»

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

Қарасу жалпы орта білім беретін мектебі» КММ


Қаралды: __________

МДТЖО Сембаева Н.А.













«Өз-өзімізді әдемілейік»

6 сынып

тәрбие сағаты







Сынып жетекшісі: Сүлейменова А.Е.













2017-2018 оқу жылы

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Өз-өзімізді әдемілейік»
Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды әр ортада өзін ұстай білуге тәрбиелеу;

2. Оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;

3. Кішіпейіл де қарапайым, сымбатты да әдемі болуға тәрбиелеу;

4. Дүниетанымдарын кеңейту;

Сабақты өткізу әдісі: Аралас; түсіндіре әңгімелеу;

Сабақтың жабдығы: Интеративті тақта, әртүрлі орындағы адамдар слайдпен.


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысу.

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

а) Қоғамыздың болашақ мұрагерлері қандай болуы керектігі туралы.

ә) Сымбаттылық пен әдеміліктің әдептілікпен байланыстылығы туралы.


2. Оқушылар өз-өзін қалай ұстау керек туралы ақпаратты жұпта оқып, слайдқа түсіріп, презентация жасайды.

Негізгі орталарда өзін – өзі қалай ұстау қажеттілігі туралы

а) ҮЙДЕ: Ата - анамен, іні – қарындаспен, аға – апамен қалай сыйласу қажеттігі туралы, қонақ келгенде сәлемдесу, қонақ қабылдау, т. б.

ә) КӨШЕДЕ: Дұрыс, сымбатты жүру, кезкелген үлкен – кішімен сәлемдесу, қарт адам кездессе көмектесу, орынсыз ысқырық , т. б., төбелеске жол бермеу;

б) МЕКТЕПТЕ: Оқушыларға арналған ережелерді сақтау, жолдастарымен, ұстаздарымен сәлемдесу, мектептегі қоғам мүлкіне дүрыс көзқараста болу,
кезекшілік міндеттерін дұрыс орындау, сабақты бар зейінімен тыңдау,
сабақ үстіндегі бірыңғай талап ережелерін сақтау, ұстаздарын, достарын
сыйлау;
в). ҚОНАҚТА: Қонаққа келген үйінің ішіне тесіле қарай бермеу, әр нәрсеге таңданып
орынсыз дүниелерді қайдан алғанын тексеріп сұрай бермеу, босқа
абыржымау, екеу – екеуден сыбырласып әңгіме айтпау, ерсі күлмеу, үн –
түнсіз, өзімен – өзі мұңайып отырмау, басқа қонақтардың, үй иесінің
пікірлерімен санасу, т. б.

г). ДАСТАРХАНДА: Кітап оқымау, әңгіме айтпау, тырнақты ауызға салмау, ұстамау,
басын ұстап қасымау, үлкеннен бұрын төрді иемденбеу;
ғ). ҚАЛАДА: Жинақы, қарапайым киім кию, көліктер арасында арасында жол
ережелерін сақтау, автобуста үлкен адамдарға, балалы адамдарға
орын беру, т. б.

Презентацияны қорғау. Жұмыс жоспары:

1. Жобаның мақсатын ашу.
2. Қандай суреттермен көрсетуге болады? Интернеттен керекті іздеу.
3. Үздік оқушының суретін құрастыру.
4. Өздерің туралы әңгімелеу.

ІІІ. Қорытынды бөлім
1. Әдептілік туралы ұлы АБАЙ сөзінің мәнін ұғыну
ӘДЕПТІЛІК - ар – ұят
АДАМДЫҚТЫҢ белгісі,
ТҰРПАЙЫ мінез, тағы жат
НАДАНДЫҚТЫҢ белгісі.
2. Өздерінің жөнді – жөнсіз қылықтарын айту
3. Әдептілік туралы мақал – мәтелдер.
Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
Сәлем – сөз анасы.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!