СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сынып сағаты Тұңғыш президент күні

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып сағаты Тұңғыш президент күні

Просмотр содержимого документа
«Сынып сағаты Тұңғыш президент күні»

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

Қарасу жалпы орта білім беретін мектебі» КММ


Қаралды: __________

МДТЖО Сембаева Н.А.













«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш

Президент күні»

6 сынып

тәрбие сағаты







Сынып жетекшісі: Сүлейменова А.Е.









2017-2018 оқу жылы

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні»

Тәрбие сағаттың мақсаты:

1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі: ноутбук (слайд), ҚР Президентінің суреті, Рухани жаңғыру туралы ақпарат.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы «Елбасына» деген өлеңді мәнерлеп оқиды? Осы өлең бойынша оқушылар тәрбие сағаттың тақырып табады.

«Елбасына»

Ауыр күнді артымызға тастауы

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұр ағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. 1991 жыл 1 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ. 

1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет болды.

Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1992ж Мемлекеттік Рәміздер қабылданған күн. 1993ж ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті. «Болашақ»бағдарламасы қабылданды.

1995ж Конституциямыз қабылданды. 2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған.
Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым –қатынас
жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет. Иордания қаласында бір үлкен даңғылға есімінің берілуі –әлем алдындағы зор беделі.


ІІ. Негізгі кезең. Презентация бойынша жұмыс істеу.

1 тапсырма – слайдта күн мен жылдар берілген және осы уақытта Қазақстан Республикасында болған есте қаларлық тарихи күндер жазулы, оларды сәйкестендіру керек.

2 тапсырма - Блум таксономиясы. «ҚР президенті туралы не білесің?» деген сұраққа жауап беру керек.

Кім?

Қашан?

Қайда?

Қалай?

Қандай?

3 тапсырма – Президент тұлғасына суреттеме бер. Слайдта көрсетілген мысал бойынша Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев туралы жазып бер. «Шығармашылық тұлға – Елбасы» деген ақпаратты оқып қосымша ақпаратты диаграммаға қос (7 слайд).


4 тапсырма - Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдағы жеткен жетістіктері туралы не білесің? Деген сұраққа жауап бер. (8 - 10 слайд)


Қ орытынды. Тәрбие сағатында біз көп ақпарат алдық, ал енді осы ақпаратты бөлейік (рефлексия):

  • Керек, маңызды ақпарат;


  • Қ ызық ақпарат, бірақ мен кейбір нәрселерді түсінген жоқпын, оны келесі тәрбие сағатында талқылағым келетін ақпарат;



  • Керек емес ақпарат, болашақта маған керегі жоқ деп ойлаймын.



«Тәуелсіз елдің болашағы – дарынды ұрпақта» деп неге айтады? Өз ойларыңды айтыңдаршы. Дұрыс, осы сендер біздің еліміздің болашағысыңдар, сондықтан Елбасымыз секілді елді тек алдыға, жарқын болашаққа апарасыңдар деп үміттенемін.













«Елбасына»

Ауыр күнді артымызға тастауы

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұр ағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.




Кім?


Қашан?


Қайда?


Қалай?


Қандай?




Кім?


Қашан?


Қайда?


Қалай?


Қандай?





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!