СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыптық топ сағаты «Менің елім - Мәңгілік ел»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Тақырыптық топ сағаты «Менің елім - Мәңгілік ел»»

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы – экономикалық колледжі» КМҚК







БЕКІТЕМІН

Колледж директорының

әлеуметтік және тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

________Б.Ж.Бахтиярова

“_____”_________2020ж.






Тақырыптық топ сағаты

«Менің елім - Мәңгілік ел»









Топ: 17 VTZ -6

Топ жетекшісі: Қайырбекова Г.Қ.










2019-2020 оқу жылы


Тақырыптық топ сағаты

«Менің елім - Мәңгілік ел»


Топ: 17 VTZ -6


Өткізілетін күні: 16.01.2020 жыл


Мақсаты: Суденттерді Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін құрметтеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.


Тәрбие сағатының көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, «Қазақстан – 2050. Мәңгілік ел» – бейнеролигі..

Әдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру.

Тәрбие сағатының барысы:

Әнұран орындалады. Оқушыларды тұрғызып, бәріміз бірге гимн орындаймыз.


І. Ұйымдастыру.

Сәлемдесу, сабаққа ынтасын аудару.

ІІ. Кіріспе сөз.

Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек


7 басты құндылықтарымыз:

  1. құндылық - Мәңгілік Ел, бұл-Тәуелсіздік және Астана.

  2. құндылық- Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

  3. құндылық- Мәңгілік Ел, бұл -Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.

  4. құндылық- Мәңгілік Ел, бұл -Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім.

  5. құндылық- Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

  6. құндылық- Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.

  7. құндылық- Мәңгілік Ел, бұл - Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.


«Қазақстан – 2050» – Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол:

  • Қуатты да табысты мемлекет .

  • Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі

  • Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен  татулығы

  • Ұлттық экономика.

  • Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз

  • Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат

  • Әлемдік қоғамдастық таныған ел

  • Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз

  • Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындылар


«Ой қозғау»./Сұрақтар қойып, жауап алу /

1.Қазақстан қандай мемлекет?  

2. Еліміздің халқы қай тілде сөйлеу керек?  

3.Үш тұғырлы тіл саясаты туралы не білеміз?  

4. Ел президенті кім? Ол туралы не білеміз?  

5. ҚР-сы өз тәуелсіздігін қашан алды?  

6.Ұлттық рәміздерімізді атаңдар? Ту-Шәкен Ниязбеков, Елтаңба-Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.Әнұран-Ш.Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев.  

7. Қазақстан қандай табысты елдермен ұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс жасауды? Қытай, Малайзия, Түркия елдерімен.

 

Білім- барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар:  инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. 

«Ұлт денсаулығы- біздің табысты болашағымыздың негізі» деген Елбасы Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Ұлттың дені сау болса,еліміз де мәңгілік болады деп ойлаймын.

Елбасы өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды. 

Отағасының серігі отанасы демекші,Елбасы әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде Әйел адам ең алдымен- ана. Ал ана- отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы –ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық –зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігін баса көрсеткен Елбасы идеясын қолдаймын.

Елбасы бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі.


«Ой қозғау» пікірталас:

  • Мәңгілік ел дегенді қалай түсінесіңдер? 

  • Мәңгілік елдің сен үшін маңызы қандай?

  • Мәңгілік ел идеясына сен қандай үлес қосар едің?

Мәңгілік ел – 

Студент:Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Студент:Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. 

Студент:Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. 

Студент:Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық. 

Студент:Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. 

Студент:Ол – Мәңгілік ел идеясы. 

Студент:Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. 

Студент:Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық. 

Студент:Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. 

Студент:Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. 

Студент:Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! 

Студент:Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы.

Студент:«Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. 

Студент:Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. 

«Болашағым  Қазақстан» (ортаға шығып, әріптерді сөйлетеді).

 Б- білімімді арнайтын 
О- отанымды қорғайтын 
Л- лаңкестікті даттайтын 
А- адалдықты жақтайтын 
Ш- шуағымды шашатын 
А- асулардан асатын 
Ғ- ғарыш сырын меңгергн 
Ы- ынтымақты тең көрген 
М- менмендікті жек көрген 
Қ- қазаққа қызмет ететін 
А- арманына жететін 
З- заңды жақсы білетін 
А- алға қарай жүретін 
Қ- қайырымды елімнің 
С- салтанатты жерімнің 
Т- толықтырам сенімін 
А- абыройын,жігерін 
Н- намысын қолдан бермейтін 
Бәрі: Мен боламын еңбекқор, 
Болашағы елімнің!

Өз ойларымызды ортаға саламыз! Өзің білетін,дайындап келген өлеңдеріңізді, әндеріміз бен рухты сөздерімізді айтуға рұқсат.


Студент:Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз.

Студент:Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.

Студент:Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.

Студент:Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.

Студент:Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.

Студент:Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

Студент:Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.

Студент:Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

Студент:Қазақстан х алқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

Студент:Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.

Студент:Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!




Қорытынды:

Міне біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, жасай берсін, елдігіміз мәңгілік! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын.

Сабақта танытқан белсенділіктеріңізге рахмет.





Топ жетекшісі: Қайырбекова Г.Қ.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!