СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие сағаты: Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық іс әрекет үшін жауапкершілік

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағаты ТжКББ және ЖОО студенттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетін қалыптастыруға негізделген.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты: Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық іс әрекет үшін жауапкершілік»

2

ТАҚЫРЫБЫ:«Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық іс әрекет үшін жауапкершілік»

Мақсаты:

Танымдық:сыбайлас жемқорлық және ол әрекет үшін жауапкершіліктің түрлерімен таныстыра отырып, студенттердің Заң жүзіндегі сауаттылықтатрын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық:сыбайлас жемқорлық және оның жекеленген түрлерімен таныстыру арқылы қылмыстық жауапкершіліктітүсіндіру, парақорлық, жемқорлық бойынша өз ойларын ашық, айтып үйрету, құқықтық сауаттылықты дамыту.

Тәрбиелік:Адамның бойында болатын асыл қасиеттер ар-намыс, борыш сияқты қасиеттерді сезімдерді білім алушылардың бойларына сіңіріп, адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және іс әрекетке адал, өз намысын жерге таптатпауға, жаман және жақсы іс әрекетті айыра білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі:тақырыптық сағат.

Көрнекілігі: слайд, түрлі-түсті қарандаштар, шарлар, достық туралы суреттер, сөзжұмбақ, ақ парақтар, майшам.


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ:


Ұраны: Ар-ождан алдындағы адалдық - өз қадір-қасиетіңе,

ізгі іс-әрекетіңе байланысты.

Әбу Нәсір әл-Фараби


І. Ұйымдастыру.

1)Сәлеметсіздерме, құрметті білім алушылар, ұстаздар қауымы! Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Тәрбие сағатының тақырыбы:«Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық іс-әрекет үшін жауапкершілік»

2) Топқа бөлу.

1-топ: Нысана

2-топ: Жас қазақ

3-топ: Рухы


ІІ. Негізгі бөлім.

3) Кіріспе әңгіме:

1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы Конвенцияға қол қойды.

1992 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі іс-шаралар туралы» Жарлығы қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің ұйымдастырушылық және өзге де алғышарттарын қалыптастырды. Осындай қылмысқа ықпал ету шаралары айқындалды, оның ішінде тәртіптік, мүліктік және әкімшілік сипаттағы қылмыстың алдын алу шаралары.

1997 жылы 21 қазанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының жоғарғы тәртіптік кеңесі туралы» Жарлық шығарды. Жоғарғы тәртіптік кеңестің басты мақсаты — мемлекеттік тәртіпті бекіту, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін көтеру, олардың қызмет бабын теріс пайдалануына және өкімет билігін асыра пайдалануына жол бермеу болды.

1997 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті «Ұлттық қауіпсіздікті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті одан әрі күшейту жөніндегі іс-шаралар туралы» Жарлығы ұлттық қауіпсіздік органдарына, дәстүрлі міндеттерін шешуімен қатар, сыбайлас жемқорлық жолына түскен жоғары қызметтегі шенеуніктерге, әскери қызметкерлерге, прокурорларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, арнаулы қызмет пен судьяларға, сондай-ақ контрабанда және есірткі бизнесіне қарсы күреске барлық күштерін жұмылдыруды міндеттеді.

1998 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының № 267-I «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу туралы» Заңы қабылданды.

(2000 жылы 28 сәуір, 2001 жылы 8 маусым, 2001 жылы 12 шілде, 2002 жылы 9 тамыз, 2003 жылы 27 қыркүйек, 2007 жылы 21 шілдедегі өзгерістер және толықтырулар енгізілді).

Қабылданған шаралар мен жарлықтар сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес сабақтастықта, өскелең түрде жүріп жатқандығына дәлел.

Елбасымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бет алысы батыл әрі дәйекті екенін атап өту қажет. Сөйтіп, 1998 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне арналған Үндеу жолдады. Елбасының осы Үндеуі 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылданғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды және біздіңше, Үндеу аталған заңның кіріспесі ретінде қабылдануы тиіс. Аталған заңның негізіне БҰҰ және ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясының аясындағы халықаралық ұйымдар әзірлеген модельді актілер алынған. Заңның мақсаттары: Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі ережелерін жүзеге асыру; ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық мүдделерді қорғау.

Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заң қабылдады.

Жемқорлық - латынша сатып алу. Мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерінің жеке бастарының пайдасы мен мүдессі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс - әрекеттері.

2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған Дүниежүзілік конференция ашылды.БҰҰ 2003 жылы 9 желтоқсан күнін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемнің ең бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену бағдарламаларын ұсынды, онда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жалпы ұлттық бағдарламаларын дәйекті түрде жүзеге асыру күрестігіне баса назар аударды.

Егеменді, тәуелсіз, зайырлы және құқықтық мемлекет Қазақстанда сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы;

  2. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс шаралар жоспары (53 тармағын білім беру ұйымдарында іске асыру);

  3. 2016 жылғы 14 қаңтарда Министрліктің №24 бұйрығымен бекітілген«Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген.

«Сыбайлас-жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық тұрғыдан қарасақ, бұл «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. 


4) Нормативтік құжаттармен жұмыс.


1.Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы (2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V).

2.Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығы).

3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы. (2015 жылғы 23 қарашадағы №416- V Заңы (01.01.2016 ж.қолданысқа енгізілді).

4.Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы).

5.ҚР Президентінің «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. (2012 жылғы 14 желтоқсан).

6. ҚР Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы. (2015 жылғы 30 қараша).

7.Ұлт жоспары – 100 қадам. (2015 жылғы 20 мамыр).

8. «Нұр Отан» партиясының«2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы» 2014 жыл, 8 шілде.


5) Білім алушылар аудиториясы не дейді?

Нұсқаулық:Тақырыпты ашу сұрақтарына толыққанды жауап беру.


А. Қандай азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер жасай алады?

Талқылау үшін сұрақтары:

1. Сыбайлас жемқорлық – «төзгісіз» жамандық?

2. Қандай азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер жасай алады?


Б. Сыбайлас-жемқорлық деген не, ол қаласында (ауылда) қалай орын алады?

Талқылау үшін сұрақтары:

  1. Сыбайлас жемқорлық - парақорлық, бопсалау, тамыр-таныстық, алдау, ысыраптаудың кері әсері.

  2. Сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекеттік қызметшінің жеке басының пайдасы мақсатында лауазымды асыра пайдалануы.

  3. Сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері: институционалдық - жеткіліксіз ашықтығы; жеткіліксіз есептілік; кең лауазымды адамдарының өкілеттіктері; қоғамдық - үкіметке сенімсіздік; төзімділік халықтың сыбайлас жемқорлықты қабылдауы; заңды елеумеушілік; экономикалық – тоқырау; төмен жалақы; бұрмаланған ынталандыру.

  4. Сыбайлас жемқорлық кездеседі:

1) мемлекеттік қызметте;

2)лицензиялау, тіркеу, рұқсат алуда;

3) салықтар;

4) кеден;

5) милиция;

6) мемлекеттік тапсырысты орындауда.

  1. Қандай шараларды қолдану қажет.


В. Сыбайлас жемқорлықтың салдары қандай?

Талқылау үшін сұрақтары:

  1. Сыбайлас жемқорлық немен тығыз байланысты?

  2. Сыбайлас жемқорлық әр уақытта ұйымдастырушылық сипатта болады ма?

  3. Сыбайлас жемқорлық Мемлекеттік билікпен байланысты ма және мұндай демократиялық құндылықтарға сенім мен төзімділік керек пе?

  4. Сыбайлас жемқорлық бизнес, қаржы салу және экономиканың дамуымен байланысты ма?


С. Оқу орынында сыбайлас жемқорлық бар ма? (ата-аналармен бірлесіп)

Талқылау үшін сұрақтары:

1.Ақпарат көздері сыбайлас жемқорлық фактілері туралы білім.

2.Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мектептерде қаншалықты таралған?

3.Сыбайлас жемқорлық мектептік білім беру жүйесінде туындау себебі неде?

4. Білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресте қандай шаралар қажет?


5) Өлең жолдарын талқылау

1-топ: Абай Құнанбаев

Бай алады кезінде көп берем деп,

Жетпей тұрған жеріңде тек берем деп.

Би мен болыс алады күшін сатып,

Мен қазақтан кегіңді әперем деп.

Жарлы алады қызметпен өткерем деп,

Елу басы шар салып, леп берем деп, .

Жалаң қолжат мінез жау алады,

Бермей жүрсең, мен сеніжеккөремдеп.

Досалады бермесең бұлт берем деп,

Жауыңа қосылуға сырт берем деп,

Бұзылған соң мен оңай табылмаспын,

Не қылып оңайлық пен ырық берем деп.

Сұм – сұрқия –сұмдықпен еп берем деп,

Сүйер жансын, сүйкімді бет берем деп.

Жүзқараға екіжүз аларман бар,

Бас қатар бас – аяғын тексерем деп,

Ел жиып, мал сойыңыз ет берем деп,

Етберсем, сен мендік бол деп берем деп.

Қара қарғасы қылды шуласар жұрт,

Кім көп берсе, мен соғансерт берем деп.


2-топ: Шәкәрім Құдайбердиев

Адамдық борышың – Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай

Ар сақта, оны бiл.

Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,

Бiлiмсiз, Өнерсiз,

Болады ақыл тұл.

Мақтанға салынба

Мансаптың тағы үшiн.

Нәпсiңе билетпе

Басыңның бағы үшiн.

Өмiрiңдi сарп қыл өлгенiңше,

Жоба тап, Жол көрсет,

Келешек қамы үшiн.

Қайтадан қайрылып

Қауымға келмейсiң.

Барыңды, Нәрiңдi

Тiрлiкте бергейсiң.

Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң –

Шын бақыт‚ Осыны ұқ,

Мәңгiлiк өлмейсiң!


3-топ: Сүйінбай Аронұлы

Жақсы жігіт елінің ағасындай.

Жақсының сөзін әркім пайдаланар,

Миуалы алма, өріктің ағашындай.

Жаманның көкірегі - көр, көзі - соқыр,

Жүрер жолдан тал түсте адасып - ай.

Жақсы адам қай жерден ажырайды,

Жақсымын деп бәрі жүр таласып - ай.

Жамандар - өтірікші, өсегі көп,

Ел-жұрттың іріткі салар арасына - ай.

Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,

Жанбай қалған ағаштың шаласындай.

Соқтығып әркімге бір ұрынады,

Сиырдың тентек болған танасындай.

Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,

Жылқының қотыр болған аласындай.

Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,

Жұғымды болар елге еркесіндей.

Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,

Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.


6) Бейнебаяндарды көру және талқылау.

1-бейнебаян: Медицина саласындағы сыбайлас жемқорлық.

2-бейнебаян: Жол полициясы қызметкерінің пара алу сәті.

3-бейнебаян: Құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық.


7)Өміршеңдік ережесі

Нұсқаулық:Әр адамның ережесі – өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талап-танып, өміршеңдік ережелерін айтайық.
1. Жігер деген – Мен
2. Күш деген – Мен
3. Махаббат деген – Мен
4. Кешірім деген – Мен
5. Құдірет деген – Мен
6. Жасөспірімдік деген – Мен
7. Жастық шақ деген – Мен
8. Денсаулық деген – Мен
9. Адалдық деген – Мен
10. Жарқындылық деген – Мен
11. Бар ғажайып деген – Мен
Хормен: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.


ІІІ. Қорытынды:

8) Кері байланыс:

-Бүгінгі тәрбие сағатынан не түйдік?

-Сыбайлас жемқорлықтың салдары қандай?

-Сыбайлас жемқорлықпен күрес жолдарын атаңдар?

-Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік?






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Похожие файлы

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!