СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

«ДОСТЫҚ» іскерлік ойыны Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын «Достық" Мақсаты: Қазіргі заман тәрбиешісінің әлеуметтік - психологиялық мәдениетін жетілдіру, бір - бірлеріне деген достық сезімін арттыру. Тәрбиешілердің педагогикалық рефлексиясын дамыту. Шығармашылыққа әртістікке, бастамашылдыққа ынтасын дамыту. Өзін өзі тануға, педагогикалық ізденімпаздыққа қызығушылығын тәрбиелеу. Қатысушылар: тәрбиешілер, мамандар.  

Просмотр содержимого документа
«Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойындар»

Начало формы







Конец формы

«ДОСТЫҚ» іскерлік ойыны

Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын
«Достық"
Мақсаты: Қазіргі заман тәрбиешісінің әлеуметтік - психологиялық мәдениетін жетілдіру, бір - бірлеріне деген достық сезімін арттыру.
Тәрбиешілердің педагогикалық рефлексиясын дамыту. Шығармашылыққа әртістікке,
бастамашылдыққа ынтасын дамыту. Өзін өзі тануға, педагогикалық ізденімпаздыққа қызығушылығын тәрбиелеу.
Қатысушылар: тәрбиешілер, мамандар.

Ойынның барысы.
Жүргізуші: Қайырлы күн! Біздің «Достық» атты іскерлік ойынымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі ойында біз ойнап, ойланып, демаламыз, бір - біріміз туралы көбірек білеміз.
Сол үшін ең бірінші бір - бірімізбен жақсы көңілмен амандасайық. Шеңберге тұрып мына жүрекшені бір - бірімізге жылы сөз айтып береміз. (барлығы шеңберге тұрады, жылы сөз айтып, жүрекшені бір - біріне береді).
Бүгінгі ойын екі топқа бөлініп жүргізіледі. Сол үшін қазір сендер мұнда жатқан парақтарды таңдайсыңдар (барлық педагогтар парақтарды алып болған соң, жүргізуші парақтардың сыртында бейнеленген суреттерге сәйкес топтарға бөлінуді ұсынады). Әділқазы ұпай қойып жеңімпаздарымыз анықталады.

№ 1 Тапсырма:
Сұрақ - жауап сайысы (жүргізуші сұрақтар қояды, бірінші жауап берген топқа ұпай жүреді).
А) Мектепке дейінгі мекемелер бағынатын құжат (Стандарт).
Ә) Жуыну, тамақтану, үстел жасау, асхана, табиғат бұрышындағы жұмыс – бұл барлығы қалай аталады?). (Тәртіптік кезең).
Б) Балабақшада білім беретін бағдарлама неше бөлімінен тұрады? (5 сала бөлімі).
В) «Құрастыру» бөлімі қай саладан? (Таным)
Г) Балабақшадағы 2 - 3 жас аралығындағы топ қай бағдарламамен жұмыс істейді? (Алғашқы қадам)
Д) Баланың білімін анықтайтын қорытынды сараптама қалай аталады? (индикатор)

№ 2 Тапсырма:
«Геометриялық пішіндерден құрау».
(Әр топқа геометриялық пішіндер беріледі, сол пішіндерден өз ойларынан балаларға не қызықты болатынын бір нәрсе жапсырады, 7 минут уақыт беріледі, уақыт өткен соң не жасағандарын көрсетеді, сипаттап береді).

№ 3 Тапсырма: «Тәрбиешінің мәнерлеп сөйлеуін және оқуын дамыту»
Парақтарға келесі сөздер жазылған (әр топтың бір қатысушысы шығып бір парақты таңдап алады, содан кейін оқиды):
а/ «Мұнда кел» деген сөзді жай, дауыстап, қатал дауыспен айту.
б/ «Жарайсың» деген сөзді жай, дауыстап, нәзік, риза болып, мысқылдап, қуанышпен, ғашық болып айту.

№4 Тапсырма: «Жағдай» піркіталас. (екі топқа бір - бір жағдайдан беріледі. Сол жағдайды шешу жолдарын айту, сахналау. Екінші топ сол жағдайды шешу жолында қандай да болсын қателіктерді қарайды)
1 топ: «Екі бала төбелесіп қалды. Бір бала екінші баланың қолын тырнап алды. Кешке балаларды ата - аналары алып кетеді. Жарақат алған баланың анасы – ұрысатын, шу көтеретін адам. Сіздің әрекетіңіз».
2 топ: «Сіз кеш уақытында қалған 3 балалармен сөйлеп отырсыз. Бір бала өзінің отбасы жайлы айтып отыр, әкесінің ішімдік ішкенін, үйде ұрыс шығарғанын айтты. Осы кезде сол баланың анасы келіп қалды, және баласы айтып отырған сөздерін, және Сіз тыңдап отырғаныңызды көрді. Сіздің әрекетіңіз».

№5 Тапсырма: «Өзіңді тексер»
Тәрбиешілерге жүргізуші бір қатар зат есім сөздер айтады. 15 сөз айтқан соң, педагогтарға осы сөздерді дәл айтылған ретімен жазуға ұсынады).
Тапсырманы орындаған соң, жүргізуші өз парағынан сөздерді оқиды, педагогтар өз жазғандарын тексереді.

№6 Тапсырма: «Серіктесін сипаттау»
Педагогтар өз аты - жөнін көрсетпей өз серіктесін сипаттап жапырақшаға жазу керек. Жазып болған соң, жүргізуші бір - бір жапырақтан оқиды. Педагогтар сипаттау бойынша педагогты табу керек.

№7 Тапсырма: «Мәнерлеп оқу»
Әр топтан бір адамнан келеді. Алдарында жатқан парақты алып, сонда берілген тақпақты мәнерлер оқиды.
А) «Қыс», Абай
Ә) «Ғылым таппай мақтанба», Абай

№9 Тапсырма: «Ойлан, тап»
«Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» сөзі жазылған парақ беріледі, топтарға 5 минут уақыт беріледі, осы уақытта осы сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Ең көп сөздер жазған топ ұпай алады.

№8 Тапсырма: «Аю мен аралар». Педагогтар топтасып жұмыс істеу білетіндерін тағы да тексеріп көрейік.
Әр топта «Аюды» таңдайды, қалғандары «Аралара» болады. Аюды залдың сыртына шығарып, жүргізуші «балды» тығып қояды. Содан кейін «Аю» кіріп, «балды» іздейді, «аралар» тек қана «ж - ж - ж» деп дауыстап көмектеседі. «Аю» «балға» жақындай бергенде, «аралар» «ж - ж - ж» деп қуанып қатты дауыс шығарады. Ал «Аю» «балдан» басқа жаққа кетсе, «ж - ж - ж» деп ашуланып дауыс шығарады.
Құрметті әріптестер, осымен біздің ойынымыз аяқталуына жетті. Енді әділқазының шешімін күтейік. Олар өз шешімін шығарғанша, осы парақтарға бүгінгі ойын туралы өз пікірлеріңізді жазуға ұсынамын.
Әділқазы мүшелері ұпайларды санап, жеңімпаздарды айтады.
Жеңімпаздарды марапаттау, қатысушыларға қатысқандары үшін алғыс хат беру.

Іскерлік ойын

Тақырыбы: Іскерлік ойын
Мақсаты: Тәрбиешілердің өз мамандығын шыңдай түсіп, бай тәжірибесін басқаларға өнеге ету, «Тіл дамыту» оқу іс - әрекетінің тиімділігін арттыру, біліктілігін жетілдіру.
Керекті құралдар: Стикер, түрлі - түсті шарлар, фломастер, ақ парақтар, плакаттар.
Шарты: педагог тәрбиешілер дөңгелек етіп орналастырылған үстелдер санына қарай орналасады.
І. Әділ қазылар алқасы сайланады.
ІІ. Тәрбиешілер өздері таңдап алған қызыл, жасыл, көк түстерге қарай үш топқа бөлінеді.
1 тапсырма: Әр топ өз тобын шығармашылықпен қорғайды яғни ат қою, сурет салу, өлең шығару.
Ұпайларына байланысты тәрбиешілердің омырауларына смайлик тағылады.
2 тапсырма: Тіл дамыту оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың әдіс тәсілдеріне байланысты ілінген әр түрлі шарларды таңдап, сұрақтарға жауап береді.
Ұпайларына байланысты тәрбиешілердің омырауларына смайлик тағылады.
3 тапсырма: Актерлік қабілет
Әй, Асқар тау,
Кімге сен бағынасың!
Бойыңа әсемдікті,
тағып ап - сың.
Қаншама қадам жасап барсам дағы
Жеткізбей бір өзіңе қиналтасың! Жеткізбей бір өзіңе қиналтасың!
Ұпайларына байланысты тәрбиешілердің омырауларына смайлик тағылады.
4 тапсырма: Тәрбиешілермен шығармашылық жұмыстар:
Үш топқа жұмбақ құрастыру тапсырылады.
Бірінші топ - көбелек, ит, сағат
Екінші топ - гүл, түйе, телевизор
Үшінші топ – кітап, сағат, тышқан
Ұпайларына байланысты тәрбиешілердің омырауларына смайлик тағылады.
Құрметті тәрбиешілер, бүгінгі жүргізілген ойын барысында өзіміздің тілге бай екенімізді көрсеттік деп ойлаймын. Өткізілген жұмыс туралы пікірлеріңізді білдіріңіздер. Қатысушылар өздерінің пікірлерін білдіріп алғыстарын айтты.
Әдіскер: Тіл дамытудың алға қойылған мақсат - міндеттерін жүзеге асыру үшін тәрбиеші алдын ала ұйымдастырып, өзінің кәсіби шеберлігінің нәтижесіне жүзеге асырады. Бұл баланың білімін ғана жетілдіріп қоймай қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады. Тіл дамыту жұмысында басшылыққа алатын басты мәселе балалардың ауыз екі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр.
«Қатынас» білім беру саласы бойынша тіл дамыту оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың әдіс - тәсілдеріне байланысты ілінген әртүрлі шарларды таңдап, сұрақтарға жауап береді.
1. Баланың тілін дамытудағы мақсаттары.
Жауабы:
1. Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту.
2. Сөз дыбыстарын дұрыс айту.
3. Сөздік грамматикалық формасын қалыптастыру.
4. Тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу.
5. Байланыстырып сөйлеуін дамыту
2. Тіл үйретудегі ерекшеліктер.
Жауабы:
1. Дамыту, тіл тазалығы.
2. Тіл тазалығы, тіл мәдениеті.
3. Сөздің дыбыстық құрылымы.
4. Мәнерлеп сөйлеуге үйрету.
5. Көркем сөз өнеріне баулу.
3. Оқылған шығарманы әңгімелеп айтуға үйретуде оқу іс - әрекетінің үлгі жоспарын айтып беріңіз.
Жауабы:
1. Тәрбиешінің кіріспе әңгімесі.
2. Тәрбиеші әңгімені оқып беруі.
3. Оқылған «әңгіме» ертегі мазмұнын көмекші сұрақтар беріп айтқызу.
4. Шығарманы қайталап оқу, шығарма мазмұнын балаларға айтқызу.
4. Әр топтағы балалардың активтік сөздік қорын айтыңыз.
Жауабы:
1. І кіші топта 500, ІІ кіші топта - 1000, ортаңғы топта – 1200 - 1500.
5. «Тіл дамыту» оқу іс - әрекетінде ойынды пайдаланудың тиімділігі қандай?
Жауабы:
1. Оқу іс - әрекетінің басында, ортасында, соңында қолдану.
6. Стандарт бойынша
«Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметінің (тіл дамыту, көркем әдебиет, орыс тілі оқу іс - әрекеттерінің) жүктемесін айтып беріңіз.
Жауабы:
1. І кіші топта 1 сағат, тіл дамыту – 0, 5, көркем әдебиет – 0, 5.
2. ІІ кіші, ортаңғы топта 2 сағат, тіл дамыту 1 сағат, көркем әдебиет – 0, 5, орыс тілі – 0, 5.
7. Жемістер жөнінде оқу іс - әрекетінің қысқаша жоспарын айтыңыз.
Жауабы:
1. Жемістер туралы әңгімелеу (бұрын үйренген сөздерін қолдану)
2. Жемістер туралы өлең оқу (өлеңдегі салыстырмалы сөздерге көңіл бөлу
3. Суреттермен сөздік ойын ойнату
4. Өлеңде аталған жемістердің суретін салу, жапсыру.
Шие - (қызыл, домалақ, кішкене ұсақ, шар сияқты)
Алма – (домалақ, қызыл, сары, тәтті, қышқыл) үйренген сөздерін қосып, сөйлем құрату.

Қорытынды: Ойын соңында әділ қазылар алқасы әр топтың жинаған ұпайының қосындысын шығарып, қысқаша мінездеме беріп, жеңімпаздар анықталды.

Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын

Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын
«Өз мамандығыңды тани білесің бе?"


Мақсаты: Қазіргі заман тәрбиешісінің әлеуметтік - психологиялық мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиешілердің педагогикалық рефлексиясын дамыту. Шығармашылыққа әртістікке,
бастамашылдыққа ынтасын дамыту. Өзін өзі тануға, педагогикалық ізденімпаздыққа қызығушылығын тәрбиелеу. Балабақшадағы әдістемелік жұмыстың перспективасын
анықтау.

Қатысушылар: тәрбиешілер.
Өткізу жоспары:
1. Жүргізуші тағайындалады.
2. Тапсырмалар әзірленеді.

Алдын - ала жүргізілетін жұмыс:
1. Ойынның сценарий – жоспарын құру.
2. Тәрбиешілердің психолого - педагогикалық әдебиеттерімен танысуы.
3. Педагогикалық жағдаяттар, анкеталар, ребустар, кроссвордтар құру, мәтіндерді жинақтау.
4. Тәрбиешілердің кәсіби шеберліктерін және қасиеттерін дамытуға және анықтауға арналған жаттығуларды жинақтау.
5. Ойынның өту орны, уақыты және жауаптылар белгіленеді.

Ойынның өту барысы:

1. Жүргізушінің кіріспе сөзі: ойынның тақырыбын, шарттарын және әділқазылар алқасын жариялайды.
2. Тәрбиешілермен экспресс – интервью «Сіз қалай ойлайсыз, бала «тәрбиеші» деген сөзді немен байланыстырады?»

№ 1 Тапсырма:
«Сөзжұмбақты шеш» Тақырыбы: «Стандартты білесің бе?»
/ Әр тәрбиеші стандарт туралы жасырылған сөзжұмбағы бар конверттерді ала отырып шешеді/

№ 2 Тапсырма:
«Геометриялық пішіндерден құрақ құрау».
/Әр тәрбиеші геометриялық пішіндерден құрақ құрайды. Құрақ құрылғанда бала тәрбиесіне қатысты төмендегі нақыл сөздер құрылады./

3. «Тәрбиеші қандай болу керек?» пікірталас.

№ 3 Тапсырма: «Тәрбиешінің мәнерлеп сөйлеуін және оқуын дамыту» / Тақтаға төмендегі
тапсырмалар ілінеді:
а/ «Мында кел» деген сөзді жай, дауыстап, қатал дауыспен айту.
б/ «Жарайсың» деген сөзді жай, дауыстап, нәзік, риза болып, мысқылдап, қуанышпен, ғашық болып айту.
в/ Тәрбиешілердің жалпы ымдау реакциясын анықтау./мына тапсырма тәрбиешілердің
бірдей орындауымен өтеді/
Тәрбиешілер бірін бірі көрмейтіндей отырады. Жүргізуші төмендегідей педагогикалық жағдаятты оқиды:
«Оқу қызметі басталып кетті. Сіз балаларға тақырыпты түсіндіріп жатырсыз. Есік ашылып, топқа ең «тентек» бала кіреді»

- Сіз оған қатал: «Отыр жылдам»
- Таңғалып: «Күткен жоқпыз»
- Жаратпай: «Сен мені тағы да алаңдаттың»
- Сұрап: «Тағы да бірдеңе болды ма?»
- Сөгіп: «Сен бала маған жұмыс жасауға мүмкіндік бермейсің»
- Қуанып: «Ақыры келдің бе?»

№4 Тапсырма: «Өзіңді тексер»
/Есте сақтау қабілетін дамыту/
Тәрбиешілерге шағын метаграмманы шешу ұсынылады, сол уақытта жүргізуші қысқа бір ертегі оқиды.
Тапсырманы орындаған соң, тәрбиешіге тапсырманың жауабын және сол уақытта оқыған әңгіменің мазмұнын қайтадан айтып беру сұралады.

4. Әділқазылар алқасы өздерінің шешімін шығарады.




Скачать

© 2018, 9003 35

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!