СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!»

9 мамыр Жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!»»

№50 «Заңғар» бөбекжайы МКҚК







Тәрбие сағаты

«Ұлы жеңіс жасасын!»





Тәрбиеші: Тлекова Т.Қ







Орал, 2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!»

9 мамыр Жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты.



Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлар суреттері.

Тәрбиеші: 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында млн қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мамбетова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Бауыржан Момышұлы екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы қазақтың көрнекі жазушысы.

       

  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»


- Балалар Отан - туған жер туралы тақпақтар.

Нұрдаулет

Отан үшін жанымызды береміз,

Отан үшін барлығына көнеміз.

Отаның да, ананың да алдында,

Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.


Айерке

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен Отан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің сен Отан.


Нұрәділ

Туған жерде толамыз,

Ертең жігіт боламыз.

Отан ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.


Әдемі

Отан - сенің, ата - анаң,

Отан - досың бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.



Жалғас

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқан, Ұлы Отан.

Елім менің - тірегім,

Құшағынды гүл атам.


Б.Іңкәр

Асыр салған таласып,

Біз туған ел - баласы.

Қандай байтақ - Отаным,

Жан - жағына қарашы.


Асылхан

Отаным - кең көсілген,

Төсінде ырыс өсірген.

Қаптаған шал, алып дән,

Бәрі менім несібем.


Тәрбиеші:- Иә сұралып соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.


Арылтып жаудан жеріңді,

Табанға жаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді,

Десеңдер бұл қай күні.

Тоғызыншы мамыр күні!

- Балалар жеңіс туралы кім тақпақ айтады.


Дамир

Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды,

Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды.

Күн парақтар қып - қызыл боп ашылды.

Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.


Санат

Домбырада саусақтары жаралы,

Жеңіс, жеңіс атам әнге салады.

Шаршағанда аңсағанда жас шағым,

Жеңіс деген сөзден ләззат алады.


Ж.Іңкәр

Ағайлардан, апайлардан, інімнен,

Жеңіс сөзін көп естідім мен бүгін.

Сәл күбірлеп жеңіс, жеңіс деп едім,

Жазылғандай әжем белі бүгілген.


Жания

Жадыраңқы бүгін қабақ ашылған,

Жаса жеңіс мұң қайғыны қашырған.

Мен жеңістің көріп тұрмын алауын,

Жаңарладан алтын шуақ шашылған.


Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің  ескерткіштерінде  бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза  тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына  құрметпен бас иеміз. Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын, қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі. Әрине соғыс болмасын!


Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім, өз жеріміздің, патриоттары болайық.


Тәрбиеші: Балалар, біздің шекараны кім қорғайды?

Балалар: Солдаттар.

Шекарада солдат тұр,

Ел бақытын қорғап тұр.

Көңілденсін ағалар,

Амандық хат жолдап тұр.

Хор: Ескендір Ибраймовтың «Көк тудың желбірегені» әні.

Тәрбиеші: Осымен «Ұлы жеңіс - жасасын» атты тәрбие сағаты аяқталды.








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!