СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сыныптан тыс жұмыс. Наурыз мерекесі

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

сыныптан тыс жұмыс Наурыз - мерекесі 6 сыныптар арасында

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс жұмыс. Наурыз мерекесі»



«Қаралды» «Келісемін» «Бекітемін»

ӘБ жетекшісі ҒӘЖ оқу ісінің №14 мектеп-гимназия

----------Ибраева С.А. меңгерушісі директоры

« »--------2017ж ---------Сыздыкова А.Н.. ----------Надеин О.А.

« »---------2017ж « »---------2017ж






6-сыныпқа арналған сыныптан тыс іс-шара Тақырыбы:«Наурыз тойы – дәстүрлі мереке.»







Орындаған:

№14мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Нурымбаева Сандугаш Калдарбековна














Астана 2017жыл



Сабақтың тақырыбы: «Наурыз тойы – дәстүрлі мереке»

Мақсаты: Оқушыларға ұлыстың ұлы күні туралы толық мағұлымат беру,халқымыздың салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын үйрете отырып,Наурыз халықтың ұлттық мейрамы екенін түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату,өнерін,мәдениетін қастерлеуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағыналарын қарай оқушыларды адамгершілікке елін,Отанын сүюге,ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

1- жүргізуші: Армысыздар, ардақты әлеумет!

Жер ананың тоң кеудесі жібіп, Самарқанның көк тасы еріген қасиетті наурыз айы туғанда амандықпен қайта қауышқан күніміз құтты болсын! Наурыз елімізге құт-береке әкелсін!


2-жүргізуші: Бармысыздар, қадірменді халайық! Өткенге салауат айтып, келер күннен берекет тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен дос құшақтарды айқастырып табысатын қасиетті күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!


Мүғалім: қараңдаршы, біздің наурыз мерекемізге аба ыбырый мұхтар шәкәрім ауылының адамдары келіп қапты, қош келдіңіздер біздің наурыз тойымызға.

1- жүргізуші:Наурыз- күні жаңарудың, өсудің, түлеудің басы. Наурыз күні — имандылық мереке. Алдына келген атанның құны болса да кеш.

2-жүргізуші: Наурыз — көктем мерекесі, еңбек тойы, ырыс пен мошылық бастауы. Наурыз мерекесі — мейірімділік, қайырымдылық мейрамы.

1-жүргізуші:

Армысың, қасиетті Жер ана!

Табынып саған тәу етемін.

Өркендеп өссін көк шыбық,

Мейріміңді төге көр!

Тәу – тәу – тәу!

Билігі әлемнің өзіңде, Жер ана!

Көктемнің нұрына шомылған өзіңе,

Тәу – тәу – тәу!

Молшылық бер еліңе,

Кеудеңнен өнген дәніңе,

Қар жауып, шөптің қайта өнгеніне

Тәу – тәу - тәу!


Жер Ана: Армысыз әлемнің алтын шырағы,

Күн Ана! Төрлетіңіз!

Атар таңға, батар күнге тәу-тәу!


Күн Ана: Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тіршілікке,

Құтты болсын қуанышың Ару көктем,

Шақыратын бәрімізді бірлікке.


Ару көктем: Армысыздар халайық,

Бармысыңдар халайық,

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы алайық.

Өшкен шырақ жағылсын,

Көктемнің әрбір ақ таңы,

Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын.

Зарыға күткен жаңа жылым да,

Наурызым келді – ау!

Жаңа жылым жарылқа, ескі жылым есірке.

Ұрпақтарым аман ет.

Жамандық әрі кет, әрі кет.

Наурыз батырым келе ғой!


Наурыз батыр: Сәлем Анам алтын күн,

Нұр шуағы халқымның.

Ашық болсын аспаным,

Аман болсын жас – кәрің.

Жыл иесі тышқаным,

Құт иесі тышқаным,

Бақыт әкел еліме

Құт – береке молшылық

Дари берсін жеріме.


Қызыр баба. Оу, аман ба жараңдар,

Алтын тойға қараңдар.

Ерте жайнап атты таң,

Естіліп тұр шаттық ән.

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрам бұл,

Қарсы алайық тұрыңдар!


2 – жүргізуші:

- Рахмет; Наурыз батыр, Күн Ана, Жер Ана, Ару көктем, тойымызға келген қадамдарыңызға нұр жаусын!


Мұғалім: Рахмет сіздерге, енді мына біздің ауылымызға жайғасыныздар. Бізбен бірге наурыз мейрамын тойланыздар. : Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі;

Назарымызды экранға аударсақ. Наурыздың шығу тарихын көрейік.


1-жүргізуші: Жыл басында ғаламда, табиғатта болатын өзгерістерге сай ана тілімізде әр түрлі аталымдар туындаған. Ендеше ауыл адамдарымызды сынап, тыңдап көрелік.


2 – жүргізуші: сынасақ сынап көрейік

Жыл басында нұр жауған түн – Қызыр түні.

1-жүргізуші: Жыл басында алғаш жауған қар ақша қар.

 2 – жүргізуші: Жыл басының алғашқы күні – Ұлыс күні.

1-жүргізуші: Жыл басының алғашқы желі – Жыл айналып келер алтын күрек.

2 – жүргізуші: Жыл басының алғашқы төлі – Дүбіраяқ.

 1-жүргізуші: Жыл басының алғашқы сүті – Уыз.

2 – жүргізуші: Жыл басының алғашқы көгі – бәйшешек.

1-жүргізуші: Жыл басының алғашқы асы – Наурыз көже.

2 – жүргізуші: Жыл басының алғашқы белгісі – Көрісу.

 1-жүргізуші: Жыл басының алғашқы сый тамағы – Ұйқыашар.

2 – жүргізуші: Жыл басының алғашқы сыйы – Діреткізер, Селтеткізер.

1-жүргізуші: Жыл басының алғашқы тілегі:

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын.

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жала жерге енсін.

2 – жүргізуші: Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадыр-қасиеттілік нышан белгілері мен таным-ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.енді осы нышан белгілерін біздің ауыл адамдарымыз айтып өтсе, қайтеді?

1-жүргізуші: Жарайды тыңдап көрейік.

4-оқушы : Наурызнама – шат-шадыманды ойын-сауық, той. Кей жерлерде наурыз тойы деп те аталады. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын-сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салған. Тойда ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі болады. Айтыс, түрлі ойындар ұйымдастырылып, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді.

5-оқушы : Наурыз көже. Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған тағам. Оған көксу, қызыл ет, жасыл – дән, ақ сүт, сары май, қоңырталқан (кеспе), қара тұз қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады.

6-оқушы : Наурыз жыры. Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиетінің бір саласы. Жыр, өлең осы күнге лайықталып, мадақтау, тілек, бата, әзіл түрлерінде айтылады.

7-оқушы : Наурыз бата. Халықта батаның түрі көп. Соның бірі – осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен өнерпаздарға ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді.

8-оқушы : Наурыз жұмбақ - табиғатқа, аспан әлеміне, ауа райына байланысты айтылады. Ақындар, қыз-жігіттер осы тақырыптарда жұмбақтасып айтысатын болған.

9-оқушы : Наурыз тілек -әр адам өз отбасын, туған-тус, дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жақсы тілек тілейді. Бірінің үйіне бірі кіріп дәм татады.

10-оқушы : Наурыз төл – наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп баптаған.

11-оқушы : Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргенде «Наурызкөгім, келдің бе?» деп шақырып жем шашады.

12-оқушы : Наурыз шешек – наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі гүлді, қауашақты әсем өсімдік. Оны үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. Наурыз шешек «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін бағалы өсімдік қатарына жатады.

13-оқушы : Наурызша – Наурыз айында ашық күндері қолдан жасаған ою-өрнекті әрі жұп-жұқа қиыршық қар түседі. Ол күн көзіне шашырап, жылтылдап құбылады. Анықтап қарағанда басқа қар қиыршықтарындай емес жеңіл де үлпілдек болады. Мұны халық «наурызша» деп атаған. «Наурызша» жаң жылдағы жылылықтың белгісі.

14-оқушы : Наурызесім - Наурыз күні туғандарды халық бақытты, ерекше адамдар деп ұғынған. Сондай себеппен оларға Наурыз есімін берген. Мысалы, қазақ халқында Наурызбай Құтпанбайұлы (1700 – 1781), Наурызбай Қасымұлы (1832 – 1847) атты әйгілі батырлар болған. Алтын ордада Наурыз есімді хан  (1859 – 60) болғаны тарихтан белгілі. Наурызгүл, Наурызбек, Наурызәлі деген адам аттары да жиі кездеседі.

15-оқушы : Саумалық - Наурыз айында жаң жыл еніп, жер бусанып, күн күркіреп, жаңбыр жауып, көк дүркірегенде ауыл адамдары далаға шығып саумалық айтып, қуанышты көңілмен жақсы тілек тілейді.


1-жүргізуші: Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!

Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке! – дей келе, енді біздің ауыл адамдарының наурыз мерекесіне арнап алып келген жыр шумақтарын тыңдасақ, Мақсат?

2 – жүргізуші: Жарайды, тыңдасақ тыңдайық.

Ұлы күні кәрі-жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өсірген.

Наурыз той құтты болсын!



Шапағатын аямай бұл жақта аспан,

Жадырайды әр адам мұң шақпастан.

Ой ағайын, келіңдер!

Бүгін бізде –

Наурыз көже құрт – қатық, бұршақ  қосқан.


Күреп алтын күрекпен,

Қарды еріткен Наурыз!

Жатыр көктем түлетіп,

Бүрлеп бақша – бауымыз.

Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңеген

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық Наурыз көжеден.


 Ақбоз үйді үлпілдеткен,

Боз даланы бүлкілдеткен.

Қуанышты күлкің – көктем,

Әсем едің, шіркін, неткен,

            Наурызым!


 Құлпырады сәнді бақтар,

Жұлқынады арғымақтар.

Сылқылдайды бал бұлақтар,

Мерекемсің мәңгі мақтар,

           Наурызым!


Жарқыраттың шығыс Күнін,

Бар адамдар туыс бүгін.

Тілеп елдің тыныштығын,

Жүректерде жүр ұшқының,

           Наурызым!


Аңсап жүрсең осы күнді,

Ашып таста есігіңді.

Болайықшы кешірімді,

Ән тербетсін бесігіңді,

Наурызым!


 Бұл әлем қалғығандай,

Ұшты көкке ән қырандай.

Наурыз көже дәмді балдай,

Сенің көшің сәнді қандай,

            Наурызым!


Аталардың – Қара Нардың,

Ақ жаулықты Аналардың.

Бас иетін саған әр күн,

Ақ батасын ала барғын,

           Наурызым!

 

Ғашықтардың түр-түсінде,

Сәбилердің күлкісінде.

Ел үшін де, жұрт үшін де,

Қара Жерге кір түсірме,

           Наурызым!


Жадырап күннің жанары,

Бетті өпсе жылы самалы.

Сай-сайға ақса жылғалар,

Бұл Наурыз хабары.


Ашылып аспан шүмегі,

Жауынмен құм да түледі.

Көкмайса жұмсақ құлпырған,

Бұл Наурыз кілемі.


Бусанып тарғыл атырап,

Нәрленіп торғын топырақ.

Жауқазын өссе күнеске,

Бұл Наурыз – жапырақ.


Көз тігіп Күнге барлығы,

Бүршігін жарса әр гүлі.

Халыққа бақыт тілеген,

Бұл Наурыздың жарлығы.


Бөктіріп көктем жаңбыры,

Тіріліп шөптің тамыры.

Бүрленсе жусан бұрқырап,

Бұл Наурыздың таң нұры.

 

Қауымға қалың дүр болған,

Шаттыққа бөлер жыр болған.

Шапағат төккен мейірлі,

Бұл Наурыз ғой нұр болған.

 

 

Тілегін айтып ұнаған,

Арылса туыс күнәдан.

Көңілде күдік қалдырмас,

Бұл Наурыз – шын адам.


Тұқымын сеуіп ырыс-құт,

Дем алса диқан тыныс қып.

Тірлік пен байлық бастауы,

Наурыз сыйы тыныштық.


Тәуелсіз елдің адамы,

Бейбіт күн берік қамалы.

Құт болсын дейік ағайын,

Жаңа күн Наурыз қадамы.

Науан наурыз, армысың!                         


Наурыз келді, көктем келді ағайын,

Жадырайды, жаңғырады маңайым.

Назды, сазды науан Наурыз, армысың?

Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.


Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,

Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.

Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше,

Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың.


Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,

Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.

Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,

Бар тіршілік Наурыздан басталған!


Ел де тыныш!

Жер де тыныш – бұл күні,

Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.

Табысқан жұрт таныс тауып жатады,

Жамалғандай жүректердің жыртығы!


Саф тыйылып Сарыарқаның бораны,

Күн өрлейді күмбезінен жоғары.

Наурыздың жиырма екісі толғанда,

Тоғысады тоғыз жолдың торабы...


Бәрі:

Наурыз келсе, құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық!


1-жүргізуші: Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұралады насихаттан жүрген халықпыз. 
Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар, 
Өткеннен бізге жеткен асылы бар. 
Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын, 
Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар. 
2-жүргізуші:Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт. 
Күлгенің де той сенің, 
Жүргенің де той сенің. 
Қызықтасын халайық, 
Тұсау кескен бұл күнің 
Есте қалсын, жарқыным. 
1- Жүргізуші:Жаса Наурыз, жаса көктем, 
Жаса достық, күн, тіршілік. 
Болсын ұмыт, мұңдар өткен, 
Мейірімділік күлсін шығып. 
Наурызда жаңа жыл басталады, 
Естіледі көктемнің асқақ әні. 
Ақ көңілмен, ақ сүтпен қарсы алайық, 
Мына келген тәй-тәйлап жас баланы. 
Үлкендеу балалар ортаға аяғын тәй-тәй басқан 1-1,5 жастағы баланы әкеліп, беліне кішкентай қалта байлайды, оның ішіне тәттілер салып тұрып: 
Әже:Беліңе қалта байладым, 
Дәулетіңді асырсын, 
Ішіне тәтті сайладым, 
Қиындықты қашырсын! 
/осыдан кейін жиналған жұртқа көрсетіп, баланың аяғына мыналарды байлайды/: 
Әже:Ішекпен байлағаным – малды болсын, тоқ болсын деген ниетім, 
Көк шөппен байлағаным – жершіл болсын, көпшіл болсын, өсіп-өнсін дегенім, 
Ала жіппен байлағаным – адал болсын, ақ болсын дегенім. 
/тұсауын кеседі, тұсау кескен баланы бір-екі аттам жерге дейін сүйемелдеп барып, еркін жібереді/ 
Тәй, тәй, тәй, тәй! 
Әже:Қаз, қаз, балам, қаз балам, 
Қадам бассаң мәз болам! 
Күрмеуіңді шешейін, 
Тұсауыңды кесейін! 
Жүгіре қойшы, құлыным, 
Желбіресін тұлымың, 
Елгезек бол, ерінбе, 
Ілгері бас, шегінбе! 
беліндегі қалтаны шешіп, тәттілерді елге шашумен таратады 
Әже:Тойға шашу шашылсын! 
Халқымның нұры тасысын! 
Қыдыр ата бата береді:Құлыным үлкен жігіт болсын! 
Ата-анасына қызық болсын 
Жақсылармен қатар болсын, 
Жамандармен қатал болсын, 
Ата-дәстүр байлығын жалғастырар, 
Берік бұтақ болсын. 
Наурыздарың құтты болсын! 
Әумин! 

2-жүргізуші:Ұлы тойда әдемі,

Әннен шашу шашайық.

Ал, балалар, кәделі

Наурыз жырға басайық! – деп ауылының қонағы Наурыз көктем әнімен қарсы алайық


1- Жүргізуші:Ал, халайық тұрмайық. 
Әндетейік шырқайық. 
Ортамызды ашайық. 
Думандатып би билеп, 
Ән мен күйді төгілдіріп, 
Інжу-маржан шашайық. 
Жиналған жұрт таң қалсын, 
Өнерден күмбез жасайық!  - дей келе келесі ауылымыздың қонағы өздерінің тамаша билерін дайындап алып келіпті.


2-жүргізуші:Наурыз пәктік адалдық күні

Қателік кешіріледі,

Көңіл кірі өшіріледі.

Жолсыздыққа тыйым болады,

Ақ тілек – сыйың болады.

Әр үйде береке болады,

Ойын, сауық, мереке болады.

Мұғалім: осымен біздің наурыз мерекесіне арналған сыныптан тыс іс-шарамызды аяқтай келе, мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары: Асия Нұғманқызына сөз береміз.

Мұғалім: Дастарханымыздан дәм ауыз тиіңіздер, келгендеріңізге көптен көп рахмет!































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!