СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбиеші көмекшісінің жұмысымен таныстыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбиеші көмекшісінің жұмысымен таныстыруТәрбиеші көмекшісінің жұмысымен таныстыру

Просмотр содержимого документа
«Тәрбиеші көмекшісінің жұмысымен таныстыру»



Бірінші кіші топ балаларының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырабы: «Тәрбиеші көмекшісінің жұмысымен таныстыру»

Мақсаты: Балаларды жеке еңбек процесстерімен тереңірек таныстыру, еңбек нәтижесін көруге үйрету. Жұмыс істеу үшін еңбек құралдары керек екендігін түсіндіріп көрсету. Сөздік қорын байыту. Д/о: «Сәулені тамақтандырамыз!»

Сөздік жұмыс: тәрбиеші көмекшісі, еңбек, көмектесу т.б.



Іс- әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Сәлемдесу

Балалар, көңіл күйлерің қалай?

Сәлемдеседі.

Жақсы!

Ұйымдастырушылық ізденіс

Балалар, бүгін біз сендермен тәрбиеші көмекшісінің жұмысымен танысамыз. Яғни, біз бүгін саяхат жасаймыз! Тобымызды аралаймыз! Біздің тәрбиеші көмекшісі кім? Оның есімі қалай?

Дұрыс, қазір біз оны шақырып, ол бізді өзінің жұмысымен таныстырады.

Біріншіден, ас үйден бастаймыз. Бұл бөлмеде мен сендерге тағамдарды ас үйден алып келіп, ыдыстарға салып, үстелдерді даярлаймын, сосын сендерге үлестіремін. Осы бөлмеде сендер не көріп тұрсыңдар? Дұрыс.

Ал мынау құрал жабдықтар топты жинау үшін арналған.

Дұрыс.

С/о: «Қонақты күту»

Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.



Қуанады.







Айгүл Мұратханқызы.



Қызығушылық танытады.



Әрине, танысамыз!



Балалар тәрбиешімен бірге ас үйге кіреді, қарайды, әңгімелеседі.



Тәрбиеші көмекшісін мұқият тыңдайды.





Ыдыс аяқтар, сүлгілер.





Бұл нелер?







Ойын ойнайды.

Рефлекстік түзету

Балалар, біз бүгін немен таныстық?

Қайда бардық

Тәрбиеші көмекшісінің жұмысымен таныстық.

Саяхатқа бардық.



Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: меңгерген сөздерді сөздік қорында дағды етіп қолданады.

Түсінеді :жеке еңбек түсінігін. Жұмыс істеу үшін еңбек құралдары қажет екенін.

Қолданады :дастархан жайып, қонақтарды күте алды.





































Екінші кіші тобының ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Біздің дәрігер.

Мақсаты : Дәрігер мен медбикенің жалпы жұмысымен таныстыру.Боймен салмақтың өлшеуін және жараны тануды үйрету.

Денсаулық-здоровье

Бойы-рост.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Балалар күнде біз қайда келеміз?

Біздің балабақшада тәрбиешіден басқа,тағы кім жұмыс істейді?

Аспазшы не істейді?

Ал тазалықты,сендердің денсаулықтарынды кім тексереді?

-балабақшаға


-аспазшы, дәрігер.




-ол бізге тамақ пісіреді.

-дәрігер.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Балалар бүгін біздің сабаққа Ирина Васильевна келіп тұр.Алдыменен амандасайық..Ол қазір біздің бойымызды, салмағымызды өлшейді.

Балалар деніміз сау болу үшін,таза ауаға шығып,шынықтыру шараларын жасап,дұрыс тамақтану керек.сендер үйлерінде таңертен жаттығу жасайсыңдарма?

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық .

Денсаулық туралы нақыл сөздер:

1.Тазалық –денсаулық кепілі.

2.Саулық байлық негізі.


-Сәлеметсізбе!










-Иә, таңертен біз тұрамыз беті-қолымызды жуамыз,тіс тазалаймыз,шаш тараймыз,жаттығу жасаймыз.







Балалар қайталайды және есте сақтайды.

Рефлекстік түзету

Сонымен балалар біздің балабақшада медбике бар.Бүгін біз медбикенің жұмыстарымен таныстық .

«Бірінші байлық-денсаулық».





Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: Медбикенің жалпы жұмысымен танысу.

Түсінеді: Ұжымдық жұмыстардың дағдылары.

Қолдана алады: Суреттер, медбикенің қолданатын бірнеше заттары, нақыл сөздер, сұрақ-жауап.












Екінші кіші тобының ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Таным»

Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: Кім қалай балабақшада еңбек етеді?

Мақсаты : Балаларға тәрбиешінің және тәрбиеші көмекшісінің еңбегі туралы ұғым беру.Заттарды және ойыншықтарды ұқыпты ұстауға қалыптастыру.

Сөздік жұмыс: Тәрбиеші-воспитатель, тәрбиешінің көмекшісі-помощник воспитателя.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану





Балалар біз күнде қайда келеміз?

Дұрыс,балабақшаға келесіңдер.

Сендер балабақшаға немен келесіндер?

Сендерді кім әкеледі?


-балабақшаға

-машинамен, автобуспен.


-әжем,анам,әкем,ағам



Ұйымдастырушылық ізденіс

Мынау біздің балабақша.

Мен кіммін? Менім көмекшім бар.Ол маған сендерді тәрбиелеуге көмектеседі.

Балабақшада біз не істейміз?

Дұрыс,тәңертен келген бетте амандасып топқа кіреміз.Тамақтың алдында жаттығу жасаймыз.Тамақтан кейін сабақтар жүргізіледі.

Сендерге сабақты кім жүргізеді?

Тағы не істейсіңдер балабақшада?

Кешке үйлеріне қайтасыңдар.

Сергіту сәті:

Ал балалар тұрайық

Алақанды созайық

Бір отырып,бір тұрып

Бір тынығып алайық..

Тақпақ балабақшада.

Біз балалар бағында

Тұрамыз өте көңілді

Көп болсақта достықпен,

Өткіземіз өмірді

Х.Ұбанұлы.

Не туралы тақпақ?


-тәрбиеші апай.



-ойнаймыз,жаттығу жасаймыз,билейміз, сурет саламыз.




-тәрбиеші апай жүргізеді.


-серуенге шығамыз, музыкаға барамыз.














-біздің балабақша туралы.

Рефлексті түзету

Сонымен біздің балабақша кең,жарық..

Балабақшада кім істейді?

Кім сендерге ертегі оқиды?

Серуенге кіммен шығасыңдар?

Сендерге балабақшаға келген ұнайма?



-тәрбиеші, оның көмекшісі,дәрігер, аспазшы.



-иә,ұнайды.



Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: Ұжымжық жұмыстың дағдылары.

Түсінеді: Балабақшадағы тәрбиешінің және тәрбиешінің көмекшісінің меңгертетін жұмыстары.

Қолдана алады: Сергіту сәті, сұрақ-жауап, тақпақ, суреттер.










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!