СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырып:Аялай біл - сен деп соққан жүректі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

 жаныңда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар,достар) сыйлауға, құрметтеуге үйрету. Жағдаятты талқылатудың мақсаты оқушылардың айнала қоршаған ортаға, адамдарға түсіністікпен қарауға, өздерін өзгелердің орнына қоя білуге үйрету. Міндеттері:

Білімділігі:

–  адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру;

Дамытушылығы: 

– жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту; Тәрбиелілігі:   

–  жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу.  

Просмотр содержимого документа
«Тақырып:Аялай біл - сен деп соққан жүректі»

Өзін-өзі тану сабақ жоспары


Сағат саны:

Мерзiм:

15




Оқушы саны:




Мектеп: №152 гимназия

Тақырып:Аялай біл - сен деп соққан жүректі

Құндылық : Қиянат жасамау

Қасиеттер: Адамгершілік

Сабақтың мақсаты:

– жаныңда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар,достар) сыйлауға, құрметтеуге үйрету. Жағдаятты талқылатудың мақсаты оқушылардың айнала қоршаған ортаға, адамдарға түсіністікпен қарауға, өздерін өзгелердің орнына қоя білуге үйрету.
Міндеттері:

Білімділігі:

– адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру;

Дамытушылығы:

– жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;
Тәрбиелілігі:

– жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)

Тыныштық сәті :

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жәймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Ресурстар:

(құралдар,

мәліметтер)

6 мин.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Ана махаббаты» мәтіні

  1. Ана неліктен балаларының көңіл – күйін бұзғысы келмеді?

  2. Балалары саяхатқа жиналған кезде ана қандай сезімде болды деп ойлайсыңдар?

  3. Балалар саяхаттан неліктен бас тартты?

  4. Балалардың өз шешімдерін құпия ұстауының себебін қалай түсіндірер едіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

9 мин.

3.Дәйексөз:

Өзінің айналасындағы жора-жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді.

Альфред Адлер


7 мин.

4.Әңгімелеу(сұхбат):

  1. 1. « Аялау», «қадіріне жету», «қадірін білу» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
    2. Айналаңдағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезіп, байқап, бағалайсыңдар ма? Қалай?
    3. Өзің жақсы көрген адамың саған немқұрайдылық танытқан кездері болды ма? Сол кезде не сезіндің?
    4. Өзіңе «Маған мейірім-шапағатын аямаған адамдар үшін мен не істедім?» – деген сұрақ қойып көрдің бе?
    5. Адамдар саған «рақмет» айта ма? Ал өзің ше?
    6. « Аялау», «қадіріне жету», «қадірін білу» – деген сөздерді қалай түсінесіңдер?


10 мин.

5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс:

Сынып 3 топқа бөлінеді: түрлі-түсті (қызыл, сары, ақ ) жүрекшелер таңдап, түске сәйкес бөлініп отырып жіберген Р. Акдемірдің «АНА МАХАББАТЫ» атты шығармасын жекеше оқып, әр топ төменде берілген сұрақтарға жауап беріп, талдау жасау.
1 топқа: Саят өз ата-анасын басқа балалардың ата-аналарымен көп салыстырады. Кейде Саятқа өз ата-анасы басқалардыкіндей емес сияқты болып, оларға ренішпен қарайтын болды.
Саяттың іс-әрекеті дұрыс па? Саятқа қандай кеңес берер едіңдер?
2 топқа: Меруерттің көңілі ештеңеге толмайды. Тіпті ол бәйек болып жүретін ата-анасының, жақындарының мейірімі мен қамқорлығын сезінбейді де. Меруерт өзінің бұл қылығына еш қиналмайды.
Меруерттің немқұрайдылығының себебі неде?
Меруерттің бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыңдар?
3 топқа: Ербол үйіндегі кәрі әже, атасының мазасыздығына, құлағының нашар еститініне ашуланады. Ол қарттардың табиғи қауқарсыздығын түсініп тұрса да ашуға қалай бой бергенін сезбей де қалды
Ербол неліктен қарт адамдарды түсінбейді?
Ерболға қандай кеңес берер едіңдер?


4 мин.

6.Топпен ән айту.

Ана туралы жыр

Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі Әні: Ш.Қалдаяқовтікі

Әлемнің жарығын Сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін Жинадың сен маған

Сен бердің құстардың Қанатын самғаған. Балалық құштарым Өзіңе арнаған.

Қайырмасы: Әлдилеп, аялап Өсірген жемісін. Самал жел, сая бақ Құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де, Мен саған сәбимін. Көңіліңді көктемдей Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышым, Анашым, жан сырым. Іздедім сен үшін Әлемнің асылын. Әлемнің байлығын Сыйлар ем, кеш мені. Сыйлар ем ай, күнін Қолыма түспеді.

Қайырмасы.


4 мин.

7.Үй тапсырмасы.

69 бет «Әке арманы» жаттау.

2 мин.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқшыларға рахмет!


3 мин.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!