СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Т?рбие са?ат "Отбасы т?рбие бастауы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?ат "Отбасы т?рбие бастауы" 7-сынып

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?ат "Отбасы т?рбие бастауы"»

7 сынып

Ашық тәрбие сағаты тақырыбы: ОТБАСЫ-ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

Мақсаты: жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдана отырып отбасы құндылықтарының маңыздылығын оқушы бойына сіңіру, өз отбасына деген сүйіспеншілігін, сенімін арттыру. Осы тақырып бойынша оқушының өз ойын дәйектеу, жинақтап жеткізе білу дағдыларын жетілдіру. Адам өміріндегі отбасының орны мен маңызын айшықтау.

Табыс критерийлері: оқушы ата-ана, жанұя, ата-әже ұғымдарының маңыздылығын біледі, түсінеді. Оқушы өз жанұяларын, ата-анасын сыйлайды, дәріптейді. Бақытты жанұяның қандай болатындығын біледі, түсінеді. Болашақ жанұя жайлы өз мақсаттарын қоя алады. Қолданатын әдіс-тәсілдер: топпен жұмыс, психологиялық тренинг, «Әке мен бала» көрінісі бойынша ой-қозғау, диалогтық стратегия. «Сөйлемді аяқта», ойын «Сиқырлы конверт»,постер қорғау«Бақытты жанұя»,сергіту сәті «Үйлер», «Тілек шырағданы» стратегиясы, рефлексия «Болашаққа хат».

Көрнекілік: интерактивті тақта, плакаттар, флипчарт, маркерлер, мақал- мәтелдер.

Сабақ эпиграфы: «Баланы жақсы болдырудың ең күшті тәсілі-оны бақытты ету» Оскар Уайлд.

Мұғалімнің алғы сөзі: - Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Отбасы тәрбие -бастауы» деп аталады.Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі.Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.

Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды.

Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты-қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен

жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөлеалмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады,қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны

іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді,еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы ,жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.

Адам өмірінде жанұя өте маңызды орын алады. Ежелгі грек философы Сенека дүниеге жаңа келген сәби аппақ, таза параққа ұқсайды: ол жақсы да, жаман да емес. Өсе келе оған қоршаған ортасы: отбасы, достары, мектепте бірге оқитын сыныптастары, туған-туыстары өз колтаңбасын қалтырады, - деген екен. Баланың болашақ өмірінің сәтті, бақытты болуына отбасы ерекше әсер етеді. Балалық шағында ата-ананың мейірімін, сүйіспеншілігін сезінбеген адам ересек өмірінде бақытты, толыққанды болмақ емес. Өйткені бақытты балалық, жанұя – кемелді болашақтың іргетасы іспеттес.


Сабақ барысы: № Сабақ кезеңі Уақыты Мұғалім іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті

I.1. Тұсау кесер (Психологиялық тренинг «Мен күнді жақсы көремін - ол мені жақсы көреді». 3 мин Оқушылармен амандасып, ортаға шеңбер жасап сағат тілі бойынша өз сөйлемдерін тізбектеліп айтуларын сұрайды. Оқушылар тізбектеліп «Мен анамды жақсы көрем,ол мені жақсы көреді». «Мен әкемді жақсы көрем, ол мені жақсы көреді». сияқты сөйлемдер айтады.

2. Топқа бөліну (2 мин) Отбасы жайлы мақал - мәтелдер қиындылар бойынша топқа бөліну. Мұғалім қиындылар таратады.

Оқушылар мақал - мәтелдер құрап, 2 топқа бөлінеді. «Әке-асқар тау, шеше- жағасындағы бұлақ, бала- баурайындағы бұлақ», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тоң пішер», «Қызың жақсы болса - аспандағы жұлдызың, ұлың жақсы болса -жағаңдағы құндызың», «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің».

3. «Әке мен бала әңгімесі » көрініс. (5 мин) «Ой қозғау». Сұрақ-жауап Оқушыларға көрініс көрсетеді. Оқушылар көріністі көріп, негізгі түйінді ойларды жазып отырады, топтар бір - біріне сұрақ дайындайды.

II 1. Негізгі бөлім «Ой түрткі» Оқушы М.Мақатаевтың «Бақыт диадемасы» өлеңін оқиды. (3мин) Оқушыларды өлеңнің негізгі ойын айтуды сұрайды. Балалар, бақыт деген ұғымды қалай түсінесіңдер? Оқушылар өз ойларын айтады. Бақыт деген менің жанұям.... Бақыт деген менің ата- анам... Бақыт деген менің алаңсыз балалық шағым... Бақыт деген менің достарым...

2. «Сиқырлы конверт» жағдаяттық ойыны. (3мин) Бір конвертке сұрақтар жазылған кеспе қағаздар салынады. Топтар оларды бір-бір ден алып жауап береді. -Жанұяңдағы ең қымбат, ең сүйікті адам кім? -Сенің жанұяңның сүйікті мейрамы қандай ? -Сенің анаңның сүйікті әнін білесің бе? -Әкеңнің сүйікті спорты қандай? -Отбасы дегенді қалай түсінесің? -Отбасының басшысы кім? -Отбасы қандай болу керек? Оқушылар кезекпен өз жанұясы туралы әңгімелейді.

3. «Бақытты жанұя» постер қорғау. (10-15 мин) Әр топ бақытты жанұя мәнін ашатын постер жасауға тапсырма береді. Оқушылар берілген уақытта тақырыпты ашатын постер дайындайды, қорғайды.

4. Сергіту сәті «Үйлер» (2 мин) Оқушыларға шеңбер жасап, екі, үш, төрт, бес адамнан үй жасауды тапсырады. Үй-жанұя символы екенін айтады. Оқушылар әр түрлі үй жасайды.

5. «Сөйлемді аяқта» стратегиясы. (3мин) Интерактивті тақтада аяқталмаған сөйлемдер беріледі. Топтарға оларды аяқтауға тапсырма береді. Менің жанұям .... Бақытты жанұя.... Менің анам мен үшін ... Менің әкем мен үшін... Жанұям мен үшін... Оқушылар сөйлемдерді аяқтап,өз ойларын дәйектейді.

III 1. Қорытынды бөлім. «Алтықалпақ» стратегиясы (7мин) Оқушыларға алты түсті қалпақ (шляпа) таратады, ережесін түсіндіреді. Ақ қалпақ-анық фактілерді айтады. Қара қалпақ - қарама- қайшылықтарды, қиындықтарды қозғайды. Жасыл қалпақ - жағымды жақтарын сөз етеді. Қызыл қалпақ - тақырыпты эмоциямен ашады. Сары қалпақ - тақырыпты шығармашылықпен паш етеді. (Өлең шығарады, көрініс көрсетеді). Көк қалпақ - жалпы қорытынды жасайды. Эдвард де Бононың танымдық стратегиясы бойынша әр топ жанұя туралы тақырыпты 6 қырынан ашады, қорытындайды.

2. 1. 2. Рефлексия «Болашаққа хат» (2 мин) оқушыдан болашаққа хат жазуларын сұрайды. Онда тақырыпты қорытындып, өз-арман тілектерін жазуларын тапсырады. Оқушыларға жақсы тілек айтып, рахмет айтады.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!