СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: «Отбасы мен балабақша арасындағы байланыс»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жәбереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым –қатынас болмайды. Ал ,кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай,  отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді.

    Түйіндей келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан  жүрек жылуын , мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.

  Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімдікке ұмтылу , ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке , баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық –пайдалы еңбекке баулудыіске асыру қажет. Ата-ана және әлеуметтік орта, яғни балабақша болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан сақтау үшін , оның тәнінің дұрыс түзеліп қалыптасуына , салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мән бергені бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып саналады.

     Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін, таңдаған еңбегін құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі -өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы-қоғамдық еңбек барысында адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл –кеңес беріп, ата-кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген.

    Бүгінгі  күн заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыруда әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, тәрбие ісіне ата-ананы тікелей қатыстырудың оң нәтиже беретінін өмір мен тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан көптеген жылдар бойы осы бағытта қажырлы еңбектер жүргізіліп келеді. Біздің балабақшада осы бағытта ата-аналармен талмай еңбек етіп өз алдына мынадай мақсат міндеттерді қойып отыр. «Үздіксіз білім беру мен сауықтандыру, тәрбиелеу жұмысында кеңістік құру сабақтастығын жүзеге асыру» яғни, ата-ана бала тәрбиелеу ісіне белсене ат салысу үшін белгілі бір жүйе құра отырып жұмыс жүргізу. Осы міндеттерді іске асыру барысында «Тәрбиеші-ата-ана» мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отырады. Балабақша ұжымы осы мәселерді талдап, талқылай отырып ата-аналармен жұмыс жүргізуді мынадай бөлімдерге бөліп қарадық. «Оқи отырып, тоқи отырайық» , «Өз ойыңды басқамен бөліс» , «Біз біргеміз» .

   «Оқи отырып, тоқи отырайық» бөлімінде балабақша педагогтары ата-аналармен бірлесе отырып оқу-тәрбие процесінде жұмыс атқарады.Бұл бөлімде ата-аналарға түрлі жарыстар жарнама жасау, семинар кеңестер беру арқылы жұмыс іске асырылады. Сонымен бірге, педагог-тәрбиешілер де тек балалармен, ата-аналармен жұмыс жүргізіп қоймай өз білімдерін жаңаша толықтыруға талпынады. Әр педагог –тәрбиеші жұмыс бағытын іздей отырып жаңа үрдістегі тәрбиеге тап болары сөзсіз деп ойлаймын.

Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата да қыран болу керек»- деп отбасы тәрбиесіне ерекше тоқталған. Себебі отбасы бала үшін - алтын бесік. Бала тәрбиесі мен барлық адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы негізінен отбасында жүзеге асады. Олай болса балаға өз шаңырағында, өз табалдырығында дұрыс тәрбие берілуі - тәрбиенің ең басты шарты. Ата мен әженің, әке мен шешенің балаға беретін үлгісінің құдіреттілігін мойындап, өз ұлтының ертеңін елжірей ойлап, ұлттық тәрбие тағлымын байыптай да батыл айтқан батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «... Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген, дәріс оқыған ұстаздарымды еске түсіріп, ойға бататыным бар. Сондай шырын шақтарда ең алдымен ата - аналарымның бейнесі елестейді. Өйткені өзімнің әжемдей, әке - шешем мен ауылдың ақсақалдарындай өсиет айдынына жүздіре алған ешкім жоқ.» деп балалық шағын тебірене еске алуы тегін емес. Тәрбиенің алғашқы бастамасын бала жанұяда алады. Бала жанұя аясында түлеп өседі, оң - солын таниды. Ол алғашқы адамгершілік қасиеттерді де, еңбек әліппесінің алғашқы беттерін де өз үйінде ашады. Ұлттық педагогикада «Тәрбие отбасынан басталады»деп тегін айтылмаған. Баланың тәлім – тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «баланы жастан»деп мәтелдеген. Өмірдің базарын бала деп білген халқымыз «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей.»- демей ме? Иә, қазақ халқында сонау ежелгі заманнан бері өзіндік тәрбие мектебі, қалыптасқан дәстүрі болған. Ал сол дәстүр отбасында басталып, мектепте берілетін тәрбиемен қалай қабысады. Енді соған келейік. Алтын бесік - отбасы болса, алтын ұя – мектеп. Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені отбасы Адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп ақылы мен білімі толысқан, жан - жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, толыққанды адам етіп тәрбиелеп шығарады. Бұл екі ортаның да мақсат - мүддесі ортақ, міндеті - біреу. Демек қасиетті жерде жұмыс істеудің өзі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.

 

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Отбасы мен балабақша арасындағы байланыс»»

Тақырыбы: «Отбасы мен балабақша арасындағы байланыс» Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жәбереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым –қатынас болмайды. Ал ,кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай,  отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді.

    Түйіндей келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан  жүрек жылуын , мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.

  Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімдікке ұмтылу , ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке , баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық –пайдалы еңбекке баулудыіске асыру қажет. Ата-ана және әлеуметтік орта, яғни балабақша болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан сақтау үшін , оның тәнінің дұрыс түзеліп қалыптасуына , салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мән бергені бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып саналады.

     Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін, таңдаған еңбегін құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі -өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы-қоғамдық еңбек барысында адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл –кеңес беріп, ата-кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген.

    Бүгінгі  күн заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыруда әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, тәрбие ісіне ата-ананы тікелей қатыстырудың оң нәтиже беретінін өмір мен тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан көптеген жылдар бойы осы бағытта қажырлы еңбектер жүргізіліп келеді. Біздің балабақшада осы бағытта ата-аналармен талмай еңбек етіп өз алдына мынадай мақсат міндеттерді қойып отыр. «Үздіксіз білім беру мен сауықтандыру, тәрбиелеу жұмысында кеңістік құру сабақтастығын жүзеге асыру» яғни, ата-ана бала тәрбиелеу ісіне белсене ат салысу үшін белгілі бір жүйе құра отырып жұмыс жүргізу. Осы міндеттерді іске асыру барысында «Тәрбиеші-ата-ана» мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отырады. Балабақша ұжымы осы мәселерді талдап, талқылай отырып ата-аналармен жұмыс жүргізуді мынадай бөлімдерге бөліп қарадық. «Оқи отырып, тоқи отырайық» , «Өз ойыңды басқамен бөліс» , «Біз біргеміз» .

   «Оқи отырып, тоқи отырайық» бөлімінде балабақша педагогтары ата-аналармен бірлесе отырып оқу-тәрбие процесінде жұмыс атқарады.Бұл бөлімде ата-аналарға түрлі жарыстар жарнама жасау, семинар кеңестер беру арқылы жұмыс іске асырылады. Сонымен бірге, педагог-тәрбиешілер де тек балалармен, ата-аналармен жұмыс жүргізіп қоймай өз білімдерін жаңаша толықтыруға талпынады. Әр педагог –тәрбиеші жұмыс бағытын іздей отырып жаңа үрдістегі тәрбиеге тап болары сөзсіз деп ойлаймын.

Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата да қыран болу керек»- деп отбасы тәрбиесіне ерекше тоқталған. Себебі отбасы бала үшін - алтын бесік. Бала тәрбиесі мен барлық адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы негізінен отбасында жүзеге асады. Олай болса балаға өз шаңырағында, өз табалдырығында дұрыс тәрбие берілуі - тәрбиенің ең басты шарты. Ата мен әженің, әке мен шешенің балаға беретін үлгісінің құдіреттілігін мойындап, өз ұлтының ертеңін елжірей ойлап, ұлттық тәрбие тағлымын байыптай да батыл айтқан батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «... Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген, дәріс оқыған ұстаздарымды еске түсіріп, ойға бататыным бар. Сондай шырын шақтарда ең алдымен ата - аналарымның бейнесі елестейді. Өйткені өзімнің әжемдей, әке - шешем мен ауылдың ақсақалдарындай өсиет айдынына жүздіре алған ешкім жоқ.» деп балалық шағын тебірене еске алуы тегін емес.

Тәрбиенің алғашқы бастамасын бала жанұяда алады. Бала жанұя аясында түлеп өседі, оң - солын таниды. Ол алғашқы адамгершілік қасиеттерді де, еңбек әліппесінің алғашқы беттерін де өз үйінде ашады. Ұлттық педагогикада «Тәрбие отбасынан басталады»деп тегін айтылмаған. Баланың тәлім – тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «баланы жастан»деп мәтелдеген. Өмірдің базарын бала деп білген халқымыз «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей.»- демей ме? Иә, қазақ халқында сонау ежелгі заманнан бері өзіндік тәрбие мектебі, қалыптасқан дәстүрі болған. Ал сол дәстүр отбасында басталып, мектепте берілетін тәрбиемен қалай қабысады. Енді соған келейік.
Алтын бесік - отбасы болса, алтын ұя – мектеп. Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені отбасы Адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп ақылы мен білімі толысқан, жан - жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, толыққанды адам етіп тәрбиелеп шығарады. Бұл екі ортаның да мақсат - мүддесі ортақ, міндеті - біреу. Демек қасиетті жерде жұмыс істеудің өзі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!